"Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 1 қарашадағы № 506 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 18 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6640 болып енгізілді

Қолданыстағы

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 19) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5191 тіркелген, "Заң газетінің" 2008 жылғы 30 мамырдағы № 81 санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттаудың үлгі ережесінде:
      бүкіл мәтін бойынша "немесе ғылыми ұйымдардың", "немесе ғылыми ұйымда", "немесе ғылыми ұйымның", "(ғылыми ұйымның)", "немесе ғылыми ұйымның ғылыми кеңесі", "немесе ғылыми ұйымдар", "(ғылыми ұйымнан)", "немесе ғылыми ұйым", "немесе ғылыми ұйымы", "мен ғылыми ұйымдар", "немесе ғылыми ұйымынан", "немесе ғылыми ұйымдағы", "ғылыми ұйым директорының орынбасары немесе", "немесе ғылыми ұйым директорының орынбасары" деген сөздер алынып тасталсын;
      93, 94-тармақтар алынып тасталсын;
      95-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "95. Студентке мынадай жағдайда дипломдық жұмыстың (жобаның) орнына екі мемлекеттік емтихан тапсыруға рұқсат етіледі:
      1) денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтаманың негізінде стационарда ұзақ емделуде (бір айдан артық);
      2) бала тууы туралы куәлігінің негізінде 3 жасқа дейінгі балалары бар;
      3) ата-аналарының денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтамасының негізінде ауру ата-анасын күтуші;
      4) мүгедек туралы медициналық анықтаманың негізінде мүмкіндігі шектеулі мүгедек.
      Осы ретте, білім алушы жоғары оқу орны басшысының атына өтініш жазады және тиісті құжаттарды ұсынады. Басқа жағдайда дипломдық жұмысты қосымша мемлекеттік емтихандар тапсыруға ауыстыруға рұқсат етілмейді.
      Бұл жағдайда мемлекеттік емтиханның тізбесі бітіруші кафедра ұсынысы бойынша факультет кеңесінің шешімімен бекітіледі.".
      2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (С.М. Өмірбаев):
      1) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
      2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр М.Н. Сарыбековке жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    Б. Жұмағұлов