«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қазақстандық қамту мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 29 желтоқсандағы Заңын жүзеге асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. «Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық мазмұнның көлемі туралы ақпаратты ескере отырып, есептілікті жинау, қорыту және талдау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 647 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерде мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 5480 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының 2009 жылғы № 4 актілер жинағында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық мазмұнның көлемі туралы ақпаратты ескере отырып, есептілікті жинау, қорыту және талдау ережесінде (бұдан әрі - Ереже):
3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) қазақстандық мазмұн – мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындауға жұмысқа тартылған Қазақстан Республикасының азаматтарының еңбегіне ақы төлеу құнының осы шарт бойынша еңбекке ақы төлеудің жалпы қорындағы және (немесе) Қазақстан Республикасы резиденттерінің жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу немесе толық өндіру критерийлеріне сәйкес тауарда (тауарларда) белгіленген қазақстандық шығарылым үлесі (үлестері) құнының мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша тауардың (тауарлардың) жалпы құнындағы пайыздық қамтылуы;»;
4-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Республикалық және жергілікті (облыстың) бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, барлық ведомстволық бағыныстағы ұйымдарды, оның ішінде республикалық мемлекеттік (сондай-ақ қазыналық) кәсіпорындарды ескере отырып, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі, еншілес кәсіпорындарды ескере отырып, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (үлестерінің) елу және одан астам проценті мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және Заңға сәйкес тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыратын олармен аффилиирленген заңды тұлғалар веб-порталға:»;
төртінші абзацта «есепті тоқсаннан» деген сөздер «есепті айдан» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға бағытталған, сондай-ақ Заңның 37-бабының 6 және 7-тармақтарында тиісті жылы жүргізілетін төлеу бөлігінде көзделген қазақстандық мазмұнның көлемі туралы ақпарат әрбір жылдың қорытындысы бойынша беріледі»;
Ереженің 1 және 2-қосымшаларында «мың теңге» деген сөздер «теңге» деген сөздермен ауыстырылсын;
Ереженің 3-қосымшасы осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алуды басқару әдіснамасы департаменті (Г.Ә. Әмрина) белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның кейіннен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық оның бірінші ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Министр Б. Жәмішев
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2009 жылғы 6 сәуірдегі
№ 155 бұйрығына қосымша
Тауарларды, жұмыстарды,
көрсетілетін қызметтерді
сатып алу кезінде
қазақстандық мазмұнның көлемі
туралы ақпаратты ескере отырып,
есептілікті жинау, қорыту және
талдау ережесін бекіту туралы
ережеге 3-қосымша
___________________________________________________
(тапсырыс беруші атауы)
_____жылғы ___ ай бойынша
тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу кезінде қазақстандық мазмұнның
көлемі туралы ақпарат
№ р/р |
Тапсырыс берушінің атауы |
Сатып алу тәсілі |
Шарт |
Шарт тізілімінде жазылған нөмір |
шарттың мәні |
||||||||||
күні |
нөмірі |
Тауардың атауы |
жұмыстың атауы |
көрсетілетін қызметтің атауы |
бірлік үшін бағасы, теңге |
саны |
сома, теңге |
||||||||
жұмыстың атауы |
тауардың атауы |
тауар сомасы, теңге |
жұмыс сомасы, теңге |
көрсетілетін қызметтің сомасы, теңге |
жалпы сома, теңге |
||||||||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
13 |
14 |
15 |
16 |
Жиыны: |
кестенің жалғасы
Қазақстандық мазмұн |
||||||||||
СТ-KZ сертификаты |
Тауар (лар) дағы қазақстандық мазмұн үлес (тер)інің жалпы құны, теңге |
Өнім берушінің еңбекақысын төлеу құны |
Қосалқы мердігердің, бірлесіп атқарушының еңбекақысын төлеу құны |
Еңбектің жалпы құны, теңге |
