"Дербес компьютерлерге, бейнетерминалдарға және олармен жұмыс істеу жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010 жылғы 28 қыркүйектегі № 767 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 8 қазанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6526 болып енгізілді

Қолданыстағы

      «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабының 1-тармағының 5) тармақшасына, 145-бабының 1), 11), 14), 16), 17), 28) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған «Дербес компьютерлерге, бейнетерминалдарға және олармен жұмыс істеу жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті (К.С. Оспанов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Ф.Б. Бисмильдин) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
      4. «Балалар мен жасөспірімдердің және коммуналдық гигиенасы жөніндегі санитарлық-эпидемиологиялық ереже мен нормаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2004 жылғы 18 тамыздағы № 631 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3073 болып тіркелген, «Заң газетінде» 2005 жылғы 23-24 қарашадағы № 153-154 (777-778) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      6. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің міндетін
      атқарушы                                       Б. Садықов

Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушының  
2010 жылғы 28 қыркүйектегі
№ 767 бұйрығымен    
бекiтiлген      

«Дербес компьютерлерге, бейнетерминалдарға және олармен жұмыс істеу жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. «Дербес компьютерлерге, бейнетерминалдарға және олармен жұмыс істеу жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық-ережесі (бұдан әрі – санитариялық ереже) дербес компьютерлерді (бұдан әрі - ДК), бейнетерминалдарды (бұдан әрі - БТ) орналастыру мен пайдалануға және олармен жұмыс істеу жағдайларына, микроклиматқа, физикалық факторлар әсеріне және жарыққа қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды регламенттейді.
      2. Осы санитариялық ереже тұрмыста пайдаланылатын теледидарларға, теледидардың ойын қондырғыларына, борттық және шағын компьютерлерге қолданылмайды.
      3. Осы санитариялық ережеде мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылды:
      1) бейнетерминал - бейнені көрсетуге арналған құрылғы. Клавиатура тәрізді енгізу (кіру блогы) құрылғысымен жабдықталған, дисплей экраны бар пайдаланушының терминалы;
      2) дербес компьютер – жеке тұлғаның дербес пайдалануына арналған микрокомпьютер;
      3) жерлендіру сұлбасы – жермен тікелей жанасатын, жерлендірілетін жабдық орнатылған үй-жайдың (ғимараттың) сұлбасы бойынша орналасқан металл сымдардың жиынтығы;
      4) периметрмен орналастыру – жиһаздарды, жабдықты қабырға бойында (периметрі бойынша) орналастыру;
      5) қатармен орналастыру – жиһаздар мен жабдықтарды үй-жайдың ортасында, бірінен кейін бірін қатар орналастыру;
      6) орталықта орналастыру – жиһаздар мен жабдықты үй-жайдың ортасында топтап орналастыру;
      7) қауіпсіз электромагниттік сәуле – адамның денсаулығына зиянды әсер етпейтін электромагниттік сәуле деңгейі;
      8) жалпы жарық – шырағданшырақтар үй-жайдың жоғары аймағында біркелкі орналасатын (жалпы біркелкі жарық) немесе жабдықтың орналасуына қарай (жалпы жергілікті жарық) жарықтандыру;
      9) үй-жайдың аралас жасанды жарығы – жалпы жарыққа жергілікті жарық қосылатын жарық;
      10) үй-жайдың аралас табиғи жарығы – жоғары және жанама табиғи жарықтың үйлесімдігі;
      11) жарықтандырудың пульсация коэффиценті – жарықтандырудың пульсация коэффиценті К % - газды-разрядты шырағдандарды айнымалы токпен қуаттандыру кезінде олардың жарық ағыны уақытында өзгеруі нәтижесінде жарықтандыру тербелісінің салыстырмалы тереңдігін бағалау критерийі;
      12) жұмыс беті – жұмыс жүргізілетін және жарық нормаланатын немесе өлшенетін бет;
      13) жайсыздық көрсеткіші – көру аймағында жарықты бірқалыпты бөлмеу кезінде жағымсыз әсер тудыратын жайсыз жылтырауды бағалау критерийі;
      14) "в" типінің 3-санатты діріл деңгейі – оқу пункттері, есептеу орталықтары, денсаулық сақтау пункттері үй-жайларының, кеңсе үй-жайларының, жұмыс бөлмелерінің және ақыл-ой еңбегі қызметкерлеріне арналған басқа да үй-жайлардың жұмыс орындарындағы жалпы діріл.

2. ДК және БТ-ді орналастыруға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

