Ескерту. Бірлескен бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.12.2015 № 1260 және ҚР Қорғаныс министрінің 17.02.2016 № 77 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.
"Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы" 2010 жылғы 15 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңының 67-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.12.2015 № 1260 және ҚР Қорғаныс министрінің 17.02.2016 № 77 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Пайдаланушылардың сыныпталмайтын және уақытша әуеайлақтарды (тікұшақ айлақтарын), қону алаңдарын есепке алу қағидалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.12.2015 № 1260 және ҚР Қорғаныс министрінің 17.02.2016 № 77 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Р.Ө. Әдимолда) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне белгіленген тәртіппен ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі Е.С. Дүйсенбаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы |
Қазақстан Республикасы |
| М.О. |
Пайдаланушылардың сыныпталмайтын және уақытша әуеайлақтарды
(тікұшақ айлақтарын), қону алаңдарын есепке алу қағидалары
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.12.2015 № 1260 және ҚР Қорғаныс министрінің 17.02.2016 № 77 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.
1. Жалпы ережелер
1. Осы Пайдаланушылардың сыныпталмайтын және уақытша әуеайлақтарды (тікұшақ айлақтарын), қону алаңдарын есепке алу қағидалары (бұдан әрi - Қағидалар) "Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы" 2010 жылғы 15 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының 67-бабының 3-тармағына сәйкес әзiрленді және пайдаланушылардың сыныпталмайтын және уақытша әуеайлақтарды (тікұшақ айлақтарын), қону алаңдарын есепке алу тәртiбiн анықтайды.
2. Сыныпталмайтын және уақытша әуеайлақтарды (тікұшақ айлақтарын), қону алаңдарын есепке алу сыныпталмайтын және уақытша әуеайлақтарды (тікұшақ айлақтарын), қону алаңдарын пайдаланушыға жүктеледі.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 02.02.2023 № 70 және ҚР Қорғаныс министрінің 07.03.2023 № 178 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.3. Есепке алу объектiлерi әуе кемелерiнiң ұшып көтерiлуiн, қонуын, рульдеуiн, аялдауын және қызмет көрсетiлуiн қамтамасыз ету үшiн арнайы әзiрленген сыныпталмайтын және уақытша әуеайлақтары (тікұшақ айлақтары), қону алаңдары болып табылады.
2. Пайдаланушылардың сыныпталмайтын және уақытша әуеайлақтарды
(тікұшақ айлақтарын), қону алаңдарын есепке алу
4. Пайдаланушылар сыныпталмайтын және уақытша әуеайлақтарды (тікұшақ айлақтарын), қону алаңдарын есепке алуды мынадай:
1) сыныпталмайтын және уақытша әуеайлақтарға (тікұшақ айлақтарына), қону алаңдарына құқық белгiлейтiн құжаттар;
2) жер учаскесiне сәйкестендіру құжаттары болған жағдайда жүзеге асырады.
5. Сыныпталмайтын және уақытша әуеайлақтарды (тікұшақ айлақтарын), қону алаңдарының есебi жеке есепке алу журналында жүргiзiледi (бұдан әрi - Журнал), оның нысаны осы Қағидаларға қосымшада берiлген.
6. Журнал тiгiледi және нөмiрленедi, ол туралы Журналдың соңғы бетiнің артында тиiстi жазу жазылады және пайдаланушының мөрi қойылады.
Пайдаланушылардың сыныпталмайтын және уақытша әуеайлақтарды (тікұшақ айлақтарын), қону алаңдарын есепке алу қағидаларына қосымша |
нысан
Сыныпталмайтын және уақытша әуеайлақтарды (тікұшақ айлақтарын),
қону алаңдарын есепке алу
ЖУРНАЛЫ
Пайдаланушы _________________________________________________________
№ | Мәлiметтер | Деректер |
1. | Сыныпталмайтын, уақытша әуеайлақтың (тікұшақ айлағының), қону алаңының атауы | |
2. | Сыныпталмайтын, уақытша әуеайлақтың (тікұшақ айлағының), қону алаңының географиялық координаттары және орналасқан жерi | |
3. | Сыныпталмайтын және уақытша әуеайлақтың (тікұшақ айлағының), қону алаңының меншiк иесi (иесi) | |
4. | Сыныпталмайтын, уақытша әуеайлақтардың (тікұшақ айлағының), қону алаңының мақсаты | |
5. | Техникалық сипаттамалары: ұшу-қону жолағының мөлшерi; ұшу-қону жолағының жабын түрi; сыныпталмайтын, уақытша әуеайлақтың (тікұшақ айлағының), қону алаңының техникалық дайындығы тексерiлген соңғы күн | |
6. | Сыныпталмайтын, уақытша әуеайлақты (тікұшақ айлағын), қону алаңын қону және жарық-техникалық жүйелерiмен жабдықтау (болған жағдайда) | |
7. | Қабылданатын әуе кемелерiнiң типтерi |