"Электрондық құжат және электрондық цифрлы қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы Заңының 5-бабы 8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының негізгі куәландырушы орталығы қызметінің қағидасы;
2) бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының куәландырушы орталығы қызметінің қағидасы;
3) бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының ұлттық куәландырушы орталығы қызметінің қағидасы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің Ақпараттық технологиялар саласындағы мемлекеттік саясат департаменті (Қ.Б. Елеусізова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден кейін оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің вице-министрі С.С. Сарсеновке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жариялаған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр А. Жұмағалиев
Келісілді:
Қазақстан Республикасы
Ұлттық банкі Төрағасының м.а.
_________ Д.Т. Ғалиева
2010 жылғы 24 желтоқсан
Қазақстан Республикасы
Байланыс және ақпарат министрінің
2010 жылғы 10 желтоқсандағы
№ 348 бұйрығына
1 қосымша
Қазақстан Республикасының
Негізгі куәландырушы орталығы
қызметінің қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының Негізгі куәландырушы орталығы қызметінің қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді.
2. Қағидалар Қазақстан Республикасының Негізгі куәландырушы орталығының тіркеу куәліктерін тіркеу, беру, сақтау және кері қайтару, сондай-ақ тіркеу куәліктерінің тіркелімін жүргізу жөнінде қызметінің тәртібін айқындайды.
3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) Қазақстан Республикасының Негізгі куәландырушы орталығы (бұдан әрі - ҚР НКО) – куәландырушы орталықтардың электрондық цифрлық қолтаңбасының ашық кілттерінің тиесілілігін және шынайылығын растауды жүзеге асыратын куәландырушы орталығы;
2) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдар жиынтығы;
3) тіркеу куәлігін тіркеу – тіркеу куәліктерінің тіркеліміне тіркеу куәлігін енгізу;
4) тіркеу куәлігі – тіркеу куәлігі куәландырушы орталық электрондық цифрлық қолтаңбаның Заңда белгіленген талаптарға сәйкестігін растау үшін куәландырушы орталығы беретін қағаз жеткіштегі немесе электрондық құжат;
5) тіркеу куәліктерінің тіркелімі – берілген және кері қайтарып алынған (жойылған) тіркеу куәліктері туралы мәліметтерді қамтитын, ҚР НКО ақпараттық жүйесінің ажырамас бөлігі;
6) тіркеу куәлігін кері қайтарып алу (жою) – ҚР НКО-да жарамсыз (жойылған) тіркеу куәлігін мойындау рәсімі;
7) кері қайтарып алынған тіркеу куәліктерінің тізімі (бұдан әрі – КТКТ) – олардың қолданысы тоқтатылған тіркеу куәліктері туралы мәліметтерді қамтитын тіркеу куәліктері тіркелімінің бөлігі.
2. Куәландырушы орталығының тіркеу куәлігін
берудің тәртібі
4. Куәландырушы орталығының тіркеу куәлігі (бұдан әрі – тіркеу куәлігі) тіркеу куәлігін беруге куәландырушы орталығы өтінішінің негізінде ҚР НКО-мен беріледі.
5. Тіркеу куәлігін беруге өтініш осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес форма бойынша рәсімделеді.
6. Өтінішке "Куәландырушы орталықтарының аккредиттелуін жүргізу қағидалары туралы" Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2010 жылғы 19 қарашадағы № 1222 қаулысымен бекітілген, куәландырушы орталығының аккредиттелуі туралы нотариалды тіркелген куәлігінің көшірмесі қоса беріледі.
7. Тіркеу куәлігін беруге өтініш түскеннен кейін, ҚР НКО оны он бес жұмыс күнінен аса емес мерзімде қарайды, осыдан кейін осы егер Қағидалардағы 10 тармақта көрсетілген бас тарту үшін себептері болмаса, тіркеу куәліктерінің тіркеліміне тіркеу куәліктерін тіркеуді жүргізеді.
8. Куәландырушы орталыққа осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес белгіленген форма бойынша қағаз жеткізгіште, сондай-ақ электрондық құжат түрінде тіркеу куәлігінің көшірмесі беріледі.
9. Электрондық құжат формасындағы тіркеу куәлігіне ҚР НКО электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылады.
