Қазақстан Республикасының «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңының 38-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Қоса берілген:
1) осы бұйрықтың тиісінше 1 және 2-қосымшаларына сәйкес жер қатынастары, геодезия және картография саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері;
2) осы бұйрықтың тиісінше 3, 4 және 5-қосымшаларына сәйкес жер ресурстарының жағдайына әсер ететін қызмет, жер қатынастарын реттеу және геодезия және картография саласындағы қызмет субъектілері үшін тексеру парақтарының нысандары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау және мемлекеттік жер кадастры департаменті (С.Ш. Сәрсенов):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі Төрағасының орынбасары К.Ө. Раймбековке жүктелсін.
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Жер ресурстарын басқару
агенттігі төрағасы Ө. Өзібеков
Қазақстан Республикасы
Экономика және бюджеттік
жоспарлау министрі Б. Сұлтанов
Қазақстан Республикасы
Жер ресурстарын басқару
агенттігі төрағасының
2010 жылғы 11 ақпандағы
№ 19-П және
Қазақстан Республикасы
Экономика және бюджеттік
жоспарлау министрінің
2010 жылғы 16 ақпандағы
№ 58 бірлескен бұйрығына
1-қосымша
Жер қатынастары саласындағы тәуекел дәрежесін
бағалау критерийлері
1. Осы жер қатынастары саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау Критерийлері (бұдан әрі - Критерийлер) Қазақстан Республикасының Жер кодексіне және Қазақстан Республикасының «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңына сәйкес жер қатынастары саласындағы бақылау субъектілерін тәуекел дәрежесіне жатқызу үшін әзірленді.
2. Осы Критерийлерде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) жер қатынастары саласындағы тәуекел – жер ресурстарына зиян келтіру, жер иелерінің жерге және жер пайдаланушылардың құқығының бұзылу, оның салдарларының ауырлық дәрежесін ескере отырып, ықтималдылығы;
2) бақылау субъектілері – жер ресурстарының жағдайына әсер ететін және жер қатынастарын реттеу саласында қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар.
3. Жер ресурстарының жағдайына әсер ететін қызметті жүзеге асырушы бақылаудың субъектілеріне иелігінде құнды ауыл шаруашылығы алқаптары бар ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер және жер қойнауын пайдаланушылар жатады.
Көрсетілген бақылау субъектілерін тәуекел дәрежелеріне жатқызу бірінші кезекті және кейінгі бөлу арқылы жүзеге асырылады.
4. Бірінші кезеңде ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер құнды ауыл шаруашылығы алқаптарының көлеміне, ал жер қойнауын пайдаланушылар келісім-шарттың мерзіміне қарай үш топқа бөлінеді:
1) жоғары тәуекел тобына:
5 000 гектардан (бұдан әрі - га) астам бағара егістігі, 100 га астам суармалы егістігі бар ауыл шаруашылығы тауар өндірушілер;
жер қойнауын пайдалануға келісім-шарт мерзімі бес жылдан аспайтын жер қойнауын пайдаланушылар жатқызылады;
2) орташа тәуекел тобына:
3 000 га-дан 5 000 га дейін бағара егістігі, 50 га-дан 100 га дейін суармалы егістігі бар ауыл шаруашылығы тауар өндірушілер;
жер қойнауын пайдалануға келісім-шарт мерзімі 5 жылдан 10 жылға дейінгі жер қойнауын пайдаланушылар жатқызылады;
3) төмен тәуекел тобына:
300 га-дан 3 000 га дейін бағара егістігі, 10 га-дан 50 га дейін суармалы егістігі бар ауыл шаруашылығы тауар өндірушілер;
жер қойнауын пайдалануға келісім-шарт мерзімі 10 жылдан астам жер қойнауын пайдаланушылар жатқызылады.
