Оқу процесін қашықтықтан білiм беру технологиялары бойынша ұйымдастыру ережелерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі N 169 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 20 мамырда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6242 болып енгізілді

Жаңартылған

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.

      «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының  25) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Оқу процесін қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша ұйымдастыру ережесі бекітілсін.
      2. «Оқу процесін қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша ұйымдастыру ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 29 қарашадағы № 590 бұйрығының ( нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5054 тіркелген, «Заң газетінің» 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 12 (1412)) санында жарияланған)) күші жойылды деп танылсын.
      3. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (С.М. Өмірбаев) белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                        Ж. Түймебаев 

Қазақстан Республикасы  
Білім және ғылым министрінің
2010 жылғы 13 сәуірдегі  
№ 169 бұйрығымен бекітілген

Оқу процесін қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша ұйымдастыру ережелері 1. Жалпы ережелер

      1. Осы оқу процесін қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша ұйымдастыру ережелері «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5 бабының 25) тармақшасына сәйкес әзірленген және оқу процесін қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша ұйымдастыру мен іске асыру тәртібін айқындайды.
      2. Қашықтықтан білім беру технологияларын (әрі қарай - ҚБТ) жүзеге асыру келесі түрлері бойынша іске асырылады: ТВ-технологиясы, желілік технологиясы мен кейс-технологиясы.
      3. Қашықтықтан білім беру технологияларының субъектілері білім алушылар мен педагогикалық қызметкерлер болып табылады.
      4. ҚБТ жоғары және қосымша кәсіптік білім беретін, меншік нысанына, ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру қызметін жүргізуге лицензиясы бар білім беру саласындағы уәкілетті органның рұқсаты бар білім беру ұйымдарында іске асырылады.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Білім және ғылым  министрінің 2011.04.05 № 133 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      5. Осы Ережеде «Тьютор» - білім алушыларға оқытушы оқытатын пәнді игеруге көмектесетін тұлға деген түсінік пайдаланылады.

