Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 29 қарашадағы № 174 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылы 30 желтоқсанда N 6717 тіркелді

Қолданыстағы

      РҚАО-ның ескертуі!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.

      Нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне осы қаулының қосымшасына сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін.
      2. Осы қаулы 2011 жылғы 1 наурыздан бастап енгізілетін Агенттік Басқармасының 2009 жылғы 5 тамыздағы № 181 қаулысымен бекітілген Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтердің нормативтік мәндері, оларды есептеу әдістемесі туралы нұсқаулыққа 11-қосымшасының "Бағалы қағаздардың құнсыздануынан болуы мүмкін жоғалтуларды жабуға кететін резерв (провизиялар) мөлшері" кестесіне түсініктемелердің (бұдан әрі – Түсініктемелер) алтыншы, сегізінші, тоғызыншы бөліктерін қоспағанда Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Түсініктемелердің бесінші және жетінші бөліктерінің қолданылуы 2011 жылғы 1 наурызға дейін таралады.
      3. Стратегия және талдау департаменті (Н.А. Әбдірахманов):
      1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне, "Атамекен" Одағы" Қазақстан ұлттық экономикалық палатасына мәлімет үшін жеткізсін.
      4. Ақпараттық технологиялар департаменті (Қ.А. Түсіпов) 2010 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі мерзімде "Жинақтаушы зейнетақы қорларының және бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының есептілігін қалыптастыруды автоматтандыру" автоматтандырылған ақпараттық шағын жүйесін жетілдіруді қамтамасыз етсін.
      5. Агенттіктің Төрайым Қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.

      Төрайым                                    Е. Бахмутова

Қазақстан Республикасы Қаржы
нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау  
агенттігі Басқармасының 
2010 жылғы 29 қарашадағы 
№ 174 қаулысына қосымша 

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп отырған нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

      1. Агенттік Басқармасының "Жинақтаушы зейнетақы қорларына арналған пруденциалдық нормативтердiң нормативтiк мәндері, оларды есептеу әдістемесі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2009 жылғы 5 тамыздағы № 180 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 5789 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      3-тармақтың екінші бөлігінде "2011" деген цифрлар "2012" деген цифрлармен ауыстырылсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Жинақтаушы зейнетақы қорларына арналған пруденциалдық нормативтердiң нормативтiк мәндері, оларды есептеу әдiстемесi туралы нұсқаулықта:
      6-тармақтағы "ағымдағы" деген сөз "баланстық" деген сөзбен ауыстырылсын;
      13-тармақтың екінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "К1 = (ӨА-(М+RR1 немесе FR2))/МЗА, мұнда:";
      14-тармақтағы "2011" деген цифрлар "2012" цифрлармен ауыстырылсын;
      55-тармақта:
      "құнсыздануына тест жүргізеді" деген сөздер "құнсыздануына (құнының төмендеуіне) тест жүргізеді") деген сөздермен ауыстырылсын;
      "құнсыздануына байланысты ықтимал шығындарды жабатын резервтерді (провизияларды) қалыптастырады" деген сөздер "құнсыздануына (арзандатылуына) байланысты ықтимал шығындарға қарсы резервтерді (провизияларды) қалыптастырады (құнының теріс түзетуін жүзеге асырады)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      56-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "56. Құнсыздануына тест жүргізуге Қордың "өтелгенге дейін ұсталатын" және "сату үшін қолда бар" санаттарына жатқызылған зейнетақы активтері жатады. Белсенді нарығы жоқ, "өзгерістері пайда немесе шығынның құрамында көрсетілетін әділ баға бойынша бағаланатын" санатына жатқызылған активтер бойынша эмитенттің дефолты не делистингі және (немесе) банкроттығы жарияланған және (немесе) соңғы жарияланған тоқсандық (жылдық) бухгалтерлік баланстың негізінде теріс меншікті капиталдың және (немесе) эмитенттің өзге қаржы құралдары бойынша міндеттемесін орындамау фактісінің болуы жағдайында құнын төмендету жүзеге асырылады.
      Бағалы қағаздардың құнсыздануы және құнын төмендетуі Қормен әзірленген әдістемеге (бұдан әрі - Әдістеме) сәйкес жүзеге асырылады.
      57-тармақтағы "бағалы қағаздардың құнсыздануын мойындау критерийі мен құнсыздану әдістемесін" деген сөздер "бағалы қағаздардың құнсыздануын және құнының төмендеуін мойындау критерийлерін және Әдістемеге қойылатын талаптарды" деген сөздермен ауыстырылсын;
      9-қосымшаның "К1 коэффициентінің мәнін есептеу" кестесінде:
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 27.4 және 27.5 жолдармен толықтырылсын:
      "

