Өнеркәсіптік меншік объектілерін құқықтық қорғаудың кейбір мәселелері

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2010 жылғы 23 сәуірдегі № 136 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 17 мамырда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6234 болып енгізілді

Жаңартылған

      «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі Заңын, «Қазақстан Республикасының Патент Заңы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі Заңын, «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 26 шілдедегі Заңын және «Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 29 маусымдағы Заңын іске асыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) Осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Селекциялық жетістіктерге патент беруге өтінім беру және қарау жөніндегі ереже;
      2) күші жойылды - ҚР Әділет министрінің 2012.02.24 № 89 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      3) күші жойылды - ҚР Әділет министрінің 2012.02.24 № 89 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      4) күші жойылды - ҚР Әділет министрінің 2012.02.24 № 89 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      5) Осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес Тауардың шыққан жерінің атауы мен тауардың шыққан жерінің атауын пайдалану құқығына берілетін өтінімді жасау, ресімдеу және қарау жөніндегі нұсқаулық;
      6) Осы бұйрықтың 6-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасында Тауар таңбасын (қызмет көрсету таңбасын) жалпыға мәлiм деп тану жөнiндегi ереже;
      7) алынып тасталды - ҚР Әділет министрінің 2012.02.24 № 84 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      8) алынып тасталды - ҚР Әділет министрінің 2012.02.24 № 84 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      9) Осы бұйрықтың 9-қосымшасына сәйкес Интегралдық микросхема топологияласын тіркеуге өтінім жасау, беру, қарау және тіркеу жөніндегі Ереже бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2012.02.24 № 84 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      2. Осы бұйрықтың 10-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитеті Төрағасының бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті заңнамамен қарастырылған тәртіпте аталған бұйрықты мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Әділет министрінің м.а.                     Д. Құсдәулетов

                                              Қазақстан Республикасы
Әділет Министрінің м.а.
2010 жылғы 23 сәуірдегі
№ 136 бұйрығына   
1-қосымша      

Селекциялық жетістікке патент беруге өтінім беру және оны қарау жөніндегі ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және селекциялық жетістікке патент беруге өтінім беру және оны қарау тәртібін белгілейді (бұдан әрі - Ереже).
      2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар мен терминдер пайдаланылады:
      1) селекциялық жетістік авторы (селекционер) (бұдан әрі - автор) - сортты, тұқымды жасаған, ашқан немесе өсіріп шығарған жеке адам;
      2) селекциялық жетістік - адамның шығармашылық қызметінің нәтижесі болып табылатын, патент берілген өсімдіктің жаңа сорты, жануарлардың жаңа тұқымы;
      3) Мемлекеттік комиссиялар - Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы Республикалық мемлекеттік басқару органының Ауыл шаруашылық дақылдарының сортын сынақтан өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссиясы мен Тұқымдарды сынақтан өткізу және сапасын анықтау жөніндегі мемлекеттік комиссиясы;
      4) өтінім - селекциялық жетістікке патент беруге өтінім;
      5) конвенциялық өтінім - 1961 жылғы 2 желтоқсандағы Селекциялық жетістіктерді қорғау жөніндегі халықаралық конвенцияға сәйкес берілген өтінім;
      6) өтінім беруші - селекциялық жетістікке патент беруге өтінім жасаған жеке немесе заңды тұлға;
      7) патент иеленуші - селекциялық жетістікке берілген патенттің иесі;
      8) оригинатор - сортты (тұқымды) оның сақталуын қамтамасыз ететін жеке немесе заңды тұлға;
      9) Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімі - Қазақстан Республикасының қорғалатын өсімдік сорттарының мемлекеттік тізілімі мен Қазақстан Республикасының патенттер берілген сорттарды, тұқымдарды қамтитын қорғалатын жануарлар тұқымдарының мемлекеттік тізілімі;
      10) Уәкілетті орган - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы жөніндегі комитеті;
      11) Сараптама жасау ұйымы - Қазақстан Республикасы әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы жөніндегі комитетінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны.

2. Өтінімді жасау және беру

      3. Заңның 5-бабының 1-тармағына сәйкес өтінімді беруге құқыққа селекциялық жетістік авторы немесе олардың құқықтық мирасқоры ие болады.
      Егер селекциялық жетістік қызмет барысымен шығарылған жағдайда патент алуға өтінімді жұмыс беруші береді, егер олардың арасындағы келісімде басқа көрсетілмесе.
      4. Өтінім сараптама жасау ұйымына тікелей беріледі немесе пошта арқылы жіберіледі.
      Өтінімді өтінім беруші тікелей немесе өкіл арқылы, оның ішінде Қазақстан Республикасының патенттік сенім білдірілген өкілі арқылы бере алады.
      5. Заңның 5-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын жеке тұлғалар немесе шетелдік заңды тұлғалар өтінім және патент алу жөніндегі іс жүргізумен байланысты істерді, егер Қазақстан Республикасының халықаралық келісімімен өзге тәртіп белгіленбесе тек қана Қазақстан Республикасының патенттік сенім білдірілген өкілдері арқылы жүргізеді.
      Егер аталған тұлғалармен қатар өтінім бойынша Қазақстан Республикасында тұратын жеке адам, Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы өтінім беруші болып табылса, патентті алу жөніндегі істерді Қазақстан Республикасының шегінде хат жазысу мекен-жайын көрсеткен жағдайда патенттік сенім білдірген өкілсіз жүргізе алады.
      Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, бірақ уақытша одан тысқары жерлерде жүрген жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының шегіндегі хат жазысу мекен-жайын көрсеткен жағдайда, патенттік сенім білдірілген өкілсіз патенттермен байланысты істерді жүргізе алады.
      Заңның 5-бабының 3-тармағына сәйкес өтінім бір селекциялық жетістікке қатысты болуы тиіс және:
      1) патент беру туралы өтінішті;
      2) селекциялық жетістіктің сауалнамасын;
      3) іс өкіл арқылы жүргізілген жағдайда, сенімхатты қамтуға тиіс.
      6. Өтінімге белгіленген мөлшерде өтінім беруге және алдын ала сараптама жүргізуге ақы төленгенін растайтын құжат тіркеледі. Ақы белгіленгеннен төмен мөлшерде төленген кезде, ақы төленгенін растайтын құжаттан басқа, сондай-ақ оны мөлшерін азайту үшін негіздемені растайтын құжат ұсынылады (Ұлы Отан соғысының қатысушылары, мүгедектер, мектепте оқитын, кәсіби-техникалық ұйымдарда, жоғары білім ұйымдарында оқитын оқушылар). Көрсетілген құжаттар өтініммен бірге немесе өтінім түскен күннен бастап екі ай ішінде табыс етіледі. Тиісті ақы төленген жағдайда бұл мерзім ұзартылады, бірақ екі айдан аспауы керек.
      Ақы төленгенін растайтын құжаттар белгіленген мерзімде берілмеген жағдайда өтінім берілмеген болып саналады.
      Заңның 7-бабының 2-тармағына сәйкес конвенциялық басымдық сұратылатын өтінімге сараптама жасау ұйымына конвенциялық өтінімнің келіп түскен күнінен бастап үш айдан кешіктірмей ұсынылатын, алатын орган куәландырған бірінші өтінімнің көшірмесі және оның мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасы қоса тіркеледі.
      7. Патентті беру туралы өтініш және өтінімнің басқа да құжаттары мемлекеттік немесе орыс тілінде беріледі. Ботаникалық анықтамалар баспа әріппен латын шрифтімен жазылады.
      8. Патентті беру туралы өтініш төрт данада, ал сорттың немесе тұқымның сауалнамасы - үш данада ұсынылады.
      Қалған құжаттар бір данада ұсынылады.
      9. Селекциялық жетістіктің өтініші мен сауалнамасында сорттың, тұқымның жіктеу туралы мәліметтері қамтылуы тиіс.
      Барлық құжаттар қара түсті шрифтпен тығыз, ақ, тегіс, жылтыр емес қағазда компьютерде немесе жазу машинкасында басылады.

3. Патентті беру туралы өтінімді толтыру тәртібі

      10. Патент беру туралы өтініш (бұдан әрі - өтініш) СЖ-1 нысаны бойынша (осы Ережеге 1-қосымша) ұсынылады:
      1) егер қандай да бір мәліметті тиісті бағандарға толық орналастыруға болмайтын болса, олар осындай нысанмен қосымша парақта өтініштің тиісті бағанында: «Өтінішке қосымшаны қараңыз» деп көрсете отыра береді (бағанның «Қоса тіркеліп отырған құжаттардың тізбесі» деген тиісті торына «х» деген белгі қойылады);
      2) өтініштің «Келіп түскен күні», «Басымдық» деген бағандарын, оның жоғарғы бөлігіне 21 кодымен орналасқан баған өтінім келіп түскеннен кейін сараптама жасау ұйымы толтыруы үшін жасалған және оларды өтінім беруші толтырмайды;
      3) патент беру туралы өтініш мазмұндалған бағанда «өтінім берушінің (өтінім берушілердің) атына» деген сөздерден кейін өзіне (өздеріне) патент сұратылатын өтінім беруші (өтінім берушілер) туралы мәлімет: жеке тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (егер ол болса) келтіріледі, мұндайда тегі атының алдында немесе заңды тұлғаның ресми тіркелгені туралы құжатқа сәйкес толық ресми атауы (көшірмесі қоса беріледі), сондай-ақ елдің ресми атауы мен пошталық толық мекен-жайын қоса алғанда, олардың тиісінше тұратын жері, жүрген жері туралы мәлімет көрсетіледі. Шетелдік есімдер мен заңды тұлғалардың атаулары да мемлекеттік немесе орыс тіліндегі транслитерацияда көрсетіледі. Селекциялық жетістік авторы болып табылатын өтінім берушілердің тұратын жері туралы мәліметтер 72 кодты бағанда өтініштің екінші бетінде келтіріледі;
      Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде жүрген немесе тұратын, өздерінің атына патент сұралған шетелдік заңды немесе жеке тұлғалар үшін елдің коды Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы (бұдан әрі - ДЗМҰ) ST.3 стандарты бойынша көрсетіледі (егер ол белгіленсе).
      Егер өтінім беруші бірнешеу болса, аталған мәлімет олардың әрбірі үшін келтіріледі;
      4) басымдық белгілеу туралы өтініш мазмұндалған баған Заңның  7-бабына сәйкес сараптама жасау ұйымына өтінім берілген күннен неғұрлым бұрынғы басымдық сұралған кезде ғана толтырылады. Бұл жағдайда тиісті торға «х» белгісін қою арқылы басымдық сұрауға негіз көрсетіледі және: соның негізінде басымдық сұратылатын өтінімнің нөмірі, сұратылатын басымдықтың күні (өтінім берілген күн), өтінім берген ел, өтінім қараудың кезеңі және селекциялық жетістіктің қандай атаумен тіркелгені көрсетіледі.
      Өтінімді қарау кезеңін:
      А-өтінім қаралу үстінде;
      В-өтінім қабылданбады;
      С-өтінім кері қайтарылып алынды;
      D-өтінім қанағаттандырылды, патент берілді немесе деген кодпен көрсетіледі.
      Өтінім беруші бірінші өтініммен берілген материалдың осы сортпен (тұқыммен) ұсынылатын және оның осы өтінімге сай келетінін растайды;
      5) «Тегі, түрі» деген бағанда сортты, тұқымды таксономиялық тиесілілігі бойынша да, сондай-ақ өндірісте қолданылуы жөнінен де дәл сәйкестендіру үшін тек пен түрдің толық атауы көрсетіледі.
      Осында таксономиялық бірліктің (тегі, түрі, кіші түрі) латындық атауы да көрсетіледі;
      6) «Ұсынылатын атаулар» деген бағанда селекциялық жетістіктің атауы келтіріледі.
      Шетелдік селекцияның селекциялық жетістігінде оның түпнұсқалық атауы өтінім берушінің тілінде және мемлекеттік немесе орыс тіліндегі транскрипцияда көрсетіледі (Шетелдік селекциялық жетістік атауының транскрипциясын өтінім беруші ұсынады);
      7) «Селекциялық нөмір» деген бағанда селекция кезеңінде берілген селекциялық нөмір көрсетіледі;
      8) «Селекциялық жетістік шығарылды» деген бағанда селекциялық жетістік шығарылған елдің атауы, сондай-ақ оның ДЗМҰ ST.3 стандартына сәйкес коды толық келтіріледі;
      9) «Сорт (тұқым) сатуға ұсынылды ма немесе сатылды ма» деген баған. Егер сорт Қазақстан Республикасында сатылса немесе сатуға ұсынылса, онда оң жақтағы квадратты «х» деген белгімен белгілеу және оның сатылған немесе сатуға ұсынылған бірінші күні мен атауын көрсету қажет.
      Егер сорт (тұқым) сатылмаса немесе сатуға ұсынылмаса сол жақтағы квадратты «х» деген белгімен белгілеу қажет.
      Басқа елдерде сатылғаны немесе сатуға ұсынылғаны туралы мәлімет жоғарыда көрсетілгенге ұқсас келтіріледі және қосымша елді көрсету қажет;
      10) 98-кодты бағанда хат жазысу үшін мекен-жай келтіріледі. Хат жазысу үшін мекен-жай ретінде өтінім берушінің (өтінім берушілердің бірінің) - Қазақстан Республикасында тұратын жеке тұлғаның тұрғылықты жерінің мекен-жайы немесе өтінім берушінің (өтінім берушілердің) өкілі жүрген жердің мекен-жайы немесе Қазақстан Республикасының аумағындағы өзге мекен-жай көрсетілуі мүмкін;
      11) 74-кодты бағанда өтінім берушінің (өтінім берушілердің) өкілі туралы, оның ішінде патенттік сенім білдірілген өкіл (патенттік сенім білдірілген өкілдер) туралы мәлімет келтіріледі. Патенттік сенім білдірілген өкіл (патенттік сенім білдірілген өкілдер) өтінім берілгенге дейін тағайындалған жағдайда оның (олардың) тегі (тектері), аты (аттары) және әкесінің аты (әкелерінің аттары), егер ол (олар) болса тіркеу нөмірі (тіркеу нөмірлері) көрсетіледі. Өзге өкіл тағайындалған жағдайда жеке тұлға үшін тегі, аты немесе әкесінің аты (егер ол болса) немесе заңды тұлға үшін ресми атауы көрсетіледі. Егер өтінім берушілер бірнешеу болса, олардың бірі өкіл ретінде таңдалуы мүмкін. Өтінім берілгенге дейін тағайындалған өкілдің, оның ішінде патенттік сенім білдірілген өкілдің өкілеттігі өтініммен бір уақытта немесе өтінім түскен күннен бастап екі ай ішінде ұсынылатын сенімхатпен расталады;
      12) өтінімнің екінші бетіндегі «Қоса тіркеліп отырған құжаттардың тізбесі» деген баған «х» деген белгіні тиісті торларға қою және қоса тіркеліп отырған құжаттардың әрбір данасындағы даналар мен парақтардың санын көрсету жолымен толтырылады. Түрі өтінім нысанымен ("басқа құжат") көзделген қоса тіркеліп отырған құжаттар үшін олардың нақты міндеті көрсетіледі;
      13) «Өтінім беруге және патент алуға құқықтың пайда болуының негізі» деген бағанда «х» деген белгі қоюмен өтінім беруге және патент алуға тиісті негіз белгіленеді. Аталған баған, өтінім беруші автор болып табылатын немесе өтінім берушілер бірнешеу болған, олардың құрамы авторлардың құрамымен сәйкес болған жағдайларды есептемегенде, өтінім берушінің (өтінім берушілердің) атына патент сұратылған жағдайда толтырылады. Өтінім беруге және патент алуға құқықты растайтын құжат сараптама жасау ұйымына ұсынылмайды;
      14) 72 кодты бағандарда автор (авторлар) туралы мәлімет: тегі, аты, әкесінің аты (егер ол болса), тұрғылықты жерінің толық пошталық мекен-жайы келтіріледі, шетел азаматтары үшін ДЗМҰ ST.3 стандарты бойынша елдің коды көрсетіледі;
      15) 72 кодтағы бағанның оң жағында орналасқан бағанда, автор өтінім беруші болып табылатын болса немесе егер автор өтінім беру мен патент алу құқығын өтінім берушіге берген жағдайда, автордың қойылған қолы мен күні келтіріледі.
      Автор өтінім бергенге дейін қайтыс болып кеткен жағдайда мұрагердің қолы қойылады және күні көрсетіледі. Өтінім беру кезеңінде мұрагерлікке құқықты растайтын қандай да бір ресми құжат ұсыну талап етілмейді;
      16) 72 кодтары бар бағандардың тікелей төменгі жағында орналасқан баған өтінім материалдарын және патентті жариялаған кезде автор (авторлар) өзін (өздерін) осындай (осындайлар) ретінде атамауды өтінгенде ғана толтырылады. Бұл жағдайда жариялану кезінде атауды қаламаған авторлардың әрқайсысының тегі, аты, әкесінің аты (егер ол болса) келтіріледі және олардың қолдары қойылады;
      17) құқықтық мирасқор туралы мәліметтер мазмұндалған баған, өтінім беру құқығын автордың құқықтық мирасқоры өтінім берушіге берген жағдайда ғана толтырылады. Онда құқықтық мирасқор туралы мәліметтер: тегі, аты және әкесінің (егер ол болса), жеке тұлғаның тұрғылықты жерінің мекен-жайы немесе заңды тұлғаның ресми атауы мен жүрген жерінің мекен-жайы келтіріледі. Мәліметтерге күнін көрсете отырып автордың құқықтық мирасқоры қол қояды (автордың құқықтық мирасқоры заңды тұлға болған жағдайда мәліметтерге ұйымның басшысы немесе өзге өкілетті тұлға қол қояды, оның көлемі мөрмен бекітіледі);
      18) өтініштің күнін көрсете отырып, «Қол қою» деген соңғы бағанды толтыру, өтінім беруші автор емес тұлғаны көрсеткен жағдайда міндетті болады. Заңды тұлға атынан өтінішке ұйым басшысы немесе лауазымын көрсете отырып, заңды тұлғаның құрылтай құжаттарымен осыған уәкілетті өзге тұлға қол қояды, қол қою осы заңды тұлғаның мөрімен бекітіледі. Егер өтінім берушілер бірнешеу болса, өтінішке өтінім берушілердің әрқайсысы қол қояды.
      Өтінім патенттік сенім білдірілген өкіл арқылы берілген кезде өтінішке патенттік сенім білдірілген өкіл қол қояды;
      19) жоғарыда көрсетілген өтінім бағанындағы қол қоюлар, қол қоюшы тұлғалардың тектері мен аты-жөндерін көрсете отырып жіктеледі;
      20) өтінішке қатысты қандай да бір мәліметтер ұсынылған әрбір қосымша параққа (өтінішке қосымша) сондай тәртіппен қол қойылады;
      21) өтініш пен қосымшаларға түзетулер мен тазартулар жасалмауға тиіс. Аталған кемшіліктер орын алған жағдайда дұрыс ресімделген өтініш немесе оған қосымша сұратылатын болады.