2. Оқу процесін ҚБТ бойынша ұйымдастыру

      6. Оқу процесін ҚБТ-ны пайдаланумен ұйымдастырудың негізгі міндеттері келесілер болып табылады:
      - ақпараттық технологияларды білім беруге енгізу;
      - білім беруді жекелеу;
      - білім берудің тиімділігін (сапасын) арттыру;
      - дәстүрлі білім беру түрлеріне қолы жетпейтін адамдарға білім беру қызметтерін ұсыну.
      7. Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастырудың қажетті шарты білім беру ұйымында:
      білім алушыларға арналған оқу-әдістемелік және ұйымдастырушылық -әкімшілік ақпараты бар парақтарымен білім беру Интернет-порталы;
      телекоммуникациялық желіге шығатын жабдықтың (Интернет, спутниктік теледидар);
      әртүрлі терминалдардың: мультимедиялық сыныптар, электрондық оқу залдарының;
      CD, DVD дискілердегі оқу контентінің (жеке және/немесе сатып алынған);
      контенттің желілік оқу мультимедиясының (жеке және/немесе сатып алынған);
      тиісті дайындықтан өткен оқытушылық, оқу көмекші және техникалық персоналдың;
      меншік контент (локалді және желілі) құру үшін зертханалар мультимедиасының;
      желілік тестілеу кешендерінің;
      оқытуды басқарудың желілік жүйесінің (Learning Management System – LMS);
      оқу контентін басқару жүйесінің (Learning Content Management Syst – LCMS) болуы қажет.
      8. Білім беру ұйымдарында ҚБТ-тың дұрыс қызмет етуі мен оны ұйымдастыру үшін келесі талаптарды орындау қажет:
      1) білім беру ресурстарын әзірлеу және жаңарту үшін профессорлық-оқытушылар құрамына жағдай жасау;
      2) білім алушыларға ақпараттық технологиялар немесе қағаздағы нұсқасы арқылы оқу материалын жеткізу;
      3) «on-line» режимінде кеңес беруді ұйымдастыру және өткізу;
      4) «off-line» режимінде білім алушылармен кері байланысты ұйымдастыру;
      5) «off-line» режимінде білім алушылардың оқудағы жетістіктерін бақылау;
      6) аутентификация жүйесі арқылы білім алушылардың тұлғасын сәйкестендіру.
      9. ҚБТ-ты өндіруші білім беру ұйымында білім алушылардың деректер базасын қамтитын ақпараттық басқару жүйесі енгізілуі қажет (білім алушыларды қабылдау, ауыстыру, қалпына келтіру туралы бұйрық, олардың ағымдағы үлгерімдері туралы мәліметтер).
      10. ҚБТ білім алушылардың келесі санаттарына қолданылады:
      техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім және жоғары білім базасындағы қысқартылған білім бағдарламасы бойынша;
      қозғалыстағы физикалық мүмкіндіктері шектелген адамдар (мүгедектер);
      «Болашақ» стипендиаттарын қоспағанда алмасу бағдарламасымен мемлекеттен тысқары кеткен білім алушылар;
      сырттай оқу түрі бойынша жедел әскери қызметке шақырылғандар;
      ұзақ мерзімдік (4 айдан астам) шетелдік іссапардағы тұлғалар.
      11. ҚБТ бойынша оқитын білім алушылар білім беру ұйымы басшысының атына оқуда ҚБТ-ты пайдалану мүмкіндігі туралы уәжделген негіздемемен және растаушы құжаттарды ұсына отырып өтініш жазады.
      12.ҚБТ бойынша оқитындар өтініштерінің негізінде қолданылатын ҚБТ-ты көрсете отырып білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен ресімделеді.
      13. Бұйрыққа:
      1) білім алушының өтініші;
      2) білім алушылардың жеке оқу жоспары;
      3) әрбір білім алушының оқу қызметін ұйымдастырудың жеке кестесі қоса беріледі.
      14. Білім беру ұйымы білім беру процесінде қашықтықтан оқыту технологиясын таңдауға сай оқу сабақтарының барлық түрлерін жүргізуді жүзеге асырады.
      ҚБТ-ты пайдаланып оқыту қашықтықтан білім беру технологияларын қолданумен оқытуды ұйымдастыру мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттарының талаптарына сәйкес оқу жоспарының барлық пәндері бойынша электрондық оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз етілген жағдайда ұйымдастырылады.
      15. ҚБТ жүзеге асыратын білім беру ұйымында ҚБТ бойынша оқу процесін ұйымдастырушылық, әдістемелік, ақпараттық және техникалық қолдауды іске асыратын және құрамында келесі қызметтері бар арнайы құрылымдық бөлімшелер құрылады:
      - ҚБТ бойынша оқу процесін әкімшілендіру;
      - ҚБТ дидактикалық құралдарын әзірлеу;
      - ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету.