      4. ДК және БТ-ны пайдалануға арналған үй-жайда табиғи және жасанды жарық қарастырылады. ДК және БТ бар жұмыс орындарын жертөледе орналастыруға жол берілмейді. Жұмыс орны үшін цокольды қабаттарды пайдалануға осы санитариялық ережеде келтірілген жарықтандыру, микроклимат, желдету параметрлері сақталған кезде жол беріледі.
      ДК және БТ-ны білім беру ұйымдарының цокольды қабаттарында орналастыруға жол берілмейді.
      ДК және БТ ның жұмыс орындарын күш беретін кабельдер, жоғары вольтты трансформаторлар, технологиялық жабдықтар орналасқан жерге орнатуға жол берілмейді.
      5. Электронды-сәуле түтігі (бұдан әрі - ЭСТ) негізіндегі ДК және БТ пайдаланушыларының бір жұмыс орнының ауданы, оның ішінде халыққа қызмет көрсететін мәдени-ойын-сауық объектілерінде қатарласта кемінде 6 шаршы метр (бұдан әрі – м2), орталықта және периметр бойынша орналасқанда - 4 м2, БТ-ны тегіс дискреттік экрандар (сұйық кристалл, плазмалық) базасында пайдаланғанда кез келген орналасуда 4 м2      құрайды.
      6. Жұмыс уақыты күніне 4 сағаттан кем болмайтын жұмыс орнында ЭСТ базасында ДК және БТ пайдаланғанда жоғарғы оқу орындарының студенттері үшін бір орынға кемінде ең аз аудан 5 м2 жол беріледі.
      7. ДК және БТ орналасқан үй-жайдың ішкі көрінісін өңдеу үшін төбе үшін 0,7-0,8, қабырға үшін 0,5-0,6, еден үшін 0,3-0,5 шағылысу коэффициенті бар материалдар қолданылады.
      8. ДК және БТ орналасқан үй-жайлардың ішкі көрінісін өңдеуге пайдаланылатын полимерлік материалдар санитариялық-эпидемиологиялық сараптамадан өтеді және жабық үй-жайлардың ауасына зиянды химиялық заттар бөлмейді. Мектепке дейінгі ұйымдарда үй-жайды өңдеу үшін ағаш жаңқаларынан жасалған тақтайларды, қатпарлы пластиктерді, синтетикалық кілем жапқыштарын пайдалануға жол берілмейді.
      9. Үй-жайдағы еденнің беті антистатикалық қасиеттерге ие болуы, ойықтары мен саңылаулары жоқ болуы тиіс. ДК-мен және БТ-мен жабдықталған үй-жайларда күн сайын ылғалды жинау жүргізіледі.
      10. ДК және БТ орналастырылған үй-жайлар ДК пайдалану бойынша техникалық талаптарға сәйкес қорғаныш жерлендірумен жабдықталады, электр розеткалары жерлендіру сұлбасына қосылады.
      11. ДК және БТ пайдалану кезінде жерлендіру байланысы жоқ ұзартқыштарды, сүзгілерді, үштіктерді пайдалануға жол берілмейді.
      12. Электрондық құрылғыларды пайдалану арқылы халыққа қызмет көрсетуге арналған бос уақытты өткізуге арналған объектілер (бұдан әрі - бос уақытты өткізуге арналған объектілер) ластанған ауаны ғимараттың төбесі деңгейінен жоғары шығару үшін тұрғын үй-жайлардан оқшауланған желдеткіш каналдарының құрылғысы бар үй-жайлар дыбыстан оқшаулаумен және желдетумен қамтамасыз етілген кезде арнайы тұрғызылған, жапсарласа салынған және реконстукцияланған үй-жайларға, сондай-ақ тұрғын үйлердің төменгі қабаттарына немесе қоғамдық ғимараттардың кез келген қабаттарына орналастырылады.
      13. Тұрғын үй ғимараттарында орналастыру кезінде келушілерге арналған кіру есігі тұрғын пәтерлерге кіру есігінен оқшауланады.
      14. Үй-жайларда бір келушіге 0,8 м2 есебінен киім ілетін орын, санитариялық торап, персоналға арналған бөлме көзделеді.
      15. Компьютерлерді периметр бойынша орналастырған кезде қабырға мен терезе жақтаулары арасындағы қашықтық кемінде 0,5 м, қабырға мен үстел арасындағы қашықтық 0,4 м болады.
      16. Компьютерлері және ойын кешендері бар бір орындық үстелдерді екі-үш қатар орналастыру кезінде үстелдердің бүйір беттерінің арасындағы әрбір қатардағы қашықтық кемінде 0,5 м, бір қатар орналастыру кезінде бір бейнемонитор мен басқа экран бетінің аралығы арасындағы қашықтық кемінде 2 м, ойын автоматтарының бүйір беттері арасындағы қашықтық кемінде 0,2 м болады.
      17. Физикалық және химиялық факторлар деңгейі осы санитариялық ережеге 1-6-қосымшаларда ұсынылған.
      18. Өнімдер мен зиянды және қауіпті факторлардың бақыланатын гигиеналық параметрлерінің тізбесі осы санитариялық ережеге 1-қосымшаның 1-кестесінде ұсынылған.
      19. ДК шығаратын октавалық жиілік жолақтарындағы дыбыс қысымының және дыбыс деңгейінің рұқсат етілген мәндері осы санитариялық ережеге 1-қосымшаның 2-кестесінде келтірілген мәннен аспайды.
      20. Ақпаратты бейнелеу құрылғыларының рұқсат етілген көзбен шолу параметрлері осы санитариялық ережеге 1-қосымшаның 3-кестесінде ұсынылған.
      21. Экраннан және ЭСТ-дегі БТ корпусынан 0,05 метр (бұдан әрі - м) қашықтықтағы кез келген нүктедегі рентген сәулесінің экспозициялық дозасының қуаты реттейтін құрылғылардың кез келген қалыптарында сағатына 0,1 микро Зиверттен аспауы тиіс.
      22. ДК бар жұмыс орындарын орналастыру кезінде бейнемониторлары бар жұмыс үстелдері мен бір бейнемонитордың сыртқы бетінің арасындағы экранға дейінгі қашықтық кемінде 2 м, бейнемониторлардың бүйір беттерінің арасындағы қашықтық кемінде 1,2 м болуы тиіс.
      23. Зиянды өндірістік факторлары бар үй-жайлардағы ДК бар жұмыс орындары ауасын алмастырып отыру ұйымдастырылған оқшауланған кабиналарда орналастырған дұрыс.
      24. Бейнемонитордың экраны пайдаланушының көзінен 600-700 миллиметр (бұдан әрі - мм) қашықтықта, бірақ алфавиттік-сандық белгілердің және символдардың мөлшерін есепке ала отырып, 500 мм жақын емес қашықтықта болады.
      25. Жұмыс орындығы (кресло) көтеріліп-бұрылатын, отыратын жерінің және арқалығының биіктігі мен еңкею бұрышы бойынша, сондай-ақ арқалығының орындықтың алдыңғы жиегінен қашықтығын реттеп жабдықталады.
      26. Құрамына БТ және ДК кіретін технологиялық жабдықтармен жұмыс істейтін жұмыс орындарын (программамен басқарылатын станоктар, роботпен атқарылатын технологиялық кешендер, диспетчерлік басқару пульттері) ұйымдастырғанда мыналар:
      1) қауіпсіз еңбек жағдайы;
      2) ақпараттарды енгізіп-шығару үшін экранның оңтайлы көрсетуін қамтамасыз ететін құрылғылардың орналасу жағдайы;
      3) қолмен басқарылатын органдардың қол жетімділік;
      4) жұмысшы аймағындағы БТ немесе ДК экранының тік жазықта оператордың көзінің сызығынан +- 30 градус бұрышпен орналасуы;
      5) БТ және ДК экранының көлденең және тік біліктің айналасында айналу мүмкіндігі көзделеді.
      27. БТ және ДК орналасқан үй-жайлар алғашқы медициналық көмек көрсететін дәрі-дәрмек қобдишаларымен және көмірқышқылды өрт сөндіргіштермен жабдықталады.
      28. ДК және БТ-мен үздіксіз жұмыс істеу ұзақтығы 2 сағаттан аспауы тиіс.

