«Жеке кәсiпкерлiк туралы» Қазақстан Республикасы Заңының38-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Осы бұйрықтың 1 және 2-қосымшаларына сәйкес тиісінше қоса беріліп отырған Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектілерінің және сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы және лицензиялау саласындағы жергілікті атқарушы органдардың тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлері бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау, аттестаттау және аккредиттеу департаментінің директоры (Ғ.Р. Әбдірайымов):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
2) мемлекеттік тіркеуден өткен соң осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының орынбасары Н.П. Тихонюкке жүктелсін.
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді.
5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Құрылыс және тұрғын
үй-коммуналдық шаруашылық
істері агенттігінің төрағасы С. Нокин
Қазақстан Республикасы
Экономика және бюджеттік
жоспарлау министрі Б. Сұлтанов
Қазақстан Республикасы Құрылыс
және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
істері агенттігі төрағасының
2010 жылғы 18 ақпандағы № 60 және
Қазақстан Республикасы Экономика және
бюджеттік жоспарлау министрінің
2010 жылғы 19 ақпандағы № 82
бірлескен бұйрығына 1-қосымша
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектілерінің
тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлері
1. Жалпы ережелер
1. Құрылыс саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалаудың осы критерийлері (бұдан әрі – Критерийлер) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» (бұдан әрі – Заң) және «Жеке кәсiпкерлiк туралы» Заңдарына сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектілерін тәуекел дәрежесіне жатқызу үшін әзірленді.
2. Осы Критерийлерде мынадай ұғым пайдаланылады:
тәуекел – сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектілерінің (бұдан әрі – субъект) қызметі нәтижесінде салдарының ауырлық дәрежесі ғимараттар мен құрылыстардың қаттылығы мен тұрақтылығын қамтамасыз ететін тіреу құрылыс құрастырмаларының конструкциялық беріктігінен айрылу ықтималдығы.
2. Тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлерін айқындау
3. Тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлері сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі объектілерінің жауапкершілік дәрежелерін ескере отырып белгіленген объективті факторларды ескере отырып айқындалады.
Объективті критерийлер бойынша субъектілер мынадай тәуекел дәрежесіне бөлінеді:
1) жоғары тәуекел дәрежесі бар бірінші топ – жауапкершілігі бірінші деңгейдегі объектілер;
2) орташа тәуекел дәрежесі бар екінші топ – жауапкершілігі екінші деңгейдегі объектілер;
3) төмен тәуекел дәрежесі бар үшінші топ – жауапкершілігі үшінші деңгейдегі объектілер.
4. Белгіленген жауапкершілік деңгейлеріне байланысты жобалау процесінде объектілер жоғары, орташа не төмен тәуекел дәрежесіне ауыстырылмайды.
5. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі объектілерінің жауапкершілік деңгейлері Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1656 қаулысымен бекітілген Ғимараттар мен құрылыстарды техникалық жағынан күрделі объектілерге жатқызу ережесіне сәйкес белгіленеді.
Қазақстан Республикасы Құрылыс
және тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылық істері агенттігі
төрағасының
2010 жылғы 18 ақпандағы № 60 және
Қазақстан Республикасы Экономика және
бюджеттік жоспарлау министрінің
2010 жылғы 19 ақпандағы № 82
бірлескен бұйрығына 2-қосымша
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, мемлекеттік
сәулет-құрылыс бақылауы және лицензиялау саласындағы жергілікті
атқарушы органдардың тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлері
1. Жалпы ережелер
1. Құрылыс саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалаудың осы критерийлері (бұдан әрі – Критерийлер) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» (бұдан әрі – Заң) және «Жеке кәсiпкерлiк туралы» Заңдарына сәйкес бақылау субъектілерін тәуекел дәрежесіне жатқызу үшін әзірленді.
2. Осы Критерийлерде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) тәуекел – сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында әкімшілік рәсімдерді орындау процесінде белгіленген талаптарды бақылау субъектілерінің бұзуы, бұл мемлекеттік, қоғамдық және жеке мүдделерге зиян келтіруі мүмкін;
2) бақылау субъектілері – мынадай жергілікті атқарушы органдар:
сәулет және қала құрылысы істері жөніндегі;
құрылыс істері;
мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау.
2. Бақылау субъектілері үшін тәуекелдер дәрежесін
бағалау критерийлерін айқындау
3. Бақылау субъектілері тәуекелдің мынадай дәрежелері бойынша бөлінеді:
1) жоғары тәуекел дәрежесі – облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдары;
2) орташа тәуекел дәрежесі – облыстық маңызы бар қалалар мен аудандардың жергілікті атқарушы органдары.
4. Бақылау субъектілері сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган жүргізген тексерудің нәтижелері бойынша жоғары не орта тәуекел дәрежесіне ауыстырылмайды.