Қазақстан Республикасының халқына сурдологиялық көмек көрсетуді жетілдіру жөніндегі шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң м.а. 2010 жылғы 15 сәуірдегі N 263 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 17 мамырда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6231 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 6 маусымдағы № 20 бұйрығымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 06.06.2024 № 20 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 32-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасының халқына сурдологиялық көмек көрсетуді жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының халқына сурдологиялық көмек көрсететін ұйымдар туралы ереже бекітілсін.

      2. Облыстардың, Астана және Алматы қалалары денсаулық сақтау басқармаларының бастықтары (келісім бойынша) осы бұйрықты басшылыққа алсын және мыналарды:

      1) Қазақстан Республикасының халқына сурдологиялық көмек көрсетуді;

      2) жаңа туған нәрестелер мен ерте балалық шақтағы есту органдарын міндетті скринингтік тексеруді ұйымдастыруды және жүргізуді;

      3) балалар мен ересектердің есту қабілетінің бұзылуларын объективті зерттеу әдістерімен диагностикалауды енгізуді;

      4) балалар мен жасөспірімдерді қазіргі заманғы есту аппараттарын қондыруға уақтылы жіберуді;

      5) есту қабілеті қатты бұзылған балалар мен ересектерді балаларды кохлеарлық имплантаттауға жіберуді;

      6) есту протезін қондыру кезінде балалар мен жасөспірімдердің, сондай-ақ, кохлеарлық имплантацияға дейін және одан кейін балалар мен жасөспірімдердің үйлесімді есту-сөйлеуін оңалтуды;

      7) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бас штаттан тыс сурдологына есепті жылдың 25 желтоқсанына дейін осы бұйрықтың орындалу барысы туралы жыл сайынғы ақпарат беруді қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті (Нұрғазиев Қ.Ш.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.

      4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Бисмильдин Ф.Б.) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.А. Біртановқа жүктелсін.

      6. Осы бұйрық оны алғаш ресми жариялаған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министрдің


міндетін атқарушы

Б. Садықов


  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушының
2010 жылғы 15 сәуірдегі
№ 263 бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасының халқына сурдологиялық көмек көрсететін ұйымдар туралы ереже

      1. Осы Ереже "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының кодексіне сәйкес әзірленді және меншік нысанына қарамастан Қазақстан Республикасының халқына сурдологиялық көмек көрсететін ұйымдардың міндеттерін, функцияларын, құқықтық және ұйымдастыру негіздерін айқындайды.

      2. Халыққа сурдологиялық көмек көрсететін ұйымдар есту органдарының бұзылыстары бар адамдарды анықтауға, емдеуге, медициналық және есту-сөйлеу қабілетін оңалтуға бағытталған іс-шараларды уақтылы өткізу мақсатында ұйымдастырылады.

      3. Халыққа сурдологиялық көмек көрсететін ұйымдардың жұмысын штаттан тыс бас сурдолог маман (республикалық, облыстық, қалалық) үйлестіреді.

      4. Сурдологиялық көмек өзіне есту органдарының патологиясы бар адамдарды уақтылы анықтауды, емдеуді, есту органдарын протездеуді, есту-сөйлеу қабілетін оңалтуды, арнайы түзету-педагогикалық көмекті қамтиды.

      5. Халыққа сурдологиялық көмек консультациялық-диагностикалық және/немесе стационарлық медициналық көмек түрінде көрсетіледі.

      6. Халыққа сурдологиялық көмек көрсететін ұйымдардың негізгі міндеттері:

      1) жатырлық даму кезеңін қоса алғанда, балалар мен ересектердің арасындағы есту органдары ауруларының алдын алуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу;

      2) жаңа туған балалар мен ерте шақтағы балаларға скринингтік тексеруді енгізу және жүргізу жолымен жаңа туған кезеңнен бастап балалардың есту патологиясы мен бұзылыстарын анықтау;

      3) емдеудің барлық кезеңдерінде сабақтастықты сақтай отырып, ерте шақтағы балалардың есту бұзылыстарын емдеуді және түзетуді уақтылы бастау;

      4) емдеудің консервативтік әдістерін, медициналық-педагогикалық оңалтуды қамти отырып есту және сөйлеу бұзылыстары бар адамдарды, есту және сөйлеу бұзылыстары бар балаларды уақытылы медициналық оңалту;

      5) естуді жеке протездеу;

      6) кохлеарлық имплантация.

      7. Халыққа сурдологиялық көмек көрсететін ұйымдарда мына көмектер жүзеге асырылады:

      1) зерттеудің қазіргі заманғы әдістемелерін қолдана отырып сурдологиялық консультациялық-диагностикалық көмек көрсету;

      2) есту бұзылыстарын психофизикалық зерттеу әдістерімен диагностикалау (мінез-құлықтық аудиометрия);

      3) есту бұзылыстарын объективті зерттеу әдістерімен диагностикалау (потенциалдар арқылы болған отоакустикалық эмиссияны тіркеу, акустикалық импедансометрия);

      4) есту органдарын протездеу (есту аппаратын жеке таңдау, жеке құлақ салымшаларын дайындау, есту аппаратына бейімделу);

      5) кохлеарлық имплантация (кандидаттарды операцияға іріктеу, операция, сөйлеу процессорын қосу және күйге келтіру);

      6) есту бұзылыстары бар адамдарды динамикалық бақылау;

      7) естуді протездеудің сәйкестігін қадағалау;

      8) есту-сөйлеу қабілетін оңалту (сөйлеу мен есту қабілетін дамыту).