5. Екінші кезеңде жер ресурстарының жағдайына әсер ететін қызметті жүзеге асырушы бақылау субъектілерін тиісті тәуекел тобына жатқызылған субъектілерге мынадай баллдар беріледі:
1) ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін:
жерді қорғау бойынша іс-шаралардың болмауы (жердi құнарсыздануын, шөлейттенуін, су және жер эрозиясын, селді, су басуды, батпақтануды, қайталап сортаңдануды, құрғап кетуді, тапталуды және топырақтың бұзылуының басқа да процесстерін болдырмау бойынша агротехникалық іс-шараларды жүргізу) – 20 балл;
жер учаскесіне құқықты белгілейтін және сәйкестендіруші құжаттардың болмауы – 15 балл;
жерлерді бір жылдан астам пайдаланбау – 10 балл;
егістік алқаптарда дәнді-дақылдардың бір түріне ғана басымдылық беру – 10 балл;
егістік және өнім түсімі бойынша статистикалық есептердің болмауы – 5 балл;
жерге орналастыру жобасының болмауы (аумақтарды орналастыру жобасы) – 5 балл;
2) жер қойнауын пайдаланушылар үшін:
бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасының болмауы – 20 балл;
жер учаскесіне құқықты белгілейтін және сәйкестендіруші құжаттардың болмауы – 15 балл;
жерлердің өндірістік мониторингінің болмауы – 10 балл;
жерге орналастыру жобасының болмауы (аумақтарды орналастыру жобасы) – 5 балл;
межелеу белгілерін жою – 5 балл.
6. Кейінгі бөлу қорытындылары бойынша аталған субъектілерге тиісті тәуекел дәрежесіне жатқызу үшін мынадай тәртіпте баллдардың шекті сомасы белгіленеді:
1) жоспарлы тексерістің жылына бір рет реттілігі бар жоғары тәуекел дәрежесі:
ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің жерлерді пайдалану саласында – 25 және одан да жоғары балл;
жер қойнауын пайдалану саласында – 20 және одан да жоғары балл;
2) жоспарлы тексерістің үш жылда бір рет реттілігі бар орташа тәуекел дәрежесі:
ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің жерлерді пайдалану саласында – 15 баллдан 25 баллға дейін;
жер қойнауын пайдалану саласында – 10 баллдан 20 баллға дейін;
3) жоспарлы тексерістің бес жылда бір рет реттілігі бар төменгі тәуекел дәрежесі:
ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің жерлерді пайдалану саласында – 15 баллға дейін;
жер қойнауын пайдалану саласында – 10 баллға дейін.
7. Бақылау субъектілері бір тәуекел ету дәрежесінің ішінде болған жағдайда таңдау мынадай тәртіпте жүргізіледі:
1) берілген баллдардың ең көп сомасы бойынша;
2) жер учаскесінің көлеміне байланысты;
3) келісім-шарттың ең қысқа мерзімі бойынша (жер қойнауын пайдаланушылар үшін).
8. Жер қатынастарын реттеу саласында әрекет етуші субъектілерге жергілікті атқарушы органдар жатады, олар мынадай тәуекел дәрежелері бойынша үлестіріледі:
1) жоғары тәуекел дәрежесі – облыстық, республикалық маңыздағы қалалардың және облыс орталығының, сондай-ақ олардың қала маңы аймақтары мен ауылдық округтерінің жергілікті атқарушы органдары;
2) орташа тәуекел дәрежесі – облыстық маңыздағы қалалардың және аудандардың жергілікті атқарушы органдары;
3) төменгі тәуекел дәрежесі – селолық (ауылдық) округтердің жергілікті атқарушы органдары.
9. Жер қатынастарын реттеуді жүзеге асыратын бақылау субъектілері басқа тәуекел дәрежесіне ауыстырылмайды.
