Қаржы мониторингі субъектілерінің Ішкі бақылау ережесін әзірлеу, қабылдау және орындау жөніндегі талаптарды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 ақпандағы N 57 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 5 наурызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6105 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 2 шілдедегі № 320 Бұйрығымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2012.07.02 № 320(2012.09.23 бастап күшіне енеді) Бұйрығымен.

      Қолданушылардың назарына!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.

      «Заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 28 тамыздағы Заңының (бұдан әрі - Заң) 11-бабының 3-тармағына cәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл жасау мақсатында қоса беріліп отырған Қаржы мониторингі субъектілерінің Ішкі бақылау ережесін әзірлеу, қабылдау және орындау жөніндегі талаптары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті (М.С. Өтебаев) белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның кейіннен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Р.Е. Дәленовке жүктелсін.
      4. Осы бұйрық 2010 жылғы 9 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Министр                                      Б. Жәмішев

      «КЕЛІСІЛДІ»                           «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасы                Қазақстан Республикасы
      Әділет министрі                       Индустрия және сауда
      Р. Түсіпбеков                         министрі
      ________________                      Ә. Исекешев
      2010 жылғы                             2010 жылғы 02 наурыз

      «КЕЛІСІЛДІ»                           «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасы                Қазақстан Республикасы
      Қаржы нарығын және                    Туризмжәне спорт 
      қаржы ұйымдарын                       министрінің  м.а.
      реттеу мен қадағалау                  Қ. Өскенбаев
      агенттігінің төрайымы                 2010 жылғы 23 ақпан
      Е. Бахмутова
      2010 жылғы 01 наурыз

      «КЕЛІСІЛДІ»                           «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының             Қазақстан Республикасы
      Ұлттық Банкінің төрағасы              Әділет министрінің м.а.
      Г. Марченко                           Д. Құсдәулетов
      2010 жылғы 02 наурыз                  2010 жылғы 05 наурыз

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің  
2010 жылғы 15 ақпандағы
№ 57 бұйрығымен   
бекітілген     

Қаржы мониторингі субъектілерінің Ішкі бақылау ережесін әзірлеу, қабылдау және орындау жөніндегі талаптары

      1. «Заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 28 тамыздағы Заңының (бұдан әрі - Заң) 11-бабының 3-тармағына cәйкес осы талаптар Қаржы мониторингі субъектілерінің ішкі бақылау ережелерін әзірлеуіне, қабылдауына және орындауына қойылатын біріңғай ұстанымды анықтайды.
      2. Қаржы мониторингі субъектілерінің ішкі бақылау ережесі мынадай талаптарды қамтуы тиіс:
      Заңның 4-бабының 1-тармағында көрсетілген шарттар;
      Заңның 4-бабының 2-тармағында көрсетілген қаржы мониторингіне жататын ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен жасалатын операциялардың тізбесі;
      Заңның 4-бабының 4-тармағында көзделген күдікті операцияларды анықтау критерийлері;
      өз клиенттерін тиісінше тексеру үшін қажетті құжаттар тізбесі;
      Заңның 5-бабының 3-тармағында көзделген өз клиенттерін тиісінше тексеру шаралары;
      корреспондент банктермен корреспонденттік қарым-қатынастар жасайтын қаржы мониторингі субъектісінің оларды тиісінше тексеру шаралары;
      Заңның 13-бабының 1-тармағында көрсетілген клиент операцияларын жүргізуден бас тарту негіздері;
      Заңның 13-бабы 2-тармағына сәйкес клиенттің күдікті операциялары туралы уәкілетті органды міндетті түрде ақпараттандыру жөніндегі шараларды;
      қаржы мониторингі субъектілері лауазымды тұлғаларының сәйкестендіру деректеріне және өз клиенттерін тиісінше тексеру жөніндегі өзге ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз ету;
      Заңның 5-бабының 3-тармағына сәйкес алынған ақпаратты сақтау және қорғау тәртібін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар;
      заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында жұмылдырылған қаржы мониторингі субъектілерінің қызметкерлерін даярлау және оқыту жүйесін ұйымдастыру жөніндегі шаралар;
      лауазымды тұлғаларды тағайындауға, олардың біліктілігіне және даярлауға қойылатын талаптар.
      3. Қаржы мониторингі субъектілері қаржы мониторингі субъектілерінің қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңдарына, Заңына және осы Талаптардың ережелеріне сәйкес ішкі бақылау ережелерін әзірлейді, қабылдайды және орындайды.