Құпия өнеркәсіптік меншік объектілерін пайдалану саласындағы заңнаманы жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасында жасалған құпия өнеркәсіптік меншік объектілерін пайдалану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2007 жылғы 14 қыркүйектегі № 260 (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4976 болып тіркелген, 2007 жылғы 16 қарашадағы «Заң газетінде» жарияланған) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың тақырыбында және 1-тармақта «объектілерін пайдалану ережесін», «объектілерін пайдалану ережесі» деген сөздер тиісінше «объектілерімен жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулығын», «объектілерімен жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулығы» деген сөздермен ауыстырылсын:
бұйрықтың орыс тіліндегі тақырыбына өзгеріс енгізілді;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасында жасалған құпия өнеркәсіптік меншік объектілерін пайдалану ережесінде (бұдан әрі – Ереже):
Ереженің тақырыбы және бүкіл мәтін бойынша «объектілерін пайдалану ережесі», «бұдан әрі - Ереже», «айқындайды», «Ережеде», «Ережелерге», «Ереженің» деген сөздер тиісінше «объектілерімен жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулығы», «бұдан әрі - Нұсқаулық», «нақтылайды», «Нұсқаулықта», «Нұсқаулыққа», «Нұсқаулықтың» деген сөздермен ауыстырылсын;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Құпия өнеркәсіптік меншік объектісіне қорғау құжатын беруден бас тарту туралы сараптама шешіміне қарсылық сараптама жүргізілген жерде қаралады. Аталған қарсылықтар бойынша қабылданған соңғы шешімдер Патент заңының нормаларына сәйкес шағымдануы мүмкін»;
Ереженің 26-тармағында «тиісті ақы және мемлекеттік баж алынады» деген сөздер «мемлекеттік баж және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тиісті ақы алынады» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуге ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің м.а. Д. Құсдәулетов