27.4

Алдыңғы есепті кезеңде К2 отыздан астам пайызға кері ауытқуы болған кездегі резерв (RR1)


Х


27.5

Алдыңғы есепті кезеңде К2 он бестен астам бірақ отыздан кем пайызға кері ауытқуы болған кездегі резерв (FR2)


Х


                                                         ";
      реттік нөмірі 32-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      "

32

К1 (26-жол – (27-жол + 27.4-жол немесе 27.5-жол))/ 28-жол)

Х

Х


                                                                ".
      2. Агенттік Басқармасының "Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтердің нормативтік мәндері, оларды есептеу әдістемесі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2009 жылғы 5 тамыздағы № 181 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5793 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      3-тармақта "2011" деген цифрлар "2012" деген цифрлармен ауыстырылсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтердің нормативтік мәндері, оларды есептеу әдістемесі туралы нұсқаулықта:
      6-тармақтағы "ағымдағы" деген сөз "баланстық" деген сөзбен ауыстырылсын;
      13-тармақтың екінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "К1 = (ӨА-(М+RR1 немесе FR2))/МЗА, мұнда:";
      14-тармақта "2011" деген цифрлар "2012" деген цифрлармен ауыстырылсын;
      6-тараудың тақырыбындағы "активтерін құнсызданудан" деген сөздер активтерінің құнсыздануынан немесе құнының төмендеуінен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      64-тармақта:
      "құнсыздануына тест жүргізеді" деген сөздер "құнсыздануына (құнының төмендеуіне) тест жүргізеді" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "құнсыздануына байланысты ықтимал шығындарды жабатын резервтерді (провизияларды) қалыптастырады" деген сөздер "құнсыздануына (арзандатылуына) байланысты ықтимал шығындарға қарсы резервтерді (провизияларды) қалыптастырады (құнының теріс түзетуін жүзеге асырады)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      65-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "65. Құнсыздануына тест жүргізуге Қордың осы Ұйымның инвестициялық басқаруындағы, "өтелгенге дейін ұсталатын" және "сату үшін қолда бар" санаттарына жатқызылған зейнетақы активтері жатады. Белсенді нарығы жоқ, "Өзгерістері пайда немесе шығынның құрамында көрсетілетін әділ баға бойынша бағаланатын" санатына жатқызылған активтер бойынша эмитенттің дефолты не делистингі және (немесе) банкроттығы жарияланған және (немесе) соңғы жарияланған тоқсандық (жылдық) бухгалтерлік баланстың негізінде теріс меншікті капиталдың және (немесе) эмитенттің өзге қаржы құралдары бойынша міндеттемесін орындамау фактісінің болуы жағдайында құнын төмендету жүзеге асырылады.
      Бағалы қағаздардың құнсыздануы және құнын төмендетуі Қормен Ұйымның келісуі бойынша әзірленген әдістемеге (бұдан әрі - Әдістеме) сәйкес жүзеге асырылады.";
      66-тармақта:
      бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "66. Құнсызданудың немесе құнын төмендетудің критерийлері мыналар болып табылады:";
      екінші бөлігі "құнсыздану тестілері кезінде" деген сөздерден кейін немесе акциялардың құнын төмендету кезінде" деген сөздермен толықтырылсын;
      үшінші бөлігі "құнсыздану тестісі барысында" деген сөзден кейін "немесе борыштық бағалы қағаздардың құнын төмендету кезінде" деген сөздермен толықтырылсын;
      69-тармақ алып тасталсын;
      70, 71, 72-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      "70. Ұйым осы Нұсқаулықтың 10 және 11 қосымшаларына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы қаржы нарығының жекелеген субъектілеріне арналған бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы" 2008 жылғы 22 қыркүйектегі № 79 қаулысымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5348 тіркелген), Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы қорлары зейнетақы активтерімен жүзеге асыратын операциялардың бухгалтерлік есебін жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" 2008 жылғы 28-қарашадағы № 99 қаулысымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5432 тіркелген), Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Басқармасының "Инвестициялық портфельді басқаруды немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың бухгалтерлік есепті жүргізуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" 2010 жылғы 1 ақпандағы № 4 қаулысымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6090 тіркелген) белгіленген тәртіп бойынша есептелген резервтерді (құнды түзету) бухгалтерлік есептерде ескереді.
      71. Бағалы қағаздардың құнсыздануынан немесе бағалы қағаздардың құнын төмендетуді жүзеге асырудан ықтимал жоғалтуларға қарсы резервтерді (провизияларды) қалыптастыру осы Нұсқаулықтың 11-қосымшасына сәйкес ең төменгі мөлшерде жүргізіледі.
      Қажет болған жағдайда Ұйым осы Нұсқаулықтың 11-қосымшасында белгіленген ең төменгі мөлшерден асатын мөлшерде бағалы қағаздардың құнсыздануынан ықтимал шығындарға қарсы резервтер (провизиялар) құрады немесе бағалы қағаздардың құнын төмендетеді. Ұйым бағалы қағаздардың құнсыздануынан ықтимал шығындарға қарсы резервтерді (провизияларды) қалыптастыруды немесе бағалы қағаздардың құнын төмендетуді айдың соңғы жұмыс күнінен ең көп дегенде жеті жұмыс күн бұрын жүргізеді.
      72. Бағалы қағаздардың құнсыздануынан ықтимал шығындарға қарсы резервтердің (провизиялардың) мөлшері немесе бағалы қағаздардың құнын төмендетудің мөлшері бұрын қалыптастырылған, осы бағалы қағаздардың құнсыздануынан ықтимал шығындарды жабуға арналған резервтер (провизиялар) немесе осы бағалы қағаздар құнының төмендеуі ескерілмеген бағалы қағаздардың баланстық құнынан есептеледі.";
      9-қосымшаның "К1 коэффициентінің мәнін есептеу" 1-кестесі:
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 27.4 және 27.5 жолдармен толықтырылсын:
      "

