Кадрлардағы қазақстандық қамтуды есептеу әдістемесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2010 жылғы 27 қыркүйектегі N 320-ө Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 9 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6618 болып енгізілді

Қолданыстағы

      «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 26-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Кадрлардағы қазақстандық қамтуды есептеу әдістемесі бекітілсін.
      2. Жұмыспен қамту және көші-қон департаменті (Д.Р. Арғындықов) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республиканың Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Б.Б. Нұрымбетовке жүктелсін.
      4. Осы бұйрық бірінші ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                        Г. Әбдіқалықова

      КЕЛІСІЛДІ
      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің орынбасары -
      Қазақстан Республикасының
      Индустрия және жаңа технологиялар
      министрі_________ Ә. Исекешев
      2010 жылғы 8 қазан

      КЕЛІСІЛДІ
      Қазақстан Республикасының
      Мұнай және газ министрі
      ______________ С. Мыңбаев
      2010 жылғы 6 қазан

Қазақстан Республикасы  
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің    
2010 жылғы 27 қыркүйектегі 
№ 320-ө бұйрығымен бекітілген

Кадрлардағы қазақстандық қамтуды есептеу әдістемесі

      1. Кадрлардағы қазақстандық қамтуды есептеу әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңына сәйкес әзірленді.
      2. Әдістеме келісімшарт бойынша жер қойнауларын пайдаланушылардың міндеттемелерді орындауының мониторингін және бақылауын жүзеге асыру мақсаттары үшін жер қойнауларын пайдалануға арналған келісімшарттарда кадрлардағы қазақстандық қамтуды есептеуге, сондай-ақ өтінім берушілердің жер қойнауларын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстық ұсыныстарды даярлауына арналған.
      3. Қазақстандық қамту кадрлардағы санаттар бойынша келісімшартты орындауға жұмылдырылған персоналдың жалпы санына кадрлардағы қазақстандық қамтудың пайыздық мәнін айқындау негізінде белгіленеді.
      4. Қазақстандық кадрлардың пайыздық қамтылуы мына санаттар бойынша айқындалады:
      1) бірінші санат – басқарушы құрам;
      2) екінші санат – жоғары және орта кәсіптік білімі бар мамандар;
      3) үшінші санат – білікті жұмысшылар.
      Бірінші санатқа жер қойнауын пайдаланушының және (немесе) оператордың ағымдағы қызметін басқаруды жүзеге асыратын атқарушы органның құрамына кіретін адамдар, олардың орынбасарлары, филиалдардың басшылары, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушының және (немесе) оператордың жекелеген бағыттағы қызметін басқаруды, құрылымдық бөлімшелердің қызметін үйлестіру мен бақылауды қоса жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы және (немесе) оператор лауазымындағы адамдар жатады.
      Екінші санатқа жер қойнауын пайдаланушының және (немесе) оператордың құрылымдық бөлімшелерін басқаратын және жер қойнауын пайдаланушының қызмет процесіне тікелей басшылықты жүзеге асыратын қызметкерлер, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушының және (немесе) оператордың штатында тұратын арнайы білімі және жұмыс дағдысы, тәжірибесі бар қызметкерлер жатады.
      Үшінші санатқа Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4886 тіркелген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2007 жылғы 19 шілдедегі № 165-ө бұйрығымен бекітілген Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын, жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларын және Басшылардың, мамандардың және басқа да Қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығын, сондай-ақ ұйымдар басшыларының, мамандарының және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын әзірлеу, сынақтау, қайта қарау, бекіту және қолдану ережесіне сәйкес әзірленген және бекітілген Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығында, жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларында белгіленген кәсіптік талаптарға сәйкес келетін білікті жұмысшылар жатады.
      5. Тиісті санаттар бойынша қазақстандық кадрлардағы пайыздық қамту мына формула бойынша айқындалады:

      бұл жерде
      - VKC – тиісті санаттағы қазақстандық кадрлардың саны;
      - Vo – келісімшартты орындауға жұмылдырылған тиісті санаттағы персоналдың жалпы саны.
      Есептеу мысалы:
      Екінші санат бойынша қазақстандық кадрларды пайыздық қамтуды есептеу үшін бастапқы деректер:
      (Vo) – жер қойнауын пайдаланушының екінші санаты бойынша персоналының жалпы саны 1200 адамды құрайды;
      (VKC) – тиісті санаттағы қазақстандық кадрлардың саны 1000 адам құрайды.
      Осы санаттағы бойынша қазақстандық кадрлардың пайыздық қамтылуы:

      құрайды.