"Жеке сот орындаушысы бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу ережесін бекіту туралы"

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2010 жылғы 3 қарашадағы № 305 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 9 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 6627 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2014 жылғы 7 наурыздағы № 99 бұйрығымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Әділет министрінің м.а. 07.03.2014 № 99 бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасы 2010 жылғы 2 сәуірдегі Заңының 167-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына174-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Жеке сот орындаушысы бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу ережесі бекітілсін.
      2. «Жеке сот орындаушысы бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты жанындағы сот әкімшілігі жөніндегі комитет Төрағасының 2010 жылғы 26 сәуіріндегі № 01-01-31/141 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6260 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің міндетін
      атқарушы                                   Д. Құсдәулетов

Қазақстан Республикасы 
Әділет министрі міндетін
атқарушының       
2010 жылғы 3 қарашадағы 
№ 305 бұйрығымен бекітілген

Жеке сот орындаушысы бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу  ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Жеке сот орындаушысы бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу тәртібі туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасы 2010 жылғы 2 сәуірдегі Заңының (бұдан әрі - Заң) 167-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына174-бабына сәйкес әзірленді.
      2. Жеке сот орындаушыларының бос лауазымдарына орналасуға конкурстық іріктеу (бұдан әрі - конкурс) атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лицензиясы бар тұлғалардың қатарынан жүзеге асырылады.
      3. Конкурсты уәкілетті орган жанында құрылатын біліктілік комиссиясы (бұдан әрі - комиссия) өткізеді.
      4. Мыналар жеке сот орындаушысының бос лауазымы деп танылады:
      1) Заңның 167-бабы 3-тармағының 4) тармақшасына сәйкес уәкілетті органның республика бойынша және әрбір өңір бойынша жеке сот орындаушыларының жалпы сандық құрамын бекітуге байланысты атқарушы округте бар жеке сот орындаушысының бірлігі;
      2) жеке сот орындаушысын алқа мүшелерінен шығарып тастауға және оны есептік тіркеуден алып тастауға байланысты пайда болған жеке сот орындаушысының бірлігі.
      5. Жеке сот орындаушыларының бос лауазымдарына орналасу үшін конкурс жеке сот орындаушыларының бестен кем емес бос лауазымдары пайда болған жағдайда немесе бос орын пайда болған күннен бастап үш айлық мерзім өткен соң, атқару округінде уәкілетті орган белгілеген барлық жеке сот орындаушылары лауазымдарын толтырғанға дейін өткізіледі.
      6. Тұлғалар конкурсқа қатыса алмайды:
      1) заңнамада белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз немесе шектеулі қабілетті деп танылған;
      2) жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына лицензиясынан айырылған;
      3) өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;
      4) сот актісі бойынша борышкерлер болып табылатын;
      5) алынып тасталды
      6) өзiне жеке сот орындаушысы қызметiне тағайындалғанға дейiн үш жыл iшiнде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн сот тәртiбiмен әкiмшiлiк жаза қолданылған;
      7) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған;
      8) бұрын мемлекеттiк, әскери қызметтен, құқық қорғау органдарынан, соттардан және әдiлет органдарынан терiс себептермен босатылған.
      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2011.03.11 № 102 (ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      7. Конкурсты өткізу туралы республикалық бұқаралық ақпарат құралдарына қазақ және орыс тілдерінде жарияланады.
      Хабарландыру мынадай мәліметтерді қамтуы тиіс:
      уәкілетті органның орналасқан жері, почталық мекен-жайы және байланысу телефондары;
      жеке сот орындаушысы бос орны пайда болған атқару округының атауы және қаланың, ауданның көрсетілуі;
      жеке сот орындаушысына қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес анықталатын кандидатқа қойылатын негізгі талаптар;
      құжаттарды қабылдау тәртібі мен мерзімі;
      конкурстың өткізілетін орны;
      комиссияның қарауына ұсынылатын құжаттардың тізбесі.
      8. Уәкілетті орган отыз күнтізбелік күн аралығында хабарландыру жарияланған күннен бастап осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша үміткерлердің өтініштерін, оның ішінде, аумақтық органдармен комиссияға ұсынылатын резервтеушілердің материалдарын, сондай-ақ, келесідей құжаттарды қабылдайды:
      1) үміткердің суреті бар кадрларды есепке алудың жеке іс парағы (оның іс жүзінде тұрғылықты жерінің мекен-жайын және байланыс телефоның нөмірін көрсете отырып);
      2) нотариалды куәландырылған жеке куәлігінің көшірмесі;
      3) атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына мемлекеттік лицензиясының нотариалды куәландырылған көшірмесі;
      4) жұмыс стажын растайтын және атқарған қызметінен босатылу себебін қамтитын еңбек кітапшасының немесе өзге де құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;
      5) республика бойынша мәліметтерді көрсете отырып, комиссияға ұсынғанға дейін кемінде бір ай бұрын үміткердің тұрғылықты жері бойынша соттылығының жоқтығы туралы анықтама.
      6) кандидаттың тұрғылықты мекен – жайы бойынша комиссияға бір айдан кем емес мерзімде наркологиялық және психиатриялық диспансерлерден алынған медициналық анықтамалар.