Мемлекеттік сатып алу кезіндегі қазақстандық мазмұн, теңге |
Мемлекеттік сатып алу кезіндегі қазақстандық мазмұн, % |
||||
СТ-KZ сертификатында көрсетілген тауардағы қазақстандық мазмұнның үлесі |
Қазақстандық мазмұн, теңге |
№ |
серия |
берілген күні |
||||||
17 |
17-1 |
17-2 |
17-3 |
17-4 |
18 |
19 |
20 |
21 |
22 |
23 |
кестенің жалғасы
Шарт бойынша өнім беруші (орындаушылар, мердігерлер) туралы ақпарат |
|||||||
Заңды тұлғаның атауы (жеке тұлғаның аты-жөні) |
СТН |
БСН, ЖСН |
Мәртебе |
Заңды тұлғаның атауы (жеке тұлғаның аты-жөні) |
СТН |
БСН, ЖСН |
Мәртебе |
24 |
25 |
26 |
27 |
28 |
29 |
30 |
31 |
кестенің жалғасы
Тауар өндірушілер туралы ақпарат |
Импорт бойынша тауардың құны, теңге |
Импорт бойынша тауардың жалпы құны, теңге |
||||
Заңды тұлғаның атауы (жеке тұлғаның аты-жөні) |
СТН |
БСН, ЖСН |
Орналасқан елі |
Мәртебесі |
||
32 |
33 |
34 |
35 |
36 |
37 |
38 |
Қазақстан Республикасының Президенті анықтайтын тапсырыс берушінің бірінші басшысының не жауапты хатшысының немесе жауапты хатшының өкілетін жүзеге асыратын лауазымды тұлғаның не оның міндетін атқарушы тұлғаның аты, тегі, әкесінің аты және электрондық цифрлық қолтаңбасы
Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді
мемлекеттік сатып алу кезінде қазақстандық мазмұнның көлемі туралы ақпараттың электрондық нысанын тапсырыс берушінің толтыруы бойынша нұсқамалар
Оператор веб-портал арқылы мемлекеттік сатып алу жүйесінің субъектілеріне ақпараттық жүйеде ол арқылы мемлекеттік сатып алу туралы электрондық есептілікке қатынау жүзеге асырылатын автоматтандырылған жұмыс орнын береді.
Электрондық нысанда тапсырыс беруші мәліметті былайша енгізеді:
2 «Тапсырыс берушінің атауы» бағанында тапсырыс берушінің толық атауы көрсетіледі.
3 «Сатып алу тәсілі» бағанында мынадай мәтін бөлігінің сәйкестігі және код аймағының мәні негізге алына отырып, толтырылады:
конкурс -1;
баға ұсыныстарын сұрату - 2;
бір көз – 3;
ұйымдастырылған электрондық сауда-саттықтарда - 4;
ашық тауар биржалары арқылы - 5;
ерекше тәртіп – 6;
арнайы тәртіп – 7;
Заңның нормаларын қолданбай – 9.
4 - 5 «Шарт» бағандарында «күні, айы, жылы» форматында шарт жасасу күні (00.00.0000) және шартқа берілген нөмір көрсетіледі.
6 «Шарт тізілімінде жазба нөмірі» бағанында мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың тізіліміндегі жазба нөмірі көрсетіледі.
7 «Тауардың атауы» бағынында шартқа сәйкес тапсырыс беруші сатып алатын тауардың толық атауы көрсетіледі.
8 - 9 «Жұмыстың атауы» бағандарында жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы шартқа сәйкес тапсырыс беруші сатып алатын жұмыстардың және тауардың атауы көрсетіледі.
10 «Көрсетілетін қызметтердің атауы» бағанында тапсырыс беруші шартқа сәйкес сатып алатын көрсетілетін қызметтердің атауы көрсетіледі.
11 «Бірлік үшін бағасы» бағанында тауарларды сатып алған кезде де, жұмыстарды сатып алған кезде де тауардың бірлігі үшін теңгемен бағасы көрсетіледі (нүктеден кейін екінші он сандық белгі дәлдігімен).
12 «Саны» бағанында 11-бағанда аты берілген тауарлардың өлшем бірлігіне сәйкес тауарлардың саны көрсетіледі.
13, 14, 15, 16 «Сомасы, теңге» бағандарында шартқа сәйкес теңгемен сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сомасы көрсетіледі (нүктеден кейін екінші он сандық белгі дәлдігімен).
Жұмыстарды сатып алған кезде жұмыстың (14-баған), тауардың (13-баған) сомасы және жалпы сома көрсетіледі.
17 "СТ-KZ сертификатында көрсетілген тауардағы қазақстандық мазмұнның үлесі" бағанында СТ-KZ сертификатының 9-бағанында көрсетілген тауардағы қазақстандық мазмұнның үлесі көрсетіледі.
17-1 "Қазақстандық мазмұн, теңге" бағанында теңгемен сатып алынатын тауардың қазақстандық мазмұны, тауардың, СТ-KZ сертификатында (17-баған) көрсетілген, тауардағы қазақстандық мазмұнның үлесіне бөлінген сомасы (13-баған)
17-2, 17-3, 17-4 "СТ-KZ сертификаты" бағандарында СТ-KZ сертификатының нөмірі, сериясы, күні көрсетіледі. Күні "күн, ай, жыл" (00.00.0000) пішімінде көрсетіледі
18 «Отандық тауардың жалпы құны» бағанында мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындау үшін отандық тауар өндірушілерден сатып алынатын тауарлардың жиынтық мәні көрсетіледі.