10. Әр бір тексерілетін субъектіге бақылау ісі жүргізіледі, онда тексерістерді тағайындау туралы актілердің, тексеріс бойынша тексеру парақтарының, нұсқамалардың көшірмелері, тексеріс нәтижелері және жер заңнамасының талаптарын орындау бойынша жүргізілетін іс-шаралар туралы мәліметтер тігіледі.
Қазақстан Республикасы
Жер ресурстарын басқару
агенттігі төрағасының
2010 жылғы 11 ақпандағы
№ 19-П және
Қазақстан Республикасы
Экономика және бюджеттік
жоспарлау министрінің
2010 жылғы 16 ақпандағы
№ 58 бірлескен бұйрығына
2-қосымша
Геодезия және картография саласында тәуекел дәрежесін
бағалау критерийлері
1. Осы Геодезия және картография саласында тәуекел дәрежесін бағалау Критерийлері (бұдан әрі - Критерийлер) Қазақстан Республикасының «Геодезия және картография туралы» және «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңдарына сәйкес геодезия және картография саласындағы бақылау субъектілерін тәуекел дәрежелеріне жатқызу үшін әзірленді.
2. Осы Критерийлерде мынадай ұғымдар пайдаланылды:
1) геодезия және картография саласындағы тәуекел – мемлекеттік шекара, әкімшілік-аумақтық бірліктер арасындағы шекара сызығының өту орнының, сондай ақ географиялық атаулардың өзгеруі нәтижесінде мемлекеттке зиян келтіруі мүмкін топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды өндіру кезіндегі деректерді және мәліметтерді дұрыс бермеу, оның салдарларының ауырлық дәрежесін ескере отырып;
2) бақылау субъектілері – геодезиялық және картографиялық қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар.
3. Әзірленетін және жүзеге асырылатын геодезиялық-картографиялық өнім мен мәліметтердің түріне қарай геодезия және картография саласындағы бақылау субъектілері тиісті баллдар беріліп үш топқа бөлінген:
1) жоғары тәуекел тобына:
бірыңғай мемлекеттік координаттар жүйесінде топографо - геодезиялық және картографиялық өнімнің деректер базасын жасау, беру, есепке алу, сақтау саласында әрекет ететін бақылау субъектісі жатқызылады – 20 балл;
2) орташа тәуекел тобына:
жергілікті немесе шартты координаттар жүйесінде геодезиялық және картографиялық өнімнің деректер базасын жасау, беру, есепке алу, сақтау саласында әрекет ететін бақылау субъектілері жатқызылады – 10 балл;
3) төмен тәуекел тобына:
Қазақстан Республикасының Ұлттық картографиялық-геодезиялық қорына мәліметтер мен деректерді беру, есепке алу, сақтау саласында әрекет ететін бақылау субъектілеріне жатқызылады – 5 балл.
4. Жоғары тәуекел дәрежесіндегі субъектілер орташа немесе төмен тәуекел дәрежелеріне ауыстырылмайды.
5. Орташа немесе төмен тәуекел дәрежесіндегі субъектілер одан да жоғары және төмен тәуекел дәрежелеріне ауыстырылуы мүмкін.
6. Бақылау субъектілері бір тәуекел дәрежесінің ішінде болған жағдайда таңдау мына тәртіпте жүзеге асырылады:
1) берілген баллдардың ең көп сомасы бойынша;
2) берілген баллдардың сомасы бірдей болған жағдайда тексеру үшін топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарының көлемі үлкен мемлекеттік бақылау субъектісі таңдалып алынады;
3) берілген балдар мен, топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарының көлемі бірдей болған жағдайда тексеріс жоспарына ұзақ уақыттан бері тексерістен өткізілмеген (3 жылдың ішінде) мемлекеттік бақылау субъектісі енгізіледі;
4) тұтынушылар тарапынан арыздар, ақпаратты қорғау саласындағы бұзушылықтар, өлшеу құралдарының типін бекіту туралы сертификаттың, аспаптардың, бағдарламалық өнімдерді түгендеу туралы сертификаттардың қолданыс мерзімі бұзылғаны туралы мемлекеттік органдардың өтініштері болған жағдайда.