10. ҚР НКО келесі жағдайларда тіркеу куәліктерін беруден бас тартады:
1) осы Қағидадағы 5, 6 тармақтарында көрсетілген құжаттар өтініш берушімен ұсынылмаса;
2) дәйексіз ақпарат өтініш берушімен ұсынылса.
3. Куәландырушы орталығының тіркеу куәліктерін
кері қайтарып алу (жою) тәртібі
11. ҚР НКО келесі жағдайларда куәландырушы орталығының тіркеу куәлігін:
1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес форма бойынша куәландырушы орталығының тіркеу куәлігін кері қайтарып алуға (жоюға) куәландырушы органның өтінішінің негізінде;
2) өзінің жойылғандығы туралы куәландырушы орталығы хабарлаған кезде;
Куәландырушы орталық өзінің жойылғандығы туралы ҚР НКО-на хабарлайды.
3) куәландырушы орталығы аккредиттеу куәлігінің қолданыс мерзімінің аяқталған жағдайында;
4) сот шешімінің заңдық күшіне енген негізінде кері қайтарып алады.
12. Тіркеу куәлігін кері қайтарып алу (жою) екі жұмыс күнінен кеш емес уақытта ҚР НКО-мен жүзеге асырылады.
13. КО тіркеу куәлігін кері қайтарып алу (жою) фактісі туралы ресми хабарламасы, осы фактінің ҚР НКО КТКТ жариялау болып табылады.
4. ҚР ҰКО-мен берілген тіркеу куәліктерін сақтау
14. ҚР НКО тіркеу куәліктерін олардың барлық қолданыстағы уақыты бойы электрондық құжаттардың формасында қағаз жеткізгіштерде сақтайды.
15. Бұл ретте ҚР НКО олардың физикалық сақталуын қамтамасыз ететін тиісті жағдайлар жасауда.
16. Кері қайтарып алынған (жойылған) тіркеу куәліктерін сақтаудың мерзімі тіркеу куәлігінің қолданысы тоқтатылған күнінен бастап бес жылды құрайды.
17. КТКТ сақтау мерзімінің өтуі бойынша ҚР НКО мұрағаттық сақтауға түседі.
Қазақстан Республикасы
Негізгі куәландырушы орталығы
қызметiнiң Қағидаларына
1-қосымша
_____________________________________________________________________
(сұраныстың және тіркеу куәлігінің сұлбасы)
өңдеуді және өтініште көрсетілген мәліметтермен сәйкес КО бағынышты
тіркеу куәлігін шығаруды өтінемін:
Сәйкестендіру деректері:
елдің атауы: ________________________________________________________
облыстың атауы: _______________, қала _______________________________
ұйымның атауы:_______________________________________________________
Куәландырушы орталықтың атауы: ______________________________________
электрондық поштаның адресі: ________________________________________
Тіркеу куәліктерін пайдаланудың саласы:
1. __________________________________________________________________
Тіркеу куәлігінің қолданыстағы мерзімі: _____________________________
Күні 20 ж. "___"____________
Басшы _________ _________________________
(қолы) (аты, тегі)
М.О
Қазақстан Республикасы
Негізгі куәландырушы орталығы
қызметiнiң Қағидаларына
2-қосымша
Нысан
Тіркеу Куәлігі № _______
Болжам: _____________________________________________________________
Тіркеу куәлігінің сериялық нөмірі: __________________________________
_____________________________________________________________________
ЭЦҚ алгоритмінің идентификаторы: ____________________________________
Тіркеу куәлігін шығарушының аты: ____________________________________
Тіркеу куәлігін шығарушының криптографиялық қайта жасаудың
алгоритмі: __________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Тіркеу куәлігінің қолданыстағы мерзімі:
_________ бастап _____________ дейін жарамды
Тіркеу куәлігі иесінің аты:__________________________________________
Тіркеу куәлігі иесінің жабық кілті:
Кілттің өлшемі: ___________ бит
Тіркеу куәлігі иесінің ашық кілті:
Кілттің өлшемі: ___________ бит
Мәні:________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Кілттің мағынасы: ___________________________________________________
Кілттің қолдану саласы:
Туы |
Кілттің қолдануы |
ЭЦҚ құралы: МЕМСТ 34.310-2004
Тіркеу куәлігі _________ қалпында: қосымшаны қараңыз
Осы тіркеу куәлігі шығарушының ЭЦҚ:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
20___ж. "___"____________
М.О.
