Республикалық бюджеттен қаржыландыратын "С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті" мен "Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындарында жоғары медициналық және фармацевтикалық білімі бар мамандарды даярлауға 2010-2011 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1008 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 25 қаңтарда № 6751 тіркелді

Қолданыстағы

      РҚАО-ның ескертуі!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз.

      «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі № 193-IVкодексінің 7-бабының 15) тармақшасына іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес республикалық бюджеттен қаржыландырылатын «С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» мен «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындарында жоғары медициналық және фармацевтикалық білімі бар мамандарды даярлауға 2010-2011 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті (Н.Қ. Хамзина):
      1) осы бұйрықты осы бұйрыққа қосымшада қаралған денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарына жеткізсін, және олармен шарт жасасуды қамтамасыз етсін;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Экономика және қаржы департаменті (Г.Р. Сүйінтаева) осы бұйрыққа қосымшада қаралған денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарын жасалған шарттар негізінде қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
      4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Ф.Б. Бисмильдин) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның заңнамада белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә. Байжүнісовке жүктелсін.
      6. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2010 жылғы 1 қыркүйектегі туындаған қатынастарға қолданылады.

      Министр                                   С. Қайырбекова

Қазақстан Республикасы  
Денсаулық сақтау министрінің
2010 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1008 бұйрығына   
қосымша        

Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын «С.Ж. Асфендияров
атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» мен
«Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы»
шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік
кәсіпорындарында жоғары медициналық және фармацевтикалық
білімі бар мамандарды даярлауға 2010-2011 оқу жылына
арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастыру

р/с

Денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдары

Бөлінген орындардың саны

Мамандықтың атауы

Мамандық бойынша бөлінген орындардың саны

1

2

3

4

5

1.

С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті

1000, оның ішінде 710 қазақ тілінде оқитындар

Жалпы медицина

700, оның ішінде 510 қазақ тілінде оқитындар

Стоматология

70, оның ішінде 45 қазақ тілінде оқитындар

Мейірбике ісі

40, оның ішінде 30 қазақ тілінде оқитындар

Қоғамдық денсаулық сақтау

40, оның ішінде 20 қазақ тілінде оқитындар

Фармация

70, оның ішінде 45 қазақ тілінде оқитындар

Медициналық-профилактикалық іс

80, оның ішінде 60 қазақ тілінде оқитындар

2.

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы

500, оның ішінде 380 қазақ тілінде оқитындар

Фармация

130, оның ішінде 100 қазақ тілінде оқитындар

Мейірбике ісі

120, оның ішінде 80 қазақ тілінде оқитындар

Қоғамдық денсаулық сақтау

250, оның ішінде, 200 қазақ тілінде оқитындар