Қолданушылардың назарына!
Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз.
«Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 38-бабын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Қоса берілген Тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлері бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (Д.Е. Ерғожин):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық 2010 жылдың 3 ақпанынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
______________ Б. Жәмішев
Қазақстан Республикасының
Экономика және бюджеттік
жоспарлау министрі
_____________ Б. Сұлтанов
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2010 жылғы 2 ақпандағы
№ 34 және
Қазақстан Республикасы
Экономика және бюджеттік
жоспарлау министрінің
2010 жылғы 4 ақпандағы
№ 26 бірлескен бұйрығымен
бекітілген
Тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлері
1. Осы Критерийлер жоспарлы салық тексерулерін жүргізу үшін өңірлер бөлінісінде әрекет ететін салық төлеушілерді іріктеу мақсатында салық төлеушілерді тәуекел дәрежесіне жатқызу үшін әзірленді.
2. Осы Критерийлер мынадай салық төлеушілерге:
1) корпоративтік табыс салығы бойынша «Салық есептілігін жасау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 25 желтоқсандағы № 611 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 5423 етіп тіркелген, 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 197 (1597) «Заң газетінде» жарияланған) (бұдан әрі - № 611 бұйрық) бекітілген тек 130.00 нысандағы декларацияны ұсынатын коммерциялық емес ұйымдарға;
2) қызметін әлеуметтік салада жүзеге асыратын және корпоративтік табыс салығы бойынша № 611 бұйрықпен бекітілген 140.00 және 150.00 нысандарымен декларация тапсыратын ұйымдарға;
3) жеке кәсіпкерлерге;
4) оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын заңды тұлғаларға таратылмайды.
3. Тәуекелдерді бағалау Критерийлері бойынша баллдар, салық төлеушілерді тәуекелдер дәрежесі бойынша дифференциациялау үшін пайдаланылатын Критерийлердің барлығы бойынша жалпы жинақ қорытындыны анықтау үшін жинақталады.
4. Салық төлеушілерді тәуекелдер дәрежесі бойынша дифференциациялау былайша жүзеге асырылады:
тәуекел дәрежесі жоғары – 100 баллдан (қоса алғанда) және одан да жоғары;
тәуекел дәрежесі орташа – 50 баллдан (қоса алғанда) 100 баллға дейін;
тәуекел дәрежесі елеусіз – 50 баллға дейін.
5. Тәуекелдер дәрежесін бағалау Критерийлері:
1) осы Критерийлердің қосымшасына сәйкес, салық төлеушінің салықтық жүктемесінің коэффициенті салықтық жүктеме коэффициентінің орта салалық мәнінен төмен:
25 пайыздан аз болса - 10 балл;
25 пайыздан 50 пайызға дейін - 20 балл;
50 пайыздан 75 пайызға дейін - 30 балл;
75 пайыздан артық болса - 60 балл.