3. Микроклиматқа, жұмыс аймағы ауасындағы аэроиондар мен зиянды химиялық заттардың құрамына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

      29. ДК пайдалана отырып жұмыс істеу қосалқы, негізгі болып табылатын (диспетчерлік, операторлық, есептеу, басқару посттары мен кабиналар және есептеу техникасының залдары) және жүйке-эмоциялық жүктемемен байланысты өндірістік үй-жайларда жұмыс орындарындағы температура, салыстырмалы ылғалдылық және ауа қозғалысының жылдамдығы осы санитариялық ережеге 2-қосымшаның 1-кестесінде көрсетілген талаптарға сәйкес болуы тиіс.
      30. Білім берудің барлық үлгідегі ұйымдарының үй-жайларында және ДК және БТ орналасқан бос уақытты өткізетін обектілерде осы санитариялық ережеге 2-қосымшаның 2-кестесінде келтірілген талаптарға сәйкес микроклиматтың оңтайлы параметрлері қамтамасыз етіледі.
      31. ДК және БТ бар үй-жайлар жылыту жүйесімен жабдықталады және жалпы алмасу желдеткіші болады.
      32. ДК орналасқан үй-жай ауасының иондану деңгейлері осы санитариялық ережеге 3-қосымшада келтірілген талаптарға сәйкес келеді.
      33. ДК пайдалана отырып жұмыс істеу қосалқы, негізгі (диспетчерлік, операторлық, есептеу, басқару посттары мен кабиналар және есептеу техникасының залдары) болып табылатын өндірістік үй-жайлардың, білім  беру ұйымдарының ауасындағы зиянды химиялық заттардың болуы өндірістік үй-жайлардың ауасы үшін белгіленген қолданыстағы гигиеналық нормативтердің талаптарына сәйкес жұмыс аймағының ауасындағы зиянды заттардың рұқсат етілген шекті шоғырлануынан аспауы тиіс.

4. ДК физикалық факторларының әсері кезінде жұмыс жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

      34. ДК мен БТ-де жұмыс істеу негізгі болып табылатын өндірістік үй-жайлардағы, білім беру ұйымдарындағы, мектепке дейінгі ұйымдардағы, бос уақытты өткізетін объектілердегі тиісті үй-жайлардың жұмыс орнындағы дыбыстың деңгейі 50 децибеллден А (бұдан әрі - дБА) аспауы тиіс.
      Инженерлік-техникалық жұмыстарды орындау кезінде, зертханалық, талдау және өлшеу бақылауды жүзеге асыру кезінде ДК және БТ бар үй-жайларындағы шудың деңгейі 60 дБА аспайды. Операторлардың үй-жайларында шудың деңгейі 65 дБА-ден аспауы тиіс. Есептеу машиналарының шулы агрегаттары орналасқан үй-жайлардың жұмыс орындарындағы шу деңгейін 75 дБА аспайды.
      35. Шу деңгейін төмендету мақсатында үй-жайларды әрлеу үшін қауіпсіз дыбыс сіңіретін материалдар пайдаланылады.
      36. Діріл деңгейі осы санитариялық ережеге 4-қосымшада көрсетілген «в» типінің 3-санаты үшін рұқсат етілген мәннен аспайды. Білім беру ұйымдарындағы, мектепке дейінгі ұйымдардағы, қоғамдық ғимараттардағы және бос уақытты өткізетін объектілердегі тиісті үй-жайлар үшін діріл деңгейі осы санитариялық ережеге 5-қосымшада көрсетілген параметрлерге сәйкес келеді.
      37. ДК және БТ-мен жұмыс орындарындағы электромагниттік иондамайтын сәулелердің рұқсат етілген деңгейлері осы санитариялық ережеге 6-қосымшада келтірілген. ДК пайдаланушылардың жұмыс орындарындағы электромагниттік өріске құрал-саймандық бақылау жүргізу әдісі және гигиеналық деңгейлері осы санитариялық ережеге 7-қосымшада келтірілген.

5. Жұмыс орындарындағы жарықтандыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