4. Сорт (тұқым) сауалнамасының құрылымы

      11. Сорт (тұқым) сауалнамасында:
      тек пен түрдің атауы (мемлекеттік немесе орыс тілдерінде және латынша);
      өтінім берушінің аты және мекен-жайы;
      селекциялық жетістіктің болжамды атауы және селекциялық нөмірі;
      жасалу әдісі мен бастапқы (тектік) нысанын көрсете отырып селекциялық жетістіктің шығу тегі;
      селекциялық жетістіктерді ұстап тұру мен көбейтудің ерекшеліктері;
      селекциялық жетістіктің айырымдық ерекшеліктерін сипаттайтын белгілер;
      ұқсас селекциялық жетістіктердің атауы және өтінім берілген селекциялық жетістіктің ұқсастардан солар бойынша айырмашылық белгілері;
      селекциялық жетістіктің айырмашылығын, біртектілігін және тұрақтылығын (егер олар болса) сынауға арналған ерекше шарттар мазмұндалуға тиіс.
      12. Сорт (тұқым) сауалнамасына өтінім беруші (өтінім берушілер) осы Ереженің 10-тармағының 19) және 20) тармақшаларында белгіленген тәртіппен қол қояды.
      Тиісті тектер мен түрлер үшін селекциялық жетістіктер белгілерінің кестесі сауалнамаға қоса тіркеледі, онда өтінім беруші өсімдік сортының немесе мал тұқымының ерекшеліктерінің айқындалу дәрежесі мен индексі бойынша сипаттайды.

5. Сенімхат

      13. Сенімхат мынадай талаптарға сәйкес болуы тиіс:
      Өтінім беруші (жеке тұлға) берген (қол қойған) сенімхат нотариуспен расталады. Сенімхат заңды тұлғаның атынан оның басшысының немесе қол қойған тұлғаның лауазымын көрсете отырып құрылтай құжаттарымен осыған уәкілетті тұлғаның қол қоюымен беріледі;
      сенімхатта өтінім берушінің атынан өкіл жүргізетін тапсырылған іс-қимыл дәл көрсетілуге тиіс;
      сенімхатта ол жасалған күн көрсетілуге тиіс, онсыз ол жарамсыз деп есептеледі.
      14. Сенімхат берілген жеке тұлға өзіне берілген уәкілетті іс-қимылды тікелей жүзеге асыруға тиіс. Басқа біреуге сенім білдіру берілген сенімхатпен осындай өкілеттілік берілген жағдайда ғана мүмкін болады. Бұл жағдайда сараптама жасау ұйымына қайта сенім білдіру тәртібімен берілген, нотариалдық куәландырылған сенімхат және соның негізінде берілген сенімхат ұсынылады. Бұл орайда қайта сенім білдіру берілген сенімхаттың қолданылу мерзімін соның негізінде берілген бастапқы сенімхаттың қолданылу мерзімінен асыруға болмайды.

6. Селекциялық жетістікке патент алу жөнінде іс жүргізу

      15. Хат жазысуды өтінім беруші немесе оның соған уәкілеттілік берілген өкілі әрбір өтінім бойынша жеке-жеке жүргізеді.
      Өтінім берілгеннен кейін жіберілген құжаттарда оның нөмірі және өтінім берушінің немесе оның өкілінің қолы болуға тиіс. Егер өтінім беруші заңды тұлға болса, құжаттарға оның атынан осы Ереженің 10-тармағының 19) және 20) тармақшаларында көрсетілген тәртіппен қол қойылады.
      Өтінім бойынша іс жүргізу процесінде жіберілген құжаттар Заңда және осы Ережеде белгіленген мерзімдерде ұсынылады.
      Іс жүргізу мемлекеттік немесе орыс тілдерінде жүргізіледі.
      Ресімдеудің оқуға қиындық тудыратын кемшіліктерімен ұсынылған құжаттар қаралмайды. Мұндай құжаттар берген тұлғаға тиісті хабарлама жіберіледі.
      16. Заңның 8-бабы 1-тармағының екінші бөліміне сәйкес өтінім беруші қажет болған кезде өтінімнің құжаттарына ол берілген күннен бастап екі ай ішінде нақтылау енгізе алады.
      Сортқа, тұқымға арналған өтінімге келіп түскен және өтінімнің бастапқы материалдарында келтірілмеген белгілерді мазмұндайтын және мәлімделген сорттың, тұқымның мәнін өзгертетін қосымша құжаттар өтінімді қарау кезінде назарға алынбайды.
      17. Авторлар құрамын өзгерту дегенді патент беру туралы өтініште көрсетілген авторды құрамға енгізу немесе құрамнан шығару деп түсіну керек:
      1) авторлар құрамын өзгерту сараптама жасау ұйымына осы Ереженің 3 тарауына сәйкес өтінім берілген күннен бастап екі айдан кешіктірмей екі данада ресімделген патент беру туралы жаңа өтініш беру жолымен енгізіледі;
      2) патент беру туралы жаңа өтінішпен бір мезгілде авторлардың құрамына тиісті өзгерістер енгізу туралы өтініш өтінімнің нөмірі мен берілген күні көрсетіле отырып еркін нысанда екі данада беріледі. Өтінішке өтінім беруші осы Ереженің 10-тармағының 19) және 20) тармақшаларында белгіленген тәртіппен қол қоюға тиіс, және шығарылған автордың келісімімен ол авторлар құрамынан шығарылған жағдайда оның қолы нотариалдық куәландырылуға тиіс (ұлттық авторлар мен үкіметаралық келісімдерге сәйкес берілген авторлар үшін ғана). Шығарылатын автордың келісімі өтінімнің нөмірі мен тіркеу күні көрсетіле отырып жеке хатпен ресімделуі мүмкін;
      3) егер патент беру туралы жаңа өтініш берілген күнге қарай авторлар құрамына енгізілген жағдайда бұрын берілген өтініште көрсетілген автордың қолын алу мүмкін болмаса, өтінішке мынадай тәртіппен ресімделген жазбаша келісім қоса тіркеледі:
      автордың қайтыс болған немесе ол өлді деп жарияланған жағдайда өзгеріс енгізуге арналған келісімге оның атынан мұрагер қол қояды, ол мұраға құқығы туралы куәліктің нотариалдық куәландырылған көшірмесін ұсына отырып, өзінің мұраға құқығын заң жүзінде дәлелдеуге тиіс;
      автор шетелге кеткен жағдайда өзгеріс енгізуге арналған келісімге осындай құқықты куәландыратын, тиісті дәрежеде ресімделген құжатты ұсына отырып, сенім білдірілген тұлға оның атынан қол қоя алады. Қазақстан Республикасының патенттік сенім білдірілген өкілінің атына беріліп, тапсырылған әрекет дәл көрсетілген сенімхат немесе Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына немесе өзара шарттасуға орай заңдастыру талап етілмейтін жағдайларды қоспағанда, басқа тұлғаға берілген, Қазақстан Республикасының консулдық мекемесінде заңдастырылған сенімхат осындай құжат болуы мүмкін;
      автордың барған жері туралы мәлімет болмаған және оларды алу мүмкін болмаған жағдайда, ол Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 28-бабына сәйкес сот арқылы хабарсыз кеткен деп танылуы мүмкін және мүдделі тарап авторды хабарсыз кетті деп тану туралы сот шешімінің көшірмесін ұсынады, ол мәселені мәні бойынша шешкен кезде назарға алынады;
      автор әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке шектеулі түрде қабілетті деп танылған кезде өзгеріс енгізуге келісімге оның атынан қорғаншы немесе қамқоршы, қорғаншылықты немесе қамқоршылықты белгілеу туралы сот шешімінің көшірмесін ұсына отырып қол қояды;
      4) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын азаматтар және шетелдік заңды тұлғалар авторлар құрамына өзгеріс енгізуге арналған құжатты Қазақстан Республикасының патенттік сенім білдірілген өкілдері арқылы береді, бұл орайда патенттік сенім білдірілген өкілдің атына берілген сенімхатта көрсетілген іс-қимылды орындауға арналған тапсырма мазмұндалуға тиіс;
      5) егер осы тармақтың 1)-4) тармақшаларына тізбеленген құжаттар жоқ болса және (немесе) ұсынылған құжаттар осы тармақшалардың талаптарына сай келмесе, өтінім берушіге хабарлама жіберілген күннен бастап үш ай мерзімде жоқ болған немесе түзетілген құжаттарды табыс ету қажеттілігі хабарланады.
      Сұратылған құжаттар табыс етілмеген жағдайда жаңа өтініш берілмеген деп есептеледі және өзгеріс енгізу жүргізілмейді, ол туралы өтінім берушіге хабарланады.
      18. Өтінім берушілердің құрамын өзгерту дегенді өтінім берушілердің құрамын құрамға қосымша тұлға енгізу жолымен ішінара өзгерту немесе патент беру туралы өтініште бұрын көрсетілген өтінім берушілердің құрамынан тұлғаны алып тастау деп түсіну керек:
      1) өтінім берушілердің құрамын өзгерту осы Ереженің 2-тарауына сәйкес ресімделген патент беру туралы жаңа өтінішті өтінім берілген күннен бастап екі айдан кешіктірмей екі данада сараптама жасау ұйымына беру жолымен енгізіледі. Өтінім берушілердің құрамына өзгерістер енгізе отырып жаңа өтініш берген кезде жаңа өтінішке авторлардың қол қоюы міндетті емес;
      2) патент беру туралы жаңа өтінішпен бір мезгілде өтінім берушілердің құрамына тиісті өзгерістер енгізу туралы өтініш өтінімнің нөмірі мен тіркелген күні көрсетіле отырып еркін нысанда екі данада беріледі. Өтінішке патент беруге арналған бастапқы өтініште көрсетілген өтінім беруші (өтінім берушілер) осы Ереженің 10-тармағының 19) және 20) тармақшаларында белгіленген тәртіппен қол қоюға тиіс. Шығарылатын өтінім беруші жеке тұлғаның қолы нотариалдық куәландырылуға тиіс (үкіметаралық келісімдерге сәйкес ұлттық және соларға теңестірілген тұлғалар үшін ғана);
      3) патент беру туралы өтініште көрсетілген, қайтыс болған өтінім берушіні заңды мұрагермен алмастырған кезде, аталған мұрагердің қол қоюы ғана жеткілікті, ол мұраға құқық туралы куәліктің нотариалдық куәландырған көшірмесін ұсына отырып, өзінің мұраға құқығын заң жүзінде дәлелдеуге тиіс;
      4) заңды тұлғаны қайта ұйымдастырудың салдарынан өтінім берушілердің құрамына өзгеріс енгізген кезде өтінішке және жаңа өтінішке құқықтың осы түрі бойынша құқықтық мирасқорлығын растайтын құжатты ұсына отырып (ажырату балансынан немесе беру актісінен көшірме), оның құқықтық мирасқоры қол қояды;
      5) заңды тұлғаны тарату салдарынан өзгерістер енгізген кезде өтінішке және жаңа өтінішке құқықтың берілу фактісін растайтын құжат ұсына отырып, өзіне тиісті құқық ауысқан тұлға қол қояды;
      6) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын азаматтар және шетелдік заңды тұлғалар өтінім берушілер құрамына өзгеріс енгізуге арналған құжаттарды Қазақстан Республикасының патенттік сенім білдірілген өкілінің атына берілген сенімхатта көрсетілген іс-қимылды орындауға арналған тапсырма мазмұндалуға тиіс;
      7) егер осы тармақтың 2)-8) тармақшаларында тізбеленген құжаттар жоқ болса және (немесе) ұсынылған құжаттар осы тармақшалардың талаптарын қанағаттандырмаса, өтінім берушіге хабарлама жіберілген күннен бастап үш ай мерзімде жоқ болған немесе түзетілген құжаттарды табыс ету қажеттілігі хабарланады.

7. Мерзімді есептеу

      19. Патент алу жөніндегі рәсімдік әрекеттерді жасау үшін мерзімдер, әрекет жасалуы мүмкін уақыт кезеңімен көрсетіледі.
      Егер мерзім «ішінде (кешіктірмей) (өткенге дейін)... күннен бастап...» деген сөз тіркесімен берілсе, оның есептелуі көрсетілген күннен кейінгі күннен басталады. Айлармен есептелетін мерзім мерзімнің соңғы айының тиісті күнінде аяқталады. Егер мерзімнің соңғы күні жұмыс істемейтін күнге келсе, содан кейінгі бірінші жұмыс күні мерзімнің аяқталатын күні деп есептеледі. Егер мерзімнің аяқталуы тиісті саны жоқ айға келсе, мерзім осы айдың соңғы күнімен бітеді.
      20. Байланыс ұйымына мерзімнің соңғы күні тапсырылған құжаттар, мерзімінде жіберілді деп есептеледі.

8. Өтінімді қарау және патент беру

      21. Егер өтінімнің келіп түскен құжаттарында патент беру туралы өтініш және селекциялық жетістік сауалнамасы мемлекеттік және орыс тілінде болса, онда сараптама жасау ұйымы оларды келіп түскен күнін қойып және өтінімге тіркеу нөмірін беріп тіркейді.
      Өтінім құжаттарының келіп түсу фактісі туралы өтінім берушіге бес күн мерзім ішінде сараптама жасау ұйымы белгі соққан деректемелермен (тіркеу нөмірі және келіп түскен күні) өтінімнің бір данасын жіберу жолымен хабарланады.
      22. Барлық шығыс хат-хабарлар бір ғана мекен-жайға жіберіледі, бұл орайда:
      егер өтініштің 98-бағанында хат жазысу үшін өтінім берушінің немесе егер олар бірнешеу болса, өтінім берушілердің бірінің мекен-жайынан өзге мекен-жай не өтінім берушінің (өтінім берушілердің) мекен-жайы көрсетілсе, онда хат-хабар осы мекен-жай бойынша өтінім берушінің атына немесе егер өтінім берушілер бірнешеу болса, - өтініште бірінші көрсетілген өтінім берушінің атына, оның үстіне өтінім берушілердің барлығы бірдей Қазақстан Республикасының аумағында өмір сүрмесе немесе тұрмаса, онда - бірінші көрсетілген ұлттық өтінім берушінің атына жіберіледі;
      егер өтініштің 98-бағаны толтырылмаса, онда хат-хабар өтінім берушінің мекен-жайына және атына немесе егер өтінім берушілер бірнешеу болса, - бірінші өтінім берушінің атына не егер өтінім берушілердің барлығысы бірдей Қазақстан Республикасының аумағында өмір сүрмесе немесе тұрмаса, бірінші ұлттық өтінім берушінің атына жіберіледі.
      Өтінімнің тіркелген құжаттары қайтарылмайды.
      23. Өтінімнің тіркелген құжаттары өтінім беруге ақы төленгенін және өтінімге белгіленген мөлшерде алдын ала сараптама жүргізілгенін растайтын құжаттың бар-жоқтығына тексеріледі. Мұндай құжат және белгіленгеннен аз мөлшерде ақы төленген жағдайда, оның мөлшерін азайту үшін негіз барлығын растайтын құжат болмаған жағдайда, өтінім берушіге жоқ (болмаған) құжатты (құжаттарды) ұсынудың қажеттігі туралы және (немесе) белгіленген мөлшерге дейін қосымша ақы төлеу туралы құжатты ұсыну қажеттігі туралы хабарланады, ол өтінім келіп түскен күннен бастап екі ай ішінде немесе тиісті ақы төленген жағдайда екі айдан аспайтын, неғұрлым кешірек мерзімде ұсынылуы мүмкін.
      Өтінім берушіге сондай-ақ, белгіленген мерзімде және белгіленген мөлшерде ақы төленгені туралы көрсетілген құжаттарды табыс етпеген жағдайда, өтінім берілмеді деп танылатыны туралы хабарланады.
      24. Селекциялық жетістікті шет елдерде патенттеген кезде сараптама жасау ұйымына берілген өтінім, өтінім берушінің сұрауы бойынша сараптама жасау ұйымы бірінші өтінімнің куәландырылған көшірмесін әзірлейді.
      25. Өтінімді алдын ала сараптау ол сараптама жасау ұйымына берілген күннен бастап екі ай өткеннен кейін жүргізіледі.
      Өтінімді алдын ала сараптау екі ай мерзімде жүргізіледі.
      Өтінімге алдын ала сараптама жүргізген кезде:
      өтінімде болуға тиіс немесе оған қоса тіркелуге тиіс құжаттардың (осы Ереженің 5-тармағы) болуы;
      ҚР Заңына сәйкес төленген ақының белгіленген мөлшерге сәйкестігі;
      өтінім құжаттарына белгіленген талаптардың (осы Ереженің 3, 4 және 5-тарауы) сақталуы;
      өкілдің өкілеттігін куәландыратын сенімхаттың болуын және ресімделуінің дұрыстығын қоса алғанда, Заңның 5-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда өтінім беру тәртібінің сақталуы;
      өтінімде оны берудің күніне қарағанда, басымдықты неғұрлым ерте сұратудың заңдылығының және тәртібінің сақталуы.
      26. Сорттың, тұқымның басымдығы Заңның 7-бабының 1-тармағына сәйкес өтінімді сараптама жасау ұйымына берген күн бойынша белгіленеді.
      Басымдық Заңның 7-бабының 2-тармағына сәйкес Селекциялық жетістіктерді қорғау жөніндегі халықаралық конвенцияға (конвенциялық басымдық) қатысушы елдің бірінші өтінім берген күні бойынша белгіленуі мүмкін.
      27. Конвенциялық басымдықты сұрату кезінде Заңның 7-бабының 2-тармағына сәйкес:
      өтініште көрсетілген тұлғаның (тұлғалардың) конвенциялық өтінім беруге құқығының болуы;
      конвенциялық басымдықты сұрату үшін (өтінім берген кезде) өтінім берушінің мерзімді сақтауы;
      өтінім берумен бір мезгілде немесе сараптама жасау ұйымына бірінші өтінім берген күннен бастап үш ай ішінде берілетін бірінші өтінімнің куәландырылған көшірмесін және оның мемлекеттік немесе орыс тіліне аудармасының сақталуы;
      өтінім берушінің конвенциялық өтінім сараптама жасау ұйымына келіп түсуге тиіс бірінші өтінім берілген күннен бастап есептегенде, он екі ай мерзімді сақтауы тексеріледі.
      Осы шарттарды орындау кезінде өтінім беруші қосымша құжаттама мен сынақ үшін қажетті материалды бірінші өтінім берген күннен бастап үш жыл ішінде ұсынбауға құқылы.
      Кемінде бір шарт орындалмаған жағдайда, сорттың, тұқымның басымдығы өтінімнің сараптама жасау ұйымына берілген күні бойынша белгіленеді.
      28. Өтінімге орай келіп түскен және өтінімнің бастапқы құжаттарында келтірілмеген және өтінім берілген сорттың, тұқымның мәнін өзгертетін қосымша құжаттар өтінімді қараған кезде назарға алынбайды, ол туралы өтінім берушіге хабарланады.
      29. Селекциялық жетістіктің ұсынылған атауының дұрыстығын тексеруді Мемлекеттік комиссиясы жүргізеді. Атауларын тексеру туралы Мемлекеттік комиссиясының қорытындысы сараптама жасау ұйымына жіберіледі.
      30. Егер өтінімді алдын ала сараптау процесінде селекциялық жетістіктің атауының белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін және (немесе) өтінімнің құжаттарға қойылатын талаптарды бұза отырып ресімделгені анықталса, өтінім берушіге табылған кемшіліктерді көрсете отырып және селекциялық жетістіктің жаңа атауын және (немесе) болмаған атауын немесе түзетілген құжаттарды табыс етуді ұсынған сұрау салу ол жіберілген күннен бастап екі ай ішінде жіберіледі.