27.4

Алдыңғы есепті кезеңде К2 отыздан астам пайызға кері ауытқуы болған кездегі резерв (RR1)


Х


27.5

Алдыңғы есепті кезеңде К2 он бестен астам бірақ отыздан кем пайызға кері ауытқуы болған кездегі резерв (FR2)


Х


                                                         ";
      реттік нөмірі 32-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      "

32

К1 (26-жол – (27-жол + 27.4-жол немесе 27.5-жол ))/ 28-жол)

Х

Х


                                                         ";
      10-қосымшада:
      "Бағалы қағаздардың құнсыздануын тану критерийі" кестесінде:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Бағалы қағаздардың құнсыздануын немесе құнын төмендетуін тану критерийлері";
      реттік нөмірі 1.4-жолдың үшінші бағанында "+5" деген цифр "+7" деген цифрмен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 2.5-жолдан кейін мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 2.6-жолмен толықтырылсын:
      «

2.6

Күнтізбелік 1 жылдан артық

+4

                                                                  »;
      реттік нөмірі 5.3-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «

5.3

«Standard & Poor's» агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «ВВВ-»-тен «В-»-ке дейін немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы

-2

                                                                  »;
      реттік нөмірі 5.3.-жолдан кейін мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 5.4-жолмен толықтырылсын:
      «

5.4

«Standard & Poor's» агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «В-»-тен төмен немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі бағасы

