Қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Агенттік Басқармасының «Болу қажеттілігі қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін заңды тұлғалар үшін ең аз рейтингті, осы рейтингті беретін рейтинг агенттіктерінің тізбесін белгілеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы № 304 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2006 жылғы 25 ақпандағы № 55 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4139 тіркелген) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы Заңының 30-бабының 13-тармағының мақсаттары үшін бас банктің не банктің холдингтік компаниясының шетел валютасындағы ұзақ мерзімді рейтингі Қазақстан Республикасына берілген шетел валютасындағы тәуелсіз рейтингтен немесе осы қаулының 3-тармағында көрсетілген рейтинг агенттіктерінің бірі берген, осы қаулының қосымшасында көрсетілген, оған сай келетін рейтингтен төмен емес болуы тиіс екендігі белгіленсін.
Агенттіктің және Standart & Poors рейтинг агенттігінің "ВВ-"-тен немесе осы қаулының 3-тармағында көрсетілген рейтинг агенттіктерінің бірі берген, осы қаулының қосымшасында көрсетілген, оған сай келетін рейтингтен төмен емес шетел валютасындағы тәуелсіз рейтингі бар басқа мемлекеттің банктердің қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті органдарының арасында ақпаратпен алмасуды көздейтін келісім болған жағдайда, бас банктің шетел валютасындағы ұзақ мерзімді рейтингі Standart & Poors рейтинг агенттігінің "ВВ-"-тен немесе осы қаулының 3-тармағында көрсетілген рейтинг агенттіктерінің бірі берген, осы қаулының қосымшасында көрсетілген, оған сай келетін рейтингтен төмен емес болуы тиіс екендігі белгіленсін.».
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
3. Стратегия және талдау департаменті (Н.А. Әбдірахманов):
1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жеткізсін.
4. Агенттіктің Төрайым Қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары Қ.Б. Қожахметовке жүктелсін.
Төрайым Е. Бахмутова