Қазақстан Республикасы
Жер ресурстарын басқару
агенттігі төрағасының
2010 жылғы 11 ақпандағы
№ 19-П және
Қазақстан Республикасы
Экономика және бюджеттік
жоспарлау министрінің
2010 жылғы 16 ақпандағы
№ 58 бірлескен бұйрығына
3-қосымша
Нысан
Жер ресурстарының жағдайына әсер ететін қызметті жүзеге
асыратын субъектілерді тексеру парағы
Органның атауы _____________________________________________________
____________________________________________________________________
Тексерісті тағайындау туралы акт ___________________________________
(№, күні)
____________________________________________________________________
Субъектінің атауы __________________________________________________
____________________________________________________________________
Орналасқан жердің мекен-жайы _______________________________________
____________________________________________________________________
№ |
Талаптардың тізбесі |
1 |
Жерді қорғау бойынша іс-шаралардың болуы (жердi құнарсыздануын, шөлейттенуін, су және жел эрозиясын, селді, су басуды, батпақтануды, қайталап сортаңдануды, құрғап кетуді, тапталуды және топырақтың бұзылуының басқа да процесстерін болдырмау бойынша агротехникалық іс-шараларды жүргізу) |
2 |
Құқықты растаушы және сәйкестендіру құжаттарының болуы |
3 |
Жер заңнамасында белгіленген жерлердің жағдайы және пайдалану туралы деректерді мемлекеттік органдарға уақытылы беру (егістіктер және өнім беруі туралы статистикалық есептердің болуы) |
4 |
Межелеу белгілерін сақтау |
5 |
Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу, жердің құнарлығын және басқа да пайдалы қасиеттерін қалпына келтіру |
6 |
Жер учаскесінің жерге орналастыру жобасының болуы (аумақтарды орналастыру жобасы) |
7 |
Өндіріс технологиясын қолдану тәртібін сақтау (егістік алқаптарда дәнді-дақылдардың бір түріне ғана басымдылық бермеу, егістік айналымын сақтау) |
8 |
Бүлінген жерді қайта қалпына келтіру жобасының болуы |
9 |
Ауыл шаруашылығы нысанындағы жерлерді тиімді пайдалану |
10 |
Жер учаскесінің шекараларының құқықты белгілейтін және сәйкестендіруші құжаттарға сәйкестігі |
11 |
Жерді пайдаланудың табиғатты қорғау режимін сақтау |
12 |
Жерлерді нысаналы мақсатында пайдалану |
13 |
Уақытша алып отырған жерлерді нысаналы тағайындалуына сәйкес одан әрі пайдалануға жарайтын жағдайға келтіру бойынша міндеттемелерді орындау |
14 |
Жер учаскесін пайдалануға рұқсат негізінде зерттеу жұмыстарын жүргізу |
15 |
Жердiң ластануын, тозуын, қоқыстануын және топырақтың құнарлы қабатын нашарлауын болдырмау, және де топырақтың құнарлы қабатын алу, бұлай алу топырақтың құнарлы қабатының бiржола жоғалуын болдырмау үшiн қажет болған жағдайларды қоспағанда |
16 |
Жерді пайдалану мен қорғау мәселелеріне қатысты бағдарламалар, жобалар мен схемалардың оң сараптамасының болуы |
Лауазымды тұлғалар:
________________________ __________ ______________________________
(лауазымы) (қолы) (аты жөні)
________________________ __________ ______________________________
(лауазымы) (қолы) (аты жөні)
Жеке кәсіпкерлік субъектісінің басшысы, жеке кәсіпкер:
____________________________________________________ _____________
(аты жөні, лауазымы) (қолы)
Қазақстан Республикасы
Жер ресурстарын басқару
агенттігі төрағасының
2010 жылғы 11 ақпандағы
№ 19-П және
Қазақстан Республикасы
Экономика және бюджеттік
жоспарлау министрінің
2010 жылғы 16 ақпандағы
№ 58 бірлескен бұйрығына
4-қосымша
Нысан
Жер қатынастарын реттеу саласында қызметті жүзеге
асыратын субъектілерді тексеру парағы
