РҚАО-ның ескертпесі!
Күшін жою көзделген - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.12.2015 № 254 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014.08.27 № 167 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
2. Агенттік Басқармасының «Орталық депозитарий қызметін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 238 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5531 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Орталық депозитарий қызметін жүзеге асыру ережесінде:
41-тармақта:
бірінші бөліктегі «лицензиясының қолданылуының тоқтатыла тұруы, айыру немесе тоқтату» деген сөздер «лицензиясынан айыру» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктегі «уәкілетті органның» деген сөздер «эмитенттің» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 41-1, 41-2 және 41-3-тармақтармен толықтырылсын:
«41-1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы № 62 қаулысымен (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 4175 тіркелген) бекітілген Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесін жүргізу ережесінің 67-1-тармағында көзделген жағдайда орталық депозитарий қағаз және электронды тасымалдауыштағы бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін құрайтын құжаттарды тіркеушіден қабылдап алады және олардың сақталуын қамтамасыз етеді.
41-2. Осы Ереженің 41-1-тармағына сәйкес қабылданған электронды тасымалдауыштағы құжаттар осы Ереженің 41-3-тармағында белгіленген тәртіпте оларды жаңа тіркеушіге өткізгенге дейін сақталуға тиіс.
Осы Ереженің 41-1-тармағына сәйкес қабылданған қағаз тасымалдауыштағы құжаттар сақталуға қабылданған күннен бастап бес жыл ішінде сақталуға тиіс.
Осы Ереженің 41-1-тармағына сәйкес орталық депозитариймен қабылданған құжаттар сақталудың барлық мерзім ішінде орталық депозитарий бағалы қағаздар шығарылымын жою операцияларын қоспағанда, ақпараттық операциялар мен осындай эмитенттердің бағалы қағаздарын ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйелеріндегі жеке шоттар бойынша операцияларды жүзеге асырмайды.
41-3. Осы Ереженің 41-1-тармағына сәйкес орталық депозитариймен қабылданған эмитенттің бағалы қағаздарын ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін құрайтын құжаттары орталық депозитариймен қоғамның тіркеушісін таңдау және оған осы эмитенттің бағалы қағаздарын ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін құрайтын құжаттарды өткізу туралы эмитенттің шешімі негізінде жаңа тіркеушіге қабылдау-өткізу актісі бойынша өткізіледі.
Қабылдау-өткізу актісіне орталық депозитарийдің, эмитенттің және тіркеушінің бірінші басшылары қол қояды және олардың мөрлерімен расталады. Қабылдау-өткізу актісінің мазмұны және оны ресімдеу тәртібі орталық депозитарийдің ережелер жинағында айқындалады.».
3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлiгiнде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап он төрт күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгiзiледi.
4. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (М.Ж. Хаджиева):
1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап, он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жеткізсін.
5. Агенттік Төрайымының Қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.
Төрайым Е. Бахмутова