"Бақылау-кассалық машиналардың мемлекеттік тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 635 бұйрығына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 16 сәуірдегі № 172 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 28 сәуірде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6192 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 208 бұйрығымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы министрінің 16.02.2018 № 208 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 651-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      "Бақылау-кассалық машиналардың мемлекеттік тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 635 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5453 тіркелген, 2009 жылғы 20 наурызда № 42 (1639) "Заң газеті" газетінде жарияланған мынадай толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген 1-қосымша мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 120-жолмен толықтырылсын:

      "120. "Бөлшек төлемдерін өңдеу жүйесі "Аstana-Plat" компьютерлік жүйесі (2.0 нұсқа)".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (Д.Е. Ерғожин) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және кейіннен оның бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

Б. Жәмішев