"Әуежайлар мен аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифтеріне (бағаларына, алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерін бекіту ережесі туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 5 қарашадағы № 263-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2010 жылғы 30 желтоқсандағы N 360-НҚ Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 26 сәуірде № 6919 тіркелді

Қолданыстағы

      «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-1-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Әуежайлар мен аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифтеріне (бағаларына, алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерін бекіту ережесі туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 5 қарашадағы № 263-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 5 қарашадағы № 263-НҚ бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2599 нөмірімен тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      сол жақ төменгі бұрыштағы «Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі 2003 жылғы 2 желтоқсан», «Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің төрағасы 2003 жылғы 15 қазан» деген сөздер алып тасталсын;
      осы бұйрықпен бекітілген Әуежайлар мен аэронавигация реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифтеріне (бағаларына, алымдар ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерін бекіту ережесінде:
      бүкіл мәтін бойынша «,Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитетіне, Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне,», «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті, Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі,», «Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Салық комитеті, Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі,», «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті және Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі,», «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті, Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің,» деген сөздер алып тасталсын;
      1-тармақтағы «Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы» Заң күші бар Жарлығына» деген сөздер ««Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы» Қазақстан Республикасының Заңына» деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақ мынадай мазмұндағы бесінші және алтыншы абзацтармен толықтырылсын:
      «шартты-ауыспалы шығындар – реттеліп көрсетілетін қызметтер көлеміне тәуелді реттелетін қызметтер ұсынуға байланысты субъектінің шығындары;
      өтініш беруші – уақытша төмендету коэффициентін бекітуге өтінімді ұсынған әуе кемесін пайдаланушы, әуежай немесе аэронавигациялық ұйым;»;
      5-тармақта:
      2) тармақшадағы «. » белгіні «; » деген белгісімен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
      «3) жаңадан енгізіліп отырған рейс (бұл ретте реттеліп көрсетілетін қызметтер көлемінің өсуі жүз пайызға тең).»;
      7-тармақ:
      «байланысты» деген сөзден кейін «шартты-ауыспалы» деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:
      «Субъектінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің түрлері бойынша шартты-ауыспалы шығындардың тізбесі осы Ережеге 3-қосымшада келтірілген.»;
      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «9. Уақытша төмендету коэффициенттері шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң бір күнтізбелік жылдан аспайтын белгілі бір уақытқа қолданысқа енгізіледі.»;
      12-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;
      18-тармақтың үшінші бөлігінде:
      «10» деген цифр «5» деген цифрмен ауыстырылсын;
      «бұйрық» деген сөз «уақытша төмендету коэффициенті» деген сөздермен ауыстырылсын;
      22-тармақтағы «алып тастауы мүмкін» деген сөздер «алып тасталынады» деген сөздермен ауыстырылсын;
      23-тармақтағы «дepeу» деген сөзді «үш жұмыс күнiнiң iшiнде» деген сөздермен ауыстырылсын;
      25–тармақ:
      «жүгiнеді» деген сөз «жүгінуге құқылы» деген сөзбен ауыстырылсын;
      «сұрауға құқылы» деген сөздер «сұратады» деген сөзбен уыстырылсын;
      26-тармақтағы екінші сөйлем алып тасталсын;
      Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 3-қосымшамен толықтырылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Темір жол көлігі, азаматтық авиация және порттар саласындағы реттеу департаменті (Г.К. Ыбыраева) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті (Р.Е. Сүлейменова) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:
      1) оны белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін;
      2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің, Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің, «Астана халықаралық әуежайы» акционерлік қоғамының, «Алматы халықаралық әуежайы» акционерлік қоғамының, «Атырау халықаралық әуежайы» акционерлік қоғамының, «Ақтау халықаралық әуежайы» акционерлік қоғамының, «Сары-Арқа халықаралық әуежайы» акционерлік қоғамының және «Казаэронавигация» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының назарына жеткізсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары Қ.М. Смағұловқа жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Төраға                                     Н. Алдабергенов

      КЕЛІСІЛГЕН:
      Қазақстан Республикасының
      Көлік және коммуникация министрі
      _______________ А. Құсаинов
      2011 жылғы 10 наурыз

      Қазақстан Республикасының
      Экономикалық даму және сауда министрі
      _______________ Ж. Айтжанова
      2011 жылғы 4 сәуір

      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі
      _______________ Б.Жәмішев
      2011 жылғы 25 наурыз

Қазақстан Республикасы         
Табиғи монополияларды         
реттеу агенттігі төрағасының     
2010 жылғы 30 желтоқсандағы     
№ 360-НҚ бұйрығына        
қосымша                

«Әуежайлар мен аэронавигация       
қызметтерінің тарифтеріне (бағаларына, 
алым ставкаларына) уақытша төмендету  
коэффициенттерін бекіту ережесіне   
3-қосымша               

Реттеліп көрсетілетін қызмет түрлері бойынша шартты-ауыспалы шығындардың тізбесі

Қызметтердің атауы

Шығыс баптары

1

Әуе кемесінің ұшуы мен қонуын (қабылдау мен шығаруын) қамтамасыз ету қызметтері


1.1

Өндірістік-диспетчерлік қызметтің арнайы техникасын ұстау және пайдалану

Материалдық шығындар

1.2

Арнайы техниканы ұстау және пайдалану

Материалдық шығындар

1.3

Ұшу – қонуда жарық техникасымен қамтамасыз ету

Материалдық шығындар

1.4

Авариялық құтқару жұмыстары қызметтері

Материалдық шығындар

1.5

Авариялық - қону жолағын ағымдағы жөндеу

Жөндеу

2

Авариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қызметтері


2.1

Әуежайдағы өткізу және объектішілік режимдерді жүзеге асыру

Материалдық шығындар

2.2

Тұрақтағы әуе кемелерін тұрағын күзету

Материалдық шығындар

3

Әуежайда өңдеуге (тиеуге және/немесе түсіруге) жататын жүктер (почталар) болған жағдайда, жолаушылар тасымалдайтын әуе кемесіне қонғаннан кейін үш сағаттан және жүк тасымалдайтын және жүк-жолаушылар тасымалдайтын әуе кемелерінің сертификатталған үлгілері үшін алты сағаттан астам тұрақ орнын беру, әуе кемесіне базалық әуеайлақта тұрақ орнын беру


3.1

Тұрақ орнын ұстау

Материалдық шығындар

3.2

Тұрақ орнын жарықтандыру

Материалдық шығындар

3.3

Тұрақ орнын ағымдағы жөндеу

Жөндеу

4

Жолаушыларды тіркеу үшін жұмыс орнын (алаңын) беру


4.1

Жолаушыларды тіркеу үшін жұмыс орнын (алаңын) ұстау

Материалдық шығындар

4.2

Жолаушыларды тіркеу үшін жұмыс орнын (алаңын) ағымдағы жөндеу

Жөндеу

                                                                 ».