«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 105-бабының 9-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Авиациялық қауіпсіздікті инспекциялық тексерудің үлгі бағдарламасы бекітілсін.
1) «Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы субъектілерінің қызметін авиациялық қауіпсіздік желісі бойынша инспекциялық тексерудің үлгі бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2009 жылғы 20 қаңтардағы № 13 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5540 тіркелген, «Заң газетінің» 2009 жылғы 24 ақпандағы № 28(1451) жарияланған).
2) Осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Р.Ө. Әдимолда) қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі Е.С. Дүйсенбаевқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министрдің
міндетін атқарушы А. Бектұров
Қазақстан Республикасы Көлік
және коммуникация министрінің
міндетін атқарушының
2010 жылғы 29 қыркүйектегі
№ бұйрығымен бекітілген
Авиациялық қауіпсіздікті инспекциялық тексерудің үлгі бағдарламасы
Р/с № |
Бағдарлама бойынша позиция нөмірлері және тексерілетін бөлшектер |
Сәйкестікті бағалау (+/-) |
Сәйкессіздік позициясы нөмірі |
1. |
Авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді ұйымдастыру мыналарды қамтиды: |
||
1) |
авиациялық қауіпсіздік қызметінің бекітілген ұйымдастырушылық-өндірістік құрылымын, оның техникалық, өндірістік және қаржылық қамтамасыз етілуі; |
||
2) |
АҚҚ әуежай қызметтерімен және Қазақстан Республикасының басқа да органдарымен (ІІМ, ҰҚК, Кеден комитеті) өзара іс-қимыл технологиясын; |
||
3) |
авиациялық қауіпсіздік қызметінің қызмет аясы (орындалатын міндеттері); |
||
4) |
авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін әуежай басшылығы құрамының тізімі; |
||
5) |
ТЖ туындаған кезде ТЖ реттеу бойынша іс-қимылдар жоспарына сәйкес шешім қабылдайтын лауазымды тұлғаны тағайындау бойынша өкімдік құжаттың; |
||
6) |
авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етумен тікелей байланысты АҚҚ персоналы лауазымдарының, мамандықтарының және мамандандырылулардың бекітілген тізбесі; |
||
7) |
АҚҚ мамандарының лауазымдық нұсқаулықтары; |
||
8) |
авиациялық қауіпсіздіктің әр түріне (бағытына) қатысты аттестаттауға және (немесе) сертификаттауға жататын АҚҚ мамандары санаттары; |
||
9) |
АҚҚ бөлімшелерінің сертификатталған (дербес жұмысқа рұқсаты бар) мамандармен жинақталуы; |
||
10) |
АҚҚ персоналын авиациялық қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету жөніндегі жұмысқа жіберу тәртібі (оқыту, тағылымдамадан өту, куәліктерді, рұқсат қағаздарын және(немесе) сертификаттарды ресімдеу); |
||
11) |
меншікті оқу базасында оқытуды көздейтін АҚҚ персоналын дайындауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету (дайындау, қайта оқыту және біліктілігін арттыру жоспарларының болуы және орындалуы); |
||
12) |
АҚҚ орналастыру және АҚ бойынша технологиялық рәсімдерді жүзеге асыруға арналған өндірістік ғимараттар мен үй-жайлардың болуы және оларды күтіп ұстау (техникалық құралдармен, байланыс құралдарымен, автокөлікпен); |
||
13) |
қару-жарақты сақтауға арналған арнайы үй-жайдың болуы; |
||
14) |
әуежайдың басшылық құрамы мен АҚҚ персоналының қызметтік үй-жайлармен (кабинеттермен, талдау бөлмелерімен) және тұрмыстық мақсатта қолданылатын үй-жайлармен (демалу және тамақ ішу бөлмелерімен, киім шешетін орындармен, арнайы киімдерді құрғататын бөлмелермен) қамтамасыз етілуі; |
||
15) |
АҚ қамтамасыз ету жөніндегі басшылық, нормативтік және ақпараттық құжаттамамен қамтамасыз етілу; |
||
16) |
құжаттаманы есепке алу, пайдалану және сақтау, келіп түскен өзгерістер мен толықтыруларды енгізу және оларды орындаушыларға жеткізу. Әуежайдың бөлімшелері персоналының АҚ қамтамасыз ету жөніндегі басшылық, нормативтік және ақпараттық құжаттаманы зерделеу тәртібі; |