9. Өтінімді қараудан бас тарту туралы немесе одан әрі қарау туралы шешім

      31. Алдын ала сараптаманың сұрау салуына белгіленген мерзімде жауап берілмеген, сондай-ақ өтінім Ереженің 3, 4 және 5 тарауларымен белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда сараптама жасау ұйымы Ереженің 2-қосымшасының СЖ-3-1 нысанына сәйкес сараптама қорытындысын береді, оның негізінде уәкілетті орган өтінімді одан әрі қараудан бас тарту туралы шешім қабылдайтын сарапшылық тұжырым береді, ол туралы өтінім берушіге бір ай мерзімде хабарланады. Бұл орайда өтінім беруші шешімді алған күннен бастап екі ай ішінде өтінімді одан әрі қараудан бас тарту туралы шешімге уәкілетті органға қарсылық бере алады. Қарсылықты ол келіп түскен күннен бастап екі ай мерзімде апелляциялық кеңес қарауға тиіс.
      Апелляциялық кеңестің шешіміне ол шешімді алған күннен бастап алты ай ішінде сотқа шағым жасалуы мүмкін.
      32. Егер алдын ала сараптау нәтижесінде өтінімнің белгіленген талаптарға сәйкес келетіні анықталса, сараптама жасау ұйымы Ереженің 3-қосымшасының СЖ-3-2 нысанына сәйкес алдын ала сараптамасының оң нәтижесі туралы қорытындысын береді, оның негізінде уәкілетті орган өтінімді одан әрі қарау туралы шешім қабылдайтын сарапшылық тұжырым береді. Шешімде өтінім беруші алдын ала сараптаманың оң шешімі, өтінім берілген күннің, селекциялық жетістік басымдылығының белгіленгені туралы және қажетті материалдарды айырмашылыққа, біртектілікке және тұрақтылыққа сынау үшін жіберілуінің қажеттілігі туралы хабарламаны өтінім берушіге жіберетін Мемлекеттік комиссияға өтінім материалдарын беру туралы хабарланады.

10. Өтінім туралы мәліметтерді жариялау

      33. Алдын ала сараптау нәтижесінде әрі қарай қарау туралы шешім шығарылған өтінім туралы мәліметтерді жариялау Заңның 8-бабының 6-тармағына сәйкес өтінімнің келіп түскен күнінен бастап он сегіз ай өткеннен кейін бюллетеньде жүргізіледі. Өтінім берушінің Ережеге 4-қосымшасының СЖ-2 нысаны бойынша берген өтініші бойынша өтінім туралы мәліметтер көрсетілген мерзімнен бұрын жариялануы мүмкін:
      1) өтінім туралы мәліметтерді жариялау кезінде сараптама жасау ұйымы мемлекеттік және орыс тілдерінде мынадай мәліметтерді:
      өтінімнің нөмірі мен берілген күнін;
      егер өтінім бойынша сараптама жасау ұйымына өтінім берілген күнге қарағанда басымдықтың одан неғұрлым ертелеу күні белгіленсе, соның негізінде селекциялық жетістіктің басымдығы белгіленген өтінім берген елдің ДЗМҰ ST.3 стандартына сәйкес нөмірін, берген күнін және кодын;
      егер ол (олар) солар (сондайлар) ретінде аталудан бас тартпаса автордың (авторлардың) атын;
      патент иеленушінің атын немесе атауын;
      автордың (авторлардың) ДЗМҰ ST.3 стандартына сәйкес тұрғылықты жердегі (жүрген жеріндегі) елінің кодын (кодтарын);
      селекциялық жетістіктің атауын;
      2) автордың жарияланатын мәліметтерде сондай ретінде аталуынан бас тартуы, егер ол жариялауға техникалық даярлық аяқталғанға дейін келіп түссе, осы мәліметтерді жариялаған кезде ескеріледі. Аталған бас тартуды автордың сол мерзімде кері қайтарып алуы мүмкін.

11. Патент беру туралы шешім

      34. Егер Мемлекеттік комиссия жүргізген сараптама нәтижесінде, өтінім берілген селекциялық жетістік Заңның 4-бабында белгіленген патенттік қабілеттілік шарттарына сай келсе, Мемлекеттік комиссия патент беруге қорытынды жасай отырып сортты (тұқымды) сипаттайды және оның үш данасын уәкілетті органға жібереді. Уәкілетті орган Заңның 10-бабының 4-тармағына сәйкес патент беру туралы шешім шығарады және оны өтінім берушіге жібереді.

12. Патент беруден бас тарту туралы шешім

      35. Мемлекеттік комиссия мәлімделген селекциялық жетістіктің патентке қабілеттілік шарттарының ең болмағанда біреуіне сай еместігін анықтаған жағдайда, Мемлекеттік комиссия екі данада қорытынды жасайды және оны уәкілетті органға жібереді.
      36. Уәкілетті орган Заңның 10-бабының 5-тармағына сәйкес тиісті негіздемелер келтіре отырып патент беруден бас тарту туралы шешім шығарады және оны Мемлекеттік комиссияның қорытындысын алған күннен бастап бір ай мерзімде өтінім берушіге жібереді. Өтінім беруші оны алған күннен бастап үш ай мерзімде Апелляциялық кеңеске патент беруден бас тарту туралы шешімге қарсылық бере алады. Апелляциялық кеңес қарсылықты ол келіп түскен күннен бастап үш ай мерзімде қарауға тиіс.
      37. Заңның 10-бабының 6-тармағына сәйкес өтінім беруші уәкілетті органнан сараптамаға қарама-қарсы қойылған құжаттардың көшірмесін сұрата алады. Құжаттардың көшірмелері өтінім берушінің сұрау салғанынан бастап бір ай ішінде жіберіледі.

13. Патент беру және селекциялық жетістіктерді
Мемлекеттік тізілімінде тіркеу

      38. Патент беру туралы шешімнің және мемлекеттік алым төленуінің расталуы негізінде, селекциялық жетістік оған тиісті нөмір беріле отырып селекциялық жетістіктердің Мемлекеттік тізілімінде тіркеледі.
      Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізіліміне мынадай жазбалар:
      өсімдіктің, малдың тегі, түрі;
      сорттың, тұқымның атауы;
      сол бойынша патент берілген өтінімнің тіркеу нөмірі және берілген күні;
      егер өтінім бойынша басымдықтың сараптама жасау ұйымына өтінім берілген күнмен салыстырғанда неғұрлым ерте күні белгіленсе, соның негізінде селекциялық жетістіктің басымдығы белгіленген бірінші өтінім берген елдің ДЗМҰ ST.3 стандартына сәйкес нөмірі, берілген күні және коды;
      патент иеленушінің аты немесе атауы және оның ДЗМҰ ST.3 стандартына сәйкес тұрғылықты жердегі немесе жүрген жеріндегі елінің коды;
      автордың (авторлардың) аты және оның (олардың) тұрғылықты жерінің ДЗМҰ ST.3 стандартына сәйкес коды;
      атын және мекен-жайын, шартты тіркеу нөмірі мен күнін, оны жариялау күнін көрсете отырып патентті басқа тұлғаға беру фактісі;
      ерекше, ашық және мәжбүрлі лицензиялар туралы деректер;
      себебін көрсете отырып патенттің тоқтатылған күні және тоқтатылуы туралы жарияланған күні;
      патенттің қолданылуын ұзарту күні және ұзарту туралы мәліметтер жарияланған күні;
      Мемлекеттік тізілімдегі жазбалардағы өзгерістер туралы басқа мәліметтер енгізіледі.
      Бюллетеньде сараптама жасау ұйымы патентті беру, сондай-ақ патенттің құқықтық мәртебесіндегі келесі өзгерістер туралы мәліметтерді жариялайды.
      39. Уәкілетті органның шешімінің негізінде селекциялық жетістікке патент береді.
      Патент мемлекеттік және орыс тілдерінде толтырылады.
      Патентте:
      патент нөмірі;
      селекциялық жетістіктің атауы;
      патент иеленуші - жеке тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (егер ол болса) және заңды тұлғаның толық атауы, шетелдік патент иеленушінің ДЗМҰ ST.3 стандарты бойынша жүрген жердегі елінің коды;
      автор (авторлары) - тегі, аты және әкесінің аты (егер ол болса), шетелдік автордың ДЗМҰ ST.3 стандарты бойынша жүрген жердегі елінің коды;
      тіркеу нөмірі және сараптама жасау ұйымына өтінім берген күні;
      егер ол өтінім берген күннен ерекшеленетін болса, басымдық көрсетіледі.
      40. Патент оның берілгендігі туралы мәліметтерді бюллетеньде жариялаумен бір мезгілде беріледі.
      Патент бірнеше тұлғалардың атына сұратылған жағдайда Заңның  13-бабына сәйкес оларға бір патент беріледі.
      41. Патент иеленуші болып табылмайтын селекциялық жетістік авторына оның авторлығын растайтын ресми куәлік беріледі.
      42. Патент және оған авторлардың куәліктері оларға тікелей тапсырылады немесе тапсырыстық пошта жөнелтімімен патент иеленушінің заңды мекен-жайына немесе оған берілген сенімхатқа сәйкес өкілдің мекен-жайына не патентті жіберу үшін өтінім беруші арнайы көрсеткен өзге мекен-жайға жіберіледі.
      Өтінім беруші тұратын орнының немесе жүретін жерінің (заңды мекен-жай) өзгеруі туралы патент берілгенге дейін сараптама жасау ұйымына хабарлауға міндетті.
      43. Патент иеленушіге патент тапсырған кезде жеке тұлға өзінің куәлігін немесе заңды тұлғаның патент алуға арналған сенімхатын көрсетеді. Шетелдік патент иеленушілердің патенттері және оған қоса берілетін авторлардың куәліктері Қазақстан Республикасының патенттік сенім білдірілген өкіліне жіберіледі.
      Егер патент беру туралы өтінішті Қазақстан Республикасының аумағында тұратын немесе жүретін бірнеше тұлғалар бірлесіп берсе, онда патент және авторлар куәліктері бірінші көрсетілген патент иеленушіге жіберіледі.
      Егер патент беру туралы өтінішті барлығысы бірдей Қазақстан Республикасында тұрмайтын немесе жүрмейтін бірнеше тұлғалар бірлесіп берсе, онда патент және авторлар куәліктері Қазақстан Республикасының аумағында тұратын және жүретін, бірінші көрсетілген патент иеленушіге жіберіледі.

14. Қорытынды ережелер

      44. Сараптама жасау ұйымы Заңның 25-бабына сәйкес, патенттер беруге, оларды тiркеуге, өтiнiмдер қабылдауды қамтитын әрекеттердi жүзеге асырғаны, селекциялық жетiстiктерге сараптама жүргiзгенi және оларға қатысушылар үшiн құқықтар мен мiндеттер туғызатын өзге де әрекеттер үшiн сараптама жасау ұйымы «Мемлекеттік кәсіпорны туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабына сәйкес ақы алады.

Селекциялық жетістікке патент
беруге өтінім беру және оны
қарау жөніндегі ережеге 
1-қосымша        

СЖ-1 нысаны  

Келіп түскен күні

(21) Мем. тіркеу N

(22) Берген күні

Басымдық

Селекциялық жетістікке
Қазақстан Республикасының
патентін беру туралы
ӨТІНІШ

Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің зияткерлік меншік құқығы Комитетінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМҚК-на
4 корпус, В13 кіреберіс, 8 үй, Орынбор к-сі,
Министрліктер үйі, Астана қ., 010000

Төменде көрсетілген құжаттарды ұсына отырып, өтінім берушінің (өтінім берушілердің) атына Қазақстан Республикасының патентін беруді өтінемін (өтінеміз)
(71) Өтінім беруші (лер):

(толық аты немесе атауы және тұратын жері немесе орналасқан орны көрсетіледі.
Авторлар-өтінім берушілердің тұратын жері туралы деректер (72)-кодты бағанда көрсетіледі.