      38. БТ және ДК бүйір жағынан жарық түсетін жақтауларға табиғи жарық сол жағынан түсетіндей етіп орналастырылады.
      39. БТ мен ДК пайдалануға арналған үй-жайдағы жасанды жарықтандыру жалпы біркелкі жарықтандыру жүйесімен жүзеге асырылады. Өндірістік және әкімшілік-қоғамдық үй-жайлардағы жұмыс орындарында аралас жарықтандыру жүйесі қолданылады (жалпы жарықтандыруға қосымша жұмыс орнының аймағын жарықтандыру үшін жергілікті жарықтандыру шырағдандары орнатылады).
      40. Жұмыс үстелі бетіндегі жарықтандыру жалпы жүйеден кемінде 300 люкс (бұдан әрі - лк), аралас жарықтандыру кезінде 500 лк және ол болмаған жағдайда 400 лк болады. Жарықтандыру экранның бетінде жарқылды болдырмауы тиіс. Экран бетінің жарықтануы 200 лк аспауы тиіс.
      41. Жарық көздерінің тікелей жарқылын шектейді, бұл ретте көзге көрінетін беттердің жарығы (терезелер, шырағдандар) бір шаршы метрге 200 канделадан (кд/м2) аспайды. Жұмыс беттеріндегі (экран, үстел, клавиатура) шағылысатын жарқыл шырағдандардың түрлері мен табиғи және жасанды жарық көздеріне қатысты жұмыс орнының орналасуы есебінен шектеледі, бұл ретте ДК экранындағы жарқылдың шағылысуы 40 кд/м2 аспайды және төбенің жарқылы 200 кд/м2 аспайды.
      42. Өндірістік үй-жайлардағы жалпы жасанды жарықтандыру көздері үшін көз қарықтыру көрсеткіші 20 аспайды, әкімшілік-қоғамдық үй-жайлардағы жайсыздық көрсеткіші 40 аспайды, мектепке дейінгі және білім беру ұйымдарында 15 аспайды.
      43. Жалпы жарық беретін шырағдандардың жарықтығы сәуле бұрыштары аймағында ұзына бойына вертикальмен 50-ден 90 градусқа дейін және көлденең жазықтықтарда 200 кд/м2 артық болмайды, шырағдандардың қорғаныш бұрышы кемінде 40 градус болады.
      44. Жергілікті жарық беретін шырағдандардың жарығы түспейтін қорғаныш бұрышы кемінде 40 градус болады.
      ДК пайдаланушының көру алаңында жарқылдың біркелкі таралмауын шектеу қажет, бұл ретте жарқылдың жұмыс беттермен арақатынасы 3:1-5:1, жұмыс беттерінің және қабырғалар мен жабдық беттерінің арасындағы арақатынас - 10:1 аспауы тиіс.
      45. Жасанды жарықтандыру жағдайында жарық көзі ретінде люминесценттік шырағдандар пайдаланылады.
      46. Люминесценттік шырағдандарды қолдану кезінде жалпы жарықтандыру жұмыс орнының бүйірінде, БТ қатарлап орналастырған кезде пайдаланушының көру сызығына параллель орналасқан шырағдандардың тұтас немесе үзік сызықтары түрінде орындалады. Компьютерлерді периметр бойынша орналастырғанда шырағдандардың сызығы жұмыс үстелінің үстінде оның операторға қараған алдыңғы жағына қарай шектеліп орнатылады.
      47. Жалпы жарықтың жарықтандыру қондырғылары үшін қор коэффициенті 1,4 қабылданады.
      48. Мектепке дейінгі ұйымдардағы жарықтың пульсация коэффициенті 5%, әкімшілік-қоғамдық ғимараттарда 10% аспайды.
      49. ДК пайдалануға арналған үй-жайларда жарықтың нормаланған мәнін қамтамасыз ету үшін істен шыққан шамдарды ауыстыру, терезе жақтауларының әйнектерін және шырағдандарды тазалау жылына кемінде екі рет тазарту жүргізіледі.

6. Пайдаланушылар үшін ДК-мен жұмыс істеу жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

      50. Пайдаланушыларға арналған үстелдің жұмыс бетінің биіктігі 680-800 мм шегінде реттеледі, осындай мүмкіндік болмаған жағдайда үстелдің жұмыс бетінің биіктігі 725 мм болады.
      51. Олардың негізінде конструкциялық өлшемдер есептелуі тиіс ДК арналған үстелдің жұмыс бетінің модульді өлшемдерін былай есептеген жөн: ені 800, 1000, 1200 және 1400 мм, оның биіктігі 725 мм тең реттелмеген жағдайда тереңдігі 800 және 1000 мм.
      52. Жұмыс үстелінің аяққа арналған кеңістігінің биіктігі кемінде 600 мм, ені кемінде 500 мм, тереңдігі тізенің деңгейінде 450 мм және созылған аяқ деңгейінде кемінде 650 мм болады.
      53. Жұмыс үстелінің құрылымы мынаны қамтамасыз етеді: орындықтың бетінің ені мен тереңдігі кемінде 400 мм; алдыңғы жиектері доғалданған орындық беттері; орындық бетінің биіктігін 400-550 мм аралығында және еңкею бұрыштарын реттеу: алға қарай 15 градусқа және артқа қарай 5 градусқа.
      54. Орындықтың сүйенетін арқалығының биіктігі 300 (плюс-минус 20) мм, ені кемінде 380 мм, көлденең жазықтықтың қисықтық радиусы 400 мм; Арқалықтың тік жазықтықта еңкею бұрышы плюс-минус 30 градус болады. Арқалықтың орындықтың алдыңғы жиегінен қашықтығы 260-400 мм шегінде реттеледі; стационарлық немесе алмалы-салмалы шынтақ тірегіштердің ұзындығы кемінде 250 мм және ені 50-70 мм болады.
      Шынтақ тірегіштер орындықтың бетінен 230 (+-30)мм шегінде биіктік бойынша, шынтақ тірегіштер арасы 350-500 мм шегінде реттеледі.
      55. ДК пайдаланушының жұмыс орнының ені кемінде 300 мм, тереңдігі кемінде 400 мм болатын, биіктігі 150 мм дейін, тірейтін бетінің еңкею бұрышы 20 градусқа дейін реттелетін аяқ қойғышпен жабдықталады. Аяқ қойғыштың беті бүдірлі және алдыңғы жиегінің биіктігі 10 мм болатын ернеуі болады.
      56. Үстелдің бетінде клавиатура пайдаланушыға қараған жиектен 100-300 мм қашықтықта немесе арнайы, биіктігі реттелетін негізгі үстелден бөлек жұмыс бетінде орналасады.

