«Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңның 13-3-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Республикалық бағалаушылар палатасы мүшелерінің тізілімін жүргізу және осы тізілімде қамтылған ақпаратты мүдделі тұлғаларға беру туралы ережесі бекітілсін.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.
3. Осы бұйрық оны алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Р. Түсіпбеков
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2010 жылғы 9 сәуірдегі
№ 109 бұйрығымен бекітілген
Республикалық бағалаушылар палатасы мүшелерінің тізілімін жүргізу және осы тізілімде қамтылған ақпаратты мүдделі тұлғаларға беру туралы ережесі 1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңның 13-3-бабына сәйкес әзірленді.
2. Ереже Республикалық бағалаушылар палатасы мүшелерінің тізілімін жүргізу (бұдан әрі - Тізілім) және осы тізілімде қамтылған ақпаратты мүдделі тұлғаларға беру туралы тәртібін белгілейді.
3. Бағалаушылар палатасы (бұдан әрі - Палата) туралы мәліметтер оның Республикалық Палата мүшелеріне қабылдау күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Тізілімге енгізіледі.
4. Палата Республикалық бағалаушылар палатасының шешімі бойынша Тізілімнен шығарылады.
5. Республикалық бағалаушылар палатасы палата мүшелігін тоқтату туралы шешімін қабылдаған күннен кейін келесі күнінен кешіктірмей, шешім қабылдау туралы хаттаманы интернет-қорда орналастырады, тізілімге сәйкес жазбаларды енгізеді және шығару туралы қабылданған шешімге қатысты Палата мүшесін жазбаша хабардар етеді.
2. Бағалаушылар Тізілімін жүргізу тәртібі
6. Жазбалар Республикалық бағалаушылар палатасы мүшесінің жеке ісінде бар барлық құрылтай құжаттарының көшірмелерін және Палата мүшелерінің Тізіліміндегі, осы ережелерге сәйкес ұсынылатын, ақпараттарды қамтыған құжаттарға сәйкес Тізілімге енгізіледі.
7. Тізілім келесі мәліметтерді қамтиды:
1) жазбаның тіркеу нөмірі;
2) палатаны Республикалық палата мүшелеріне қабылдау күні;
3) палатаны Тізілімге енгізу күні;
4) Палатаның толық және қысқартылған атауы;
5) байланыс жасау үшін арналған ақпарат (Палата орналасқан жердің заңды мекен-жайы, байланыс телефоны, электронды поштаның мекенжайы);
6) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтер;
7) Палата мүшелерінің – жеке және заңды тұлғалардың саны;
8) Палата мүшелерінен шығару туралы мәліметтер, соның ішінде шешім қабылдау күні мен ол шешімнің негізі.
3. Тізілімде қамтылған мәліметтерді беру тәртібі
8. Тізілімде қамтылған ақпарат мүдделі тұлғалардың сұранысы бойынша беріледі.
Палата Тізілімінде қамтылған заңды және жеке тұлғалардың тізімі Республикалық бағалаушылар палатасының интернет-қорында орналастырылады.
9. Тізілімде қамтылған мәліметтер барлығына қолжетімді болып табылады.
10. Тізілімде қамтылған Республикалық Палата мүшесі туралы мәліметтер бағалаушылар Тізілімінің үзінді-көшірмесі ретінде беріледі.
11. Тізілімнен үзінді-көшірмелерді беру үзінді-көшірмелер есеп журналында көрсетіледі және сәйкес жазбаша сұранысты алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ұсынылады.