ДЗМҰ ST.3 стандарты бойынша


ҰСМИ-ға өтінім берген күннен неғұрлым ерте күн бойынша басымдық сұратылған кезде ғана толтырылады
Селекциялық жетістік басымдығын белгілеуді өтінемін (өтінеміз):
Халықаралық конвенцияға қатысушы елде бірінші өтінім берілген күн бойынша
(Заңның 7-бабының 2-тармағы)

Бірінші өтінімнің N

Сұратылатын басымдық күні

Берген елдің коды |(ДЗМҰ ST.3)

Өтінімді қарау сатысы

Селекциялық жетістік қандай атаумен тіркелді






Мен (біз) бірінші өтініммен берілген материал осы сортты (тұқымды) білдіретінін және осы өтінімге сәйкес келетінін мәлімдеймін (міз)

Тегі, түрі
________________________________________________________________
          (мемлекеттік немесе орыс тіліндегі атауы)
________________________________________________________________
                        (латынша атауы)

Ұсынылатын атау

Селекциялық нөмір



Селекциялық жетістіктер мына елде (дерде) шығарылды
________________________________________________________________

Сорт (тұқым) сатуға ұсынылды ма немесе сатылды ма:
Өтінім берілген елде: - жоқ - иә
 
 
алғашқы рет _____ мынадай атаумен ________

Сорт (тұқым) сатуға ұсынылды ма немесе сатылды ма:
Басқа елдерде: - жоқ - иә
алғашқы рет ______ мынадай атаумен _____

(98) Хат-хабар алмасу үшін мекен-жай (толық пошталық мекен-жай)
 
 
Телефон:                        факс:

(74) Патенттік сенім білдірілген өкіл (толық аты, уәкілетті органда тіркелген нөмірі) немесе өтінім берушінің (өтінім берушілердің) өкілі (толық аты немесе атауы)

Қоса тіркелетін құжаттардың тізбесі

1 дана.| дағы п. саны

Дана
саны

Өтінімді беру және патентті алу (құжатты ұсынбай) құқығының пайда болуына негіз:
Өтінім беруші жұмыс беруші болып табылады және Заңның 5-бабының 1-тармағының шарттары сақталады
жұмыс берушінің немесе оның құқықтық мирасқорының құқықтарды басқаға беруі
автордың немесе оның құқықтық мирасқорының құқықтарды басқаға беруі
мұрагерлік құқығы

өтінішке қосымша



селекциялық жетістік сауалнамасы



фотосурет



негативтер немесе түсті слайдтар



бұрын жасалған сату туралы ақпарат



өтінім бергені үшін ақы төлегені туралы



ақыны азайту үшін негіздеме бар екенін растайтын құжат



бірінші өтінімнің көшірмесі (конвенциялық басымдық сұратқан кезде)



(место для штампа НИИС)

өтінімді мемлекеттік немесе орыс тіліне аудару



патенттік сенім білдірілген басқаға беруі өкілдің немесе өкілдің өкілетігін растайтын сенімхат



басқа құжат (көрсету керек)



(72) Автор (лар)
(толық Т.А.Ә. көрсетіледі)

Ел атауын және белгілі болса, оның ДЗМҰ ST.3 стандарты бойынша кодымен қоса тұратын жерінің толық пошталық мекен-жайы

Өтінім беруші(лер) автордың(лардың) және/немесе патент алу құқығын басқаға берген автордың (лардың) қолы(дары)




Мен (біз) ______________________________________________________
                                 (Ф.И.О.)
Өтінім материалдарын және патентті жариялау кезінде мені (бізді) автор(лар) ретінде атамауды өтінемін (өтінеміз)
 
 
Автордың(лардың) қолы(дары):

Патентті алуға құқықты басқаға берген автордың құқықтық мирасқоры (толық аты немесе атауы, тұратын жері немесе орналасқан орны, қолы, күні (заңды тұлға атынан қол қою кезінде басшының қолы мөрмен бекітіледі)):

Мен (біз) менде (бізде) бар мәліметтер бойынша өтінімді қарау үшін қажетті және осы өтініш пен қосымшаларға енгізілген ақпарат түпкілікті және дұрыс болып табылатынын мәлімдеймін (міз). Мен (біз) үлгілер тиісті жолмен алынғандығын және селекциялық жетістіктің көрнекі іріктелуі болып табылатынын растаймын (мыз)

Қол
өтінім берушінің(лердің) немесе патенттік сенім білдірілген өкілдің қолы(дары), қол қойылған күн (заңды тұлға атынан қол қою кезінде басшының қолы мөрмен бекітіледі)

Селекциялық жетістікке 
патент беруге өтінім беру
және оны қарау жөніндегі
Ережеге        
2-қосымша       

СЖ-3-1 нысан 

«БЕКІТЕМІН»       
«ҰЗМИ» РМҚК директоры 
_________________________
20 __ ж. "___" _________

(98)

Хат алмасу кезінде N өтінімге
сілтеме жасаңыз

(74)

Селекциялық жетістікке патент беруге өтінімнің
алдын ала сараптамасының теріс нәтижесі туралы
ҚОРЫТЫНДЫ

(21) N өтінім
(22) өтінім берген күн

(71) Өтінім беруші(лер)

(72) Автор(лар)

(54) Селекциялық жетістіктің атауы

      Селекциялық жетістікке берілген өтінім материалдарына алдын
ала сараптама жасау нәтижесінде олардың «Селекциялық жетістіктерді
қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының және
6-бабының талаптарына сәйкес келмейтіндігі анықталды N атап айтқанда:

      Сарапшы             _______________________
                                 Аты-жөні

      Қызмет жетекшісі    _______________________
                                 Аты-жөні

Селекциялық жетістікке 
патент беруге өтінім беру
және оны қарау жөніндегі
Ережеге        
3-қосымша       

СЖ-3-2 нысан 

«БЕКІТЕМІН»       
«ҰЗМИ» РМҚК директоры  
____________________________
20 __ ж. "___" __________

(98)

Хат алмасу кезінде N өтінімге
сілтеме жасаңыз

(74)

Селекциялық жетістікке патент беруге өтінімнің
алдын ала сараптамасының оң нәтижесі туралы
ҚОРЫТЫНДЫ

(21) N өтінім
(22) өтінім берген күн

БАСЫМДЫҚ БЕЛГІЛЕНГЕН:

(22) өтінім берілген күні бойынша
өтінімді Халықаралық селекциялық жетістіктерді қорғау жөніндегі
конвенцияға қатысушы елде алғаш рет берген күні бойынша
(31) алғашқы өтінімнің нөмірі (32) Алғашқы өтінім берген күн
(33) Алғашқы өтінім берген елдің коды

(71) Өтінім беруші(лер)

(72) Автор(лар)

(54) Селекциялық жетістіктің атауы

      Селекциялық жетістікке берілген өтінім материалдарына алдын
ала сараптама жасау нәтижесінде олардың «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының және
6-бабының талаптарына сәйкестігі анықталды.
      Өтінім одан әрі қарауға жатады, ал ол туралы мәліметтер ресми
бюллетеньде жарияланады.

      Сарапшы             _______________________
                                 Аты-жөні

      Қызмет жетекшісі    _______________________
                                 Аты-жөні

Селекциялық жетістікке 
патент беруге өтінім беру
және оны қарау жөніндегі
Ережеге        
4-қосымша       

СЖ-2 нысан 

Қазақстан Республикасы Әділет   
Министрлігінің зияткерлік меншік  
құқығы Комитетінің «Ұлттық зияткерлік
меншік институты» РМҚК-на 4 корпус,
В13 кіреберіс, 8 үй, Орынбор к-сі,
Министрліктер үйі, Астана қ., 010000

Селекциялық жетістікке патент беруге өтінім туралы
мәліметтерді мерзімнен бұрын жариялау туралы
ӨТІНІШ

      "Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 6-тармағына сәйкес Сараптама жасау ұйымының ресми бюллетенінде
      N ________________________________________ өтінім бойынша
        (тіркеу нөмірі және өтінім берген күні)
        _________________________________________________________
                    (селекциялық жетістіктің атауы)
селекциялық жетістікке патент беруге өтінім туралы мәліметтерді Заңда белгіленген мерзімнен бұрын Ұлттық зияткерлік меншік институтының ресми бюллетенінде жариялауды өтінемін (өтінеміз).

      Өтінім беруші (өтінім берушілер) ________________________
      (толық аты немесе атауы)                   (қолы)

      М.О.

Селекциялық жетістікке 
патент беруге өтінім беру
және оны қарау жөніндегі
Ережеге        
5-қосымша       

СЖ-3 нысан 

Қазақстан Республикасы Әділет   
Министрлігінің зияткерлік меншік  
құқығы Комитетінің «Ұлттық зияткерлік
меншік институты» РМҚК-на 4 корпус,
В13 кіреберіс, 8 үй, Орынбор к-сі,
Министрліктер үйі, Астана қ., 010000

Селекциялық жетістікке патенттің қолданылу
мерзімін ұзарту туралы
ӨТІНІШ

      «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабының 5-тармағына сәйкес
N ______________________________________________________________
                       (патенттің нөмірі)
________________________________________________________________
                (селекциялық жетістіктің атауы)
селекциялық жетістікке патенттің қолданылу мерзімін
________________________________________________________________
   (патенттің қолданылу мерзімін ұзартуға сұратылып отырған
                    жыл санын көрсету керек)
ұзартуды өтінемін.

      Ескерту: патенттің қолданылу мерзімін ұзарту туралы
                  мәліметтерді жариялау үшін ақы төленгені туралы
                  құжат - 1 дана
               ___________ жылы патентті күшінде сақтау ақысын
                 төлегені туралы құжат - 1 дана

      Құқық иеленуші ________________________
                             (қолы)

      (М.О.)

Қазақстан Республикасы
Әділет Министрінің  
2010 жылғы 23 сәуірдегі
N 136 бұйрығына   
2-қосымша      

      Ескерту. 2-қосымшаның күші жойылды - ҚР Әділет министрінің 2012.02.24 № 89 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

Қазақстан Республикасы
Әділет Министрінің 
2010 жылғы 23 сәуірдегі
№ 136 бұйрығына  
3-қосымша     

      Ескерту. 3-қосымшаның күші жойылды - ҚР Әділет министрінің 2012.02.24 № 89 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

Қазақстан Республикасы
Әдiлет министрінің м.а.
2010 жылғы 23 сәуірдегі
№ 136 бұйрығына   
4-қосымша      

      Ескерту. 4-қосымшаның күші жойылды - ҚР Әділет министрінің 2012.02.24 № 89 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

Қазақстан Республикасы
Әдiлет министрінің м.а.
2010 жылғы 23 сәуірдегі
№ 136 бұйрығына   
5-қосымша      

Тауар шығарылған жерлердің атауы мен тауар шығарылған жерлердің атауын пайдалану құқығына берілетін өтінімді жасау, рәсімдеу және қарастыру жөніндегі нұсқаулық

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы»  Заңына(бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және тауардың шығарылған жерінің атауын пайдалану құқығын ресімдеу мен беру өтінімді жасауын нақтылайды, ресімдеу және қарайды, сондай-ақ тауардың шығарылған жерінің атауын пайдалану құқығына куәлік берудің ретін белгілейді.
      2. Осы Ережеде келесі негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) тауар шығарылған жердің атауы - бұл ерекше қасиеттері тек қана немесе негізінен оны шығаратын жермен, оның ішінде табиғи жағдайлармен және (немесе) адам факторларымен байланысты тауарды белгілеу үшін пайдаланылатын географиялық көрсеткіш;
      2) өтініш беруші - тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығын тіркеуге және беруге өтінім берген, жеке немесе заңды тұлға;
      3) сараптама жасау ұйымы - мемлекеттік монополияға жатқызылған салаларда (тауар таңбаларын, қызмет көрсету таңбаларын және тауар шығарылған жерлердің атауларын, қорғау саласында қызмет көрсету) қызметтің жүзеге асыратын, уәкілетті органға ведомстволық бағынысты ұйым;
      4) уәкілетті мемлекеттік орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - Қазақстан Республикасы Зияткерлік меншік құқығы комитеті;
      5) Тауарлар мен қызметтердің халықаралық сыныптамасы (бұдан әрі ТҚХС) - 1957 жылғы 15 маусымдағы Ницца келісімімен қабылданған, кейіннен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген сыныптама;
      6) Дүниежүзілік Зияткерлік меншік Ұйымы (бұдан әрі - ДЗМҰ) – Зияткерлік меншік саласында елдің ынтымақтастықты және халықаралық саясатты реттейтін және қамтамасыз ететін халықаралық ұйым.

2. Тауар шығарылған жерлердің атауына өтінімді жасау және ресімдеу

      3. Табиғи және (немесе) адам факторларын қоса алғанда, географиялық ортаға байланысты осы географиялық объектіде кәсіпкерлік қызметпен айналысатын және тауарлар өндіретін жеке немесе заңды тұлғаларға тауар шығарылған жерлердің атауын пайдалануға ерекше құқығы бар.
      4. Тауар шығарылған жерлердің атауы мен тауар шығарылған жерлердің атауын пайдалану құқығына берілетін өтінім сараптама жасау ұйымына тікелей немесе почта не факсимильдік байланыс арқылы жіберіледі.
      Егер өтінім факсимильдік байланыс арқылы жіберілсе, ол факспен келіп түскен күннен бастап бір айдан кешіктірілмей қағаз көзіндегі түпнұсқамен расталуға тиіс. Осы талаптар сақталған жағдайында, факс арқылы келіп түскен күні өтінімнің келіп түскен күні болып саналады. Егер өтінім құжаттары көрсетілген мерзім өтіп кеткеннен кейін келіп түссе немесе факс арқылы берілгеннен оның айырмашылығы болса, бұл жерде құжаттар олардың түпнұсқасының келіп түскен күнінен бастап тіркеледі.
      5. Өтінім мемлекеттік немесе орыс тілінде беріледі. Өтінім мен оған қоса берілетін құжаттар егер басқа тілде тапсырылса, онда олар мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі аудармасы болуға тиіс. Аударма өтінімнің келіп түскен күнінен бастап екі айдан кешіктірілмей берілуі тиіс.
      6. Өтінім үш данада беріледі.

3. Өтінімге қойылатын талаптар

      7. Өтінім тауар шығарылған жердің бір атауына қатысты болуы керек және:
      1) өтінім берушіні (өтініш берушілерді), сондай-ақ оның (олардың) орналасқан жерін немесе тұрғылықты жерін көрсете отырып, атауға сараптама жүргізу және (немесе) атауға құқық беру туралы өтінішті;
      2) мәлімделген белгіні;
      3) тауардың түрін;
      4) тауардың айрықша қасиеттерінің сипаттамасын;
      5) тауар өндірілген жердің нұсқамасын (географиялық объектінің шекарасы) қамтуға тиіс.
      Сараптама жасау ұйымы өтінімде қажетті мәліметтердің болмаған жағдайында, өтініш берушіге өтінімді қараудан бас тартуын хабарлайды.
      8. Өтінімге:
      1) Қазақстан Республикасының өтінім берушілеріне:
      құзыретті органдардың өтінім берушінің аталған географиялық объектіде тұрып жатқаны және ерекше қасиеттері сол географиялық объектіге тән табиғи жағдайлармен және (немесе) адам факторларымен байланысты тауар шығаратыны туралы қорытындысы.
      Аталған географиялық объектіде, тауар шығарушы және өндірісінің нақты тұрғылықты мекен-жайы жергілікті атқарушы органның қорытындысымен расталады.
      Егер өтінім жеке тұлғамен берілсе, жеке кәсіпкерліктің және заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеуін растайтын құжаттар қосымша берілуі тиіс.
      2) шетел өтінім берушілеріне:
      мәлімделген тауар шыққан жер атауын тауар шығарылған елде пайдалану жөніндегі шетелдік өтінім берушінің құқығын растайтын құжат. Мәлімделген тауар шыққан жер атауын тауар шығарылған елде пайдалану жөніндегі шетелдік өтінім берушінің құқығын растайтын құжат ретінде, белгіленген тәртіп бойынша куәландырылған көшірмесі немесе түпнұсқадағы, тауардың шыққан жер атауын пайдалануға құқық беретін куәлік (сертификат) ұсынылуы мүмкін.
      3) іс жүргізу өкілі арқылы жүргізілген жағдайда, сенімхат қоса тіркелуге тиіс.
      4) сараптама ұйымының қызмет ақысын растайтын құжат.
      Барлық аталған құжаттар өтінім берілген күннен бастап екі айдан кешіктірілмей ұсынылу тиіс.
      Аталған мерзімде тиісті құжаттар ұсынылмаған жағдайда, өтінім қабылданбай және ол бойынша іс жүргізу жүргізілмейді, бұл туралы өтінім беруші жазбаша түрде хабардар етіледі.
      Өтінім нөмірі жазылмаған құжаттар қараусыз қайтарылады.
      9. Өтінім НМ-1 нысаны бойынша бланкте беріледі (осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасы).
      "Өтінім" сөзінің үстінде орналасқан бағандар Сараптама жасау ұйымымен толтырылады.
      Егер қандай да бір мәліметтерді толығымен тиісті бағандарға орналастыруға мүмкін болмаса, оларды сол нысан бойынша қосымша парақта жазып өткізеді.
      10. Өтінім бағаналары ДЖЗҰ кодына сәйкес толтырылады:
      Өтінімнің 711-кодының бағанында мемлекеттік тіркеу туралы құжатқа сәйкес заңды тұлғаның толық атауы немесе жеке тұлғаның тегі, есімі, әкесінің есімі (егер болса) көрсетіледі.
      Дүниежүзілік Зияткерлік меншік Ұйымының SТ.3 стандарты (ДЗМҰ SТ.3 стандарты) бойынша мемлекет коды көрсетіледі.
      711-кодының бағанынан кейінгі өтінім бағанында өтінім берушінің толық почта мекен-жайы (заңды тұлғаның орналасқан жері немесе жеке тұлғаның тұрғылықты жері), сондай-ақ телефон, телекс, факс нөмірлері көрсетіледі.
      Өтінімнің 750-кодының бағанында хат алмасу үшін, адресаттың мекен-жайы, есімі немесе атауы көрсетіледі. Хат алмасудың мекен-жайы ретінде Қазақстан Республикасындағы өкілдің мекен-жайы да көрсетіледі.
      Өтінімнің 740-кодының бағанында тек өтінім беруші өкілді белгіленгенде, соның ішінде патенттік сенім білдірушіні тағайындаған жағдайда толтырылады, онда ол туралы мәлімет беріледі: тегі, аты, әкесінің аты (егер болса).
      11. Өтінімнің 540-кодының бағанында географиялық объекті атауын немесе сол атаудың тауар көрсеткіші түрімен үйлесуін көрсететін мәлімделген белгі көрсетіледі.
      Тауар шыққан жердің атауы ретінде елдердің, елді мекендердің, жерлердің, соның ішінде олардың тарихи атаулары, сондай-ақ басқа географиялық объектілердің атаулары тіркелу мүмкін.
      Мәлімделген белгі тауар көрсеткіші түрінің (тегінің) қосымша көрсеткіші болуы мүмкін, бірақ ол дербес құқықтық қорғаудың мәні болып табылмайды.
      Мәлімделген белгі тауар шығарылған жердің атауы ретінде тек осы географиялық объектіде қасиеттері тура және ең бастысы географиялық ортаға, соның ішінде бір уақытта табиғи жағдайлар мен (немесе) адамдық факторға байланысты тауарларды белгілеу үшін пайдаланған жағдайда тіркеледі.
      12. Тауарлар шығарылған жерлердің атауы ретінде тіркеуден бас тарту:
      1) географиялық көрсеткіштер болып табылатын немесе оларды қамтитын белгілер тауар шығарылған жерге қатысты жаңылыстыруы мүмкін;
      2) тауар шығарылған нақты жерді үстірт түрде көрсететін, бірақ тауар басқа аумақтан шығарылғаны туралы қате түсінік беретін белгілер;
      3) тауар шығарылған жермен байланысты емес және Қазақстан Республикасында белгілі түрдегі тауарлар белгісі ретінде жалпыға ортақ қолданысқа енген белгілер тіркелмейді.
      13. Тауар шыққан жер атауына қатысты, тауар түрін атаған кезде ТҚХС-қа сәйкес терминология қолданылады. Бұл жерде өтінім беруші, сол географиялық объектіге тән табиғи жағдайлармен және (немесе) адам факторларымен (ерекше немесе негізінен) байланысты пайда болған ерекше қасиеттері бар нақты шығарылатын тауарларды атауға тиіс.
      14. Сипаттамада, басқа жерлердегі ұқсас тауарлардан осы тауарды айқындайтын, географиялық объекті атауына қатысты тауарлардың сипаттамасы көрсетіледі. Тауардың сипаттамасы, аталған жерге, табиғи жағдайлармен және адамдық факторларға қатысты ерекше қасиеттерінің объективті тәуелділігін көрсетеді.
      Тауар сипаты жалпы қолданыстағы арнайы (тауар жүргізуші, техникалық) терминологияға сәйкес дұрыс және нақты болу тиіс.
      Сипаттама, тауарды дәстүрлі әдіспен әзірлейтін, тиісті климаттық, геологиялық және (немесе) басқа да табиғи жағдайлар, адамдарға (ұжымдар) тиісті, бастапқы шикізаттың аталған географиялық объектіде бар болуына, соның ішінде ақпараттық сипатта болу тиіс.
      15. "тауар шығарылған жері" өтінім бағанында тауардың шығарылған жердің атауы ретінде танылатын атауы, географиялық объектінің шекарасы туралы мәліметтер, сондай ақ тауардың нақты шығарылған жері туралы мәліметтер көрсетіледі. Жердің шекаралары нақты және бір мағыналы белгіленуі тиіс.
      16. Өтінімнің "Қосымша берілетін құжаттар" бағанын толтырған кезде X белгісі қойылады, және тиісті клеткаларда қосымша берілетін құжаттардың әр данасында қанша бет және даналар саны жазылады. Өтінімде қаралмаған, қосымша берілетін құжаттарға "басқа құжат" бағанасы нақты көрсетілген.
      17. Өтінімнің "Қол қою" бағанына қол қойылған кезде барлық жағдайларында күні жазылу тиіс.
      Заңды тұлға атынан өтінімге қолды, ұйым басшысы немесе лауазымын көрсете отырып, құрылтайшы құжаттарға уәкілетті тұлға қояды. Қолға мөр қойылады.
      Егер өтінім жеке кәсіпкермен берілсе, қолды өтінім беруші қояды.
      Патенттік сенімді өкіл арқылы берілген өтінімге, қолды патенттік сенімді қояды.
      Қол, қол қоюшының тегі, аты-жөнімен айырылып оқылады.
      Өтінімде қосымша парақтар болған жағдайында, оларға да сол тәртіпте қол қойылады.

