Авиация персоналының қолданыстағы куәлігі бар ұшу құрамының, кабина экипажының адамдарына, ұшуды техникалық қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық құрамға және ұшу кезінде қауіпсіздігін қамтамасыз ететін персоналға экипаж мүшесінің куәлігін беру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2010 жылғы 20 қазандағы № 465 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 17 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6637 болып енгізілді

Қолданыстағы

      «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 108-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Авиация персоналының қолданыстағы куәлігі бар ұшу құрамының, кабина экипажының адамдарына, ұсынуды техникалық қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық құрамға және ұшу кезінде қауіпсіздігін қамтамасыз ететін персоналға экипаж мүшесінің куәлігін беру қағидалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Р.Ө. Әдимолда) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы көлік және коммуникация вице-министрі Е.С. Дүйсенбаевқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                        Ә. Құсайынов

Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
министрінің 2010 жылғы
20 қазандағы № 465 
бұйрығымен бекітілген

Авиация персоналының қолданыстағы куәлігі бар ұшу құрамының, кабина экипажының адамдарына, ұшуды техникалық қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық құрамға және ұшу кезінде қауіпсіздігін қамтамасыз ететін персоналға экипаж мүшесінің куәлігін беру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Авиация персоналының қолданыстағы куәлігі бар ұшу құрамының, кабина экипажының адамдарына, ұшуды техникалық қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық құрамға және ұшу кезінде қауіпсіздігін қамтамасыз ететін персоналға экипаж мүшесінің куәлігін беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының ережелерін, стандарттарын және Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) ұсынатын практикасын іске асыру мақсатында әзірленді.
      2. Қағидалар авиация персоналының қолданыстағы куәлігі бар ұшу құрамының, кабина экипажының адамдарына, ұшуды техникалық қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық құрамға және ұшу кезінде қауіпсіздігін қамтамасыз ететін персоналға экипаж мүшесінің куәлігін (бұдан әрі - ЭМК) беру тәртібін анықтайды.
      3. ЭМК беруді азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен (бұдан әрі - уәкілетті орган) жүзеге асырады.
      4. ЭМК авиация персоналының қолданыстағы куәлігі бар ұшу құрамының, кабина экипажының адамдарына, ұшуды техникалық қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық құрамға және ұшу кезінде қауіпсіздігін қамтамасыз ететін персоналға 3 жыл мерзімге беріледі.