||
17) |
АҚ қамтамасыз ету бойынша мынадай басшылық құжаттардың: АҚ қамтамасыз ету бағдарламасының; АҚҚ туралы ереженің; жолаушыларға, ӘК экипаждарының мүшелеріне, авиаперсоналға, қол жүгіне, багажға, жүкке, почтаға және борттық қорларға тексеру жүргізу технологиясының; |
||
18) |
АҚ бойынша қабылданған шаралардың орындалуын бақылау жүйесі: қауіпсіздік шараларының орындалуына бақылау жүргізу кезеңділігі; |
||
19) |
АҚ бойынша хабарлау және байланыс жүйесі; |
||
20) |
АҚҚ қаруының, оқ-дәрілерінің және арнайы құралдарының болуын, жай-күйін және қозғалысын есепке алу мен есептілік жүргізу. Осы есепке алуды жүргізу үшін жауапты тұлғаларды тағайындау; |
||
21) |
АҚ жөніндегі есепке алу мен есептіліктің жай-күйі, соның ішінде: тиісті мемлекеттік басқару органдарына белгіленген есептілік пен заңсыз араласу актілері, авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде анықталған кемшіліктер туралы ақпаратты, сондай-ақ АҚ жай-күйінің мәселелері бойынша басқа да ақпаратты ұсыну тәртібін және уақтылығын сақтау; |
||
22) |
АҚҚ сертификатталған жабдықпен қамтамасыз етілуі; |
||
23) |
тұрақты ішкі тексерулерді жүргізу; |
||
24) |
нысанды киімді бақылауды қамтамасыз ету (қорғау шаралары, беру және алу тәртібі) |
||
2. |
Авиакәсіпорынның ғимараттары мен жердегі құралдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мыналарды қамтиды: |
||
1) |
әуежай аумағын (бақыланатын аймақтарды) және авиатехниканы, бағыттағыш және глиссадалық радиомаяктардың жұмыс секторларының аймақтарын, ӘҚҚ объектілерін, әуеайлақтың радио және жарықтехникалық жабдықтарын, ЖЖМ қоймалары мен коммерциялық қоймаларды қоса алғанда, онда орналасқан объектілердің күзетілуін ұйымдастыру және қамтамасыз ету: |
||
2) |
бақыланатын аймақтарға адамдар мен көлік құралдарының кіруін ұйымдастыру және бақылаудың жай-күйі: |
||
3. |
Әуе кемелерінің (ӘК) қауіпсіздігін қамтамасыз ету мыналарды қамтиды: |
||
1) |
ӘК жерде күзетуді ұйымдастыру және жай-күйі: |
||
2) |
ӘК қол жеткізуді бақылауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету; |
||
3) |
ӘК қызмет көрсетуге рұқсаты бар авиаперсоналда рұқсат етілген аймақтар мен жұмыс ауысымдары көрсетілген рұқсатнамалардың (тархеткалар) болуы; |
||
4) |
ӘК қауіпсіздік жүйелерімен жабдықтау, соның ішінде: |
||
5) |
ӘК үшін арнайы тұрақтың жай-күйі және жарақталуы; |
||
6) |
ӘК ұшу алдында тексеру жүргізудің ұйымдастырылуы және жай-күйі: |
||
7) |
ӘК жолаушылары мен экипажы мүшелерінің ұшу кезіндегі қауіпсіздігін қамтамасыз етудің қабылданған шаралары: |
||
4. |
Жолаушылар мен қол жүгін, ӘК экипаж мүшелері мен авиаперсоналды ұшу алдында тексеруді ұйымдастыру мыналарды қамтиды: |
||
1) |
жолаушыларды бақылау аймақтары мен тексеру пункттерінің болуы және жай-күйі: |
||
2) |
тексеру пункттерінің техникалық тексеру құралдарымен жарақталуы: техникалық тексеру құралдарының жай-күйі және сертификаттық талаптарға сәйкестігі, тексеру жабдығы туралы егжей-тегжейлі деректер; |
||
3) |
тексеру топтарының оқытылған мамандармен жинақталуы: |
||
4) |
жолаушылар мен қол жүгіне тексеру жүргізу технологиясының белгіленген рәсімдерге сәйкестігі: |
||
5) |
тексеру тәртібі туралы жолаушыларға арналған ақпараттың жай-күйі; |
||
6) |
ресми тұлғалар мен делегацияларға арналған залдардың жай-күйі және техникалық тексеру құралдарымен жарақталуы; |
||
7) |
жекелеген жолаушылар санаттарына қатысты қабылданатын шаралар (хабарлама туралы талаптар, қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары мен рәсімдері): |
||
8) |
тексерілген жолаушылар үшін тазартылған аймақтардың жай-күйі; |
