Тіркеу және шетелдік тасымалдаушыларға қойылатын талаптар тәртібін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2010 жылғы 24 қыркүйектегі № 432 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 22 қазанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6587 болып енгізілді

Қолданыстағы

      «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 81-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Тіркеу және шетелдік тасымалдаушыларға қойылатын талаптар тәртібі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Р.Ө. Әдимолда) белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация вице-министрі Е.С. Дүйсенбаевқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің м.а.                                   Д. Көтербеков

Қазақстан Республикасы  
Көлік және коммуникация 
министрінің м.а.     
2010 жылғы 24 қыркүйектегі
№ 432 бұйрығымен бекітілді

Тіркеу және шетелдік тасымалдаушыларға қойылатын талаптар тәртібі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Тіркеу және шетелдік тасымалдаушыларға қойылатын талаптар тәртібі (бұдан әрі – Тәртіп) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 81-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді.
      2. Осы Тәртіпте пайдаланылатын негізгі ұғымдар мен терминдер:
      1) шетелдік тасымалдаушыны тіркеу – азаматтық авиация саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның шетелдік авиакомпаниялардың құқықтылықтарын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгілеген тәртіппен ресми тануы;
      2) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті;
      3) шетелдік тасымалдаушы – Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін, тұрақты жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыратын шетелдік авиакомпания;
      4) шетелдік тасымалдаушыны тіркеу туралы куәлік - азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган беретін, белгіленген үлгідегі құжат (бұдан әрі – Куәлік).
      3. Қазақстан Республикасының аумағында өзінің өкілдіктерін ашатын, азаматтық авиация саласында қызметін жүзеге асыратын барлық шетелдік авиакомпаниялар тіркеуге жатады.
      4. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган шетелдік тасымалдаушыларды тіркеу тізілімін жүргізеді.

2-тарау. Шетелдік тасымалдаушыларды тіркеуді жүргізу

      5. Өтініш беруші Куәлікті алу үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға мынадай құжаттар ұсынады:
      1) өтініш берушінің осы Тәртіпке 1-қосымша нысанына сәйкес Куәлікті алуға жазбаша өтініші;
      2) заңды тұлғаның жарғысының және өкілдікті есептік тіркеу туралы куәлігінің көшірмесі;
      3) Қазақстан Республикасындағы шетелдік тасымалдаушының өкілдігі туралы ереженің көшірмесі;
      4) Қазақстан Республикасында шетелдік тасымалдаушының тиісті қаржылық жылға жасалған аэронавигациялық қызмет көрсету, әуежайлық қызмет көрсету, әуе кемесін метеорологиялық қамтамасыз ету шарттарының, агенттік шарттардың көшірмелері;
      5) шетелдік тасымалдаушы өкілдігінің басшысына сенімхаттың көшірмесі.
      6. Шетелдік тасымалдаушыны тіркеу тәртібі мынадай кезеңдерден тұрады:
      1) шетелдік тасымалдаушыны тіркеу үшін ұсынған құжаттарды қарау;
      2) шетелдік тасымалдаушыны тіркеу туралы немесе шетелдік тасымалдаушыны тіркеуден бас тарту туралы шешім қабылдау;
      3) уәкілетті органның осы Тәртіптің 2-қосымшасына сәйкес Куәлікті немесе шетелдік тасымалдаушыны тіркеуден бас тарту туралы жазбаша хабарламаны беру.
      7. Құжаттарды қарау (өтініштерді қабылдаған сәттен) және Куәлікті беру, шетелдік тасымалдаушыны тіркеуден және Куәлікті беруден бас тарту туралы шешім қабылдау отыз күнтізбелік күнінен аспайды.
      8. Шетелдік тасымалдаушыны тіркеуден бас тарту мынадай жағдайларда жүргізіледі, егер:
      1) ұсынылған құжаттар осы Тәртіптегі ережелердің талаптарына сәйкес келмесе;
      2) шетелдік тасымалдаушы қызметті құрылтай құжаттарға сәйкес жүзеге асырмаса;
      3) ұсынылған құжаттарда дәйектемесіз немесе толық емес мәліметтер берілсе.
      9. Куәлік екі жылға беріледі.

3-тарау. Қорытынды ережелер

      10. Куәлік жоғалған, бүлінген, ұрланған жағдайда азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган шетелдік тасымалдаушының жазбаша өтініші бойынша 10 күнтізбелік күнге дейінгі мерзімде тіркеу туралы Куәліктің телнұсқасын береді.
      11. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган Куәліктердің бланкілерін дайындайды.
      12. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның шетелдік тасымалдаушыны тіркеуден бас тарту туралы шешімі сот тәртібімен шағымдауға жатады.

Тіркеу және шетелдік тасымалдаушыларға
қойылатын талаптар тәртібіне 1-қосымша

Нысан

Өтініш

      Сізден ______________________________________________ туралы
                      (авиакомпанияның атауы)
куәлік беруіңізді сұраймыз.

      Авиакомпания туралы мәліметтер:
      1. Меншік нысаны ___________________________________________
__________________________________________________________________
      2. Құрылған жылы ___________________________________________
      3. Заңды тұлғаны тіркеу туралы куәлік ______________________
      ____________________________________________________________
                (нөмірі, кім және қашан берілген)
      4. Банк реквизиттері________________________________________
__________________________________________________________________
     (№ есеп/шоты, кор/шоты, банктің атауы және орналасқан жері)
      5. Заңды мекен-жайы және басқа реквизиттері ________________
__________________________________________________________________
(почталық мекен-жайы, телефон, телефакс, телекс, телетайп, телеграфтық ж/е
__________________________________________________________________
      телефондық шартты шақырулары, ИКАО, ИАТА, СИТА, АФТН кодтары)
6.________________________________________________________________
      (кәсіпорынның бірінші басшысының Т.А.Ә)
7. Қоса берілген құжаттар_________________________________________
__________________________________________________________________

      Авиакомпания басшысы:

      _________________________ _____________________
      (Т.А.Ә) (қолы, күні)

      Өтініш қарау үшін қабылданды 20 __ жылғы ____________

Тіркеу және шетелдік тасымалдаушыларға
қойылатын талаптар тәртібіне 2-қосымша

Қазақстан Республикасы                Министерство транспорта
Көлік және коммуникация министрлігі   и коммуникаций Республики
                                      Казахстан Азаматтық авиация комитеті            Комитет гражданской авиации Елтаңба Шетелдік тасымалдаушыны тіркеу туралы
КУӘЛІК СВИДЕТЕЛЬСТВО
о регистрации иностранного перевозчика № ______ 1. _______________________________________________________________
       авиакомпанияның атауы/ наименование авиакомпании/
__________________________________________________________________
2.________________________________________________________________
                 заңды мекен-жайы/юридический адрес
3.________________________________________________________________
шетелдік тасымалдаушының орналасқан елі /страна местонахождения иностранного перевозчика 4.         Куәлік берілді
           Свидетельство выдано «__»__________20___ Куәлік____жылға дейін жарамды
Срок действия свидетельства____года ____________________________________________________
басшы немесе ол уәкілеттік берген тұлға, колы, Т.А.Ә/
руководитель или лицо им уполномоченное, подпись, Ф.И.О./ МО
МП