7. Жалпы білім беру ұйымдарында, орта және жоғары білім беру ұйымдарында ДК-мен және БТ-мен оқыту жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

      57. Сабақ оқуға арналған үй-жайлар бір орындық үстелдермен жабдықталады. ДК және БТ жұмыс істеуге арналған бір орындық үстелдің құрылымы мыналарды:
      1) екі бөлек: біреуі ДК орналастыруға арналған, биіктігі 520-760 мм дейін ыңғайлы реттелетін және екіншісі - клавиатураға арналған, биіктігі мен еңкею бұрышы 0-15 градусқа дейін ыңғайлы реттелетін, тиімді жұмыс жағдайына қарай мықтап бекітілетін жұмыс бетінің болуы;
      2) ДК және БТ үшін клавиатура бетінің ені кемінде 750 мм (екі беттің де ені бірдей болуға тиіс) және тереңдігі кемінде 550 мм;
      3) БТ және ДК орналасатын беттердің және электрмен жалғастыратын өткізгіштер және жергілікті желінің кабельдері орналасқан тіреушедегі клавиатураға арналған тіреуіштер. Тіреушенің негізін аяқ қойғышпен бірге біріктірген дұрыс;
      4) жұмыс орнын принтермен жабдықтағанда оның бетінің енін 1200 мм дейін кеңейту;
      5) биіктігі және еңкею бұрышы реттелетін, негізгі үстелден бөлек, аяқ қойғышы мен тіреуішінің негізі бірлесіп жасалған, клавиатураға арналған арнайы қондырғы көзделеді.
      58. ДК бар жұмыс орнының негізгі өлшемдері, үстелдің жиегінің биіктігі және аяққа арналған кеңістіктің биіктігі оқушылардың аяқ киіммен отырғандағы бойына, осы санитариялық ережеге 8-қосымшаның 1, 2-кестелеріне сәйкес келеді.
      59. Көзбен көру сызығы экранның ортасына перпендикуляр және оның экранның ортасынан тік жазықтыққа өтетін перпендикулярдан оңтайлы ауытқуы плюс-минус 5 градустан аспайды.
      Компьютер сыныбы бордың шаңын жою үшін арнайы компьютер (маркер) тақтасымен жабдықталады.
      60. Мектептерде БТ және ДК-мен тікелей байланысты сабақтардың үздіксіз ұзақтығы:
      1) 1-сынып оқушылары үшін - 10 минуттан;
      2) 2-5-сынып оқушылары үшін - 15-30 минуттан (жас ерекшелігін есепке ала отырып);
      3) 6-7-сынып оқушылары үшін - 45 минуттан;
      4) 8-9-сынып оқушылары үшін - 45 минуттан;
      5) 10-11 -сынып оқушылары үшін сабақтың бірінші сағатында - 30 минуттан, екінші сағатында - 30 минуттан аспауы тиіс.
      61. 10-11 сынып оқушыларына арналған жұпталған сабақтар арасындағы үзілістің ұзақтығы кемінде 10 минут болуы, сол уақыт ішінде оқушыларды міндетті түрде бөлмеден шығару, үй-жай толық желдетілуі тиіс.
      62. Өндірістік практика кезінде ДК, БТ немесе ДК-мен тікелей жасалатын жұмыстың уақыты 16 және одан жоғары жастағы оқушылар үшін 3 сағаттан, жасы 16-дан кіші оқушылар үшін міндетті түрде жұмыс режимі сақтала отырып 2 сағаттан аспайды. Жұмыс кезінде мынадай профилактикалық іс-шаралар жүргізіледі: 20-25 минут сайын көзге арналған жаттығулар және 45 минут сайын үзіліс кезінде дене шынықтыру жаттығулары.
      63. БТ, ДК-ні қолдана отырып өткізілетін қосымша сабақтар оқу сабақтарынан соң 60 минут өткеннен кейін және аптасына кемінде 2 рет өткізіледі, жалпы ұзақтығы:
      1) 2-5 сынып оқушылары үшін (7-10 жастағылар) 60 минуттан;
      2) 6 және одан да жоғарғы сынып оқушылары үшін - 90 минуттан;
      3) компьютер ойындарының ұзақтығы 2-5 сынып оқушылары үшін 10 минуттан, ал одан жоғарғы жастағылар үшін - 15 минуттан аспайды.
      64. Шаршауды болдырмау үшін ДК және БТ-ы бар үй-жайларды қарама-қарсы желдетуді осы үй-жайлардан студенттерді шығару арқылы орындау қажет.
      65. ДК, БТ сабақтарына сабақ кестесін дайындағанда мына талаптарды орындау қажет:
      1) ДК, БТ сабақтарына бөлінген академиялық сағаттар қосарланған жағдайда болатын үзілістің ұзақтығы 20 минуттан аспауы тиіс;
      2) оқу сабақтарының 3-4 парларын ДК, БТ-мен жұмыс істеумен біріктіруге жол берілмейді.
      66. Әрбір ДК, БТ-мен академиялық сағат сабағын өткізгеннен кейін міндетті түрде оқушылар бөлмені толық желдету үшін бөлмеден шығарыла отырып 15-20 минутқа үзіліс беріледі.
      67. Оқу орындарында сабақ кестесі 1 ауысымдық болғанда оқу күнінің ортасында (3-4 сабақтан кейін) оқушылардың тамақ ішіп, демалуы үшін ұзақтығы 50-60 минут үзіліс ұйымдастырылады.
      68. ДК және БТ-ны пайдалана отырып өткізілетін қосымша сабақтардың жалпы ұзақтығы олармен тікелей жұмыс істегенде аптасына 1 астрономиялық сағаттан аспайды.
      69. ДК және БТ-ны пайдалана отырып өткізілетін қосымша сабақтар негізгі оқу сабақтарынан соң 50-60 минуттан кейін өткізіледі.

8. Мектепке дейінгі ұйымдарда БТ және ДК оқыту жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