№ _______ Тіркеу
куәлігіне қосымша
Тіркеу куәлігі _________ форматында
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
М.О. 20____ ж. "____"_______________________
Қазақстан Республикасы
Негізгі куәландырушы орталығы
қызметiнiң Қағидаларына
3-қосымша
Нысан
Тіркеу куәлігін (жеке тұлғалардан) кері қайтарып алуға
(жоюға) өтініш
Осы хатпен мен,
_____________________________________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты, туған күні)
_____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы, мекенжайы, телефоны)
_____________________________________________________________________
байланысты бұрын берілген КО тіркеу куәлігін қайтарып алуды өтінемін,
тіркеу куәлігінің сериялық нөмірі:___________________________________
_____________________________________________________________________
елдің атауы:_________________________________________________________
облыстың атауы: ______________, қала ________________________________
ұйымның атауы:_______________________________________________________
Куәландырушы орталықтың атауы:_______________________________________
электрондық поштаның адресі:_________________________________________
Тіркеу куәлігінің қолданыстағы мерзімі:______________________________
Күні 20 жыл "___"_______________
Басшы _________ ________________________
МО (қолы) (аты, тегі)
Қазақстан Республикасы
Байланыс және ақпарат министрінің
2010 жылғы 10 желтоқсандағы
№ 348 бұйрығына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттiк органдарының куәландырушы орталығы
қызметінің қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк органдарының куәландырушы орталығы қызметiнiң қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді.
Қағидалар Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк органдарының куәландырушы орталығының тіркеу куәліктерін беру, сақтау және кері қайтарып алу, сондай-ақ тіркеу куәліктерінің тіркелімін жүргізу жөніндегі қызмет тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк органдарының куәландырушы орталығы (бұдан әрі – МО КО) – Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының электрондық құжат айналымы бірыңғай жүйесінің қатысушыларына қызмет көрсететін куәландырушы орталығы;
2) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиыны;
3) тіркеу куәлігі – тіркеу куәлігі куәландырушы орталық электрондық цифрлық қолтаңбаның Заңда белгіленген талаптарға сәйкестігін растау үшін куәландырушы орталығы беретін қағаз жеткіштегі немесе электрондық құжат;
4) тіркеу куәліктерінің тіркелімі – берілген және кері қайтарып алынған (жойылған) тіркеу куәліктер туралы мәліметтерді қамтитын МО КО ақпараттық жүйесінің ажырамас бөлігі;
5) кері қайтарып алынған тіркеу куәліктерінің тізімі (бұдан әрі – КТКТ) – әрекет етуі тоқтатылған тіркеу куәліктері туралы мәліметтерді қамтитын тіркеу куәліктері тіркелімінің бөлігі;
6) кілтті ақпаратты тасымалдағыш – ЭЦҚ-ның сертификатталған жабық кілттерінің қорғалған қоймасы;
7) өтініш беруші – тіркеу куәлігін беруге немесе кері қайтарып алуға (жоюға) ресми түрде өтініш жолдаған мемлекеттік орган (орталық/жергілікті атқарушы орган);
8) тiркеу куәлiгінің иесі – МО КО ЭЦҚ-ның иелену, пайдалану құқықтарын толық көлемде іске асыратын, оның атына МО КО тіркеу куәлігі берілген мемлекеттік органдардың электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесінің қатысушы.
2. МО КО өтініш берушіге тіркеу куәлігін беру тәртібі
3. Тіркеу куәлігі өтініш берушіге тіркеу куәлігін шығаруға өтініші негізінде осы Қағидаларының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша МО КО-мен беріледі.
4. Өтінішке қол қойған тұлғаны куәландыратын жеке куәлігінің, құжатының көшірмесі қоса беріледі.
5. Өтініш қарастырылғаннан кейін МО КО тіркеу куәлігінің тіркелуін тіркеу куәлігінің мазмұнын құрайтын жазуды (мәліметтерді) тіркеу куәліктерінің тіркелімінде қалыптастыру жолымен жасайды.
6. Тіркелуден кейін осы Қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тіркеу куәлігін беру электрондық құжат нысаны мен оның қағаз жүзіндегі көшірмесі түрінде МО КО-мен беріледі.
7. Электрондық құжат түріндегі тіркеу куәлігіне МО КО ЭЦҚ-мен қол қойылады.
