Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 29 қазандағы № 162 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылы 6 желтоқсанда № 6663 тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының баланста көрсетiлмеген меншiктi мүлкінің кепіл, кепілдiк (кепілдеме) шарттарының және басқа міндеттемелерінің) тiзiлiмiн жүргiзу және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұжымы жасаған бiрлескен қызмет туралы шарттарды тiркеу ережесiн бекiту туралы» 2001 жылғы 20 сәуірдегі № 121 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1534 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының баланста көрсетiлмеген меншiктi мүлкiнiң кепiл, кепiлдiк (кепілдеме) шарттарының және басқа мiндеттемелерiнiң тiзілімiн жүргiзу және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жасаған бiрлескен қызмет туралы шарттарды тiркеу ережесінде:
      9-тармақтың төртінші бөлігі алып тасталсын;
      10-тармақ алып тасталсын;
      14-тармақтағы «бес күндiк мерзiмде» деген сөздер «күнтізбелік бес күн ішінде» деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Агенттік Басқармасының «Жинақтаушы зейнетақы қорына және ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысына шектеулі ықпал ету шараларын қолдану Ережесін бекіту туралы» 2007 жылғы 30 наурыздағы № 67 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4660 тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Жинақтаушы зейнетақы қорына және Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушыларына шектеулі ықпал ету шараларын қолдану ережесінде:
      10-тармақтағы «қажетті» деген сөз «растайтын» деген сөзбен ауыстырылсын.
      3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      4. Заң департаменті (Н.В. Сәрсенова):
      1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап, он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелерінің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің және «Атамекен» Одағы» Қазақстан Ұлттық экономикалық палатасы» Заңды тұлғалар бірлестігінің назарына жеткізсін.
      5. Агенттік Төрайымының Қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.

      Төрайым                                      Е. Бахмутова