Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарында техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлаудың 2010-2011 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1007 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 26 қаңтарда № 6752 тіркелді

Қолданыстағы

      РҚАО-ның ескертуі!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз.

      «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі № 193-IV кодексінің 7-бабының 15) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес республикалық бюджеттен қаржыландырылатын денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарында техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлаудың 2010-2011 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті (Н.Қ. Хамзина):
      1) осы бұйрықты осы бұйрыққа қосымшада қаралған денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарына жеткізсін, және олармен шарт жасасуды қамтамасыз етсін;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Экономика және қаржы департаменті (Г.Р. Сүйінтаева) осы бұйрыққа қосымшада қаралған денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарын қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
      4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік–құқықтық жұмыс департаменті (Ф.Б. Бисмильдин) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның заңнамада белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә. Байжүнісовке жүктелсін.
      6. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2010 жылғы 1 қыркүйектегі туындаған қатынастарға қолданылады.

      Министр                                    С. Қайырбекова

Қазақстан Республикасы     
Денсаулық сақтау министрінің
2010 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1007 бұйрығына қосымша   

Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарында техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлаудың 2010-2011 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру

р/с№

Денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдары

Бөлінген орындардың саны

Мамандықтың атауы

Мамандық бойынша бөлінген орындардың саны

1

2

3

4

5

1.

Республикалық орта медицина және фармацевтика қызметкерлерін даярлау және қайта даярлау колледж

250, оның ішінде 125 қазақ тілінде оқитындар

Емдеу ісі

92, оның ішінде 50 қазақ тілінде оқитындар

Мейірбике ісі

92, оның ішінде 50 қазақ тілінде оқитындар

«Массаж» біліктілігі бойынша мейірбике ісі

16

Зертханалық диагностика

25, оның ішінде 25 қазақ тілінде оқитындар

Гигиена және эпидемиология

5

2.

С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті

20

Ауғанстаннан келген тыңдаушылар Мейірбике ісі

20

3.

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті

50, оның ішінде 25 қазақ тілінде оқитындар

Емдеу ісі

25, оның ішінде 25 қазақ тілінде оқитындар

Мейірбике ісі

25

4.

Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті

50, оның ішінде 25 қазақ тілінде оқитындар

Акушерия іс

25, оның ішінде 25 қазақ тілінде оқитындар

Гигиена және эпидемиология

5

5.

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы

125, оның ішінде 100 қазақ тілінде оқитындар

Емдеу ісі

75, оның ішінде 50 қазақ тілінде оқитындар

Акушерия іс

25, оның ішінде 25 қазақ тілінде оқитындар

Фармация

25, оның ішінде 25 қазақ тілінде оқитындар

6.

«Эмили» медициналық орталығы

25, оның ішінде 25 қазақ тілінде оқитындар

Мейірбике ісі

25, оның ішінде 25 қазақ тілінде оқитындар