8. Тіркеу куәлігін берген кезде МО КО-ның уәкілетті қызметкері ЭЦҚ-ның ашық және жабық кілттерін құруды жүргізеді, және тіркеу куәлігі иесінің кілтті ақпарат тасымалдағыш ЭЦҚ-ның жабық кілтінің жазуын жүргізеді.
9. Қағаз тасығышта тіркеу куәлігінің көшірмесі және кілтті ақпаратты тасымалдағышты өтініш берушіге берілген тіркеу куәліктерінің есебін жүргізудің осы Қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша арнайы журналында тіркей отырып арнайы байланыс қызметі тапсырады.
10. Қолма қол, тіркеу куәлігі және кілттік ақпаратты тасығышы тек қана мемлекеттік органның ішкі бұйрығымен тағайындалған мемлекеттік органның қызметкеріне беріледі.
11. Тіркеу куәлігінің бір иесіне ЭЦҚ-ның тек қана бір жабық кілті беріледі.
3. МО КО тіркеу куәлігін кері қайтарып алу (жою) тәртібі
12. МО КО тіркеу куәліктерін мынадай жағдайларда:
1) осы Қағидаларының 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тiркеу куәлiгін кері қайтарып алуға (жоюға) ресми өтініші негізінде;
2) сот шешімінің заңды күшіне енген негізінде тіркеу куәліктерін кері қайтарып алады.
13. МО КО тіркеу куәлігі иесі жұмыстан кеткен немесе басқа орынға ауысқан жағдайда тіркеу куәлігі иесінің жұмыстан кеткен немесе ауысқан күнінен бастап үш күннің ішінде хабарланады.
14. Тіркеу куәлігін кері қайтарып алу (жою) кері қайтарып алу туралы өтініш келген күннен кейін екі жұмыс күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады. Өтінішке кілттік ақпаратты тасығышы қоса беріледі.
Тіркеу куәлігін кері қайтарып алуы осы Қағидаларының 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тіркеу куәлігін кері қайтарып алудың арнайы журналында тіркеледі.
15. Тіркеу куәлігін кері қайтарып алу (жою) кезде МО КО тіркеу куәлігінің иесін хабарландырады және кері қайтарып алынғаннан кейін 1 күннен аспайтын мерзім ішінде тіркеу куәліктерінің тіркеліміне жазуды енгізеді.
4. МО КО тіркеу куәлігін сақтау тәртібі
16. МО КО тіркеу куәліктерінің тіркелімінде тіркеу куәліктерін электрондық құжаттардың нысанында барлық қолдану мерзімі бойында сақтайды.
Сонымен бірге МО КО олардың физикалық сақталуына тиiстi шарттарды қамтамасыз етеді.
17. Тіркеу куәлігінің тіркеу куәліктерінің тіркелімінде сақталу мерзімі тіркеу куәлігінің қолданысы тоқтатылған күнінен бастап он жылды құрайды.
18. КТКТ тіркеу куәліктерінің иелеріне электрондық нысанда беріледі.
19. Сақтау мерзімі аяқталғаннан кейін КТКТ МО КО-ға архивті сақтауға түседі.
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттiк органдарының
куәландырушы орталығы
қызметiнiң Қағидаларына
1-қосымша
Нысан
Тіркеу куәлігін шығаруға өтініш
Осы хатпен келесі тұлғаларға Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарының куәландырушы орталығына тiркеу куәлiгін жасау тапсырысын жолдаймыз.
№ |
Тегі, аты, әкесінің аты |
Ұйым |
Лауазымы |
Ел |
Облыс, аудан |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
Күні 20 жылғы " " ___________________
Басшы _________ ____________________________
(қолы) (аты, тегі)
МО
Тіркеу куәлігін шығаруға
өтінішке қосымша
Нысан
Мен, __________________________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты )
_____________________________________________________________________
(төлқұжаттың/жеке куәлігінің нөмірі мен сериясы, кіммен және
қашан берілген)
1. Электрондық цифрлық қолтаңбаның кілті мен электрондық цифрлық қолтаңбаның тіркеу куәлігін менің атыма жасауыңызды;
2. осы өтініште көрсетілген мәліметке сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдардың куәландырушы орталығымен Куәландырушы орталығының тіркеу куәліктерінің тіркелімінде жасалған электрондық цифрлық қолтаңбаның келесі ашық кілтін және менің тіркеу куәлігімді тіркеуіңізді;
сұраймын.