19 "Өнім берушінің еңбекақысын төлеу құны" бағанында өнім беруші жұмыстарды, қызметтерді сатып алу туралы шартты орындау үшін жалдаған жеке тұлғалардың - Қазақстан Республикасының резиденттерінің еңбектеріне ақы төлеу құны көрсетіледі.
20 «Қосалқы мердігердің, бірлесіп атқарушының еңбекақысын төлеу құны» бағанында қосалқы мердігер жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындау үшін жалдаған жеке тұлғалардың – Қазақстан Республикасының резиденттерінің еңбектеріне ақы төлеу құны көрсетіледі.
21 «Еңбектің жалпы құны» бағанында еңбекақының жалпы сомасы көрсетіледі (нүктеден кейін екінші он мәндік белгіге дейінгі дәлдікпен).
22 «Мемлекеттік сатып алу кезіндегі қазақстандық мазмұн» бағанында тауардың және еңбекке ақы төлеу құнын анықтайтын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу кезіндегі қазақстандық мазмұн көрсетіледі.
23 «Мемлекеттік сатып алу кезіндегі қазақстандық мазмұн» бағанында жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу кезінде мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жалпы құнынан тауар мен еңбекақы құнының пайыздық мазмұны ретінде анықталатын қазақстандық мазмұн көрсетіледі.
Тауарларды мемлекеттік сатып алу кезінде қазақстандық мазмұн мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындау үшін шарттың жалпы құнынан өнім беруші отандық тауар өндірушілерден сатып алатын тауар құнының пайыздық мазмұны ретінде анықталады.
24 «Заңды тұлғаның атауы (жеке тұлғаның аты-жөні)» бағанында заңды тұлғаның толық атауы немесе шартқа сәйкес жеке тұлғаның – тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өнім берушінің аты-жөні көрсетіледі.
25 «СТН» бағанында салық төлеушінің – өнім берушінің тіркеу нөмірі (СТН) көрсетіледі.
26 «БСН, ЖСН» бағанында бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) – заңды тұлғалар үшін, жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) – жеке тұлғалар үшін көрсетіледі.
27 «Мәртебе» бағанында мынадай мәтін бөлігінің сәйкестігі және код аймағының мәні негізге алына отырып, толтырылады:
отандық тауар өндірушілер – 1;
отандық өнім беруші – 2;
бейрезидент – 3.
28 «Заңды тұлғаның атауы (жеке тұлғаның аты-жөні)» бағанында заңды тұлғаның толық атауы немесе шартқа сәйкес жеке тұлғаның – тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қосалқы мердігерінің аты-жөні көрсетіледі.
29 «СТН» бағанында бағанында салық төлеушінің – қосалқы мердігердің тіркеу нөмірі (СТН) көрсетіледі.
30 «БСН, ЖСН» бағанында бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) – заңды тұлғалар үшін, жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) – жеке кәсіпкерлер үшін көрсетіледі.
31 «Мәртебе» бағанында мынадай мәтін бөлігінің сәйкестігі және код аймағының мәні негізге алына отырып, толтырылады:
отандық тауар өндірушілер – 1;
отандық өнім беруші – 2;
бейрезидент – 3.
32 «Заңды тұлғаның атауы (жеке тұлғаның аты-жөні)» бағанында заңды тұлғаның толық атауы немесе шартқа сәйкес жеке тұлғаның – тауар өндірушінің тегі, аты, әкесінің аты көрсетіледі.
33 «СТН» бағанында бағанында салық төлеушінің – тауар өндірушінің тіркеу нөмірі (СТН) көрсетіледі.
34 «БСН, ЖСН» бағанында бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) – заңды тұлғалар үшін, жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) – жеке кәсіпкерлер үшін көрсетіледі.
35 «Орналасқан елі» бағанында тауар өндірушінің орналасқан елі көрсетіледі.
36 «Мәртебе» бағанында мынадай мәтін бөлігінің сәйкестігі және код аймағының мәні негізге алына отырып, толтырылады;
отандық тауар өндірушілер – 1;
бейрезидент - 2.
37 «Импорт бойынша тауар құны» бағанында шартты орындау үшін Қазақстан Республикасына әкелінетін теңгемен тауарлардың құны көрсетіледі (нүктеден кейін екінші он мәндік белгіге дейінгі дәлдікпен).
38 «Импорт бойынша тауар құны» бағанында шартты орындау үшін Қазақстан Республикасына әкелінетін тауарлардың жалпы құны көрсетіледі (нүктеден кейін екінші он мәндік белгіге дейінгі дәлдікпен).