Аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 28 сәуірдегі N 6-3 "Тасқала ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі мен мөлшерін белгілеу Қағидасы туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы

Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 27 шілдедегі N 16-5 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әділет басқармасында 2009 жылғы 17 тамызда N 7-11-97 тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және "Тұрғын үй қатынастары туралы" заңдарына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. "Тасқала ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі мен мөлшерін белгілеу Қағидасы туралы" 2008 жылғы 28 сәуірдегі N 6-3 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N  7-11-66 нөмірімен тіркелген, 2008 жылғы 6 маусымдағы аудандық "Екпін" газетінде жарияланған), (аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 18 ақпандағы N 12-5 "Аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 28 сәуірдегі N 6-3 "Тасқала ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі мен мөлшерін белгілеу Қағидасы туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы" (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 7-11-86 нөмірімен тіркелген, 2009 жылғы 20 наурыздағы аудандық "Екпін" газетінің 17 нөмірінде жарияланған) шешімімен толықтыру енгізілген) шешіміне келесі толықтырулар енгізілсін:
      Қағиданың 1 абзацындағы "Заңына" деген сөзден кейін "және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі N 512 "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" Қаулысына" деген сөздермен толықтырылсын;
      Қағиданың I тарауының 3 тармағындағы "есепке алынады" деген сөздерден кейін "және тұрғын үй көмегі келесі жағдайларда төленеді" деген сөздермен толықтырылсын;
      Қағиданың 3 тармағы "Ауданда тұрақты өмір сүретін аз қамтылған отбасыларға тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерді тұтынуға кеткен шығындармен қоса телефон үшін жыл бойғы абоненттік төлемақы шығындары бірге есептеледі." деген 3-1) тармағымен толықтырылсын;
      Қағиданың II тарауының 9 тармағындағы 6 жолда "анықтама (түбіртектер)" деген сөздерден кейін "абонент болып табылатынын растайтын құжат (шарт немесе телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек – шот)" деген сөздермен толықтырылсын.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы
      Аудандық мәслихат хатшысы