Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 27.01.2016 № 30 бұйрығымен.
РҚАО-ның ескертуі!
Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз.
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Шығыстардың, оның ішінде жасасқан азаматтық-құқықтық мәмілелерге қатысты тіркеу міндетті болып табылатын шығыс түрлерінің экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 19 желтоқсандағы № 588 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылғы 26 желтоқсанда N 5419 болып тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шығыстардың, оның ішінде жасасқан азаматтық-құқықтық мәмілелерге қатысты тіркеу міндетті болып табылатын шығыс түрлерінің экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің тізбесінде:
1 «Ағымдағы шығындар» санатында:
1 «Тауарлар мен қызметтерге шығатын шығыстар» сыныбында:
140 «Қызметтер мен жұмыстарды сатып алу» кіші сыныбында:
149 «Басқа да жұмыстар мен қызметтер» ерекшелігі бойынша:
6 «Азаматтық-құқықтық мәмілені міндетті тіркеуді талап ететін шығыстардың түрлері» бағанында:
«заңды және жеке тұлғалар көрсететін қызметтер, жұмыстар» деген сөздерден кейін «; тірек-қозғалу аппаратының функциялары бұзылған мүгедектерге көлік қызметтері үшін ақы төлеу» деген сөздермен толықтырылсын;
2 «Күрделі шығындар» санатында:
4 «Негізгі капиталды сатып алу» сыныбында:
430 «Күрделі жөндеу» кіші сыныбында:
«432» деген жолдан кейін:
4 «Ерекшелігі» деген баған «433» деген сандармен толықтырылсын;
5 «Атауы» деген баған мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
«Мемлекеттік кәсіпорындардың үй-жайларын, ғимараттарын, құрылыстарын күрделі жөндеу»;
6 «Азаматтық-құқықтық мәмілені міндетті тіркеуді талап ететін шығыстардың түрлері» деген баған мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
«Республикалық немесе коммуналдық меншіктегі ғимараттарды, құрылыстарды, жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау және кәріздеу жүйесін күрделі жөндеуге байланысты шығындар».
2. Бюджеттік процесс әдіснамасы департаменті (Қалиева А.Н.) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі міндетін атқарушы Б. Шолпанқұлов