Сәйкестендіру деректері:
Елінің атауы ________________________________________________________
Облысының, ауданының, қаланың атауы _________________________________
Ұйымның атауы _______________________________________________________
Лауазымы ____________________________________________________________
Тіркеу куәлігін пайдалану салалары:
1. Мемлекеттік органдардың электрондық құжат айналымының бірыңғай
жүйесі
2.___________________________________________________________________
Тіркеу куәлігінің қолдану мерзімі: 1 жыл.
Күні 20 жылғы " " ___________________
Қолы _____________ Т.А.Ә ______________________
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттiк органдарының
куәландырушы орталығы
қызметiнiң Қағидаларына
2-қосымша
Нысан
№ _______ Тіркеу куәлігі
Болжам: _________
Тіркеу куәлігінің сериялық нөмірі: __________________________________
_____________________________________________________________________
ЭЦҚ алгоритмінің идентификаторы: ____________________________________
Тіркеу куәлігін шығарушының аты: ____________________________________
Тіркеу куәлігін шығарушының криптографиялық өрнектеудің алгоритмі:
ГОСТ 34.310-2004, ГОСТ 34.311-95, ГОСТ 28.147-89
Тіркеу куәлігінің қолдану мерзімі:
_________ бастап _____________ дейін жарамды
Тіркеу куәлігі иесінің аты:
_____________________________________________________________________
Тіркеу куәлігі иесінің жабық кілті:
Кілттің өлшемі: ________ бит
Тіркеу куәлігі иесінің ашық кілті:
Кілттің өлшемі: ___________ бит
Мәні: _______________________________________________________________
Кілтті тағайындау:
_____________________________________________________________________
Кілттің қолдану саласы:
Туы |
Кілттің қолдануы |
ЭЦҚ құралы: _________________________________________________________
Тіркеу куәлігі _________ нысанында: қосымшаны қараңыз
Осы тіркеу куәлігі шығарушының ЭЦҚ:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
"___"____________20___ж.
№ _______ Тіркеу
куәлігіне қосымша
Тіркеу куәлігі _________ нысанында:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
"___"____________20___ж.
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттiк органдарының
куәландырушы орталығы
қызметiнiң Қағидаларына
3-қосымша
Нысан
МО КО пайдаланушыларының тіркеу куәліктерін шығару журналы
№ |
МО атауы |
Хаттың нөмірі мен күні |
ЭЦҚ шығарылған пайдаланушының Т.А.Э |
Шығару күні |
Тасымалдағыштың сериялық нөмірі |
Тіркеу куәлігінің сериялық нөмірі |
Бланктардың нөмірлері |
ЭЦҚ қолдану мерзімі |
Әкімгердің Т.А.Ә. |
Қолы |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттiк органдарының
куәландырушы орталығы
қызметiнiң Қағидаларына
4-қосымша
Нысан
Тіркеу куәлігін кері қайтарып алуға (жоюға) өтініш
Осы хат арқылы тізімге сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк органдарының куәландырушы орталығымен берілген тiркеу куәлiктерін кері қайтарып алуға (жоюға) өтінім жолдаймыз.
№ р/с |
Тегі, аты, әкесінің аты |
Ұйым |
Лауазымы |
Тіркеу куәлігінің сериялық нөмірі |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
Күні 20 жылғы " " ___________________
Басшы _________ ____________________________
(қолы) (аты, тегі)
МО
Тіркеу куәлігін кері қайтарып
алуға (жоюға) өтінішке қосымша
Нысан
Мен __________________________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты)
_____________________________________________________________________
(төлқұжаттың/жеке куәліктің нөмірі мен сериясы,
кіммен және қашан берілген)
_____________________________________________________________________
__________________________________________ мекен жайы бойынша тұратын
_____________________________________________________________________
(тіркеу куәлігін кері қайтарып алудың (жоюдың) себебі: жабық кілттің
жабылу себебіне байланысты, жұмыстың тоқтатылуы, кілтті ақпаратты
тасымалдағыштың бұзылуы және т.б.)
байланысты __________________________________________________________
(тіркеу куәлігінің сериялық нөмірі және берілген күні)
сериялық нөмірімен тіркеу куәлігін кері қайтаруды сұраймын.