||
9) |
жолаушыларды ӘК бортына жеткізіп салу және ілесіп жүру тәртібі; |
||
10) |
ӘК экипаждарының мүшелері мен әуежайдың, авиакәсіпорынның және пайдаланушының авиаперсоналын тексеруді ұйымдастыру және жай-күйі; |
||
11) |
тексеру нәтижелері бойынша есепке алу мен есептіліктің жай-күйі. Жолаушыларды, багажды, жүкті және борт тағамын тексеру карталарының болуы; |
||
12) |
ӘК бортында ұшу кезінде жолаушылардан алынған қаруды, оқ-дәрілерді және арнайы құралдарды тасымалдау тәртібін ұйымдастыру және сақтау, соның ішінде: қару мен оқ-дәрілерді экипажға тапсыру технологиясы; |
||
5. |
Багажды, жүкті, почтаны және борттық қорларды ұшу алдында тексеруді ұйымдастыру төмендегілерді қамтиды: |
||
1) |
багаждың, жүктің, почтаның және борттық қорлардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұйымдастыру және оның жай-күйі: |
||
2) |
жүкті, почтаны (бандерольдер, курьерлік жөнелтімдер) және борттық қорларды тексеру рәсімдері: |
||
3) |
багажды, жүкті, почтаны және борттық қорды тексеру пункттерінің жай-күйі және жарақталуы; |
||
4) |
багажды, жүкті, почтаны және борттық қорды тексеру технологиясы; |
||
5) |
АҚҚ авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің техникалық құралдарымен қамтамасыз етілуі; |
||
6) |
жолаушыларды, қол жүгін, багажды, жүкті, почтаны және борттық қорларды тексерудің, сондай-ақ ӘК экипажының мүшелері мен жердегі персоналды тексерудің арнайы техникалық құралдарын пайдалану: |
||
7) |
инженерлік-техникалық күзет құралдарын пайдалану: |
||
8) |
авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің техникалық құралдарын пайдалану және техникалық қызмет көрсету тәртібі. |
||
6. |
Азаматтық авиация қызметіне заңсыз араласу актілеріне байланысты төтенше жағдайларды реттеу жөніндегі шараларды ұйымдастыру және қабылдау төмендегілерді қамтиды: |
||
1) |
АҚ жөніндегі әуежай комиссиясының қызметі: |
||
2) |
азаматтық авиация қызметіне заңсыз араласу актілеріне байланысты төтенше жағдайларды реттеу жөніндегі іс-қимылдарды жоспары: |
||
3) |
ТЖ реттеу бойынша жедел штабтың жұмысын қамтамасыз ету үшін командалық пункті (бұдан әрі - КП) (арнайы жабдықталған үй-жайдың): |
||
4) |
ТЖ реттеуге тартылатын күштер мен құралдардың дайындығы; |
||
5) |
күш пен құралдарды үйлестіру, сабақтар, жаттығулар мен оқу-жаттығуларды өткізуді ұйымдастыру мен есепке алу; |
||
6) |
өзара қарым-қатынастағы қызметтермен және ұйымдармен (олардың дайындығы мен жаттығуларды өткізу мерзімділігі үшін жауапты орган) авиациялық қауіпсіздік шараларын практикалық жаттықтыру бойынша өткізілетін оқу іс-шаралары. |
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
ҚР ІІМ - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі;
ҚР ҰҚК - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті;
ҚР ПКҚ - Қазақстан Республикасы Президенттің Күзет қызметі;
ҚР ҚМ - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі;
ҚР ККМ - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация
министрлігі;
АА - азаматтық авиация;
АҚҚ - авиациялық қауіпсіздік қызметі;
АҚ - авиациялық қауіпсіздік;
ӘҚБ - әуе қозғалысын басқару;
ЖЖМ - жанар-жағармай материалы;
ӘК - әуе кемесі;
БӨП - бақылау-өткізу пункті;
ТЖ - төтенше жағдай;
VІР - залы - аса маңызды тұлғаларға арналған зал;
ЖЗ - жарылғыш заттар;
СЭҚ - санитарлық-эпидемиялық қызмет.
Ескертпе:
(*) - осы ұйым үшін міндетті емес;
(-1) - одан арғы қызметке тыйым салатын сәйкессіздіктер;
(-2) - келісілген мерзімде жойылатын немесе шектеулер енгізілетін жағдайда, одан арғы қызметке кедергі болмайтын сәйкессіздіктер;
(-3) - одан арғы қызметке кедергі болмайтын және өндіріс пен сапа жүйесін жетілдіру кезінде жоюға жататын сәйкессіздіктер.