3

                                                                  »;
      "Осы критерийлерді бағалы қағаздардың құнсызданғанда пайдалану кезінде, рейтинг бағасы және листинг санаты болған кезде есепке рейтинг бағасы алынады.
      1-ге дейінгі (1 қосылады) балл сомасы алынған кезде – бағалы қағаз стандартты сияқты жіктеледі.
      2 бастап 4 дейінгі (4 қосылады) балл сомасы алынған кезде – бағалы қағаз 1 санатты күмәнді ретінде жіктеледі, 10 (он) пайыз провизия қалыптасады.
      5 бастап 7 дейінгі (7 қосылады) балл сомасы алынған кезде – бағалы қағаз 2 санатты күмәнді ретінде жіктеледі, 15 (он бес) пайыз провизия қалыптасады.
      8 бастап 10 дейінгі (10 қосылады) балл сомасы алынған кезде – бағалы қағаз 3 санатты күмәнді ретінде жіктеледі, 25 (жиырма бес) пайыз провизия қалыптасады.
      10-нан артық балл сомасы алынған кезде – бағалы қағаз қанағаттанғысыз ретінде жіктеледі, 50 (елу) пайыз провизия қалыптасады.
      Эмитенттің бағалы қағаздары банкрот болған жағдайда осы бағалы қағаз бір мезгілде нөлге дейін есептен шығарылады." деген сөздер алып тасталсын;
      11-қосымша осы Тізбенің қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.
      3. Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың, бағалы қағаздарды ұстаушыларының тізілім жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың, инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың қызметтерін пруденциалдық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 5 тамыздағы № 185 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5777 тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      4-тармақтың екінші бөлігінде "2011" деген цифрлар "2012" деген цифрлармен ауыстырылсын.
      4. Агенттік Басқармасының "Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың және жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2009 жылғы 5 тамыздағы № 189 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5794 тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      4-тармақта "2011" деген цифрлар "2012" деген цифрлармен ауыстырылсын.
      5. Агенттік Басқармасының "Бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқаратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу ережесін бекіту туралы" 2009 жылғы 26 қыркүйектегі № 215 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5810 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      2-тармақтың екінші бөлігінде "2011" деген цифрлар "2012" деген цифрлармен ауыстырылсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқаратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу ережесінде:
      7-тармақта "ағымдағы" деген сөз "баланстық" деген сөзбен ауыстырылсын;
      9-тармақтың екінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "К1 = (ӨА-(М+RR1 немесе FR2))/МЗА, мұнда:";
      10-тармақта "2011" деген цифрлар "2012" деген цифрмен ауыстырылсын;
      26-тармақта:
      "құнсыздануына тесттер жүргізеді" деген сөздер "құнсыздануына (құнының төмендеуіне) тесттер жүргізеді" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "құнсыздануымен байланысты ықтимал шығындарға қарсы резервтерді № 181 Нұсқаулықтың 6-тарауында белгіленген тәртіппен қалыптастырады." деген сөздер "құнсыздануына (арзандатылуына) байланысты ықтимал шығындарға қарсы резервтерді (провизияларды) № 181 Нұсқаулықтың 6-тарауында белгіленген тәртіппен қалыптастырады (құнының теріс түзетуін жүзеге асырады)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      9-қосымшаның "Қор үшін "Меншікті капитал жеткіліктілігінің коэффициенті" (К1) пруденциалдық нормативін есептеу" кестесінде:
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 27.4 және 27.5.-жолдармен толықтырылсын:
      "

27.4

Алдыңғы есепті кезеңде К2 отыздан астам пайызға кері ауытқуы болған кездегі резерв (RR1)


Х


27.5

Алдыңғы есепті кезеңде К2 он бестен астам бірақ отыздан кем пайызға кері ауытқуы болған кездегі резерв (FR2)


Х


                                                                ";
      реттік нөмірі 32-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      "

32

К1 (26-жол – (27-жол + 27.4-жол немесе 27.5-жол))/ 28-жол)

Х



                                                                ".
      6. Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциалдық нормативтер есебінің нормативтік мәні мен әдістемесі, пруденциалдық нормативтердің орындалғандығы жөніндегі есепті беру нысандары мен мерзімі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы 2008 жылғы 22 тамыздағы № 131 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 30 қарашадағы № 238 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5990 тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      2-тармақтың екінші бөлігінде "2011" деген цифрлар "2012" деген цифрлармен ауыстырылсын.
      7. Агенттік Басқармасының "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының активтерін инвестициялау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 2 қазандағы № 148 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 261 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6030 тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      2-тармақта "2011 жылғы 1 шілдеге" деген цифрлар мен сөздер "2012 жылғы 1 қаңтарға" деген цифрлар және сөздермен ауыстырылсын.
      8. Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне жинақтаушы зейнетақы қорларының, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың және бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметтің түрлерін қоса атқаратын ұйымдардың қызметін пруденциалдық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 266 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6041 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1-тармақтың сексен екінші, сексен үшінші және сексен төртінші абзацтары алып тасталсын;
      2-тармақтың сексен алтыншы, сексен жетінші және сексен сегізінші абзацтары алып тасталсын;
      3-тармақтың елу бесінші, елу алтыншы және елу жетінші абзацтары алып тасталсын.
      4-тармақтың үшінші абзацында:
      ", сексен екіншіден сексен төртіншіге дейінгі" деген сөздер алып тасталсын;
      ", сексен алтыншыдан сексен сегізіншіге дейінгі" деген сөздер алып тасталсын;
      ", елу бесіншіден елу жетіншіге дейінгі" деген сөздер алып тасталсын.