Салықтық жүктеменің коэффициентін есептеу кедендік төлемдерді қоспағанда, салықтық жүктеменің коэффициентін есептеу әдістемесіне сәйкес, салық және бюджетке есептелген, төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша анықталады;
2) жалған кәсіпорындармен, әрекет етпейтін салық төлеушілермен және сот олардың тіркелуін заңсыз деп таныған кәсіпорындармен мәмілелерді, сондай-ақ сот жасалуын кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру ниеті болмай жүзеге асырылған деп таныған мәмілелерді жүзеге асыру:
егер мәмілелер сомасы 500 мың теңгеге дейін болса – 5 балл;
егер мәмілелер сомасы 500 мың теңгеден 10 миллион теңгеге дейін болса – 20 балл;
егер мәмілелер сомасы 10 миллион теңгеден артық болса – 60 балл;
3) нөлдік көрсеткіштері бар корпоративтік табыс салығы немесе қосылған құн салығы бойынша салық есептілігін ұсыну кезінде шот-фактуралардан үзінді көшірме беру:
қосылған құн салығы бойынша декларацияда көрсетілген айналым (қосылған құн салығы бойынша декларацияда көрсетілген тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түскен табыс пен) мен берілген шот-фактуралардың үзінді көшірмелерінде көрсетілген сома арасындағы алшақтық 500 мың теңгеге дейін болса - 5 балл;
500 мың теңгеден 10 миллион теңгеге дейін болса – 10 балл;
10 миллион теңгеден артық болса – 50 балл;
4) еңбекақы төлеу қорының жылдық жиынтық табысқа қатынасы:
0,1%-дан аз болса – 50 балл;
0,1%-дан 0,5%-ға дейін болса – 30 балл;
0,5%-дан астам 1%-ға дейін болса – 10 балл;
5) салық төлеуші активтерінің жиынтық жылдық табысқа қатынасы:
0,1%-дан аз болса – 50 балл;
0,1%-дан 0,5%-ға дейін болса – 30 балл;
0,5%-дан астам 1%-ға дейін болса – 10 балл;
6) егер басшы немесе (және) құрылтайшы әрекет етпейтін салық төлеушілердің, жалған кәсіпорындардың және сот олардың тіркелуін заңсыз деп таныған кәсіпорындардың, сондай-ақ сот мәмілелерін кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру ниеті болмай жасалған деп таныған салық төлеушілердің басшысы немесе (және) құрылтайшысы болып табылса:
егер басшы немесе (және) құрылтайшы әрекет етпейтін салық төлеушілердің басшысы немесе (және) құрылтайшысы болып табылса – 10 балл;
егер басшы немесе (және) құрылтайшы тіркелуі жарамсыз деп танылған кәсіпорындардың басшысы немесе (және) құрылтайшысы болып табылса – 20 балл;
егер басшы немесе (және) құрылтайшы жалған кәсіпорындардың, сондай-ақ сот мәмілелерін кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру ниеті болмай жасалған деп таныған салық төлеушілердің басшысы немесе (және) құрылтайшысы болып табылса – 30 балл;
7) Салық органдарында жылына 2 рет және одан артық есептен шығару және есепке қою (бiр облыста есептен шығару және басқаға есепке қою) – 30 балл.
6. Салықтық тексерулер жоспарына енгізілетін салық төлеушілердің жалпы саны былайша бөлінеді:
1) салықтық тексерулер жоспарына енгізілетін салық төлеушілердің жалпы санының 80 пайызы тәуекел дәрежесі жоғарыға жатқызылған салық төлеушілерге;
2) 15 пайызы – тәуекел дәрежесі орташаға жатқызылған салық төлеушілерге;
3) 5 пайызы - тәуекел дәрежесі елеусізге жатқызылған салық төлеушілерге жатуы тиіс.
7. Тәуекелдің бір тобының ішінде жоспарлы салықтық тексерулерді жүргізуге салық төлеушілерді іріктеу мынадай принциптер бойынша жүзеге асырылады:
1) жиынтық табысы 1 миллион теңгені және одан да астам құрайды;
2) берілген баллдардың неғұрлым жоғары сомасы;
3) берілген баллдардың сомасы бірдей болған жағдайда, тексеру үшін жылдық жиынтық табысының мөлшері көбірек салық төлеуші іріктеледі;
4) берілген баллдардың сомасы бірдей болған, сондай-ақ жылдық жиынтық табысының мөлшері бірдей болған жағдайда, тексеру жоспарына тексерілмеген салық кезеңі неғұрлым көбірек салық төлеуші енгізіледі.
8. Мониторингілеуге жататын ірі салық төлеушілер салықтық тексерулер жоспарына осы Критерийлердің 5-тармағында көзделген тәуекелдер дәрежесін бағалау Критерийлерін қолдануына қарамастан енгізіледі.