Органның атауы ___________________________________________________
__________________________________________________________________
Тексерісті тағайындау туралы акт _________________________________
(№, күні)
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Субъектінің атауы ________________________________________________
__________________________________________________________________
Орналасқан жердің мекен-жайы _____________________________________
__________________________________________________________________
№ |
Талаптардың тізбесі |
1 |
Мемлекеттік меншіктегі және жер учаскелерін берудің аукциондық немесе конкурстық тәсілі пайдаланылмайтын жағдайларды ескермегенде, сауда саттықты (аукциондар, конкурстар) өткізусіз жер пайдалануға берілмеген жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалдау құқығын беру |
2 |
Жер учаскесіне тиісті құқықты беру туралы жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін (арыздарын) қарау мерзімін сақтау |
3 |
Сұрау салынып отырған жер учаскесін пайдалану мүмкіндігі туралы ұсыныстарды және жер комиссиясының шешімін әзірлеу мерзімдерін сақтау |
4 |
Жер комиссиясының оң қорытындысы негізінде және бекітілген жерге орналастыру жобасына сәйкес жер учаскесіне құқықты беру |
5 |
Жер учаскелеріне құқықты беруден бас тарту туралы шешімді қабылдау мерзімін сақтау |
6 |
Жергілікті атқарушы органның жер учаскелеріне құқықты беру туралы шешімді қабылдау мерзімін сақтау |
7 |
Өз құзыреті шегінде жер учаскесіне тиісті құқықты беру |
8 |
Жер учаскесінің негізгі нысаналы тағайындалуына қайшы келмейтін мақсаттарға орман, су қоры жерлері санатынан, ерекше қорғалатын табиғи аймақтардан жер учаскесіне құқық беру |
9 |
Жер заңнамасында көзделген тек ерекше жағдайлардың тізбесіне енетін жағдайлар үшін мемлекет мұқтажына жер учаскесін күштеп алып қою туралы шешім қабылдау |
10 |
Жер заңнамасында белгіленген нормалар шегінде жер учаскесін жеке меншікке тегін беру туралы шешім қабылдау |
11 |
Жер заңнамасында көзделген мақсаттарға және мерзімде уақытша ақысыз жер пайдалану құқығын беру |
12 |
Жер заңнамасында көзделген шет елдіктерге немесе азаматтығы жоқ тұлғаларға жерге меншік құқығын беру |
13 |
Уақытша өтеулі (жалдау) жер пайдалану туралы шартты жасау мерзімін сақтау |
14 |
Жергілікті атқарушы органның қабылданған тиісті шешімдердің нәтижелері туралы шешімдерінің көшірмелерін беру мерзімдерін сақтау |
15 |
Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыру тәртібін сақтау |
16 |
Жер учаскелеріне құқықтарды беру реттілігін сақтау |
17 |
Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы өтінішті қарау мерзімін сақтау |
18 |
Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерткен жағдайда сәйкестендіру құжаттарын қайта рәсімдеу мерзімін сақтау |
19 |
Жерге орналастыру құжаттамаларын бекітудің белгіленген тәртібін сақтау |
20 |
Тұрғын үй құрылысы үшін, арнайы жер қорында жерлердің болуы туралы ақпаратты беру |
21 |
Жерді мемлекеттік тіркеу, есепке алу және бағалау мәліметтерінің нақтылығы |
22 |
Мемлекеттік жер кадастрын дұрыс жүргізу |
Лауазымды тұлғалар:
________________________ __________ ______________________________
(лауазымы) (қолы) (аты жөні)
________________________ __________ ______________________________
(лауазымы) (қолы) (аты жөні)
Басшысы:
_____________________________________________________ ____________
(аты жөні, лауазымы) (қолы)
Қазақстан Республикасы
Жер ресурстарын басқару
агенттігі төрағасының
2010 жылғы 11 ақпандағы
№ 19-П және
Қазақстан Республикасы
