Қазақстан Республикасы әуе кеңістігінің шегінен тыс жерде Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемесін пайдаланушының тұрақты емес халықаралық ұшуды орындау жөнінде хабарлау қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникацмия министрінің 2010 жылғы 22 қазанадағы N 470 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылы 19 қарашада N 6644 тіркелді.

Жаңартылған

      "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабы 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса берілген Қазақстан Республикасы әуе кеңістігінің шегінен тыс жерде Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемесін пайдаланушының тұрақты емес халықаралық ұшуды орындау жөнінде хабарлау қағидасы бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Көлік коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Р.Ө. Әдимолда) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін белгіленген тәртіппен ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация вице-министрі Е.С. Дүйсенбаевқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр Ә. Құсайынов

  Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
министрінің
2010 жылғы 22 қазанда
N 470 бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасы әуе кеңістігінің шегінен тыс жерде Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемесін пайдаланушының тұрақты емес халықаралық ұшуды орындау жөнінде хабарлау қағидасы

      ЗҚАИ-дың ескертпесі!
      1-тармақ жаңа редакцияда көзделген– ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 20.06.2019 № 416 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қазақстан Республикасы әуе кеңістігінің шегінен тыс жерде Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемесін пайдаланушының тұрақты емес халықаралық ұшуды орындау жөнінде хабарлау туралы осы қағидасы Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесін пайдаланушы азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен орындалған тұрақты емес халықаралық ұшу жөнінде хабарлаудың тәртібін реттейді.

      ЗҚАИ-дың ескертпесі!
      2-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 20.06.2019 № 416 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесін пайдаланушы азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға осы Қағидаға қосымшаға сәйкес нысан бойынша Хабарландыру жолдайды.

      3. Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесін пайдаланушы әрбір орындаған тұрақты емес халықаралық ұшуға бөлек Хабарландыруды рәсімдейді.

      ЗҚАИ-дың ескертпесі!
      4-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 20.06.2019 № 416 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесін пайдаланушы азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға келесі есептік кезеңдегі айдың 10-күніне дейінгі мерзімде ай сайын Хабарландыруды сілтеме хат арқылы жолдайды.

      5. Хабарландырудың нысанындағы 6-тармақта ұшу мақсатын анықтау кезінде пайдаланушы мыналарды:

      1) жолаушылар рейсін орындау кезінде - жолаушылар санатын (ресми делегация; туристердің ұйымдастырылған тобы; жеке мақсаттағы чартерлік рейс немесе қызметтік іссапар; мамандандырылмаған жолаушылар тобын тасымалдау), сондай-ақ әуе кемесінің бортында әскери қару-жарақтың және шетел мемлекетінің әскери техникасының бар болуын (жоқтығын);

      2) жүк рейсін орындау кезінде - жүктің, жүк жөнелтушінің, жүк алушының сипатын, сондай-ақ әуе кемесінің бортында әскери қару-жарақтың және шетел мемлекетінің әскери техникасының бар болуын (жоқтығын);

      3) жолаушыларсыз және жүксіз рейсті орындау кезінде - техникалық ұшуды көрсетеді.

      Әуе кемесінің бортында әскери қару-жарақтың және шетел мемлекетінің әскери техникасы бар болған кезде азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен келісілген күн көрсетіледі.

  Қазақстан Республикасы әуе
кеңістігінің шегінен тыс
жерде Қазақстан Республикасы
азаматтық әуе кемесін
пайдаланушының тұрақты
емес халықаралық ұшуды орындау
жөнінде хабарлау қағидасына
қосымша

      Нысан

      ЗҚАИ-дың ескертпесі!
      Қосымша жаңа редакцияда көзделген – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 20.06.2019 № 416 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Қазақстан Республикасы әуе кеңістігінің шегінен тыс жерде Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесін пайдаланушы азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға халықаралық тұрақты емес ұшуды орындағаны жөніндегі хабарландыруы

      1. Пайдаланушының атауы _________________________________________

      2. Рейс нөмірі (егер ұшу әуе кемесінің тіркелген нөмірі бойынша орындалса - әуе кемесінің

      тіркеу нөмірін көрсету) _________________

      3. Әуе кемесінің үлгісі, тіркеу нөмірі ___________________________

      _______________________________________________________________

      4. Көрсетілген нөмір рейсіндегі ұшудың толық авиабағытын (әуе кемесінің тіркелген

      нөмірі)______________________________________

      5. Ұшу және қону күні____________________________________________

      6. Ұшу мақсаты__________________________________________________