Күні 20 жылғы " " _________________
Қолы _____________
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттiк органдарының
куәландырушы орталығы
қызметiнiң Қағидаларына
5-қосымша
Нысан
МО КО пайдаланушыларының тіркеу куәліктерін
кері қайтарып алу журналы
№ |
ЭЦҚ кері қайтарып алуға мемлекеттік орган пайдаланушысының Т.А.Ә. |
МО атауы |
Кері қайтарып алудың негізі хаттың нөмірі мен күні |
ЭЦҚ қолдану мерзімі |
Кері қайтарып алу күні |
Сериялық нөмірі |
Әкімгердің Т.А.Ә. |
Қолы |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
Қазақстан Республикасы
Байланыс және ақпарат министрінің
2010 жылғы 10 желтоқсандағы
№ 348 бұйрығына
3-қосымша
Қазақстан Республикасының
Ұлттық куәландырушы орталығы
қызметінің қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы қызметінің қағидалары (бұдан әрі - Кағидалар) "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді.
Қағидалар Қазақстан Республикасының ұлттық куәландырушы орталығының тіркеу куәліктерін беру, кері қайтарып алу және тіркеу куәлігін сақтау, сонымен қатар ҚР ҰКО тіркеу куәліктерінің тіркелімін жүргізу қызметін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда келесі негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы (бұдан әрі – ҚР ҰКО) – "электрондық үкіметтің" мемлекеттік және мемлекеттік емес ақпараттық жүйелердің қатысушыларына қызмет көрсететін куәландырушы орталығы;
2) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі –ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электронды құжаттың дұрыстығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жыйыны;
3) тіркеу куәлігі – куәландырушы орталық электрондық цифрлық қолтаңбаның Заңда белгіленген талаптарға сәйкестігін растау үшін куәландырушы орталығы беретін қағаз жеткіштегі құжат немесе электрондық құжат;
4) тіркеу куәліктерінің тіркелімі – берілген және кері қайтарып алынған (жойылған) тіркеу куәліктер туралы мәліметтерді қамтитын Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасының ұлттық куәландырушы орталығы ақпараттық жүйесінің ажырамас бөлігі;
5) кері қайтарып алынған (жойылған) тіркеу куәлігі – осы Қағидалармен белгіленген тәртіпте оның әрекет етуі тоқтатылған ҚР ҰКО берген тіркеу куәлігі;
6) кері қайтарып алынған тіркеу куәліктерінің тізімі (бұдан әрі – КТКТ) – әрекет етуі тоқтатылған тіркеу куәліктері туралы мәліметтерді қамтитын тіркеу куәліктері тіркелімінің бөлігі;
7) ЭЦҚ құралдары (криптопровайдер) – ЭЦҚ жасау және оның түпнұсқалығын тексеру үшін пайдаланылатын бағдарламалық және техникалық құралдар жиынтығы;
8) өтініш беруші – тіркеу куәлігін тіркеуге немесе тіркеу куәлігі жарамсыз деп (жойылған) танылған кезеңіне дейін тіркеу куәлігін беруге (шығаруға, қайта шығаруға) немесе кері қайтарып алуға (жоюға) құжаттарды берген жеке немесе заңды тұлға (филиал/өкілдік) болып табылады;
9) тіркеу куәлігінің иесі - өз атына ҚР ҰКО тіркеу куәлігі берілген тіркеу куәлігінде көрсетілген ашық кілтке сәйкес келетін жабық кілтті заңды түрде иеленетін жеке немесе заңды тұлға (филиал/өкілдік).
2. ҚР ҰКО өтініш берушіге тіркеу куәліктерін беру тәртібі
3. ҚР ҰКО тіркеу куәлігін өтініш берушіге:
1) жеке тұлғаға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіркеу куәлігін беруге өтініш негізінде;
2) заңды тұлғаға осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіркеу куәлігін беруге өтініш негізінде беріледі.
4. Өтінішке қоса:
1) жеке тұлғаға тіркеу куәлігін беруге өтінішке қол қойған тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
2) заңды тұлғаға тіркеу куәлігін беруге өтінішке қол қойған тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, мемлекеттік тіркеу куәлігінің көшірмесі, заңды тұлғадан сенім хат тапсырылады.
5. Тіркеу куәлігін беруге өтініштің түскенінен кейін ҚР ҰКО:
1) тіркеу куәлігін беруге өтініштегі өтініш берушінің мәліметтерін дұрыс толтырылғанын растауын;
2) пайдалануға берілетін өтініштің және өтініш берушінің мәліметтерінің сәйкестігін растауын;
3) тіркеу куәлігін тіркеуін жасайды.