Қазақстан Республикасы Қаржы  
нарығын және қаржы ұйымдарын  
реттеу мен қадағалау агенттігінің
кейбір нормативтік құқықтық   
актілеріне енгізілетін өзгерістер
мен толықтырулардың тізбесіне  
қосымша             

"Зейнетақы активтерін инвестициялық 
басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға 
арналған пруденциалдық нормативтердің
нормативтік мәндері, оларды есептеу 
әдістемесі туралы нұсқаулыққа       
11-қосымша              

Бағалы қағаздардың құнсыздануынан болған жоғалтуларды жабуға арналған резервтердің (провизиялардың) мөлшері немесе бағалы қағаздардың құнын төмендетудің мөлшері

Балл сомасы

Бағалы қағаздардың жіктелім санаты

Резервтердің (провизиялардың) қажетті мөлшері

1

Стандартты

0%

2-4

1- санатты күмәнді

10%

5-7

2- санатты күмәнді

15%

8-10

3- санатты күмәнді

25% (35%)

10-12

Қанағаттанарлық емес

50% (70%)

12 артық

Үмітсіз

90%

      Кестені толтыру бойынша түсініктемелер:
      Осы критерийлерді бағалы қағаздарды құнсыздандыру немесе бағалы қағаздардың құнын төмендету үшін пайдаланғанда, рейтингтік бағасы және листинг санаты болған кезде есепке рейтингтік бағасы алынады.
      1-ге дейінгі (1 қоса алғанда) балл сомасы алынған кезде – бағалы қағаз стандартты болып жіктеледі.
      Балл сомасы 2-ден 4-ке дейінгі (4 қоса алғанда) мәніне тең болған кезде – бағалы қағаз 1 санаттағы күмәнді болып жіктеледі, 10 (он) пайыз провизия қалыптастырылады.
      Балл сомасы 5-тен 7-ге дейін (7 қоса алғанда) мәніне тең болған кезде – бағалы қағаз 2 санаттағы күмәнді болып жіктеледі, 15 (он бес) пайыз провизия қалыптастырылады.
      Балл сомасы 8-ден 10-ға дейінгі (10 қоса алғанда) мәніне тең болған кезде – бағалы қағаз 3 санаттағы күмәнді болып жіктеледі, 25 (жиырма бес) пайыз провизия қалыптастырылады;
      Балл сомасы 8-ден 10-ға дейінгі (10 қоса алғанда) мәніне тең болған кезде – бағалы қағаз 3-санаттағы күмәнді болып жіктеледі,
      облигациялар бойынша 25 (жиырма бес) пайыз провизиялар;
      акциялар бойынша 35 (отыз бес) пайыз провизиялар қалыптастырылады.
      Балл сомасы 10-нан 12-ге дейінгі (12 қоса алғанда) мәніне тең болған кезде – бағалы қағаз қанағаттанарлықсыз болып жіктеледі, 50 (елу) пайыз провизия қалыптастырылады.
      Балл сомасы 10-нан 12-ге дейінгі (12 қоса алғанда) мәніне тең болған кезде – бағалы қағаз қанағаттанарлықсыз болып жіктеледі,
      облигациялар бойынша 50 (елу) пайыз провизиялар;
      акциялар бойынша 70 (жетпіс) пайыз провизиялар қалыптастырылады.
      Сомасы 12-ден артық болған жағдайда бағалы қағаз үмітсіз деп жіктеледі, 90(тоқсан) пайыз провизия қалыптастырылады. Эмитенттің борыштық бағалы қағазы үмітсіз деп жіктелсе, онда осы эмитенттің акциясы бір мезгілде нөлге дейін есептен шығарылады.
      Эмитент банкрот болған жағдайда осы бағалы қағаз бір мезгілде нөлге дейін есептен шығарылады.".