4. Өтінім бойынша іс жүргізу

      18. Өтінімге өзгерістерді, толықтыруларды, түзетулерді оның мәнін өзгертпей және сұратылған қорғаудың көлемін кеңейтпей енгізу өтінімді беру күнінен бастап екі айдан кешіктірілмей берілген өтінім берушінің жазбаша өтінішхаты бойынша жүргізіледі.
      Негіз бойынша өтініштер жөнінде өтінімді ауыстыратындарға өзгерістер, толықтырулар және түзетулер енгізілмейді.
      19. Өтінім берушінің өтініші бойынша өтінімге түзетулер енгізіледі.
      20. Сараптама жасау ұйымына жауап қайтарудың белгіленген мерзімнен кешіктірілмей, сұрау салуға жауабын ұзарту өтініш берушінің өтініші негізінде жүзеге асырылады. Сұрау салуға жауабын ұсынылуын ұзартудың максималды мерзімі алты ай болып табылады.
      21. Тауардың шыққан жер атауын пайдалану құқығына куәлікті беруге, қарсылық білдіруге, өтініш берушімен өткізілген сұрау салуға жауапты ұсыну мерзімі, себептерін көрсете отырып, өткізілген мерзімнен екі айдан кешіктірілмей, өтініш берушінің өтініші негізінде қалпына келтірілуі мүмкін.
      22. Заңның 13-бабының 1-тармағына сәйкес, өтініш берушінің сұрауы бойынша сараптаманың әр этапында өтінімді шақыртып алуға мүмкіндігі бар. Кері қайтарылған өтінімдер бойынша маңызды заңды әрекеттер жүргізілмейді.

5. Сараптаманы жүргізу тәртібі

      23. Сараптама өтінім берген күннен бастап алты ай ішінде жүргізіледі. Сараптама барысында, осы нұсқаулықпен белгіленген талаптарға, өтінім мазмұнына және қажетті құжаттардың бар болуына тексеріледі, мәлімденген белгіні Заңның 26 және 27-баптарына сәйкестігіне талдау жасалады.
      24. Сараптама қорытындысы бойынша уәкілетті орган, тауар шығарылған жер атауын тіркеу және (немесе) оны пайдалану құқығын беру туралы шешімін немесе тауар шығарылған жер атауын тіркеуден және (немесе) оны пайдалану құқығын беруден бас тарту туралы тиісті шешім қабылдайды.
      25. Сараптаманы жүргізу барысында төмендегілер тексеріледі:
      мәлімделген белгінің Заңның 2627 және 29-баптарымен қаралған, талаптарға сәйкестігі;
      егер мәлімделген белгі тауар шығарылған жердің атауы ретінде тіркелген жағдайында, тауар шығарылған жерлердің атауы ҚР мемлекеттік тізілімідегі (бұдан әрі – мемлекеттік тізілім) мәліметтерге, сәйкес тауардың ерекше қасиеттерінің сипаттамасы;
      географиялық объектіге ие атау, тауар шығарылған жердің атауы ретінде өтінім беріледі мәлімделген белгі географиялық объектінің ресми қазіргі атауына немесе оның ресми тарихи атауына;
      өтінімде белгіленген шекараларда, нақты сол жерде, тауардың шыққан атауы ретінде аталатын атауы, географиялық объектінің орналасуын растайтын мәліметтерді;
      Егер географиялық объектінің атауы өзінің тауардың нақты шыққан жерін және оның ерекше қасиеттерінің бастапқы қабілеттілігін жоғалтқан жағдайда, белгілі түрдің тауар шығарылған жерімен байланысты емес, географиялық атауы ретінде қарастырылады.
      26. Мәліметтердің барын белгілейтін құзыретті органдар қорытындыларының мазмұнын тексеруін растайды:
      тауар шығарылған жердің атауы ретінде аталатын мекенде өтініш берушінің табылуын;
      тауар шығарылған жердің атауы ретінде аталатын, өтінімде аталатын мекен аймағында, өтініш берушімен тауар өндірісін;
      өтінімде аталған, оның ішінде табиғи жағдайлармен және (немесе) адам факторларымен географиялық объектіге тән өтінімде аталған, ерекше қасиеттері тек қана немесе негізінен анықталатын, өтініш берушіде ерекше қасиеттері бар тауардың бар екендігін.
      27. Егер тізілімде тауар шығарылған жердің атауы тіркеуден өтсе, сараптама жасау ұйымы, Тізілімде аталған, тауар және оның қасиеттерінің шығарылған жердің атауына қатысты салыстырмалы талдау жасайды.
      Тізілімге енгізілген атауына, объектідегі тауар қасиеттеріне, географиялық атауына қатысты, тауардың сапалы және/немесе басқа да сипаттарының сәйкес келмеген жағдайда, мәлімделген белгіге тауар шығарылған жердің атауы пайдалану құқығын беруге және/немесе тіркеуден бас тартылады.
      28.Осы Нұсқаулықпен белгіленген талаптарының және өтінімге қосымша берілетін құжаттарын сараптама кезінде бұзушылықтар анықталған жағдайда, өтінім берушіге сұрау салу күннен бастап үш ай ішінде, жетіспеген және түзетілген құжаттар мен мәліметтерді ұсыну ұсынысымен және анықталған бұзушылықтары көрсетілген, өтінім жіберіледі.
      29. Сұрау салуға келесі негіздемелер жатады:
      тиісті төлем туралы толық емес және мүлдем төленбеген мәліметтері:
      дұрыс төленбеген жағдайда;
      өкілге берілген, сенімхаттың мүлдем болмауы немесе қате рәсімделуі;
      мәлімденген белгіні анықтау;
      тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығын беру және/немесе тіркеуге сұралатын, тауар түрін анықтау;
      тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығын беру және/немесе тіркеуге сұралатын, тауар өндірісінің жерін анықтау;
      өтінімде аталған, тауардың ерекше қасиеттерінің сипаттамасын анықтау;
      осы Нұсқаулықтың 8-тармағында аталған және құзыретті органдардың қорытындысының мазмұнындағы мәліметтерді, сондай-ақ өтінімде анықталған объектіге қатысты, табиғи жағдайлар мен адамдық факторлардан тауардың ерекше қасиеттері тек қана немесе негізінен бар екендігін растайтын мәліметтерді анықтауға негіз болып табылады.

6. Тауар шыққан жердің атауын пайдалану құқығын беру және (немесе) тіркеу туралы шешімі

      30. Сараптама қорытындылары негізінде құзыретті орган тауар шығарылған жердің атауын тіркеу туралы немесе онымен пайдалану құқығын беруге шешім қабылдайды.
      31. Мәлімденген белгі, өтінімнің басқа да материалдарының және оған қосымша берілетін осы Нұсқаулықтың талаптарына сәйкес келген жағдайда, уәкілетті орган тауар шығарылған жердің атауына пайдалану құқығын беру және/немесе тіркеу туралы шешімін қабылдайды.
      32. Тауар шығарылған жер атауы мемлекеттік тізілімде тіркеуден өткен жағдайда, сондай-ақ өтінім материалдарының осы Нұсқаулық талаптарының 8-тармағына, соның ішінде осы Нұсқаулықтың белгіленген талаптарына сәйкес келген жағдайда, осыған дейін тіркеуден өткен тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығын беру туралы шешімін қабылдайды.
      33. Тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығын беру және (немесе) тіркеу туралы шешімінде төмендегідей мәліметтер келтіріледі:
      пайдалану құқығын беру қатысындағы белгіге, тауар шығарылған жердің атауы ретінде тіркелетін;
      тауар шығарылған жер атауына пайдалану құқығы берілетін, тұлға туралы мәліметтер;
      өтінімнің түскен күні;
      тауар түрі;
      тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығы берілетін және/немесе тіркелетін, тауардың ерекше қасиеттерін сипаттау.

7. Тауар шыққан жердің атауын пайдалану құқығын беру және/немесе тіркеуден бас тарту туралы шешімі

      34. Егер сараптама кезінде мәлімденген белгі, Заңның 27 және  29-баптарымен белгіленген талаптарына сәйкес жауап бермесе, сондай ақ өтінім және оған қосымша берілген құжаттар осы Нұсқаулықтың талаптарына қайшы толтырылған жағдайда, құзыретті орган тауар шыққан жердің атауын пайдалану құқығын тіркеуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
      35. Тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығын тіркеу және беруден бас тарту туралы шешімінде тіркеуден бас тарту себептері көрсетіледі.
      36. Өтінім беруші тіркеуден бас тарту шешімі жіберілген күннен бастап үш ай ішінде Заңның 31-бабы 2-тармағы негізінде сараптама жасау ұйымына сараптаманың шешімін қайта қарау туралы өтінішімен дәлелді қарсылық ұсыну құқылы.
      37. Сараптаманың қайталама шығарылған шешімімен келіспеген жағдайда, өтінім беруші Заңның 12-бабының 5-тармағымен қаралған тәртіпте қарсылық білдіру құқығы бар.

8. Тауар шығарылған жер атауы және тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығын беру туралы мәліметтерді тіркеу

      38. Сараптама жасау ұйымы куәлік алуға дайындығы және мемлекеттік баждың тиісті төлемі расталғаны және тіркеу туралы шешімінің негізінде, Қазақстан Республикасы шығарылған жер атаулары Мемлекеттік тізілімде (бұдан әрі - мемлекеттік тізілім) нөмірленіп (бұдан әрі - тіркеу нөмірі) және мәліметтерді енгізу күнін көрсетіп (бұдан әрі - тіркеу күні), шыққан жер атауын пайдалану құқығын беру туралы мәліметтері және шығарылған жер атауын тіркейді.
      39. Мемлекеттік тізілімге тауар шығарылған жер атауы, тауар шығарылған жер атауының нөмірі мен тіркеу күні, тауардың ерекше қасиеттерінің сипаттамасы, тауар шығарылған жер атауы пайдалану құқығының барлық иелері және олардың мекен-жайы туралы, сондай-ақ аталған мәліметтердің өзгерістерімен өтінімдердің күні мен нөмірі енгізіледі.
      40. Заңның 33-бабына сәйкес уәкілетті орган куәлікті беруін жүргізеді. Куәлік орыс және мемлекеттік тілде толтырылады. Куәлік иесінің заңды және берілген сенімхатқа сәйкес өкілдің (патенттік сенімді өкілдер) мекен - жайына, немесе өтініш берушімен (жазбаша түрде) өтініші бойынша көрсетілген басқа да мекен - жайға тапсырысты пошталық жіберіліммен жіберіледі.
      41. Тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығының иесі Заңның 33-бабының 2-тармағына сәйкес тіркеу туралы барлық мәліметтердің өзгерілуі туралы ескертуге міндетті. Сараптама жасау ұйымы өзгерістер туралы жазбаны мемлекеттік тізілім мен куәлікке енгізеді.
      42. Тіркеуге қатысты мемлекеттік тізілімге енгізілген басқа да өзгерістер туралы, құзыретті орган куәліктің ажырағысыз бөлігі болып табылатын, Қосымшаны береді. Қосымша мемлекеттік және орыс тілдерінде де толтырылады.
      43. Тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығын беру және/немесе тіркеуге қатысты, мәліметтер ресми бюллетеньде жарияланады.

9. Ереже қорытындысы

      44. Заңның 45-бабына сәйкес, осы Заңмен ескерiлген іс-әрекеттірдің сарапшылық ұйымымен жүзеге асыруға, тауар таңбаларын тіркеуіне өтінім беруін, тауар шығарылған жер атауын тіркеуі мен пайдалану құқығына өтінім беруін, сараптама жүргізу және өзге де іс-әрекеттер қосқанда, тудыратын құқықтар және олардың қатысушыларға арналған мiндеттер «Мемлекеттік кәсіпорын туралы» ҚР заңының 40-бабына сәйкес сараптама ұйымы ақылы төлем төленеді.

Тауар шығарылған жерлердің атауы 
мен тауар шығарылған жерлердің  
атауын пайдалану құқығына    
берілетін өтінімді жасау, рәсімдеу
және қарастыру нұсқаулығына   
Қосымша              

ТШЖА-1 нысаны 

Түскен күні

(210) Өтінім

N (220) Берілген күні

Тауар шығарылған жерлердің атауын пайдалану құқығын тіркеу және/немесе беру
ӨТІНІШІ

"Ұлттық зияткерлік меншік институты" РМҚК Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі Зияткерлік меншік құқықтары жөніндегі комитеті
 
 
Қазақстан Республикасы, 010000 Астана қ., Сол жақ жағалау, N 35 көше, Министрліктер үйі, 8 үй, № 13 В кіреберіс, № 4 корпус

Төмендегі құжаттарды ұсынып, өтінімге көрсетілген белгіні тауардың шығарылған жердің атауы ретінде тіркеуін және онымен пайдалану құқығын беруін сұраймыз.

(731) Өтініш беруші:

ДЗМҰ ST.3 стандарты бойынша елдің коды

(ұйымдастыру-құқықтық нысанын көрсете отырып, заңды тұлғаның толық атауы, оның мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер немесе жеке тұлғаның аты-жөні)

Өтініш берушінің толық мекен-жайы
 
 
Телефоны            Факсі                   E-mail

(750) Хат алмасу мекен-жайы (толық пошталық мекен-жайы, аты-жөні немесе адресаттың атауы)
 
 
Телефоны            Факсі                   E-mail

(740) Сенімді патент өкілі (аты-жөні, тіркеу нөмірі немесе өтініш берушінің басқа өкілі)

(540) Мәлімденген белгі (бас әріптермен толтыру)

Тауар түрі немесе нақты тауар

Тауардың ерекше белгілерін суреттеу

Тауардың шығарылған (өндірілген) жердің орны (географиялық нысанның шекараларын белгілеу)

Қосымша берілетін құжаттар тізбесі

парақтар саны
1 дана

Даналар саны

өтінімді беруге төлем туралы құжат



құзыретті органдардың қорытындысы



өтінімге қосымша берілетін құжаттарды орыс тіліне аударымы



өкіл уәкілеттігін куәландыратын сенімхат



басқа да құжаттар (көрсету)



Барлық парақ саны



Қолы
 
 
Лауазымы (Аты-жөні)
 
 
Мөр
 
 
Күні
 
 
Өтініш берушінің (егер заңды тұлға болса, мөрмен бекітіледі) немесе сенімді патент өкілінің колы және күні

Қазақстан Республикасы
Әдiлет министрінің м.а.
2010 жылғы 23 сәуірдегі
№ 136 бұйрығына   
6-қосымша      

Қазақстан Республикасында Тауар таңбасын (қызмет көрсету таңбасын) жалпыға мәлiм деп тану жөнiндегi ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауарлар шығарылған жерлердiң атаулары туралы» 1999 жылғы 26 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрi - Заң) 3-бабының 2-тармағы 2-1) тармақшасына сәйкес әзiрлендi және Өнеркәсiптiк меншiктi қорғау жөнiндегi 1883 жылғы 20 наурыздағы Париж конвенциясының (бұдан әрi - Париж конвенциясы) 6 bis және 10 bis баптарына орай Қазақстан Республикасында тауар таңбасын, қызмет көрсету таңбасын (бұдан әрi - тауар таңбасы) жалпыға мәлiм деп танудың тәртiбiн белгiлейдi.
      2. Осы Ереженің мақсаттары үшiн Қазақстан Республикасының аумағында тiркелген немесе таңбаларды халықаралық тiркеу туралы Мадрид келiсiмiне орай қорғалатын тауар таңбасы, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тауар таңбасы ретiнде құқықтық қорғаусыз пайдаланылатын, бiрақ белсендi пайдаланылуы нәтижесiнде Қазақстан Республикасында халықтың тиiстi топтары арасында кең мәлiм болған белгi жалпыға мәлiм тауар таңбасы деп танылуы мүмкiн.
      3. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Зияткерлiк меншiк құқығы жөнiндегi комитетi (бұдан әрi – уәкілетті орган) тауар таңбасын жалпыға мәлiм деп тану жөнiндегi уәкілеттi орган болып табылады.