6. Тіркеу куәлігін тіркеу, тіркеу куәлігінің мазмұнын құрайтын тіркеу куәліктері жазбаларының (мәліметтер) тіркелімінде қалыптастыру жолымен жүзеге асырылады.
7. Тіркеу куәлігін иесіне беру тиісті тіркеу куәлігін өтініште көрсетілген өтініш берушінің электрондық поштасына объекттің электрондық адресіне жөнелту жолымен немесе Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қағаз тасығышта беру арқылы жүргізіледі.
3. ҚР ҰКО тіркеу куәліктерін кері қайтару тәртібі
9. Тіркеу куәлігі ҚР ҰКО:
1) тіркеу куәлігі иесінің (немесе оның уәкілінің) өтінішінің негізінде:
жеке тұлғадан осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша;
заңды тұлғадан осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша;
2) заңдық күшіне енген сот шешімінің негізінде;
3) ҚР ҰКО қызметі тоқтатылған жағдайда қайтарып алынады.
Осы Қағидалардың 8 пунктіне сәйкес, өтініштегі өзінің мәліметтерінің өтініш берушілердің дұрыс толтырылғанын растап, ҚР ҰКО тіркеу куәліктерінің тіркеліміне тіркеу куәлігінің кері қайтарылуы (жойылуы) күні мен уақытын көрсетіп, тіркеу куәлігінің әрекеті аяқталғаны жөнінде жазуды енгізеді.
9. ҚР ҰКО тіркеу куәлігін өтінішті алғанан кейін екі жұмыс күннен кеш емес уақытта кері қайтарады (жояды).
10. Өтініш берушіде қолданыстағы тіркеу куәлігі болған кезде тіркеу куәлігін кері шақыруға (жоюға) өтініш электрондық құжат нысанында берілуі мүмкін.
Сонымен өтініштегі мәліметтер өтініш берушінің әрекетті ЭЦҚ расталады.
11. Тіркеу куәлігін кері шақыру (жою) фактісі туралы ресми хабарлама осы фактіні КТКТ-ға жариялау болып табылады.
4. ҚР ҰКО берілген тіркеу куәліктерін сақтау тәртібі
12. ҚР ҰКО тіркеу куәліктерінің тіркелімінде тіркеу куәліктерін электрондық құжаттардың нысанында барлық қолдану мерзімі бойында сақтайды.
Сонымен бірге ҚР ҰКО олардың физикалық сақталуына тиiстi шарттарды қамтамасыз етеді.
13. Тіркеу куәлігінің тіркеу куәліктерінің тіркелімінде сақталу мерзімі тіркеу куәлігінің қолданысы тоқтатылған күнінен бастап бес жылды құрайды.
14. КТКТ тіркеу куәліктерінің иелеріне электрондық нысанында Интернет желісі арқылы беріледі.
15. Сақтау мерзімі аяқталғаннан кейін КТКТ ҚР ҰКО-ға архивті сақтауға түседі.
Қазақстан Республикасының
Ұлттық куәландыру орталығы
қызметінің Қағидаларына
1-қосымша
Нысан
Тіркеу куәліктерін беруге
өтініш
_____________________________________________________________________
(жеке тұлғадан)
_____
www.pki.gov.kz интернет - ресурсында берілген өтініштің нөмірі|_____|
Өтініш берушінің сәйкестендіру деректерi:
ЖСН: ________________________________________________________________
Тегі: _______________________________________________________________
Аты: ________________________________________________________________
Әкесінің аты: _______________________________________________________
Облыстың атауы: _____________________________________________________
Қала: _______________________________________________________________
Электрондық поштаның адресі: ________________________________________
Телефоны: ___________________________________________________________
Тiркеу куәлiгін пайдалану саласы:
1. __________________________________________________________________
2. __________________________________________________________________
Тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімі: 1 жыл.