      70. Мектепке дейінгі ұйымдарда компьютерлік дамыту бағдарламаларын пайдаланатын сабақтардың ұзақтығы 5 жастағы балалар үшін 7 минуттан және 6 жастағы балалар үшін 10 минуттан аспайды.
      71. Мектепке дейінгі ұйымдарда компьютерлік ойын сабақтары аптаның ішінде балалардың неғұрлым жұмыс істеуге қабілетті күндерінде 2 реттен жиі жүргізілмейді: сейсенбі, сәрсенбі және бейсенбі күндері. Сабақтан кейін көзге арналған жаттығулар жасалады.
      72. ДК және БТ-мен өткізілетін сабақтарды ұйқыға арналған, күндізгі серуен және басқа да сауықтыру шараларын жүргізетін уақытта өткізуге жол берілмейді.
      73. ДК және БТ пайдалану арқылы өтетін мектеп жасына дейінгі балалардың сабағын әдіскер немесе оның қатысуымен жүргізіледі.
      74. Жасына қарамастан екі және одан да көп балалармен ДК-мен БТ сабақтарын бірге өткізуге жол берілмейді.
      75. ДК және БДТ орналасқан мектепке дейінгі ұйымдарда ауданы кемінде 20,0 м2 болатын ойын залы орналастырылады.
      Сабақ өткізетін үй-жай бір орындықты үстелмен жабдықталады. Бір орындықты үстелдің құрылымы бірге қосылған екі бөліктен немесе екі үстелден тұрады: бір үстелдің үстінде БТ немесе ДК, екіншінің үстінде клавиатура тұрады. ДК және БТ орналасатын үстелдің құрылымында мыналар:
      1) бейнемонитор үшін горизонтальды бетте бекіте отырып тереңдігі кемінде 550 мм және ені кемінде 600 мм болғанда 460-520 мм шегінде биіктігі бойынша реттелуі;
      2) клавиатура үшін беттің еңкею бұрышын бекіте отырып 0-ден 10 градусқа дейін өзгерту мүмкіндігі;
      3) клавиатура астындағы беттің тереңдігі мен ені кемінде 600 мм;
      4) үстелдің беті бүлінбеген болуы;
      5) үстел астында еден үстінде кемінде 400 мм аяқ қоятын кеңістік көзделеді.
      Ені үстелдің құрылымымен айқындалады.
      76. Сабаққа арналған орындықтардың өлшемдері осы санитариялық ережеге 8-қосымшаның 3-кестесінде келтірілген. Орындықтарды табуреткаларға немесе скамейкаларға айырбастауға жол берілмейді.

«Дербес компьютерлерді,    
бейнетерминалдарды пайдалануға   
және олармен жұмыс істеу жағдайларына
қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық
талаптар» санитариялық ережесіне  
1-қосымша             

Өнімдердің және зиянды және қауіпті факторлардың бақыланатын гигиеналық параметрлерінің тізбесі

1-кесте

Өнім түрлері

Өнімдердің жалпы классификациясы

Зиянды және қауіпті факторлардың гигиеналық параметрлері

Электронды есептеу машиналары:
сандық, дербес сандық,
Принтерлер, сканерлер, модемдер, тоқ көзінің құрылымдары, тоқтаусыз деңгейі тоқ көзін беретін блоктар және басқа да
Құрылымдар
Ақпаратты бейнелеп беретін қондырғы зиянды заттардың деңгейі, (бейне терминалдар) ДК-ны пайдаланатын ойын автоматтары

401300
401350
401370
403000
403200
968575


ЭМӨ, шудың, қанықпаның, ауадағы зиянды заттардың, БДТ көзге көрінетін көрсеткіштерінің деңгейі, рентген сәулесі ЭМӨ, шудың, қанықпаның, ауадағы зиянды заттардың
ЭМӨ, шудың, қанықпаның, ауадағы рентген сәулесі
ЭМӨ, шудың, қанықпаның, ауадағы зиянды заттардың, БДТ көзге көрінетін көрсеткіштерінің деңгейі, рентген сәулесі

      Ескертпе: Жеңіл рентген сәулесіне бақылау жасау бейнетерминалдары үшін электронды сәуле түтігін пайдалану арқылы жүзеге асырылады.

ДК арқылы жасалынатын октава жолағындағы дыбыс қысымының және дыбыс деңгейлерінің рұқсат етілген мәні

2-кесте

Октавалық жолақтардағы ортагеометриялық жиіліктегі дыбыс қысымының деңгейі, дБ (Герц) (бұдан әрі - Гц)

дБА-мен өлшенген,  дыбыс деңгейі
 
 

31,5 63 125 250 500 1000 2000 4000 8000
Гц Гц Гц Гц Гц Гц Гц Гц Гц

86 71 61 54 49 45 42 40 38
дБ дБ дБ дБ дБ дБ дБ дБ дБ

50

      Ескертпе: Дыбыс деңгейін және дыбыс қысымын өлшеу жұмыс орнында жүргізіледі. Ақпаратты бейнелеп беретін құрылғылардың көзбен көрінетін рұқсат етілген параметрлері

3-кесте     

Параметрлері

Рұқсат етілген мәні

Ақ алаңның жарықтығы
Жұмыс алаңының бірдей жарықталмауы
Контрастылығы (монохромды режимдегі)

Бейненің уақытша тұрақсыздығы (дисплей экранында бейне көрінісі жарықтығының уақыт мезгілінде себепсіз өзгеруі)

Кеңістіктегі көріністің тұрақты болмауы (экрандағы көрініс фрагментерінің себепсіз өзгеруі)

Кем дегенде 35 кд/м2
+- 20% аспасын
 
 

Ара қатынасы 3:1 кем болмасын
Тұрақты болмауы керек
 
 

2 х 10 (-4L) көп болмасын, мұндағы L жобадағы бақылау алыстығы мөлшері, мм

      Ескертпе: Барлық режимдегі экранның ашылуы ЭЛТ жиіліктегі дисплейлерде көріністің жаңару 75Гц кем болмағанда жүреді. Ондай жағдай нақты дисплей үлгісі үшін нормативтік құжат арқылы кепілденеді, ал жалпақ дискретті экранды дисплей үшін ол 60Гц кем болмауы тиіс.

«Дербес компьютерлерді,    
бейнетерминалдарды пайдалануға   
және олармен жұмыс істеу жағдайларына
қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық
талаптар» санитариялық ережесіне  
2-қосымша           

Өндірістік үй-жайларға арналған микроклиматтың оңтайлы нормалары

1-кесте

Жыл кезеңі





Жұмыс категориясы




ауа температурасы, гр. С, одан көп емес

Ауаның салыстырмалы  ылғалдылығы %



ауа қозғалысының жылдамдығы



салқын
жылы

1а жеңіл
1б жеңіл
1а жеңіл
1б жеңіл

22-24
23-21
23-25
22-24

40-60
40-60
40-60
40-60

0,1
0,1
0,1
0,2

      Ескертпе:
      1) 1а санатына физикалық күшті аса көп жұмсамай, отырып істейтін және энергия шығыны 120 ккал/сағ. болатын жұмыстың түрлері жатады.
      2) 1б санатына тұрып, отырып немесе жүрген кезде физикалық күш жұмсау арқылы энергия шығыны 120-дан 150 ккал/сағ. болатын жұмыстың түрлері жатады.