      16. Оқу процесін әкімшілендіру қызметі оқу процесін ҚБТ бойынша жоспарлайды және ұйымдастырады, ҚБТ-қа байланысты құжаттаманы жүргізеді, оқытушылар мен тьюторлардың біліктілігін жоғарылатуды жоспарлайды, білім алушылардан бақылау материалдарын (бақылау және курстық жұмыстар, эссе, реферат, жазбаша емтихан тапсыру парағы және тағы сияқтылар) басып шығарылған немесе электрондық нұсқаларда жинауды; осы материалдардың сәйкес байланыс құралдарымен тьюторларға білімдерді бағалау үшін тапсыруды ұйымдастырады; тьюторлардан алынған ағымдағы үлгерім туралы деректерді бірыңғай ақпараттық деректер базасына енгізуді қамтамасыз етеді.
      17. ҚБТ дидактикалық құралдарын әзірлеу қызметі электрондық оқулықтарды, мультимедиалық курстарды, әдістемелік құралдар мен басқа бақылау түрлерін әзірлеуді, иелікке алуды және игеруді жүзеге асырады, тестілеу жүйелерін және білімдерді бақылау түрлерін, ҚБТ арналған ақпараттық ресурстарды пайдалану әдістемесін әзірлейді.
      18. Ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету қызметін пайдалануда қашықтықтан білім берудің бағдарламалық, ақпараттық және техникалық құралдарын әзірлейді, игереді және қолдайды.
      19. ҚБТ-ты жүзеге асыратын білім беру мекемесі білім алушыларға телекоммуникациялық құралдарды пайдаланумен және оқу процесінің қатысушыларының өзара әрекет етуі арқылы ғылыми және әдістемелік көмекті қамтамасыз етеді.
      20. ҚБТ бойынша оқыту мамандықтың барлық оқу жоспары бойынша жүргізіледі.
      21. Оқу жылы академиялық кезеңдерден тұрады және академиялық күнтізбеге сәйкес аяқталады.
      22. Білім беру қызметінің барлық түрлері төмендегілер арқылы іске асырылады:
      электрондық байланыс құралдарын пайдалану немесе білім беру мекемесінде тікелей байланысты пайдалану арқылы педагогикалық қызметкерлерінің немесе тьютордың педагогикалық қатынасы (білім берушінің бастамасы бойынша);
      білім беру құралдарымен білім алушының дербес жұмысы.
      23. ҚБТ қашықтықтан оқу сабақтарын «оn-line» режімінде және/немесе «оff-line» режімінде өткізуге негізделген.
      24. «Оn-line» режімінде оқу сабағы нақты уақыттағы оқу процесінің өзара әсерін қамтиды (бейнеконференция, чат, телефон бойынша байланыс).
      25. «Оff-line» режімінде оқу сабағы білім беру қарым-қатынасы процесі кезінде оқытушы мен білім алушы арасындағы тілдесу асинхронды түрде өтеді (электрондық пошта, кейіннен аралық және/немесе қорытынды бақылау тапсыруымен, оқытушының тапсырмасы бойынша білім алушының оқулық бойынша жұмысы).
      26. Білім алушылардың үлгерімін аралық бақылау және аралық аттестаттау мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттардың негізінде әзірленген оқу жұмыс бағдарламасына, академиялық күнтізбеге және оқу бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады.
      27. Үлгерімді аралық бақылауды және аралық аттестаттау төмендегілер арқылы жүргізілуі мүмкін:
      - ақпараттық-телекоммуникациялық құралдарды пайдаланумен on-line режимінде білім алушы мен оқытушының тікелей қатынасы;
      - автоматтандырылған тестілеу кешендері;
      - жазбаша жеке тапсырмаларды тексеру (кейстік технология).
      28. Білім беру ұйымы білім алушылардың ағымдағы үлгерімін бақылау мен аралық бақылауды, шектеудің электрондық әдістерін қолдана отырып, рұқсат етілмеген қатынау мен жалғандықтан сақталған ақпараттық жүйеде жүргізеді.
      29. Білім алушы пән бойынша аралық аттестаттауға оқу жұмыс бағдарламасымен белгіленген барлық бақылау шараларын орындаған және тапсырған жағдайларда жіберіледі.
      30. Білім алушылардың оқудағы жетістіктері әріптік баллдық-рейтингтік жүйе бойынша жоғары оқу орындарында білімді бақылау және бағалау бойынша мемлекеттік жалпыға білім беру стандарттарына сәйкес бағаланады.
      31. ҚБТ кезінде курстық жұмыстарды қорғау іске асырылады:
      - білім беру мекемесінде көпшілік;
      - ақпараттық-телекоммуникациялық құралдарды пайдаланумен бейнебайланыс on-line режимінде;
      - білім алушыларға курстық жұмысты (жобаны) басып шығарылған және электрондық нұсқаларда және бейнежазбаларды курстық жобаларына пікір жазылғаннан кейін жіберу жолымен.
      32. Кәсіптік практика білім беру мекемесіне ыңғайлы мерзімдерде, мамандықтың ерекшелігіне қарай жүргізіледі. Кәсіптік практиканың мазмұны жоғары білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес әзірленген және білім беру мекемесінің Ғылыми кеңесімен бекітілген бағдарламамен анықталады.