"Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 шілдедегі № 533 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010 жылғы 25 қазандағы № 828 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 26 қазанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6593 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылдың 18 мамырдағы № 362 бұйрығымен

Күшін жойған

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012.05.18 № 362 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді) бұйрығымен.

      Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 шілдедегі № 533 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 24 тамызда № 6430 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2010 жылғы 2 қазанда № 402-405 (26248) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережесінде:
      42-тармақтағы:
      «4 және 5-қосымшаларда» деген сөздер «4-қосымшада» деген сөзбен ауыстырылсын;
      1-қосымшада:
      «1 төсекке арналған палаталар» деген жолдағы «9,0» деген сан «7,0» деген санмен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

«

Күндізгі стационар палаталарында:
- балалар үшін;
- ересектер үшін

4,5
6,0

                                                    »;
      2-қосымшада:
      «Ауданы, м2» деген графада:
      «буфет» деген жолдағы «12» деген сан «10» деген санмен ауыстырылсын;
      3-қосымшада:
      1-кестеде:
      «Кемінде м2» графасында:
      «Вестибюль» деген жолдағы «10 (18)» деген сандар «12» деген санмен ауыстырылсын;
      «Аға мейірбике кабинеті» деген жолдағы «12 (10)» деген сан «10» деген санмен ауыстырылсын;

«     

Менеджер

8

                                                     »
      және

«

Бухгалтерия

10

                                                     »
      деген жолдар алынып тасталсын;
      «Бөлімше меңгерушісінің кабинеті» деген жолдағы «10 (12)» деген сандар «10» деген санмен ауыстырылсын;
      «Егу үй-жайы» деген жолдағы «10х2» деген сандар «10» деген санмен ауыстырылсын;
      «Жалпы практика және/немесе учаске қызметі бөлімшесі» бөліміндегі:
      «Туберкулезге қарсы препараттарды қабылдау кабинеті» деген жолдағы «10» деген сан «8» деген санмен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

«

Акушерлік-гинекологиялық қабылдау кабинеті

18

                                                    »;
      «Шаруашылық-тұрмыстық үй-жайлар» бөліміндегі:

«    

Персоналға арналған буфет:


Тарату бөлмесі бар зал

12

Қосалқы үй-жай

6

Асхана ыдысын жуатын орын

8

                                                      »
      деген жолдар мынадай мазмұндағы жолмен ауыстырылсын:

«     

Буфет

12

                                                     »;
      2-кесте алынып тасталсын;
      3-кестеде:

«

Дәрігерлік қабылдау кабинеттері

12-ден (кабинеттер саны жобалауға арналған тапсырмамен және штаттық кестемен анықталады)

Мейірбике кабинеттері (дәрігерге дейінгі қабылдау)

12-ден (кабинеттер саны жобалауға арналған тапсырмамен және штаттық кестемен анықталады)

                                                    »
      деген жолдар мынадай мазмұндағы жолмен ауыстырылсын:

«  

Дәрігерге дейінгі және дәрігерлік қабылдау кабинеттері

12х2

                                                    »;

«    

Күндізгі стационар

кабинеттер саны жобалауға арналған тапсырмамен анықталады

                                                    »
      деген жол мынадай мазмұндағы жолмен ауыстырылсын:

«     

Күндізгі стационар

Балалар үшін 4,5
Ересектер үшін 6,0

                                                   »;

«     

Зертханалар:

Үй-жайлар саны жобалауға арналған тапсырмамен және қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге және орндалатын зерттеулер көлеміне сәйкес анықталады

                                                     »
      деген жол мынадай мазмұндағы жолмен ауыстырылсын:

«

Зертханалар:
- қан алу үй-жайы;
- талдаулар жүргізу үй-жайы

4
12

                                                     »;
      «Медициналық қалдықтарды уақытша сақтауға арналған бөлмелер» деген жолдағы «10» деген сан «4» деген санмен ауыстырылсын;
      4-кестеде:
      «Жалпы үй-жайлар» бөліміндегі:

«

Материал алып, зерттеу жүргізу кабинеті

12

Қақырық жинауға арналған бөлме

8

Туберкулезге қарсы препараттарды қабылдау кабинеті

8

                                                      »

      деген жолдар алынып тасталсын;
      4-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      5-қосымша алынып тасталсын;
      7-қосымшада:
      2-кестеде:
      «Үй-жайлар» графасындағы:
      бірінші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
      «Стерильді емес материалдарды, киім-кешекті, медициналық аспаптарды қабылдау және сақтау».
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне тіркеуге жіберсін.
      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Ф.Б. Бисмильдин) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны ресми жариялауға жіберсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау вице-министрі А.Д. Құрманғалиеваға жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің
      міндетін атқарушы                                Б. Садықов

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
міндетін атқарушының 
2010 жылғы 25 қазандағы
№ 828 бұйрығына қосымша

«Денсаулық сақтау объектілеріне
қойылатын санитариялық-  
эпидемиологиялық талаптар» 
санитариялық ережесіне  
4-қосымша       

Күндізгі стационар үй-жайларының ең аз құрамы мен ауданы

Үй-жайлар атауы

Үй-жайлардың ауданы (м2 )

1.

1 төсектік палата:
медициналық-әлеуметтік, қалпына келтіріп емдеуге және кресло-арба көмегімен қозғалатын науқастарға арналған

12


2.

2 төсектік палата:
медициналық-әлеуметтік, қалпына келтіріп емдеуге және кресло-арба көмегімен қозғалатын науқастарға арналған

10

3.

Палаталар:
ересектерге арналған
балаларға арналған


6,0
4,5

4.

3 төсектік палата:
медициналық-әлеуметтік, қалпына келтіріп емдеуге және кресло-арба көмегімен қозғалатын науқастар үшін

21

5.

Палата жанындағы дәретхана (унитаз, қолжуғыштар)

6

6.

Манипуляциялық

18

7.

Күту залы

10

                                                            »