2. Тауар таңбасын жалпыға мәлiм деп тану туралы өтiнiм

      4. Жеке тұлға немесе заңды тұлғаның өтініші бойынша Қазақстан Республикасында жалпыға мәлім тауар таңбасы деп Қазақстан Республикасы аумағында тіркелген немесе халықаралық келісімдерге сәйкес қорғалатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасында құқықтық қорғаусыз тауар таңбасы ретінде пайдаланылатын, бірақ осы тұлғаның белсенді пайдалану нәтижесінде Қазақстан Республикасында кең танымалдыққа ие болған белгілер танылады.
      5. Өтiнiм бiр тауар таңбасына қатысты болуы тиіс және онда:
      тауарды жалпыға мәлiм деп тану туралы өтiнiштің;
      тауар таңбасы иесiнiң аты немесе атауы;
      оның тұрғылықты жерiнiң немесе орналасқан жерiнiң мекен-жайы;
      хат жазысу үшiн мекен-жайы;
      тауар таңбасын құқықтық қорғау жөнінде, оның iшiнде Қазақстан Республикасында құқықтық қорғау туралы деректер;
      өтiнiш берушiнiң пiкiрi бойынша таңба жалпыға мәлiм болған күннiң көрсетілуі;
      тауар таңбасының бейнесі;
      өтiнiш берушiнiң пiкiрi бойынша таңба жалпыға мәлiм болып танылған тауарлар мен қызметтердің тiзбесi болуы қажет.
      6. Өтiнiмге:
      1) тауар таңбасының жалпыға мәлiмдiлiгiн растайтын мәлiмет;
      2) тауар таңбасының 8х8 сантиметр көлемiндегi бес дана бейнесi;
      3) өтiнiм өкiл арқылы берiлген жағдайда, сенiмхат;
      4) мемлекеттік баж ақысын растайтын құжат қоса тiркеледi.
      Мемлекеттік баж салығын төлегендігін растайтын құжат уәкілетті органға жалпыға мәлім деп танылған тауар таңбасына (қызмет көрсету таңбасына) сертификат берілгенге дейін ұсынылады.
      Осы Ереженің 5 және 6-тармақтарында көрсетілген құжаттарды тапсыру жөнінде мерзімді создыру туралы өтініш бермеген жағдайда, іс жүргізу тоқтатылады және өтініш кері қайтарып алынған болып есептеледі.
      7. Тауар таңбасының жалпыға мәлiмдiлiгiн растайтын мәлiметте тұтынушыларға сауал қоюдың нәтижелерi болуы тиiс. Тұтынушыларға сауал қоюды Қазақстан Республикасының аумағында мамандандырылған тәуелсiз ұйым жүргiзедi. Сауал қою Астана және Алматы қалаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасының кемiнде алты iрi елдi мекендерiн қамтуы тиiс. Сауал қойылғандардың жалпы саны үш мың адамнан кем болмауға тиiс. Бұл ретте бiр елдi мекендегi сауал қойылғандардың саны бес жүз адамнан кем болмауға тиiс. Сауал қойылғандардың ең көп саны шектелмейдi. Сауал қою тұтынушылардың тиiстi топтарының арасында жүргiзiледi. Халық тұтынатын тауарлар үшiн сауал қою «орташа» тұтынушылардың арасында (жынысы, жасы, бiлiм белгiлерi, әлеуметтiк және материалдық жағдайы бойынша), сондай-ақ өнеркәсiп пен сауданың тиiстi салаларының мамандары арасында жүргiзiледi. Өндiрiстiк-техникалық мақсаттағы тауарлар үшiн сауал қою өнiмнiң осы түрiнiң тұтынушылары болып табылатын өндiрiстiң, сауданың немесе өзге де iскер топтар мамандарының арасында жүргiзiледi. Тұтынушыға сауал қоюды жүргiзген кезде одан тауар таңбасының өзiне мәлiм екендiгi, осы тауар таңбасы туралы тұтынушының қай жерде және қашан бiлгенi, осы таңбаның қандай тауарлар үшін пайдаланылатыны және өзiнiң осы тауарлардың тұтынушысы болып табылатыны не табылмайтыны туралы деректер алынуға тиiс.
      Сауал қоюдың нәтижелерiнен бөлек, тауар таңбасының жалпыға мәлiмдiгiн растайтын мәлiметтердің ішінде:
      тауар таңбасын Қазақстан Республикасының аумағында интенсивті түрде пайдалану туралы (нақты аумақты қамту, пайдалану мерзiмдерi);
      тауар таңбасын пайдалану тәсiлдерi туралы;
      тауарларды осы тауар таңбасымен сатудың көлемi және өткiзу арналары туралы;
      осы тауар таңбалары бар тауарларды тұтынушылардың жылдық орташа саны туралы;
      тауар таңбасының құны туралы;
      жылдық қаржылық есептерге сәйкес тауар таңбасы жарнамасының интенсивтілігі (бұқаралық ақпарат құралдарында, көрмелерде, жәрмеңкелерде) және жарнамаға жұмсалған шығындар туралы;
      таңбаның бастапқы немесе кейiннен пайда болған айырым қабiлеттiлiгiнiң дәрежесi туралы (бастапқыда айырым қабiлеттiлiгi әлсiз болған таңбалар ұзақ және интенсивтi пайдаланылу нәтижесiнде айырымға қабiлеттiлiктiң жоғары дәрежесiне ие бола алады);
      осындай немесе осыған ұқсас таңбаны үшiншi тұлғаның пайдалануы жөнінде, осындай пайдаланудың сипаты мен дәрежесi туралы;
      лицензиаттардың, өндiрушiлердiң, дистрибьюторлардың, импортқа шығарушылардың, сатушылардың саны туралы;
      тауар таңбасының жергiлiктi, аймақтық, көршi мемлекеттерде, әлемге мәлiм болу дәрежесi туралы;
      тауар таңбасының шетелдерде тiркелуiнiң болуы туралы;
      өзге де мәлiметтер болуы мүмкiн.
      8. Тауар таңбасының бейнесi көшiрiп-көбейту үшiн жарамды болуға тиiс. Тауар таңбасының бейнесi ретiнде этикетка ұсынылуы мүмкiн. Егер бейне көлемдi (үш өлшемдi) болса, таңбаның жалпы түрінiң бейнесi, сондай-ақ ол туралы толық түсiнiк беретiн басқа да қажеттi түрлерінің бейнесi ұсынылады. Бейне тауар таңбасына жалпыға мәлiмдiгi сұралатылып отырған бояулы түсте немесе бояулы түс үйлесiмiнде ұсынылады.

3. Өтiнiмдi сараптау және ол туралы мәлiмет жариялау

      9. Уәкілетті орган өтiнiм берiлген күннен бастап екi ай iшiнде осы Ереженің 5 және 6-тармақтарында белгiленген қажеттi құжаттардың бар-жоғын тексередi, өтiнiш берушiге өтiнiмнiң қарауға қабылданғаны туралы хабарлайды және ол туралы мәлiметтердi таныстыру мен үшiншi тұлғалар тарапынан болуы ықтимал қарсылықтар үшiн жариялайды.
      Жарияланған күннен бастап үш ай өткенде уәкілетті орган алты ай ішінде өтiнiмдi қоса берiлiп отырған таңбаның жалпыға мәлiмдiлiгiн растайтын барлық материалдарды талдай отырып қарайды. Уәкілетті орган көрсетілген мерзімі өтілген сон алты ай мерзім ішінде өтінімді қарастырады. Қажет болған жағдайда өтiнiш берушiден таңбаның Қазақстан Республикасында жалпыға мәлiмдiлiгiн растайтын қосымша мәлiмет сұратылуы мүмкiн.
      Өтiнiмдi қарау аяқталғанға дейiн өтiнiш берушi өтiнiм материалдарын түзете, толықтыра және нақтылай алады.
      Үшiншi тұлғаның тарапынан қарсылық болған жағдайда өтiнiш берушiге тиiстi хабарлама жiберiледi, өтiнiш берушi оған өзінің пiкiрiн өтiнiмдi қарау нәтижесi бойынша қорытынды шығарылғанға дейiн ұсына алады.
      10. Өтiнiмдi қарау нәтижесi бойынша уәкілетті орган тауар таңбасының иесiне жiберiлетiн, тауар таңбасын жалпыға мәлiм деп тану туралы не ондай деп танудан бас тарту туралы шешiм қабылдайды.
      Тауар таңбасын жалпыға мәлiм деп тану туралы шешiмде:
      жалпыға мәлiм деп танылған тауар таңбасының тiркеу нөмiрi;
      таңбаның жалпыға мәлiм деп танылған күні;
      жалпыға мәлiм деп танылған тауар таңбасының бейнесi;
      оның иесiнiң аты немесе атауы, оның тұрған жерi немесе тұрғылықты жерi;
      жалпыға мәлiм деп танылған тауар таңбасының тауарлар мен қызметтерінің тiзбесi қамтылуы тиiс.
      Тауар таңбасын жалпыға мәлiм деп танудан бас тарту туралы шешiм, егер:
      өтiнiш берушi ұсынған мәлiмет тауар таңбасының жалпыға мәлiмдiлiгiн растамаса немесе тауар таңбасының жалпыға мәлiмдiлiгiн тану үшiн жеткiлiксiз болса;
      өзiнiң тауар таңбасын жалпыға мәлiм деп тануға өтiнiш берген күннен неғұрлым ертерек басымдығы бар, қорғалатын немесе бiр тектес тауарларға қатысты өзге тұлғаның атына тиесілі өтiнiш берушiнiң тауар таңбасымен аралас дәрежеге дейiн бiрдей немесе ұқсас тауар таңбалары болса шығарылады.

4. Қазақстан Республикасында жалпыға мәлiм тауар таңбаларын Мемлекеттiк тiзiлiмге енгiзу және олар туралы мәлiметтерді жариялау

      11. Жалпыға мәлiм деп танылған тауар таңбасы Қазақстан Республикасында жалпыға мәлiм тауар таңбаларының Мемлекеттiк тiзiлiмiне (бұдан әрi – Мемлекеттік тiзiлiм) енгiзiледi.
      Уәкілетті орган мемлекеттік жалпыға мәлiм тауар таңбасының иесiне он жыл iшiнде қолданыста болатын, ЖМТТ-1 үлгiсінде сертификат бередi. Сертификаттың қолданылу мерзiмi оның иесiнiң өтiнiшi бойынша және өтiнiш берген сәттегi тауар таңбасының жалпыға мәлiмдiгiн растайтын мәлiмет ұсынған жағдайда әрбiр он жыл сайын ұзартылып отырады.
      12. Тауар таңбасын Қазақстан Республикасында жалпыға мәлiм деп тану туралы, сертификаттың қолданылу мерзiмiн ұзарту туралы мәлiмет бюллетеньде жарияланады.
      13. Жалпыға мәлiм тауар таңбаларына құқықтық қорғау:
      1) тiркеудiң қолданылу мерзiмiнің аяқталуына байланысты;
      2) үшiншi тұлғалардың өтiнiшi бойынша тауар таңбасының жалпыға мәлiмдiк мәртебесiн жоғалтуына байланысты;
      3) тауар таңбасын жалпыға мәлiм деп тану туралы шешiмi жойылған жағдайында тоқтатылады;
      4) соттың күшіне енген шешіміне байланысты.
      Жалпыға мәлiм тауар таңбасын құқықтық қорғау тоқтатылғаны туралы мәлiмет Мемлекеттік тiзiлiмге енгiзiледi және ресми бюллетеньде жарияланады.

Қазақстан Республикасында 
Тауар таңбасын (қызмет  
көрсету таңбасын) жалпыға 
мәлiм деп тану жөнiндегi 
ережеге қосымша      

ЖМТТ-1  

(191)          ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ӘДІЛЕТ МИНИСТРЛІГІНІҢ
                     ЗИЯТКЕРЛІК МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫ КОМИТЕТІ

(121)          ТАУАР ТАҢБАСЫН ЖАЛПЫҒА МӘЛІМ ДЕП ТАНУ ТУРАЛЫ
                                СЕРТИФИКАТ

(111)                         № ______

(730)        Тауар таңбасы иесінің атауы мен орналасқан жері:

(511)                   ТҚХС сыныптары

(151)                   Жалпыға мәлiм тауар таңбаларының Мемлекеттiк
                        тiзiлiмiнде тіркелген

(152)                   Тауар таңбасының жалпыға мәлім деп танылған
                        күні

(181)                   Сертификаттың қолданылу мерзімінің аяқталу
                        күні
      Сертификаттың әрекеті Қазақстан Республикасының барлық аумағына таралады.

      Қазақстан Республикасы
      Әділет министрлігі
      Зияткерлік меншік құқығы
      комитетінің төрағасы                                Аты-жөні

_________________________________________________________________
     Енгізілген өзгерістер туралы мәліметтер осы сертификатқа
            қосымша ретінде жеке парақта көрсетіледі

(510)           Тауарлар және/немесе қызметтердің тізімі:

(591)           Тауар таңбасының түстерін көрсету:

Қазақстан Республикасы
Әдiлет министрінің м.а.
2010 жылғы 23 сәуірдегі
№ 136 бұйрығына   
7-қосымша      

      Ескерту. 7-қосымша алынып тасталды - ҚР Әділет министрінің 2012.02.24 № 84 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

Қазақстан Республикасы
Әдiлет министрінің м.а.
2010 жылғы 23 сәуірдегі
№ 136 бұйрығына   
8-қосымша      

      Ескерту. 8-қосымша алынып тасталды - ҚР Әділет министрінің 2012.02.24 № 84 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

Қазақстан Республикасы
Әдiлет министрінің м.а.
2010 жылғы 23 сәуірдегі
№ 136 бұйрығына   
9-қосымша      

Интегралдық микросхема топологиясын тiркеуге өтiнiм жасау, рәсімдеу, тіркеу және куәлік беру ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 29 шiлдедегi «Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы» Заңына (бұдан әрi – Заң) сәйкес әзiрлендi және интегралдық микросхема топологиясын тiркеуге өтiнiм жасау, рәсімдеу, тіркеу және куәлік беру тәртiбiн айқындайды.
      2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар мен терминдер пайдаланылады:
      1) бюллетень – интегралдық микросхемалар топологияларын қорғау мәселелерi жөнiндегi ресми басылым;
      2) өтiнiм – интегралдық микросхемалар топологияларын тiркеуге өтiнiм;
      3) интегралдық микросхема – элементтерi мен байланыстары оның негiзiнде бұйым жасалған материалдың көлемiнде және немесе бетiнде ажыратылмастан құрылған электрондық схеманың қызметiн атқаруға арналған аяқталған немесе аралық нысандағы микроэлектрондық бұйым;
      4) патенттiк сенiмдi өкiлдер – заңнамаға сәйкес уәкiлеттi органның алдында жеке және заңды тұлғаларды бiлдiру құқығы берiлген Қазақстан Республикасының азаматтары;
      5) интегралдық микросхема топологиясы (бұдан әрi – топология) – интегралдық микросхема элементтерiнiң жиынтығы мен олардың арасындағы байланыстардың материалдық жеткiзгiште бекiтiлген кеңiстiк - геометриялық орналасуы;
      6) уәкiлеттi орган – Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Зияткерлік меншiк құқығы комитетi.

