Күдікті операцияларды тоқтата тұру ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 16 ақпандағы N 58 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 5 наурызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6108 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 2 шілдедегі № 320 Бұйрығымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2012.07.02 № 320 (2012.07.03 бастап күшіне енеді) Бұйрығымен.

      Қолданушылардың назарына!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.

      «Заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 28 тамыздағы Заңының 13-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Күдікті операцияларды тоқтата тұру ережесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті (М.С. Өтебаев) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның кейіннен бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Р.Е. Дәленовке жүктелсін.
      4. Осы бұйрық 2010 жылғы 9 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиісті.

      Министр                                   Б. Жәмішев

      «КЕЛІСІЛДІ»                         «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасы              Қазақстан Республикасы
      Әділет министрі                     Индустрия және сауда
      Р. Түсіпбеков                       министрі Ә. Исекешев
      2010 ж.                             2010 жылғы 2 наурыз

      «КЕЛІСІЛДІ»                         «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасы              Қазақстан Республикасы
      Қаржы нарығын және                  Туризм және спорт
      қаржы ұйымдарын реттеу              министрінің м.а.
      мен қадағалау агенттігінің          Қ. Өскенбаев
      төрайымы Е. Бахмутова               2010 жылғы 25 ақпан                2010 жылғы 1 наурыз

      «КЕЛІСІЛДІ»                         «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасы              Қазақстан Республикасы
      Ұлттық Банкінің төрағасы            Әділет министрінің м.а.
      Г. Марченко                         Д. Құсдәулетов
      2010 жылғы 2 наурыз                 2010 жылғы 5 наурыз

Қазақстан Республикасының
Қаржы Министрінің   
2010 жылғы 16 ақпандағы № 58
бұйрығымен бекітілген  

Күдікті операцияларды тоқтата тұру ережесі

      1. Осы Күдікті операцияларды тоқтата тұру ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 13-бабының 2-тармағына cәйкес әзірленген.
      2. Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру фактілерінің алдын алу және жолын кесу мақсатында қаржы мониторингінің субъектілері күдікті операция туралы ол жасалғанға дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетіне (бұдан әрі - Комитет) хабарлауға міндетті.
      3. Операцияны жүргізуден бас тартуға және қаржы мониторингі субъектісінің тоқтата тұруы мүмкін емес күдікті операциялар туралы хабарларды қаржы мониторингінің субъектілері олар жасалғаннан кейін үш сағаттан кешіктірмей не мұндай операциялар анықталған сәттен бастап жиырма төрт сағаттың ішінде Комитетке береді.
      4. Егер бір тарап (тараптар) терроризммен және экстремизммен сабақтас ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне қосылған ұйым немесе тұлға болып табылған жағдайда, не осындай ұйымдар немесе тұлғалардың тікелей немесе жанама меншігіндегі немесе бақылауындағы заңды тұлға болған жағдайда, не осындай ұйымдар немесе тұлғалардың көрсетуімен қызмет ететін жеке немесе заңды тұлға болған жағдайда Комитеттің шешіміне дейін қаржы мониторингі субъектілері ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды тоқтата алады.
      Осындай күдікті операцияларды қаржы мониторингі субъектілері олар анықталған сәттен бастап Комитетке тапсырады.
      5. Комитет қаржы мониторингінің субъектілерінен алынған күдікті операция туралы ақпаратты талдауды жүзеге асырады.
      6. Егер Қаржы мониторингінің субъектісі ұсынған күдікті операция туралы ақпарат Заңның 4-бабының 4-тармағында көрсетілген күдікті операцияны айқындау критерийлерінің біреуін қамтыған жағдайда, Комитет күдікті операция туралы хабар алған сәттен бастап жиырма төрт сағат ішінде күдікті операцияның жүргізілуін күнтізбелік үш күнге дейінгі мерзімге тоқтата тұру туралы шешім қабылдайды.
      Заңның 4-бабының 4-тармағында көрсетілген күдікті операцияны айқындау критерийлері жоқ болған жағдайда, Комитет күдікті операция туралы хабар алған сәттен бастап жиырма төрт сағат ішінде күдікті операцияны тоқтата тұрудың қажеті жоқтығы туралы шешім қабылдайды.
      7. Күдікті операция Заңның 4-бабының 4-тармағында көрсетілген күдікті операцияны айқындау критерийлерінің біреуін қамтыған жағдайда және ақпаратты алған сәтте операция жүргізілмеген жағдайда Комитет сондай-ақ ол туралы мемлекеттік органдардан ақпарат алған күдікті операцияны тоқтата тұрады.
      8. Күдікті операцияны тоқтата тұру туралы не күдікті операцияны тоқтата тұрудың қажеті жоқтығы туралы шешімдер осы Ережеге қоса берілген 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша рәсімделеді.
      9. Қаржы мониторингінің субъектісі ақпарат хабарланған сәттен бастап жиырма төрт сағат ішінде Комитеттің күдікті операцияны тоқтата тұруы туралы не осындай операцияны тоқтата тұрудың қажеті жоқтығы туралы шешімін алмаған жағдайда операция жүргізілуге тиіс.
      10. Күдікті операцияны тоқтата тұру туралы не осындай операцияны тоқтата тұрудың қажеті жоқтығы туралы шешімдер мемлекеттік және орыс тілдерінде ресімделеді және қаржы мониторингінің субъектілеріне күдікті операция туралы хабар алған сәттен бастап жиырма төрт сағат ішінде электрондық немесе факс байланысымен жіберіледі.

Күдікті операцияларды тоқтата тұру
Ережесіне 1-қосымша    

Нысан

Күдікті операцияны тоқтата тұру

      «Заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 13-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. ___________________________________________________________
      (қаржы мониторингі субъектісінің толық атауы және оның тұратын мекен-жайы)
____________________________________________________________________
   (жеке тұлғалар үшін Т.А.Ж., жеке басын куәландырушы құжаттың
____________________________________________________________________
  деректері, заңды мекен-жайы мен тұратын мекен-жайы көрсетіледі;
____________________________________________________________________
   заңды тұлғалар үшін атауы және тұратын мекен-жайы көрсетіледі)
операциясын ________________________________________________________
                   (операцияның түрі көрсетіледі)
2010 жылғы «__» _________ бастап 2010 жылғы «__» _______ қоса алғанда күнтізбелік күнге (күндерге) дейінгі мерзімге тоқтата тұрылсын.
      2. Күдікті операцияны тоқтата тұрудың негізі _________________
                                                (күдікті операцияны
____________________________________________________________________.
   айқындау критерийлерінің біреуі немесе бірнешеуі көрсетіледі)
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Төраға   ________________   _________________________________
                    (қолы)                  (аты-жөні, тегі)

Күдікті операцияларды тоқтата тұру
ережесіне 2-қосымша     

Нысан

Күдікті операцияны тоқтата тұру қажетінің жоқтығы

      1. «Заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 4-тармағына сәйкес _________________
                                                         (қаржы
____________________________________________________________________  мониторингі субъектісінің толық атауы жене оның тұратын мекен-жайы)
____________________________________________________________________
(жеке тұлғалар үшін тұлғаның Т.А.Ж., жеке басын куәландырушы құжат
____________________________________________________________________
деректері, заңды мекен-жайы және тұратын мекен-жайы көрсетіледі;
____________________________________________________________________
   заңды тұлғалар үшін атауы және тұратын мекен-жайы көрсетіледі)
операцияны тоқтата тұруға негіздеме жоқ.
      2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Төраға ________________   _________________________________
                    (қолы)                  (аты-жөні, тегі)