Мониторингілеуге жататын ірі салық төлеушілерді салықтық тексерулер жүргізу үшін іріктеу салықтық тексеруді жүзеге асыратын салық органдарының құрылымдық бөлімшелерінің штат санына және мұндай тексерулерді жүргізуде тиісті тәжірибесі бар қызметкерлер санына қарай өңірлер бөлінісінде мынадай Критерийлер бойынша жүзеге асырылады:
1) тексерумен қамтылмаған салықтық кезеңі 4 жылды және одан да көп құраса;
2) жекелеген өңірде, іріктеу нәтижесінде ірі салық төлеушілердің едәуір көп саны тексеруге жататын болған жағдайда, тексеру жүргізу үшін басымдықты жылдық жиынтық табысының мөлшері неғұрлым көбірек ірі салық төлеушілерге беру қажет.
Тәуекел дәрежелерін
бағалау критерийлеріне
қосымша
Экономикалық қызмет түрлері бойынша салықтық жүктеме коэффициенті (республикалық мониторингтегі кәсіпорындарсыз)
№ |
Аталуы |
СЖК* ортасалалық мәні, % |
1 |
Ауыл шаруашылығы, аңшылық және орман шаруашылығы |
6,7 |
2 |
Балық аулау, балық шаруашылығы |
9,1 |
3 |
Тау-кен өндіру |
13,6 |
4 |
Отын-энергетикалық пайдалы қазбаларды шығару |
14,8 |
5 |
Отын-энергетикалық пайдалы қазбаларды шығаруды қоспағанда, тау-кен өндіру |
10,6 |
6 |
Өңдеу өнеркәсібі |
5,8 |
7 |
Сусындар мен темекіні қоса алғанда тамақ өнімдерін өндіру |
5,4 |
8 |
Тоқыма және тігін өнеркәсібі |
3,5 |
9 |
Тоқыма өнеркәсібі |
2,0 |
10 |
Тері, теріден жасалған бұйымдар өндірісі және аяқ киім өндірісі |
4,4 |
11 |
Ағаш өңдеу және ағаштан жасалған бұйымдар өндірісі |
4,4 |
12 |
Целлюлоза-қағаз өнеркәсібі; баспа ісі |
8,3 |
13 |
Кокс, мұнай өнімдерін және ядролық материалдарды өндіру |
10,8 |
14 |
Химия өнеркәсібі |
4,4 |
15 |
Резина және пластмасса өнімдерінің өндірісі |
3,9 |
16 |
Өзге металл емес минералды өнімдер өндірісі |
7,3 |
17 |
Металлургия өнеркәсібі және дайын металл өнімдер өндірісі |
3,7 |
18 |
Машиналар мен жабдықтар өндірісі |
7,8 |
19 |
Электр жабдығы, электронды және оптикалық жабдықтар өндірісі |
4,2 |
20 |
Көлік құралдары мен жабдықтарды өндіру |
10,2 |
21 |
Өнеркәсіптің өзге салалары |
2,6 |
22 |
Электр энергиясын, газды және суды өндіру мен бөлу |
5,9 |
23 |
Электр энергиясын, газды, буды және ыстық суды өндіру мен бөлу |
5,5 |
24 |
Электр энергиясын өндіру мен бөлу |
4,6 |
25 |
Газға тектес отынды өндіру мен бөлу |
10,2 |
26 |
Бумен және ыстық сумен қамтамасыз ету |
7,3 |
27 |
Суды жинау, тазалау және бөлу |
10,2 |
28 |
Құрылыс |
3,7 |
29 |
Сауда, автомобильдерді, тұрмыс бұйымдарын және жеке пайдалану заттарын жөндеу |
1,1 |
30 |
Қонақ үйлер мен ресторандар |
9,7 |
31 |
Көлік және байланыс |
7,6 |
32 |
Темір жол көлік қызметі |
7,3 |
33 |
Байланыс |
13,3 |
34 |
Жылжымайтын мүлікпен операциялар, жалға алу және тұтынушыларға қызмет көрсету |
10,7 |
35 |
Демалыс пен ойын-сауықты ұйымдастыру жөніндегі қызмет |
6,9 |
36 |
Жеке қызмет көрсету |
9,1 |
*- Салықтық жүктеме коэффициенті