2. Өтiнiмдi жасау және беру

      3. Заңның 11-бабы 1-тармағына сәйкес өтiнiмді топологияның авторының немесе өзге құқық иеленушi (бұдан әрi - өтiнiш берушi) береді.
      Топология авторы мынадай жағдайларда:
      егер топология қызметтiк мiндеттердi немесе жұмыс берушiнiң нақты тапсырмасын орындау ретiнде жасалған болып табылмаса;
      егер топология қызметтiк мiндеттердi немесе жұмыс берушiнiң нақты тапсырмасын орындау ретiнде жасалған, бiрақ автор мен жұмыс берушi арасындағы шартпен автор тiркеуге өтiнiм беруге және топологияны тiркеу туралы куәлiк алуға құқығы көзделген болса.
      Өтiнiм беру құқығын қандай да бiр құжатпен растау талап етiлмейдi.
      4. Өтiнiм, топологияны алғашқы пайдаланған күннен бастап, егер ондай орын алған болса, екi жылдан аспайтын мерзiмде берiлуi мүмкiн.
      Өтiнiм тiкелей уәкiлеттi органға берiледi немесе поштамен жiберiледi.
      5. Өтiнiм тiкелей не өкiл арқылы, сонымен бiрге уәкiлеттi органда тiркелген патенттiк сенiмдi өкiл арқылы берiлуi мүмкiн.
      Өкiлдiң өкiлеттiлiгi сенiмхатпен расталады.
      6. Заңның 11-бабы 3-тармағына сәйкес өтiнiм бiр топологияға қатысты болуға және онда:
      1) атына тiркеу сұралатын авторы(лары) және тұлға(лар), сондай-ақ олардың тұрғылықты жерi немесе орналасқан жерi, топологияның бiрiншi пайдаланылған күнi, егер ондай орын алған болса, көрсетiле отырып топологияны тiркеуге өтiнiм;
      2) рефератты қоса алғанда, топологияны сәйкестендiретiн материалдар;
      3) егер тiркеуге өтiнiм өкiл арқылы берiлетiн болса - сенiмхат болуы тиiс.
      7. Уәкiлеттi органға келiп түскен күнге дейiн коммерциялық мақсаттарда пайдаланылған топологияны тiркеуге берiлген өтiнiмде, осы топологияның коммерциялық мақсаттарда бiрiншi пайдаланған күнiн растайтын құжат қосымша қамтылуы тиiс.
      8. Топологияны тiркеу туралы өтiнiш мемлекеттiк немесе орыс тiлiнде ұсынылады. Өтiнiмнiң басқа құжаттары мемлекеттiк, орыс немесе басқа тiлде ұсынылады. Егер өтiнiмнiң басқа құжаттары басқа тiлде ұсынылса, өтiнiмге олардың мемлекеттiк немесе орыс тiлiндегi аудармасы қоса тiркеледi. Аударма өтiнiммен бiр мезгiлде немесе басқа тiлдегi құжаттарды қамтитын өтiнiмнiң уәкiлеттi органға келiп түскен күнiнен бастап екi айдан кешiктiрiлмей ұсынылуы тиiс.
      9. Топологияны тiркеуге өтiнiш үш данада, рефератты және олардың мемлекеттiк немесе орыс тiлiне аудармасын қоса алғанда, топологияны сәйкестендiретiн материалдар екi данада ұсынылады.
      Өтiнiмнiң басқа құжаттары бiр данада ұсынылады.
      10. Барлық құжаттар оларды тiкелей көшiрмелеуге жарамды болатындай етiп ресiмделедi.
      Әрбiр парақтың жолдары сол парақтың ашық қалдырылған жиегiне қатарластыра орналастырылып, бiр жағы ғана пайдаланылады.
      11. Өтiнiмнiң құжаттары берiк, ақ, тегiс, селдiр емес, жылтыр емес қағазда орындалады.
      12. Өтiнiмнiң әрбiр құжаты жеке парақта басталады. Парақтар 210х297 мм. пiшiндi болады. Парақтар жиегiнiң ең аз өлшемi мыналарды (мм.) құрайды:
      жоғарыда - 20,
      оңында және төменде - 20,
      солында - 25 мм.
      Сызбалар қамтылған парақтар жиегiнiң ең аз көлемi мынадай мм. құрайды:
      жоғарыда және солында - 25,
      оңында - 15,
      төменде - 10.
      Бүктелген түрдегi парақтардың пiшiмi 210х297 мм. болуға тиiс.
      Парақтар жиегi таза болуға тиiс.
      13. Өтiнiмнiң әрбiр құжатының екiншi және одан кейiнгi парақтары араб цифрларымен нөмiрленедi.
      14. Құжаттар биiктiгi 2,1 мм.-ден кем емес бас әрiптi қара түстi әрiптермен басылады. Өтiнiм құжаттарының мәтiнi толық және айқын болуға және әртүрлi оқылмауға тиiс.
      15. Топологияны тiркеуге өтiнiш осы Ереженiң 1-қосымшасында келтiрiлген нысан бойынша ұсынылады.
      Егер топологияның бiрнеше авторлары болса, олар туралы мәлiметтер осы Ереженiң 2-қосымшасында келтiрiлген нысан бойынша өтiнiшке толықтыру(лар) ретiнде ұсынылады.
      1) Өтiнiштiң жоғары бөлiгiнде орналасқан «Кiрiс №», «Тiркеу №» деген бағандар өтiнiм келiп түскеннен кейiн уәкiлеттi орган толтыруы үшiн арналған және өтiнiм берушi толтырмайды.
      2) «Өтiнiш берушi(лер)» деген бағанда өтiнiш берушi(лер) туралы мәлiметтер келтiрiледi: жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (егер ол болса), немесе мемлекеттiк тiркеу туралы құжатқа сәйкес заңды тұлғаның толық атауы, сондай-ақ тиiсiнше оның (олардың) тұрғылықты жерi(лерi) немесе орналасқан жерi(лерi) туралы мәлiметтер келтiрiледi.
      Атына топологияны тiркеу сұралатын, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде орналасқан немесе тұратын шетелдiк заңды немесе жеке тұлғалар үшiн Дүниежүзiлiк Зияткерлiк Меншiк ұйымының халықаралық стандарттарына сәйкес елдiң коды (егер ол белгiленсе) көрсетiледi.
      3) «Осы топологияға құқықтар туындауының негiздерi» деген баған өтiнiм берушi автор болмаған жағдайда толтырылады. Онда «Х» деген таңба қою жолымен тиiстi кестеге өтiнiш беру негiзi (негiздерi) көрсетiледi. Бұл ретте уәкiлеттi органға өтiнiш беру құқығын растайтын құжат тапсырылады.
      4) «Осы топологияға ең жақын ұқсастық туралы мәлiмет» деген бағанға, егер болса, осындай ұқсастық келтiрiледi. Бұрын коммерциялық мақсаттарға пайдаланылмаған, сондай-ақ коммерциялық мақсаттарға пайдаланылған топология ұқсастық ретiнде көрсетiлуi мүмкiн.
      5) «Топологияның атауы» деген бағанда топологияның толық және қысқартылған атауы көрсетiледi.
      6) «Балама атау» деген баған, тiркелетiн топология үшiн бұрын топологияға қатысты құжат жазылуы мүмкiн қосымша атауы болған жағдайда толтырылады.
      7) «Топологияның бiрiншi пайдаланылған күнi мен орны» деген бағанда осы топологияны коммерциялық мақсаттарда бiрiншi пайдаланылған толық күнi (күнi, айы, жылы) мен елi көрсетiледi.
      8) «Осы топологияны бiрiншi пайдалану күнiндегi құқықтық иесi туралы деректер» деген бағанда бiрiншi пайдаланған күндегi құқық иесi туралы мәлiметтер келтiрiледi.
      9) «Қорғалатын топологиялар туралы мәлiметтер» деген бағанда тiркеуге ұсынылған топологияны жасау кезiнде пайдаланылатын топологиялар туралы мәлiметтер келтiрiледi. «Қорғалатын топология» ұғымына коммерциялық мақсаттарда пайдаланылуы екi жылдан аспайтын, тiркелген, сондай-ақ тiркелмеген де топология жатады. Ол өтiнiш берiлген топологияға ең жақын ұқсастықтар, сондай-ақ оны жасаған күнi әзiрлеушiлер мен дайындаушыларға жалпы мәлiм элементтерден тұратын, өтiнiш берiлген топологияға жататын жиынтығы түпнұсқа болып табылатын өзге топологиялар болуы мүмкiн. Базалық матрицалық кристалл топологиялары туралы және оның негiзiнде жасалған, тапсырыс берiлген интегралдық микросхемалар топологиялары туралы мәлiметтер келтiрiледi.
      10) «Автордың тегi, аты, әкесiнiң аты» деген бағанда атау септiкте автордың тегi, аты, әкесiнiң аты (егер болса) автордың азаматтығы, тұрғылықты жерi, телефоны көрсетiледi.
      Бұл бағанда автордың осы топологияны жасау кезiндегi шығармашылық үлесiнiң қысқаша сипаттамасы келтiрiледi.
      11) «Өтiнiмде қамтылған құжаттар туралы мәлiметтер» деген баған тиiстi кестеге «Х» деген белгi қою және қоса берiлiп отырған құжаттардың әрбiр данасындағы парақтардың санын көрсету жолымен толтырылады.
      12) «Хат жазысу үшiн мекен-жай» бағанында өтiнiш берушi (өтiнiш берушiлердiң бiреуi) Қазақстан Республикасында тұратын жеке тұлғаның тұрғылықты жерi немесе өтiнiш берушi заңды тұлғаның Қазақстан Республикасында орналасқан жерi, не өтiнiш берушi(лер) өкiлiнiң тұратын жерi немесе Қазақстан Республикасы аумағындағы өзге мекен-жайы көрсетiледi.
      13) Өтiнiшке және оған толықтыруға(ларға) өтiнiш берушiнiң(лердiң) немесе оның (олардың) өкiлiнiң(дерiнiң) қолдары қойылады.
      Қойылған қолдары қол қоятын тұлғаның тегi мен аты-жөнi көрсетiлiп ажыратылуы тиiс.
      Өтiнiшке заңды тұлғаның атынан ұйым басшысының немесе лауазымы көрсетiлiп, оған қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес уәкiлеттiк берiлген өзге тұлғаның қолы қойылады, осы заңды тұлғаның мөрi қойылады.
      Екi және одан да көп өтiнiш берушiлер тiркеуге өтiнiм берген кезде өтiнiшке және оған толықтыруға(ларға) олардың әрқайсысының қолы қойылады.
      16. Тiркеуге өтiнiм келiп түскен күнге дейiн коммерциялық мақсаттарда пайдаланылмаған топологияны сәйкестендiру мақсатында, топологияны сәйкестендiру материалдарында:
      1) топологияның әрбiр қабатын бейнелейтiн, мынадай визуальды қабылданатын материалдардың әрбiр түрлерiнiң толық жиынтығы;
      2) құрама топологиялық сызба немесе қабатты топологиялық сызбалар;
      3) интегралдық микросхемада бекiтiлген, топологияның әрбiр қабатының фотосуретi;
      4) кейiннен ресми бюллетеньде жариялауға арналған мынадай мәлiметтердi қамтитын реферат:
      өтiнiште және оған толықтыруда(ларда) көрсетiлген әрбiр автордың тегi, аты және әкесiнiң аты (егер ол болса);
      әрбiр өтiнiш берушiнiң аты немесе атауы;
      топологияның атауы;
      интегралдық микросхеманы дайындау үшiн қолданылатын технологияның түрi;
      интегралдық микросхеманың қолданылу саласын, мақсатын, қызметiн қамтитын аннотация көрсетiлуi тиiс.
      Аннотацияның көлемi - 700 баспалық белгiге дейiн.
      17. Өтiнiм тiркеуге келiп түскен күнге дейiн коммерциялық мақсаттарда пайдаланылған топологияны сәйкестендiру мақсатында, топологияны сәйкестендiру материалдарында, осы топологияның коммерциялық мақсаттарда пайдаланылған түрiн қамтитын интегралдық микросхеманың үлгiлерi қосымша екi данада болуы тиiс, ал рефератта коммерциялық мақсатта бiрiншi пайдаланылған күн туралы және интегралдық микросхема үлгiсiнiң негiзгi техникалық сипаттамасы туралы мәлiметтер қосымша қамтылуы тиiс.
      18. Көзбен көрiп қабылданатын материалдардың бейнесi кемiнде 20:1 масштабта ұсынылуы тиiс.
      Фотосуреттегi бейненiң түсi қарама-қарсы болуы тиiс.
      Сызбалар мен фотосуреттердiң барлық даналарында бейненiң масштабы көрсетiлуi тиiс.
      19. Егер топологияның қандай да бiр қабаты көзбен көрiп қабылданатын материалдарда құпиялық сипаттағы мәлiметтердi қамтитын болса, бұл қабаттың тиiстi бөлiгi (немесе түгел қабаты) алынып тасталады да топологияны сәйкестендiретiн материалдар құрамына кодталған түрде енгiзiледi.

3. Топологияны тiркеу туралы куәлiктi алу бойынша iс жүргiзу

      20. Өтiнiм бергеннен кейiн ол бойынша хат жазысу және өтiнiмдi қараған кезде өз мүддесiн қорғау үшiн өтiнiш берушi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ресiмделген сенiмхат бере отырып өкiл тағайындай алады.
      21. Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде тұратын жеке тұлға немесе шетелдiк заңды тұлға топологияны тiркеу жөнiндегi iстi патенттiк сенiм бiлдiрушi арқылы жүргiзедi.
      Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, бiрақ уақытша одан тыс жерде жүрген жеке тұлға, хат жазысу үшiн Қазақстан Республикасының шегiндегi мекен-жайын көрсеткен жағдайда, топологияны тiркеуге байланысты iстi патенттiк сенiм бiлдiрушiсiз жүргiзе алады.
      22. Хат жазысуды өтiнiш берушi немесе осыған уәкiлеттiк берiлген оның өкiлi әрбiр өтiнiм бойынша жеке жүргiзедi.
      23. Өтiнiм берiлгеннен кейiн жiберiлген материалдарда, өтiнiштiң нөмiрi мен өтiнiш берушiнiң немесе оның өкiлiнiң қолы болуы тиiс, өзге жағдайда материалдар қараусыз қайтарылады.
      24. Iс жүргiзу мемлекеттiк немесе орыс тiлiнде жүргiзiледi.
      Кемшiлiктермен ресiмделiп ұсынылған, оқылуы қиын материалдар, қаралмайды. Осындай материалдарды берген тұлғаға тиiстi хабарлама жiберiледi.
      25. Мәлiмет ресми бюллетеньге жарияланғанға дейiн өтiнiш берушi уәкiлеттi органның сұрауы бойынша немесе өзiнiң бастамасы бойынша өтiнiмнiң материалдарын толықтыруға, түзетуге және нақтылауға құқылы.
      Түзетiлген материалдарды өтiнiш берушi алмастырушы парақтар түрiнде ұсынады.
      Егер түзету жаңсақ басылуға, библиографиялық деректердi көрсетудегi қателiктерге және тағы басқаларға қатысты болса және құжатты түзету тiкелей көшiрме жасаған кезде нақтылыққа қатысты терiс салдарларға апарып соқпаса, түзету енгiзудiң қажеттiгi алмастырушы парақтарды ұсынбастан өтiнiш берушiнiң хатында бiлдiрiлуi мүмкiн.

4. Өтiнiштi қарау

      26. Егер өтiнiштiң келiп түскен материалдарында өтiнiш және сызбалар немесе топологияның көшiрмесi қамтылса, онда олардың келiп түскен күнi қойылып тiркеледi. Өтiнiшке уәкiлеттi органның кiрiс нөмiрi берiледi.
      Өтiнiш материалдарының келiп түсуi туралы өтiнiш берушiге уәкiлеттi орган қойған деректемелермен (кiрiс нөмiрi және келiп түскен күнi) өтiнiштiң бiр данасын беру немесе жiберу жолымен хабарланады.
      27. Өтiнiште қажеттi құжаттардың болуы мен оның қолданылып жүрген заңнаманың талаптарына сәйкестiгiн тексерудi, келiп түскеннен кейiн екi ай мерзiмде уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
      28. Өтiнiштi қарау кезiнде:
      өтiнiште мазмұндалуға немесе оған қоса тiркелуге тиiс құжаттардың болуы;
      өтiнiш құжаттарына қойылатын белгiленген талаптардың сақталуы тексерiледi;
      өтiнiштi қарау топологияның түпнұсқалылығы, сонылығы, өтiнiш берушiнiң өтiнiште көрсетiлген мәлiметтердi немесе олардың дұрыстығын қорғауға құқығы тексерiлмей жүзеге асырылады.
      29. Егер өтiнiмдi қарау процесiнде өтiнiш, заңнамада көзделген талаптардың бұзылуымен ресiмделгенi анықталса, өтiнiш берушiге анықталған кемшiлiктер көрсетiле отырып сұрау жiберiлген күннен үш ай iшiнде жоқ немесе түзетiлген құжаттарды ұсыну туралы сұрау салынады.
      30. Сұрату үшiн:
      өтiнiмде, осы Ереженiң 6-тармағында көзделген бiр немесе одан көп құжаттардың болмауы;
      сенiмхатты ресiмдеуге заңнамамен қойылатын талаптардың бұзылуы;
      топологияны тiркеу туралы өтiнiште осы Ережеде көзделген қажеттi мәлiметтердiң, деректемелердiң, қойылған қолдардың, мөр таңбасының болмауы, сондай-ақ өтiнiште келтiрiлген мәлiметтердi нақтылаудың қажеттiгi;
      құжаттарды ресiмдеуде, олардың тiкелей көшiрмеленуiне кедергi жасайтын кемшiлiктердiң анықталуы (беттердiң форматына, жиектердiң көлемiне қойылатын талаптардың бұзылуы өтiнiш материалдарын оқуды қиындататын басып шығару сапасы) негiз болып табылады.
      Түзетiлген немесе жоқ материалдар белгiленген мерзiмдерде ұсынылмаған жағдайда топологияны тiркеу жүргiзiлмейдi және өтiнiм керi қайтарылды деп есептеледi.
      31. Егер өтiнiштi қарау нәтижесiнде өтiнiштiң топология ретiнде қорғалмайтын объектiге жататыны анықталса немесе өтiнiш берушi осы Ереженiң 4-тармағы 1 абзацының талаптарын сақтамаған жағдайда, өтiнiш берушiге топологияны тiркеуден бас тартылғандығы туралы шешiм жiберiледi.