2-тарау. ЭМК берудің тәртібі

      5. ЭМК беру үшін негіз осы Қағидалардың 16-тармағында көзделген құжаттар (мәліметтер) қоса беріле отырып, ЭМК беру немесе ауыстыруға арналған хат-өтінім болып табылады.
      6. Хат-өтінімді авиакомпания бір данада ресми бланкіде жасайды және уәкілетті органға жібереді.
      7. Хат-өтінімде мыналар көрсетіледі:
      1) ЭМК алу қажеттігінің негізі;
      2) алфавиттік тәртіппен қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жасалған қызметкерлер тізімі;
      3) келесі талаптарды бұзбау туралы міндеттемелері:
      ЭМК көшірмелерін дайындауы және пайдалануы, әуежай аумағында өндірістік іс-әрекеттермен байланысты емес уақытта болуы рұқсат етілмейді;
      өткізу және объектішілік режимнің, әуежайда қауіпсіздікті қамтамасыз ететін шекаралық, кедендік және өзге де мемлекеттік органдардың талаптарын сақтауы;
      ЭМК қолданылу мерзімінің өтуі бойынша тапсыруы, сондай-ақ авиакомпаниялардың және авиакомпаниялардың кадр бөлімшелерінің авиациялық қауіпсіздігі бойынша басшыларының (инспекторы) қолы қойылған акті жасау арқылы жұмыс орнын ауыстыру немесе жұмыстан  босатылу кезінде;
      4) авиакомпанияның бірінші басшысының қолы;
      5) орындаушының тегі, аты, әкесінің аты, қызметтік телефоны, электронды адресі.
      8. Уәкілетті орган хат-өтінімді қарағаннан кейін хат-өтінімнің көшірмесін ұлттық қауіпсіздік органдарына келісуге жібереді.
      9. Ұлттық қауіпсіздік органдарының келісімінен кейін, уәкілетті орган хат-өтінімді берген авиакомпанияның жауапты тұлғасына ЭМК беру,ауыстыруды жүзеге асырады.
      10. Уәкілетті органның хат-өтінімді қарау және ЭМК беру мерзімі ұлттық қауіпсіздік органнан жауапты алған күннен бастап 10 жұмыс күн.
      11. Әрбір авиакомпанияда өзінің қызметкерлері үшін ЭМК алу жөнінде жауапты тұлға белгіленеді.
      12. Әрбір авиакомпанияға хат-өтінімдерді сақтау үшін жеке нөмірленген папка ашылады. Хат-өтінімдердің сақталу мерзімі - 3,5 жыл.
      13. ЭМК жоғалту фактілері туралы авиакомпания уәкілетті органға хабарлап, мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) ЭМК жоғалтқан адамның түсініктемесі;
      2) ішкі істер органдарына (ұрлық, ұрлау), табылған заттар бюросына және тағы сол сияқтылар, жүгіну туралы құжаттардың көшірмелері.
      14. ЭМК жоғалту фактісі бойынша азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган ЭМК жоғалту туралы ақпарат түскен сәттен бастап үш жұмыс күн ішінде қызметкердің тегін және жоғалтқан ЭМК нөмірін көрсетумен, үшінші тұлғалар пайдаланған кезде оны алып қою мақсатында Қазақстан Республикасының авиакомпанияларына және әуежайларына хабарлайды.
      15. Жоғалтылған ЭМК ауыстырылуын уәкілетті орган авиакомпанияларға және әуежайларға (ЭМК ұрлануын қоспағанда) хабарлаған сәттен бастап бір ай өткен соң береді.
      16. Хат-өтінімге мыналар қоса беріледі:
      1) ұшқыштар қызметімен байланысты, соның ішінде ұшуды техникалық сүйемелдеу үшін инженерлік-техникалық персоналды және ұшудағы әуе кемелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін персоналды лауазымға тағайындау туралы бұйрықтың көшірмесі;
      2) түрлі-түсті (күңгірт) фото (9*12) (бас киімсіз және нысанды киімде) немесе Т.А.Ә.а., лауазымы көрсетілген магниттік тасымалдағыштардағы файл;
      3) арнайы ережелер көшірмелері (ұшқыштар экипажының мүшелері үшін: ұшқыштар, штурмандар, бортинженерлер, бортмеханиктер және бортрадистер) және авиациялық персоналдың сақтандыру шарты (ұшу кезінде әуе кемелерін және оның жабдығын басқарумен байланысты міндеттерді орындамайтын кабиналық экипаждың мүшелері үшін: әуе кемесінің мақсатына байланысты бортпроводниктер, бортоператорлар және басқа да мамандар, сондай-ақ ұшу кезінде әуе кемелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін персонал үшін);
      4) осы Қағидаларға нысанды Қосымшаға сәйкес мәліметтер;
      5) авиациялық персоналдың қолданыстағы куәлігінің көшірмесі (ұшу құрамының, кабина экипажының адамдарына, ұшуды техникалық қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық құрамға);
      6) оқу орталығында алынған, Халықаралық азаматтық авиацияның ұйымында (ИКАО) (әуе кемесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін персонал үшін) тіркелген сертификат көшірмесі.
      17. Егер әуе кемелерін және оның жабдықтарын басқаратын ұшқыштар экипажының мүшелері сынақтан өтуі кезінде арнайы ережесіне енгізілмеген болса, ЭМК беру әуе кемелерін және оның жабдықтарын басқаратын ұшқыштар экипажы мүшелерін авиакомпаниялардың арнайы ережесіне енгізусіз жүзеге асырылады.
      18. Уәкілетті орган ЭМК беруден мынадай жағдайларда бас тартады:
      1) хат-өтінім, сондай-ақ ЭМК алу үшін" қажетті құжаттар, осы Қағидалардың 16-тармағында көзделген толық құжаттар пакетіне келмесе;
      2) ЭМК беруге келісімге ұлттық қауіпсіздік органдарымен бас тартылса;
      3) хат-өтінім, сондай-ақ ЭМК алуға қажетті құжаттарда дәйексіз ақпарат көрсетілсе.
      19. Уәкілетті орган ЭМК мынадай жағдайларда кері қайтарып алады:
      1) ЭМК мақсаты бойынша пайдаланбауы;
      2) ЭМК оның иесімен емес пайдалануы;
      3) ЭМК көшірмесі пайдаланған;
      4) ақпаратты оқуды қиындататын ішінара бүлінген мәтін;
      5) ЭМК иесін жұмыстан босату;
      6) ЭМК иесіне қатысты сот шешімі (атқарылған лауазымнан босату үкімі) заңды күшіне енген;
      7) осы Қағидалардың 7-тармағының 3) тармақшасының талаптарын бұзуы.
      20. Уәкілетті орган ЭМК қолданылуын алты айға дейінгі мерзімде мынадай жағдайларда тоқтата тұрады:
      1) авиациялық оқиғаларды тексеру;
      2) ЭМК иесінің әуежай аумағында өндірістік қызметке байланысты емес уақытта болуы;
      3) өткізу және объектішілік режімнің талаптарын бұзу;
      4) ЭМК жоғалту, ұрлау жағдайында.
      21. ЭМК қолданылуын тоқтату ЭМК қолдану мерзімі өткелі кезде жүзеге асады.
      22. Экипаж мүшесін жұмыстан босату, оның басқа жұмысқа немесе басқа ұйымға ауысуы кезінде берілген ЭМК рұқсаттама бюросына тапсырылады, бұл туралы кету қағазына белгі жасалады. Осы талапты орындау кезінде авиакомпания басшылары ЭМК тапсыруға және  әуежайдың уәкілетті қызметтеріне хабарлауға тиісті шаралар қабылдайды.

Авиация персоналының қолданыстағы  
куәлігі бар ұшу құрамының, кабина  
экипажының адамдарына, ұшуды       
техникалық қамтамасыз ететін       
инженерлік-техникалық құрамға және 
ұшу кезінде қауіпсіздігін қамтамасыз
ететін персоналға экипаж мүшесінің 
куәлігін беру қағидаларына қосымша 

Хат-өтінімге қоса берілетін мәліметтер

Нысан

(альбомды парақ)


Тегі, Аты, Әкесінің аты

ЭМК №

Жынысы

Туған жылы, азаматтығы

Жеке куәліктің деректері

Лауазымы

Ұшу қызметтің басталуы

Авиаперсонал куәлігінің нөмірі

Тұрғылықты жері

Жеке қолы

№ р/с

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1.

Қазақ тілі










Орыс тілі

Ағылшын тілі

2.

Қазақ тілі










Орыс тілі

Ағылшын тілі