Электрондық цифрлық қолтаңбаның тиісті жабық кілтін құру үшін
пайдаланылатын электрондық цифрлық қолтаңбаның құралдары туралы
деректер және электрондық цифрлық қолтаңба алгоритмі стандартының
мағынасы: ___________________________________________________________
Күні 20___жылғы. "___" _______________________
Өтініш берушінің қолы ________________________
Қазақстан Республикасының
Ұлттық куәландыру орталығы
қызметінің Қағидаларына
2-қосымша
Нысан
Тіркеу куәліктерін беруге
өтініш
_____________________________________________________________________
(заңды тұлғадан)
_____
www.pki.gov.kz интернет - ресурсында берілген өтініштің нөмірі|_____|
Өтініш берушінің сәйкестендіру деректерi:
БСН:_________________________________________________________________
Мекеме аты: _________________________________________________________
Мекеменің қысқартылған аты (64 символдан артық емес)_________________
_____________________________________________________________________
ЖСН: ________________________________________________________________
Тегі: _______________________________________________________________
Аты: ________________________________________________________________
Әкесінің аты: _______________________________________________________
Облыстың атауы: _____________________________________________________
Қала:________________________________________________________________
Электрондық поштаның адресі: ________________________________________
Телефоны: ___________________________________________________________
Тiркеу куәлiгін пайдалану саласы:
1. __________________________________________________________________
2. __________________________________________________________________
Тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімі: 1 жыл.
Электрондық цифрлық қолтаңбаның тиісті жабық кілтін құру үшін
пайдаланылатын электрондық цифрлық қолтаңбаның құралдары туралы
деректер және электрондық цифрлық қолтаңба алгоритмі стандартының
мағынасы: ___________________________________________________________
Күні 20 жылғы. " " _______________________
Өтініш берушінің қолы ______________________________
Қазақстан Республикасының
Ұлттық куәландыру орталығы
қызметінің Қағидаларына
3-қосымша
Нысан
Тіркеу куәлігі
Болжам: _____________
Тіркеу куәлігінің сериялық нөмірі:___________________________________
ЭЦҚ алгоритм көрсеткіші:_____________________________________________
Тіркеу куәлігі баспагерінің аты:
C=KZ
O=___________________________________________________________________
CN=__________________________________________________________________
Тіркеу куәлігі баспагері ашық кілтінің алгоритмі:
Тіркеу куәлігінің қолдану мерзімі: _______ ден ________ дейін жарамды
Тіркеу куәлігі иесінің аты:
E=___________________________________________________________________
SN=IIN_______________________________________________________________
CN=__________________________________________________________________
OU=BIN_______________________________________________________________
O=___________________________________________________________________
L=___________________________________________________________________
ST=__________________________________________________________________
C=KZ
Тіркеу куәлігі иесінің жабық кілті:
кілттің ұзындығы: _____________ бит
Тіркеу куәлігі иесінің ашық кілті:
кілттің ұзындығы: _____________ бит
мағынасы:____________________________________________________________
Кілтті пайдалану:____________________________________________________
Кілтті қолдану саласы:_______________________________________________
Туы |
Кілтті қолдану |
ЭЦҚ құралы:__________________________________________________________
Қазақстан Республикасының
ұлттық куәландыру орталығы
қызметінің Қағидаларына
4-қосымша
Нысан
Тіркеу куәлігін кері қайтаруға (жоюға)
өтініш
(жеке тұлғадан)
Өтініш берушінің сәйкестендіру деректерi:
ЖСН: ________________________________________________________________
Тегі: _______________________________________________________________
Аты: ________________________________________________________________
Әкесінің аты: _______________________________________________________
Электрондық поштаның адресі: ________________________________________
Телефон: ____________________________________________________________
Тіркеу куәлігінің сәйкестендіру деректері:
Сериялық нөмірі: ____________________________________________________
Берілген күні: ____________________________
Күні 20__ жылғы. "___"_____________________
Өтініш берушінің қолы _____________________
Қазақстан Республикасының
ұлттық куәландыру орталығы
қызметінің Қағидаларына
5-қосымша
Нысан
Тіркеу куәлігін кері қайтаруға (жоюға)
өтініш
(заңды тұлғадан)
Өтініш берушінің сәйкестендіру деректерi:
БСН: ________________________________________________________________
Ұйымның атауы: ______________________________________________________
Ұйымның қысқартылған атауы (64 символдан аспауы тиіс): ______________
_____________________________________________________________________
Облыстың атауы: _____________________________________________________
Қала: _______________________________________________________________
Телефон: ____________________________________________________________
Тіркеу куәлігінің сәйкестендіру деректері:
Сериялық нөмірі: ____________________________________________________
Берілген күні: ______________________________________________________
Күні 20___ жылғы. "___" ______________________
Жетекші _________ _________________________
(қолы) (аты, тегі)
МО