Экономика және бюджеттік
жоспарлау министрінің
2010 жылғы 16 ақпандағы
№ 58 бірлескен бұйрығына
5-қосымша
Нысан
Геодезия және картография саласында қызмет атқаратын
субъектілерді тексеру парағы
Органның атауы _____________________________________________________
____________________________________________________________________
Тексерісті тағайындау туралы акт ___________________________________
(№, күні)
____________________________________________________________________
Субъектінің атауы __________________________________________________
____________________________________________________________________
Орналасқан жердің мекен-жайлары ____________________________________
____________________________________________________________________
№ |
Талаптардың тізбесі |
1 |
Топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды өндіруге лицензияның болуы |
2 |
Лицензиялау ережелеріне және жерге орналастыру, топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды өндіруге біліктілік талаптарына сәйкес құжаттардың болуы |
3 |
Әуефото түсірімді жүргізуге рұқсаттың болуы |
4 |
Топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды өндіруге техникалық жобалардың (техникалық тапсырмалар немесе техникалық ерекшелік немесе келісім-шарттар) болуы |
5 |
Геодезия және картография саласындағы жоғары және арнайы орта білімі бар мамандардың болуы |
6 |
Материалдық техникалық базаның геодезия және картография саласындағы құқықтық актілерге және техникалық талаптарға сәйкес келуі |
7 |
Геодезиялық өлшеу құралдары болып табылатын аспаптар мен жабдықтарды түгендеу туралы сертификаттардың болуы |
8 |
Далалық және камералдық жұмыстар өнімдерін техникалық бақылау және қабылдау жүйесінің болуы |
9 |
Жер беті объектілерінің, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасының, әкімшілік-аумақтық бірліктер арасындағы шекаралардың картографиялық материалда көрсетудің нормативтік-техникалық құжаттардың талаптарына сәйкес келуі |
10 |
Топографиялық-геодезиялық және картографиялық, аэроғарыштық материалдар мен деректерді есептеудің нормативтік-техникалық құжаттардың талаптарына сәйкес келуі |
11 |
Топографиялық-геодезиялық және картографиялық, аэроғарыштық материалдар мен деректерді сақтау жағдайының нормативтік-техникалық құжаттардың талаптарына сәйкес келуі |
12 |
Топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды немесе әуеғарыштық түсірімдерді жүргізу нәтижесінде алынған материалдар мен деректерді көбейту ережелерін сақтау |
13 |
Қазақстан Республикасының қауіпсіздігі мүдделерін ескере отырып геодезиялық-картографиялық жұмыстарды немесе әуеғарыштық түсірімдерді жүргізу нәтижесінде алынған топографиялық-геодезиялық немесе картографиялық материалдар мен деректерді пайдалану ережелерін сақтау |
14 |
Ұлттық картографиялық-геодезиялық қорға топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстардың және аэроғарыштық түсірімдердің материалдарын беру тәртібін сақтау |
15 |
Құпия материалдармен жұмыс жасайтын субъектілерде рұқсаттардың болуы |
16 |
Құпия және ҚПҮ белгісі бар материалдарды есепке алу, сақтау және беру ережелерін сақтау |
17 |
Геодезиялық пункттерді қорғау жөніндегі ережелерді сақтау |
Лауазымды тұлғалар:
________________________ __________ ______________________________
(лауазымы) (қолы) (аты жөні)
________________________ __________ ______________________________
(лауазымы) (қолы) (аты жөні)
Басшы:
_____________________________________________________ ____________
(аты жөні, лауазымы) (қолы)