ДК қолдану арқылы білім беру және бос уақытты өткізуге арналған объекілер ұйымдарының үй-жайларындағы микроклиматтың оңтайлы нормалары

2-кесте

Температура, 0С


Салыстырмалы ылғалдылық, % аспайтын

Ауаның қозғалу жылдамдығы, м/с

19
20
21

62
58
55

<0,1
<0,1
<0,1

«Дербес компьютерлерді,    
бейнетерминалдарды пайдалануға   
және олармен жұмыс істеу жағдайларына
қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық
талаптар» санитариялық ережесіне  
3-қосымша            

БТ және ДК-мен жұмыс істеу кезінде үй-жайлардағы ауаның иондалу деңгейі

Деңгейлері

1 текше м ауадағы иондардың саны

n+

n-

Ең аз қажетті
Оңтайлы
Барынша рұқсат етілген

400
1500-3000
50000

600
3000-5000
50000

«Дербес компьютерлерді,    
бейнетерминалдарды пайдалануға   
және олармен жұмыс істеу жағдайларына
қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық
талаптар» санитариялық ережесіне  
4-қосымша          

«в» типінің 3-санаттағы діріл деңгейлерінің нормалары

Жолақтардың ортагеометриялық  жиіліктері, Гц



Z; X; Y осьтері бойынша рұқсат етілген мәні

Дірілдің жеделдетілуі

діріл жылдамдығы

м/с 2

дБ

м/с

дБ

1/3 окт

1/1 окт

1/3 окт

1/1 окт

1/3 окт

1/1 окт

1/3 окт

1/1 окт

1,6

0,0125



82



0,13



88



2,0

0,0112

0,02

82

86 0,

089

0,18

85

91

2,5

0,01



80



0,063



82



3,15

0,009



79



0,045



79



4,0

0,008

0,014

78

83

0,032

0,063

76

82

5,0

0,008


78


0,025


74


6,3

0,008


78


0,02


72


8,0

0,008

0,014

78

83

0,016

0,032

70

76

10,0

0,01


80


0,016


70


12,0

0,0125


82


0,016


70


16,0

0,016

0,028

84

89

0,016

0,028

70

75

20,0

0,02


86


0,016


70


25,0

0,025


88


0,016


70


31,5

0,032

0,056

90

95

0,016

0,028

70

75

40,0

0,04


92


0,016


70


50,0

0,05


94


0,016


70


63,0

0,063

0,112

96

101

0,016

0,028

70

75

80,0

0,08


98


0,016


70


Түзетілген және 0,014 0, 83   75   0,028
эквивалентті
үйлестірілген
мәндер және олардың деңгейлері                         75

«Дербес компьютерлерді,    
бейнетерминалдарды пайдалануға   
және олармен жұмыс істеу жағдайларына
қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық
талаптар» санитариялық ережесіне  
5-қосымша            

Балалар, жалпы білім беру ұйымдарында, қоғамдық ғимараттарда және бос уақытты өткізу объектілерде ДК, БТ-ы бар үй-жайлар үшін дірілдің рұқсат етілген деңгейі

Октавалық жолақтың ортагеометриялық жиілігі, Гц
 
 

Рұқсат етілген мәні

Дірілдің жеделдетілуі

Діріл жылдамдатқыш

мс-2*10-2

дБ



мс-1*10-5

ДБ

Z, X, Y осьтері

    2           0,56         75          45          79
    4           0,56         75          22          73
    8           0,56         75          11          67
    16          1,1          81          11          67
    31,5        2,2          87          11          67
    63          4,5          93          11          67

Түзетілген
мәндері және
олардың         1,0          80          20          72
деңгейлері

«Дербес компьютерлерді,    
бейнетерминалдарды пайдалануға   
және олармен жұмыс істеу жағдайларына
қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық
талаптар» санитариялық ережесіне  
6-қосымша             

Иондамайтын электромагнитті сәулеленудің рұқсат етілген деңгейінің мәні

Параметрлердің атауы

ДК, БТ  бөліктері

Бақылау аралығы, см

Рұқсат етілген мәні

Кәсіптік               Мониторы       1,0 баспен         20
килоВольт
пайдаланушыларға       клавиатурасы   бірдей болғанда   -метр
арналған электроста-                                 (бұдан - әрі  тикалық өрістің                                       - кВ/м)
кернеулігі:
- таңбасқышпен жұмыс
атқарғанда
- монитордан
Мектеп жасына дейінгі   Мониторы       1,0 баспен       15 кВ/м
мекеме балаларына       клавиатурасы бірдей болғанда    15 кВ/м
және орта, жоғарғы
оқу орыдарының оқушы-
ларына арналған
электростатикалық
өрістің кернеуі
- таңбасқышпен жұмыс
атқарғанда
- монитордан болатын
БДТ, ДК айналасындағы    Мониторы баспен бірдей болғанда 25 В/м
электромагниттік                                         2,5 В/м
өрістің кернеулігі                                       2,5 В/м
электрлік құрамы         Мониторы
бойынша мыналардан
аспауы керек:
- 5Гц-2000 Гц жиілік
диапазонында
- 2-400 кГц жиілік
диапазонында
ДК, БДТ айналасындағы    Мониторы баспен бірдей 250 наноТесла
магнит ағынының                      болғанда (бұдан әрі - нТл)
тығыздығы:
- 5Гц-2000 Гц жиілік-    Мониторы
тегі диапазоннан
- 2-400 кГц жиілік-
тегі диапазоннан
аспауы керек
Монитор бетіндегі        Мониторы  Дисплейден 10см    500 Вольт
электростатикалық                  аралықта орналасқан
потенциалы, (сертификаттық         жермен жанасатын
                                   пластина арасы
сынақ жүргізгенде)
өндірістік жиілік-      Клавиатурасы      1,0           0,5 кВм
тегі электроөрісі-      Тышқаны           1,0           0,5 кВм
нің кернеуі (50Гц)

