"Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 1 сәуірдегі № 141 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 630 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6695 тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 1 сәуірдегі № 141 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6148 болып тіркелген), мынадай толықтырулар:
      көрсетілген бұйрықтың 1-қосымшасында:
      бюджет түсімдерінің сыныптамасында:
      5 «Бюджеттік кредиттерді өтеу» санатында:
      01 «Бюджеттік кредиттерді өтеу» кіші сыныбында:
      2 «Төленген мемлекеттік кепілдіктер бойынша талаптарды қайтару» кіші сыныбында:
      мынадай мазмұндағы 03, 04 ерекшеліктермен толықтырылсын;
      «03 Республикалық бюджеттен берілген пайдаланылмаған бюджеттік кредиттерді облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) бюджеттерінен қайтару
      04 Облыстық бюджеттен берілген пайдаланылмаған бюджеттік кредиттерді аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерінен қайтару».
      2. Бюджеттік процесс әдіснамасы департаменті (А.Н. Қалиева) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                           Б. Жәмішев