5. Тiркеу, куәлiк беру, жариялау

      32. Егер өтiнiштi қарау нәтижесiнде, өтiнiш материалдары осы Ережемен белгiленген талаптарға сәйкес келетiнi анықталған жағдайда, уәкiлеттi орган оған тиiстi тiркеу нөмiрiн бере отырып топологияны интегралдық микросхемалар топологияларының Мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзедi, өтiнiш берушiге мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк бередi және тiркелген топология туралы мәлiметтердi бюллетеньде жариялайды.
      33. Мемтiзiлiмде топологияны тiркеуге қатысты барлық өзгерiстер тiркеледi.
      34. Мемтiзiлiмге енгiзiлген мәлiметтер, керiсiншесi дәлелденгенге дейiн дұрыс деп есептеледi.
      Аталған мәлiметтердiң дұрыстығына өтiнiш берушi жауапты.
      35. Топологияларды тiркеуге өтiнiмдердi қабылдауды, оларды тiркеудi, куәлiктер берудi және оларға қатысушылар үшiн құқықтар мен мiндеттердi туғызатын өзге де iс-әрекеттердi жүзеге асыруды қамтитын iс-қимылдар үшiн заңнамаға сәйкес төлемақы алынады.
      36. Интегралдық микросхемалар топологиясын тiркеу туралы куәлiк (бұдан әрi - куәлiк) мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде толтырылады, онда:
      куәлiктiң нөмiрi (тiркеу);
      топологияның атауы;
      құқық иеленушiнiң - жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (егер ол болса) және/немесе заңды тұлғаның толық атауы;
      елi;
      автор(лары) - тегi, аты, әкесiнiң аты (егер ол болса);
      өтiнiш нөмiрi;
      бiрiншi коммерциялық пайдалану күнi (егер ол орын алған болса);
      тiркеу күнi көрсетiледi.
      Топологияларды бiрнеше тұлғалардың атына тiркеу сұралған жағдайда, бiр куәлiк берiледi.
      37. Куәлiк тiкелей тапсырылады немесе тапсырыс жасалатын пошта жөнелтiмдерiмен құқық иеленушiсiнiң мекен-жайына жiберiледi.
      Егер құқықтық иеленушiлер бiрнешеу болса, автордың(лардың) куәлiгi топологияны тiркеуге өтiнiшiнде бiрiншi көрсетiлген құқық иеленушiсiне жiберiледi.
      Куәлiк тапсырған кезде куәлiктi алуға жеке басын куәландыратын құжат немесе заңды тұлғаның мүдделерiн бiлдiрген жағдайда куәлiктi алу құқығына сенiмхат және мемлекеттiк бажды төлегенiн растайтын құжатты талап етiледi. Шетелдiк құқық иеленушiлердiң куәлiктерi патенттiк сенiмдi өкiлге тапсырылады немесе жiберiледi.
      Уәкiлеттi орган топологияның құқық иесi болып табылмайтын авторына оның авторлығын растайтын куәлiк бередi.
      38. Топологияның тiркелгенi туралы мәлiметтердi жариялау кезiнде уәкiлеттi орган «Өнеркәсiп меншiгi - Промышленная собственность» ресми бюллетеньнiң «Топологиялар» бөлiмiнде мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде мынадай мәлiметтердi:
      тiркеу нөмiрiн;
      тiркелген күнiн;
      бiрiншi пайдалану күнiн (егер ол орын алған болса);
      автордың(лардың) тегiн, атын, әкесiнiң атын;
      құқық иеленушiнiң(лердiң) тегiн, атын, әкесiнiң атын немесе атауын;
      топология авторы(лары) тұратын елдiң және құқық иеленушiнiң(лердiң) тұрғылықты жерiнiң Дүниежүзiлiк Зияткерлiк Меншiк Ұйымының халықаралық стандарттарына сәйкес кодын (кодтарын);
      топология атауын;
      аннотацияны жариялайды.
      Уәкiлеттi орган «Өнеркәсiп меншiгi - Промышленная собственность» ресми бюллетеньнiң «Хабарлама – Извещения» бөлiмiнде мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде топологияны тiркеуге қатысты өзгерiстер туралы мәлiметтердi жариялайды.

Интегралдық микросхема  
топологиясын тiркеуге өтiнiм
жасау, рәсімдеу, тіркеу 
және куәлік беру Ережесіне
1-қосымша        

КТ нысаны  

Кiрiс N ______________                            тiркеу N _________
______________________

Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi
Зияткерлік меншiк комитеті      
Мекен-жайы: Астана қаласы сол жағалау,
Орынбор көшесі, 8, 13 кіреберіс    

ИНТЕГРАЛДЫҚ МИКРОСХЕМА ТОПОЛОГИЯСЫН ТIРКЕУГЕ
ӨТIНIШ

ДСМҰ ST.3 стандарты бойынша елдiң коды
(егер ол белгiленсе)

      1. ӨТIНIШ БЕРУШI(ЛЕР)
_________________________________________________________________
  (өтiнiш берушiнiң(лердiң) және оның(олардың) жүрген жерiнiң
немесе тұрғылықты жерiнiң толық аты немесе атауы. Өтiнiш берушi
  авторлардың тұрғылықты жерi туралы дерек 9-бағанда келтiрiлдi)
      2. ОСЫ ТОПОЛОГИЯҒА ҚҰҚЫҚ ТУЫНДАУДЫҢ НЕГIЗДЕРI (егер автор өтініш берушi болып табылмаса, толтырылады) (Х-пен белгiлеу)

      өтiнiш берушi автордың          автордың немесе оның
         жұмыс берушiсi болып               құқықтық мұрагерiнiң
         табылады                           өзге тұлғаға беруi

      жұмыс берушiнiң құқықтарды      мұрагерлiк құқығы басқа
                                            тұлғаға беруi

      3. ОСЫ ТОПОЛОГИЯҒА ЕҢ ЖАҚЫН ҰҚСАСТЫҚ ТУРАЛЫ МӘЛIМЕТ
_________________________________________________________________
      4. ТОПОЛОГИЯНЫҢ АТАУЫ
      толық: ____________________________________________________
      қысқартылған: _____________________________________________
      5. БАЛАМАЛЫ АТАУ __________________________________________
      6. ТОПОЛОГИЯНЫң БIРIНШI ҚОЛДАНЫЛҒАН КҮНI ЖӘНЕ ЖЕРI
      _______ күнi _________ айы _________ жылы _______________ елi
      7. ТОПОЛОГИЯНЫҢ БIРIНШI ҚОЛДАНЫЛҒАН КҮНIНIҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ИЕЛЕНУШIСI ТУРАЛЫ ДЕРЕК
      Аты/атауы _________________________________________________
      Азаматтығы ________________________________________________
      Мекен-жайы, телефоны ______________________________________
      8. ҚОРҒАЛАТЫН ТОПОЛОГИЯЛАР ТУРАЛЫ МӘЛIМЕТ
      (осы топологияны жасаған кезде қолданылған)
_________________________________________________________________
      9. АВТОРДЫҢ ТЕГI, АТЫ, ӘКЕСIНIҢ АТЫ
      (басқа авторлар туралы мәлiмет өтiнiшке (КТ/ҚОС нысаны)
      қосымша(лар) түрiнде ұсынылады)
_________________________________________________________________
      Азаматтығы ________________________________________________
      Тұрғылықты жерiнiң мекен-жайы, телефоны
_________________________________________________________________
      Осы топологияны жасау кезiндегi автордың шығармашылық үлесiнiң қысқаша сипаттамасы _____________________________________________
      10. ӨТIНIМДЕ МАЗМҰНДАЛҒАН ҚҰЖАТТАР ТУРАЛЫ МӘЛIМЕТ (Х-пен белгiлеу) осы топологияны сәйкестендiретiн материалдар:
      осы топологияны ол 2 данада пайдаланылған түрiнде қамтитын интегралдық микросхемалардың үлгiлерi,
      2 данадағы ерекшелендiрiлгендерiн қоса алғанда, осы топологияның әрбiр қабатын бейнелейтiн визуальды қабылданатын материалдардың келесi түрлерiнiң бiрiнiң толық жиынтығы,
      _______ парақты құрама топологиялық сызба немесе қабатты  топологиялық сызба,
      интегралдық микросхемада ____ данада тiркелген топологияның  әрбiр қабатының фотосуретi,
      2 данада 1 парақ реферат,
      топологияның бiрiншi қолданылған күнi мен орнын растайтын, 2 данадағы ______ 1 парақ құжаттың көшiрмесi.
      ақы төленгенi туралы құжат мыналар үшiн негiздiң бар екендiгiн растайтын құжат:

      ақы төленгенi туралы құжат      ақы төлеуден босату
              ________ парақта               _________ парақта

      ақы төлеудiң мөлшерiн азайту
             ________ парақта

      өтiнiшке қосымша (КТ/ҚОС ____ парақта)
      сенiмхат(тар) 1 парақта
_________________________________________________________________
      11. ХАТ ЖАЗЫСУ ҮШIН МЕКЕН-ЖАЙ: (толық почталық индекстi, мекен-жай иесiнiң атын немесе атауын қоса алғанда, толық почталық мекен-жай) ______________________________________________________
      Телефон нөмiрi
      қалааралық кодты қоса алғанда Телекс Факс
_________________________________________________________________
      (өтiнiш берушiнiң(лердiң) немесе оның (олардың) өкiлiнiң
_________________________________________________________________
                қолы(дары); қол қойылған күн)
_________________________________________________________________

Интегралдық микросхема  
топологиясын тiркеуге өтiнiм
жасау, рәсімдеу, тіркеу 
және куәлік беру Ережесіне
2-қосымша         

КТ нысаны 

Кiрiс N ______________                         тiркеу N _________
______________________

Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi
Зияткерлік меншiк комитеті       
Мекен-жайы: Астана қаласы сол жағалау,
Орынбор көшесі, 8, 13 кіреберіс    

ИНТЕГРАЛДЫҚ МИКРОСХЕМА ТОПОЛОГИЯСЫН ТIРКЕУ
ӨТIНIШIНЕ ТОЛЫҚТЫРУ

ДСМҰ ST.3 стандарты бойынша елдiң коды
(егер ол белгiленсе)

      ӨТIНIШ БЕРУШI(ЛЕР) (толық аты немесе атауы)
_________________________________________________________________
      ТОПОЛОГИЯНЫҢ АТАУЫ (қысқартылған)
_________________________________________________________________
                 өтiнiштiң 9-тармағына толықтыру

      АВТОРДЫҢ ТЕГI, АТЫ, ӘКЕСIНIҢ АТЫ
_________________________________________________________________
      Азаматтығы, тұрғылықты жерiнiң мекен-жайы, телефоны
_________________________________________________________________
      Осы топологияны жасау кезiнде автордың шығармашылық үлесiнiң
_________________________________________________________________
қысқаша сипаттамасы
_________________________________________________________________
                 өтiнiштiң 9-тармағына толықтыру

      АВТОРДЫҢ ТЕГI, АТЫ, ӘКЕСIНIҢ АТЫ
_________________________________________________________________
      Азаматтығы, тұрғылықты жерiнiң мекен-жайы, телефоны
_________________________________________________________________
      Осы топологияны жасау кезiнде автордың шығармашылық үлесiнiң
_________________________________________________________________
қысқаша сипаттамасы
_________________________________________________________________
                 өтiнiштiң 9-тармағына толықтыру

      АВТОРДЫҢ ТЕГI, АТЫ, ӘКЕСIНIҢ АТЫ
_________________________________________________________________
      Азаматтығы, тұрғылықты жерiнiң мекен-жайы, телефоны
_________________________________________________________________
      Осы топологияны жасау кезiнде автордың шығармашылық үлесiнiң
_________________________________________________________________
қысқаша сипаттамасы
_________________________________________________________________
                  өтiнiштiң 9-тармағына толықтыру

      АВТОРДЫҢ ТЕГI, АТЫ, ӘКЕСIНIҢ АТЫ
_________________________________________________________________
      Азаматтығы, тұрғылықты жерiнiң мекен-жайы, телефоны
_________________________________________________________________
      Осы топологияны жасау кезiнде автордың шығармашылық үлесiнiң
_________________________________________________________________
қысқаша сипаттамасы
_________________________________________________________________
                  өтiнiштiң 9-тармағына толықтыру

      АВТОРДЫҢ ТЕГI, АТЫ, ӘКЕСIНIҢ АТЫ
_________________________________________________________________
      Азаматтығы, тұрғылықты жерiнiң мекен-жайы, телефоны
_________________________________________________________________
      Осы топологияны жасау кезiнде автордың шығармашылық үлесiнiң
_________________________________________________________________
қысқаша сипаттамасы
_________________________________________________________________
      ӨТIНIШТIҢ __________ ТАРМАҒЫНА ТОЛЫҚТЫРУ
      ӨТIНIШТIҢ __________ ТАРМАҒЫНА ТОЛЫҚТЫРУ
_________________________________________________________________
      өтiнiш берушiнiң (лердiң) немесе оның (олардың) өкiлiнiң
      қолы(дары); қол қойылған күн)
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________

Интегралдық микросхема  
топологиясын тiркеуге өтiнiм
жасау, рәсімдеу, тіркеу  
және куәлік беру Ережесіне
3-қосымша        

Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің
Зияткерлік меншік құқығы комитеті Тіркеу туралы куәлік № _________

      Топологияның атауы:

      Құқық иеленуші:

      Елі:

      Авторлар:

      өтінім №:

      бірінші коммерциялық пайдалану күні (егер ол орын алған болса):

      Мемлекеттік тізілімде тіркелді (тіркеу күні, нөмірі):

Куәлік Қазақстан Республикасының барлық
аумағында күшінде болады

      Қазақстан Республикасы
      Әділет министрлігі
      Зияткерлік меншік құқығы
      комитетінің төрағасы                               Т.А.Ә

Қазақстан Республикасы
Әдiлет министрінің м.а.
2010 жылғы 23 сәуірдегі
№ 136 бұйрығына   
10-қосымша     

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитетінің кейбір күші жойылған бұйрықтарының тізілімі

      1) «Қазақстан Республикасында Тауар таңбасын (қызмет көрсету таңбасын) жалпыға мәлiм деп тану жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы» Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Санаткерлік меншік құқығы жөніндегі комитет төрайымының 2002 жылғы 15 тамыздағы № 133 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде № 1960 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2002 ж., № 36, 685-құжат);
      2) «Интегралдық микросхема топологияласын тіркеуге өтінім жасау, беру, қарау және тіркеу жөніндегі Ережені бекіту жөнінде» Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Санаткерлік меншік құқығы жөніндегі комитет төрайымының 2002 жылғы 9 қарашадағы № 192 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде № 2043 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2003 ж., № 2, 769-құжат);
      3) «Интегралдық микросхема топологиясын тiркеуге өтiнiм жасау, беру, қарау, тiркеу және куәлiк беру жөнiндегi ереженi бекiту туралы» № 2043 тiркелген Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгінiң Санаткерлiк меншiк құқығы жөнiндегi комитетi төрайымының 2002 жылғы 9 қарашадағы № 192 бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Санаткерлік меншік құқығы жөніндегі комитетінің 2004 жылғы 28 қыркүйектегі № 60-п бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде № 3125 болып тіркелген);
      4) «Селекциялық жетістіктерге патент беруге өтінім беру және қарау жөніндегі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Санаткерлік меншік құқығы жөніндегі комитет төрайымының 2004 жылғы 14 қазандағы № 72-п бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде № 3183 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2004 ж., № 45-48, 1049-құжат);
      5) «Интегралдық микросхема топологиясын тiркеуге өтiнiм жасау, беру, қарау, тiркеу және куәлiк беру жөнiндегi ереженi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгінiң Санаткерлік меншiк құқығы жөнiндегi комитетi төрайымының 2002 жылғы 9 қарашадағы № 192 бұйрығына өзгерiс пен толықтыру енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрлігің Зияткерлік меншік құқығы комитеті төрайымының 2005 жылғы 30 желтоқсандағы № 70-НҚ бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде № 4028 болып тіркелген);
      6) «Тауар таңбасын (қызмет көрсету белгiсiн) Қазақстан Республикасында жалпыға белгiлi деп тану туралы нұсқаулықты бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Зияткерлiк меншiк құқығы комитетi төрайымының 2002 жылғы 15 тамыздағы № 133 бұйрығына толықтыру енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Зияткерлiк меншiк құқығы комитетi төрайымының 2005 жылғы 30 желтоқсандағы № 71-НҚ бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде № 4019 болып тіркелген, 2006 жылғы 25 қаңтар № 11 (991) «Юридическая газета» газетінде жарияланған).
      7) «Өнертабысқа инновациялық патентке немесе патентке өтiнiмдi жасау, ресiмдеу және қарау жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы» Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi Зияткерлiк меншiк құқығы комитетiнiң 2007 жылғы 24 сәуiрдегi № 52-н.қ. бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде № 4642 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2007 ж., № 8, 278-құжат);
      8) «Пайдалы модельге патент беруге өтiнiмдi жасау, ресiмдеу және қарау жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Зияткерлiк меншiк құқығы комитетiнiң 2007 жылғы 24 сәуiрдегi № 53-НҚ бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде № 4643 болып тіркелген, 2007 жылғы 17 тамызда № 126 (1329) «Юридическая газета» газетінде жарияланған);
      9) «Тауар таңбасына өтінімді жасау, ресімдеу және қарау нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитеті төрағасының 2007 жылғы 24 сәуірдегі N 55-н.қ. бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде № 4645 болып тіркелген, 2007 жылғы 14 қыркүйектегі № 141 (1344) «Заң газеті» газетінде жарияланған);
      10) «Тауардың шыққан жерінің атауы мен тауардың шыққан жерінің атауын пайдалану құқығына берілетін өтінімді жасау, ресімдеу және қарау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті төрағасының 2007 жылғы 24 сәуірдегі № 56-НҚ бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде № 4646 болып тіркелген, 2007 жылғы 14 қыркүйектегі № 141 (1344) «Заң газеті» газетінде жарияланған);
      11) «Өнеркәсіптік меншік объектілерін пайдалануға арналған лицензиялық, сублицензиялық шаттарды тіркеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті төрағасының 2007 жылғы 24 сәуірдегі № 57-НҚ бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде № 4647 болып тіркелген, 2007 жылғы 5 қыркүйектегі № 135 (1338) «Заң газеті» газетінде жарияланған);
      12) «Өнеркәсіптік меншік объектілеріне ерекше құқықты беру туралы шарттарды тіркеу нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті төрағасының 2007 жылғы 24 сәуірдегі № 58-НҚ бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде № 4648 болып тіркелген, 2007 жылғы 30 тамыздағы № 133 (1336) «Заң газеті» газетінде жарияланған).