      8. Сурдологиялық көмек консультациялық-диагностикалық көмек мамандандырылған немесе жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсететін ұйымдардың базасында cурдологиялық кабинет құрылымдық бөлімше ретінде халыққа (ересектер мен балалар) мамандандырылған медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының базасында (облыстық, қалалық) ұйымдастырылады.

      9. Тереңдетілген сурдологиялық және аудиологиялық зерттеулер есту кемістігінің дәрежесін анықтау және есту органдарын протездеудің, кохлеарлық имплантацияның, естуді жақсарту операцияларының, есту-сөйлеу қабілетін оңалтудың қажеттігін уақтылы шешу мақсатында жүргізіледі.

      10. Cурдологиялық кабинеттің осы Ереженің қосымшасына сәйкес жабдықтардың ең төменгі тізбесімен қамтылады.

      11. Республикалық сурдологиялық кабинет өңірлік (облыстық, қалалық, аудандық) сурдологиялық кабинеттерге халыққа сурдологиялық көмек көрсету бойынша ұйымдастыру-әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді.

      12. Халыққа көп бейінді, оның ішінде оториноларингология бейіні бойынша мамандандырылған және жоғары мамандандырылған стационарлық көмек көрсететін (республикалық, облыстық, қалалық, аудандық) денсаулық сақтау ұйымы да сурдологиялық көмек көрсете алады.

      13. Есту органдарының патологиясы бар сырқаттарға мамандандырылған немесе жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары мүдделі мамандардың қатысуымен алдын ала консультация өткізіп, одан кейін кохлеарлық операцияға жататын пациенттерді іріктеу жүргізеді.

  Қазақстан Республикасының халқына
сурдологиялық көмек көрсететін
ұйымдар туралы ережеге
қосымша

Сурдологиялық кабинетке арналған жабдықтардың ең аз тізбесі

Жабдықтың атауы

Саны (дана/ жиынтық)

1

2

3


Диагностикалық жабдықтар


1.

Үндес және сөйлеу тілінің аудиометриясын жүргізуге арналған кабинет


1.1

Ішіне орнатылған күшейткіші бар Print View 1.15 бағдарламалық қамсыздандырылуы, компьютер мен принтерге қосуға арналған кабелі бар клиникалық аудиометр (үндес ауа және сүйек аудиометриясы, жоғары жиілікті аудиометрия, бос дыбыс алаңындағы аудиометрия, сөйлеу тілінің аудиометриясы, аудиометрия нәтижелерін принтермен басып шығару)

1

1.2

Еркін дыбыс алаңындағы аудиометрияға арналған колонкалар

3

1.3

Еркін дыбыс алаңындағы аудиометрияға арналған түрлі-түсті панельдер

3

1.4

Ойын аудиометрі

1

1.5

Ерте шақтағы балалардың есту қабілетін зерттеуге арналған педиатриялық аудиометр

1

1.6

Камертондар жинағы (С64-С4000)

1

1.7

Секундомер

1

1.8

Компьютер принтерімен

1

2.

Функционалдық диагностика кабинеті

1

2.1

Отоакустикалық эмиссияны тіркеу модулімен, дербес компьютер мен арнайы компьютерлік қосымша базасында жаңа туылған нәрестелердің есту қабілетін скринингтеуге арналған модульмен бірге ми қабығының қайтарылған есту потенциалдарын (КЕП) тіркеудің аудиометриялық модулі

1

2.2

Клиникалық тимпанометр/импедансометр

1

2.3

Қайтарылған отоакустикалық эмиссияны тіркеу қондырғысы

1


ЛОР аспаптары мен жабдықтардың ең аз жинағы


1.1

Құлақ воронкалары

10

1.2

Әртүрлі сүңгілер

5

1.3

Құлаққа арналған істік пинцеттер

3

1.4

Зигле воронкалары

2

1.5

Бүйрек тәріздес астаушалар

5

1.6

Маңдай рефлекторы

2

1.7

Отоскоп

2

1.8

Стерилденген материалдарға арналған бикстер

1

1.9

Спиртовка

2

1.10

ЛОР үстелі

1

1.11

Кварцтеуге арналған шам

1

1.12

Үстел шамы

2

1.13

Пациент креслосы

1


Оқу-оңалту жабдықтары мен аспаптары


1.1

Жеке есту-сөйлеу тренажеры

1

1.2

Дербес компьютер базасындағы сурдопедагогикалық тренажер

1

1.3

Музыкалық орталық

1

1.4

Логопедтік зондтар жинағы

1

1.5

Қабырға айнасы

1

1.6

Үстел айнасы

1

1.7

Мектеп тақтасы

1

1.8

Сурдопедагог, логопед кабинеттеріне арналған диагностикалық, дидактикалық және ойын материалдарының жиынтығы

1


Невропатолог дәрігердің жабдықтары мен аспаптарының жиынтығы

1

1.1

Неврологиялық балға

1

1.2

Жанардың жарыққа әсерін зерттеуге арналған неврологиялық қол шам

1


Психологтың диагностикалық жабдықтарының жиынтығы

1

1.1

Психикалық функцияларды зерттеуге арналған әдістемелік материалдар

1