      Үміткер біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейі мен беделіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежесі мен атақтарын беру туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар мен сол сияқты) бере алады.
      9. Комиссияға түскен құжаттар уәкілетті органның жеке арнайы журналында тіркеледі.
      10. Құжаттарды қабылдау конкурс туралы хабарландыруда белгіленген мерзім аяқталған күні бітеді.
      11. Конкурсқа қатысуға жіберілген үміткерлерді конкурс өткізілгенге дейін он күнтізбелік күннен бұрын кешіктірмей уәкілетті орган конкурсқа жіберу туралы, сондай-ақ әңгімелесу өткізу орны, күні және уақыты туралы жазбаша хабардар етеді.
      12. Конкурсқа қатысуға жіберілмеген үміткерлерді осы Ереженің 6 тармағымен көзделген негіздер бойынша осы Ереженің 11 тармағында көрсетілгендей уәкілетті органмен хабардар етіледі.
      Бұл ретте үміткерге заңнама нормаларына сілтеме жасай отырып, оны конкурсқа қатысуға жібермеу туралы негізделген бас тарту жолданады.
      13. Конкурс әңгімелесу нысанында өткізіледі. Заңнаманы, соның ішінде атқарушылық іс жүргізу туралы, білудің жоғарғы деңгейі, моральдік-адамгершілік қасиеттер, заң мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі - кандидаттарды іріктеудің негізгі критерийлері болып табылады.
      Соның ішінде келесі негіздері бар тұлғаларға басымдық беріледі:
      1) атқарушылық іс жүргізу саласында және заң мамандығы бойынша сот жүйесі, прокуратура органдарында жұмыс өтілі;
      2) ғылыми дәреже немесе ғылыми атақ.
      Әрбір кандидатпен әңгімелесу нәтижелері хаттамамен ресімделеді.
      14. Конкурстық іріктеуден өтпеген тұлғалардың құжаттар кестесі оларды берген тұлғаларға конкурс өткізілгеннен кейін он бес күнтізбелік күн ішінде пошталық байланыспен немесе осы тұлғаның немесе оның өкілінің жеке қолын қоя отырып қолма-қол қайтарылады.
      15. Комиссияның үміткердің конкурстан өткендігі туралы шешімі оны жеке сот орындаушысы бос лауазымына тиісті атқару округының өңірлік алқасы мүшелігіне қабылдау және уәкілетті органның аумақтық органында оның есептік тіркелуі үшін негіз болып табылады.
      16. Егер конкурс нәтижесінде комиссия берілген бос лауазымдарға үміткерлерді іріктемесе, уәкілетті орган бір айдың ішінде қайталама конкурс жариялауы тиіс.
      17. Конкурстан өтпеген үміткерге келесі конкурстарға қайта қатысуына кедергі жасай алмайды.
      18. Жеке сот орындаушысы лауазымына тағайындалған тұлғалардың басқа атқару округында жалпыға бірдей негіздерде жеке сот орындаушысы бос лауазымына орналасуға конкурсқа қатыса алады.
      19. Заңның 168-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес жеке сот орындаушысы лицензиясын алған адамдардың резервін (бұдан әрі - резерв) өңірлік жеке сот орындаушыларының алқасымен бірлесіп жеке сот орындаушыларының қызметін бақылау жөніндегі аумақтық орган қалыптастырады.
      20. Резервке олар туралы деректер осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес нысаны бойынша құрылатын, өтініш беру кезектілігіне сәйкес реттік нөмірін бере отырып қалыптастырылатын жүйелендірілген тізімге – резерв кітабына енгізілетін атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лицензия алған тұлғалар резерв кітабына енгізіледі.
      Резерв кітабы нөмірленіп, тігіліп, аумақтық орган басшысының қолтаңбасымен және мөрімен бекітіледі.
      21. Резервке осы Ереженің 20-тармағында көрсетілген тұлғаларды енгізу тиісті аумақтық органға олар еркін нысанындағы берген өтініштердің негізінде жүзеге асырылады.
      Өтінішке мыналар қоса беріледі:
      1) жеке куәлігінің көшірмесі;
      2) атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына мемлекеттік лицензияның нотариалды куәландырылған көшірмесі;
      3) өтініш берушінің суреті бар кадрларды есепке алудың жеке іс парағы (оның іс жүзіндегі тұрғылықты жерінің мекен-жайын және байланыс телефонының нөмірін көрсете отырып).
      Резервке енгізу туралы өтініш конкурс жарияланғаннан кейін осы Ереженің 8-тармағының 4)-6) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды уәкілетті органға беру шарты конкурсқа қатысуға негіз болып табылады.
      22. Мынадай жағдайларда резервтен резервтегіні шығару жүзеге асырылады:
      1) ол жеке сот орындаушысы бос лауазымына орналасса;
      2) жеке қалауы бойынша резервтен шығару туралы өтініш бергенде;
      3) Заңның 144-бабымен көзделген негіздер бойынша лицензияның қолданылуы тоқтатылса.

Жеке сот орындаушысы    
бос лауазымына орналасуға
конкурс өткізу ережеге  
1-қосымша        

Нысан

Біліктілік комиссиясының төрағасына
___________________________________
___________________________________
тұрғылықты жері____________________

Өтініш

      Мені _______________________________жеке сот орындаушысы бос (бос орын бар атқару округының әкімшілік-аумақтық бірлігі көрсетіледі) лауазымына орналасуға конкурсқа қатысуға жіберуіңізді өтінемін

      Жеке сот орындаушысы бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу тәртібі туралы ереженің негізгі талаптарымен таныспын, оларды орындауға келісім беремін және міндеттенемін. Осымен өзім берген мәліметтердің түпнұсқалығына толық жауапкершілігімді растаймын

____________ _______________________________
  (Қолы)               (аты-жөні)
"____"_______________ 20__ ж.

Жеке сот орындаушысы
бос лауазымына орналасуға
конкурс өткізу ережеге
2-қосымша

Нысан

Резерв кітабы

Өтініш беру күні

Өтініш берген адамның аты-жөні

Лицензия нөмірі және берілген күні

Ескерту

1

2

3

4

5