«Дербес компьютерлерді,    
бейнетерминалдарды пайдалануға   
және олармен жұмыс істеу жағдайларына
қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық
талаптар» санитариялық ережесіне  
7-қосымша

Жұмыс орындарындағы электромагниттік өрістердің деңгейін құрал-саймандық бақылау және гигиеналық бағалау әдісі

      1. ДК пайдаланушылардың жұмыс орындарындағы электромагниттік жағдайға құрал-саймандық бақылау мынадай жағдайларда жүргізіледі:
      1) ДК пайдалануға қосқанда және жаңа жұмыс орындарын ұйымдастырғанда және қайта ұйымдастырғанда;
      2) электромагниттік жағдайды қалыптастыруға бағытталған ұйымдастырушылық-техникалық іс-шараларды жүргізгеннен кейін;
      3) еңбек жағдайлар бойынша жұмыс орындарын аттестаттағанда;
      4) ұйымдардың өтінімдері бойынша.
      2. Құрал-саймандық зерттеулерді мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдары (немесе) аккредиттелген сынақ зертханалары (орталықтарымен) жүзеге асырады.
      3. Электромагниттік өрістердің деңгейін құрал-саймандық бақылау өлшеулердің бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі тізіліміне енгізілген және тексеруден өтуі туралы қолданыстағы куәлігі бар өлшеудің рұқсат етілген негізгі салыстырмалы қателігі плюс-минус 20% болатын аспаптармен жүзеге асырылады.
      4. Изотропты антенналық-түрлендіргіші бар өлшеуіштер қолданылады.
      5. ДК пайдаланушыларының үй-жайдағы жұмыс орындарын орналастыру жоспары (нобайы) жасалады.
      6. Жұмыс орнының жабдықтары туралы мәлімет ДК құрылғысының, өндіруші фирманың атауы, модельдері мен зауыттық (сериялық) нөмірлері, ДК берілген экран алдындағы сүзгілер (олар бар болғанда) зертханалық зерттеулер хаттамасына жазылады.
      7. ДК экранында осы жұмысқа тиісті кескін (мәтін, сызбалар) көрсетіледі.
      8. Өлшеу жүргізген кезде барлық есептеу техникасы, ДК және осы үй-жайда орналасқан жұмыста қолданатын басқа да электрлі жабдық қосылады.
      9. Электростатикалық өрістің параметрлерін өлшеу ДК қосылғаннан кейін 20 минуттен соң ғана жүргізіледі.
      10. ДК-мен жабдықталған жұмыс орнының айнымалы электр және магнит, статикалық электр өрістерінің деңгейін өлшеу жұмыс орнында клавиатураны қосқанда 0,5м, 1,0 м және 1,5 м биіктікте үш деңгейде жүргізіледі.
      11. ДК-мен жабдықталған жұмыс орнында электр және (немесе) магнит өрістердің қарқындылығы 5-2000 Гц диапазонында осы санитариялық ережеге 6-қосымшада келтірілген мәндерден асса, өнеркәсіптік жиіліктің ЭМӨ фондық деңгейлеріне өлшеу жүргізіледі (жабдық сөніп тұрғанда). 50 Гц жиіліктегі электр өрісінің фондық деңгейі және магнит өрісі индукциясының фондық деңгейлері БТ параметрлеріне қойылатын талаптарды бұзушылықтар тудыратын мәндерден аспауы тиіс (осы санитариялық ережеге 1-қосымшаның 3-кестесі).

«Дербес компьютерлерді,    
бейнетерминалдарды пайдалануға   
және олармен жұмыс істеу жағдайларына
қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық
талаптар» санитариялық ережесіне  
8-қосымша            

ДК-мен жұмыс істеу үшін бір орынға арналған үстелдің биіктігі

1-кесте

Оқушылар мен студенттердің аяқ-киім киген кездегі биіктігі, см

Еденнен биіктігі, см

Үстелдің беті

Аяққа арналған кеңістік

116-130

520

400

131-145

580

520

146-160

640

580

161-175

700

640

175-тен биік

760

700

      Ескертпе:
      Аяққа арналған кеңістіктің ені мен тереңдігі үстелдің құралымы арқылы анықталады.

Оқушылар және студенттерге арналған орындықтардың негізгі өлшемдері

2-кесте

Орындықтың параметрлері

оқушылар мен студенттердің аяқ-киім киген кездегі биіктігі, см

116-130

131-145

146-160

161-175

175, одан да биік

Орындық отыруының еденнен биіктігі, см

300

340

380

420

460

Отыру көлемі, см-ден кем болмайтын

270

290

320

340

360

Отыру тереңдігі,см

290

330

360

380

400

Орындық арқасының төменгі жағының биіктігі, см

130

150

160

170

190

Орындық арқасының жоғарғы жағының биіктігі, см

280

310

330

360

400

Орындық арқасының иілу биіктігі, см

170

190

200

210

220

Отырудың иілген кездегі радиусы, см

20-50

Отырудың еңкею бұрышы, градуспен

0-4

Орындық арқасының еңкею бұрышы, градуспен

95-108

Жоспар бойынша орындық
арқасының радиусы, см

300

Мектепке дейінгі жастағы балалар үшін ДК-мен өткізілетін сабаққа арналған орындықтың өлшемдері

3-кесте

Орындықтың параметрлері

Өлшемі, кемінде, мм

Отырудың еденнен биіктігі

260

Отырудың көлемі

250

Отыру тереңдігі

260

Отырудың арқасының төменгі жағының биіктігі

120

Отырудың арқасының жоғарғы жағының биіктігі

250

Орындық арқасының иілу биіктігі

160

Отырудың алдыңғы жағының еңкею радиусы

20-50