Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 қаңтардағы № 2 қаулысымен бекітілген Жануарлар дүниесі объектілерін пайдалануға шектеулер мен тыйым салуды белгілеу ережесінің 7-тармағына, Жануарлар дүниесі объектілерін пайдалануға шектеулер мен тыйым салуды белгілеу жөніндегі комиссияның 2010 жылғы 31 тамыздағы № 1 хаттамалық шешіміне, сонымен қатар биологиялық негіздемеге мемлекеттік экологиялық сараптаманың 2010 жылғы 12 тамыздағы № 10-01-46/5093 қорытындысына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы аумағында киіктерді (ғылыми мақсаттарды пайдалануды қоспағанда) 2020 жылдың 31 желтоқсанына дейін алуға тыйым салу белгіленсін.
2. Мыналардың:
1 «Қазақстан Республикасының аумағында киік алуға тыйым салуды белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2005 жылғы 22 қыркүйектегі № 206 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3880 тіркелген, 2005 жылғы 18 қазанда № 128(752) «Заң газеті» газетінде жарияланған);
2) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті төрағасының міндетін атқарушының «Қазақстан Республикасының аумағында киік алуға тыйым салу туралы» 2005 жылғы 22 қыркүйектегі № 206 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық комитеті төрағасының 2005 жылғы 28 желтоқсандағы № 286 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4035 тіркелген, 2006 жылғы 2 ақпанда № 17(823) «Заң газеті» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің (бұдан әрі - Комитет) төрағасына жүктелсін.
4. Комитет осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
5. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министрдің
міндетін атқарушы Е. Аман