2009 жылғы 1 қаңтарға дейін есепке жазылған және 2010 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша төленбеген өсімпұлдар сомасын есептен шығару ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 10 қазандағы № 504 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 15 қазанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6572 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 25 шілдедегі № 365 бұйрығымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 25.07.2013 № 365 бұйрығымен.

      «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 32-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін есепке жазылған және 2010 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша төленбеген өсімпұлдар сомасын есептен шығару ережесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (Д.Е. Ерғожин) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің Төрағасы Д.Е. Ерғожинге жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енеді.

      Министр                                          Б. Жәмішев

Қазақстан Республикасы    
Қаржы министрінің 2010 жылғы 
10 қазандағы № 504 бұйрығымен
бекітілген         

2009 жылғы 1 қаңтарға дейін есепке жазылған және 2010 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша төленбеген өсімпұлдар сомасын есептен шығару ережесі

      1. Осы 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін есепке жазылған және 2010 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша төленбеген өсімпұлдар сомасын есептен шығару ереже (бұдан әрі – Ереже) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 32-1-бабына сәйкес әзірленген және 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін есепке жазылған және 2010 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша төленбеген өсімпұлдар сомасын есептен шығару тәртібін айқындайды.
      Осы Ереженің тәртібі:
      2010 жылғы 1 шілдеге дейін заңды күшіне енген сот үкімінің не қаулысының негізінде жалған кәсіпорындар болып танылған;
      осы Заңның 48-1-бабының талаптарына сәйкес келетін;
      «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексі (Салық кодексі) 623-бабының талаптарына сәйкес келетін;
      олар бойынша 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін есепке жазылған өсімпұлдар сомасы 2009 жылғы 1 қаңтардан басталған кезеңде қосымша және (немесе) хабарлау бойынша қосымша салық есептілігін табыс ету нәтижесінде түзілген;
      мынадай қызмет түрлерінің бірін немесе бірнешеуін:
      акцизделетін өнім өндіруді;
      акцизделетін өнімді сақтауды және көтерме саудамен өткізуді;
      бензин, дизель отыны мен мазут өткізуді;
      жер қойнауын пайдалануды;
      түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауды (дайындауды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді;
      құрылысты (тиісті лицензиясы болған кезде);
      қаржы немесе сақтандыру қызметін жүзеге асыратын салық төлеушілерге қолданылмайды.
      2. Осы Ереженi қолданысқа енгізген күннен бастап екi жұмыс күнi ішінде салық органдары 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін есепке жазылған және 2010 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша төленбеген өсімпұлдар сомасын есептен шығару жөнінде комиссия құрады (бұдан әрі – комиссия).
      Комиссия құрамына:
      1) заң қызметiнің;
      2) салық тiркеулерi үшін жауапты;
      3) салық төлеушiлердi есепке алуды және дербес шоттарын жүргiзуге;
      4) салық аудиті үшін жауапты;
      5) мәжбүрлеп өндіріп алу үшін жауапты лауазымды тұлғалар енеді.
      Комиссияны салық органының басшысы болып табылатын төраға басқарады.
      3. Комиссияны құрған күннен бастап салық органдары 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін есептелген және 2010 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша төленбеген өсімпұлдар сомасына, сондай-ақ 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2009 жылдың 1 мамырына дейiнгі кезеңде салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері бойынша төленген өсімпұлдар сомасын іріктеу мақсатында салық төлеушілердің дербес шоттары мен салық актілеріне түгендеу жүргiзуге кіріседі.
      4. Түгендеу жүргiзудің қорытындысы бойынша 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін есепке жазылған және 2010 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша төленбеген өсімпұлдар сомасын есептен шығару туралы әрбір салық төлеуші бойынша осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша (бұдан әрі – шешім) шығарылады.
      Салық органының шешіміне комиссияның төрағасы қол қояды.
      5. Салық төлеушiлердi есепке алуды және дербес шоттарын жүргiзуге жауапты лауазымды тұлғалар шешім шығарған күннен бастап бір жұмыс күнi ішінде 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін есептелген және 2010 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша төленбеген өсімпұлдар сомасын есептен шығару жүргізеді.
      Cалық төлеушінің дербес шотының «Өсімпұлдар бойынша есептер» - «Есептелді (кемітілді)» бағандарында көрсету жолымен есептен шығаруға жататын өсімпұлдар сомасын, дербес шоттың «Операцияның мазмұны және оның негізінде жазба (енгізу) жүргізілетін құжат» бағанында минус белгісімен көрсетумен есептен шығару жүргізіледі:
      Cалық төлеушінің дербес шотынан өсімпұлдар сомасын есептен шығару туралы «__»________ 2010 жылғы № ___ шешім».
      6. Облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша салық департаменттері 2011 жылдың 1 шілдеден кешіктірмей осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша салық төлеушілердің қимасында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитетіне есеп тапсырады.
      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 2011.05.24 N 267 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

2009 жылғы 1 қаңтарға дейін есепке
жазылған және 2010 жылғы 1 мамырдағы
жағдай бойынша төленбеген өсімпұлдар
сомасын есептен шығару ережесіне 
1-қосымша           

Нысан

2009 жылғы 1 қаңтарға дейін есепке жазылған және 2010 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша төленбеген өсімпұлдар сомасын есептен шығару туралы № ___ шешім

____________________________________ «___» ___________ 20__ ж.
(салық органының атауы)

      «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 32-1-бабына сәйкес 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін есепке жазылған және 2010 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша төленбеген өсімпұлдар сомасы есептен шығарылсын:

теңге

№ р/с

Салық төлеушінің СТН-і

Салық төлеушінің атауы

Қызмет түрі

КБК

2009 жылғы 1 қаңтарға дейін есепке жазылған өсімпұлдар сомасы

2009 жылғы 1 қаңтарынан 2010 жылғы 1 мамырдағы бойынша төленген өсімпұлдар сомасы

Есептен шығарылуға жататын өсімпұлдар сомасы

(6-баған – 7-баған)

1

2

3

4

5

6

7

8











Барлығы

Х

Х




      Салық органының басшысы _____________________________________
                                     (Аты-жөні, қолы, мөр)

2009 жылғы 1 қаңтарға дейін есепке
жазылған және 2010 жылғы 1 мамырдағы
жағдай бойынша төленбеген өсімпұлдар
сомасын есептен шығару ережесіне 
2-қосымша           

Нысан

2009 жылғы 1 қаңтарға дейін есепке жазылған және
2010 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша төленбеген
өсімпұлдар сомасын есептен шығару туралы есеп

«__»_________20__ ж.

________________________________________
(салық департаментінің атауы)

№ р/с

Салық органының коды

Салық төлеушінің СТН-і

Салық төлеушінің атауы

Қызмет түрі

КБК

есептен шығару туралы шешім (№ мен күні)

Дербес шотта өсімпұлдар сомасы есептен шығарылды (теңге)

есептен шығаруды орындаушының аты-жөні

есептен шығаруды орындаушының лауазымы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10






















Барлығы:

Х

X

Х

X

Х


Х

Х

      Салық органның басшысы (орынбасары)__________________________
                                           (Аты-жөні, қолы, мөр)