Тасқала ауданы бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы

Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының 2009 жылғы 18 ақпандағы N 12-4 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әділет басқармасында 2009 жылғы 10 наурызда N 7-11-90 тіркелді

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" және "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңдарына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Тасқала ауданы бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына жергілікті бюджет есебінен әлеуметтік көмек көрсетудің санаты мен мөлшері белгіленсін:
      1) Ұлы Отан соғысына қатысушыларына табыстарын есептемей әлеуметтік көмек, жеңіс күніне орай – 35 000 теңге;
      тұрғын үйді жөндеу үшін бөлінген қаражат шеңберінде бір реттік көмек - 390 АЕК дейін;
      тіс протездеу жұмыстарына бір реттік көмек - нақтылы төлем шығыны бойынша;
      монша, шаштараз қызметтері үшін ай сайын - 0,5 АЕК;
      2) Кеңес Одағы Батырының әйеліне табыстарын есептемей ай сайын - 25 000 теңге;
      Ескерту. 2 тармақшасына өзгерту енгізілді - Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихаттың 2009.07.27 N 16-4 Шешімімен.
      3) Ұлы Отан соғысында қайтыс болғандардың қайталап некеге отырмаған жұбайларына Жеңіс күніне орай, табыстарын есептемей - 10 000 теңге;
      4) соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмілетке толмаған бұрынғы тұтқындарына жеңіс күніне орай, табыстарын есептемей - 10 000 теңге;
      5) 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысына соңғы шақырылған әскери қызметшілерге, табыстарын есептемей ай сайын - 2,9 АЕК;
      жеңіс күніне орай - 5 000 теңге;
      6) бейбітшілік уақытта қаза болған әскери қызметшілердің отбасыларына табыстарын есептемей ай сайын - 1 АЕК;
      7) жергілікті маңызы бар Дербес зейнеткерлерге, табыстарын есептемей ай сайын - 1 АЕК;
      8) "Қазақстан Республикасының күні" мемлекеттік мерекесі қарсаңында "Алтын алқа" алқасымен марапатталған аналарға, табыстарын есептемей қосымша қаржы бөлінген жағдайда бір реттік көмек - 10 000 теңгеге дейін;
      9) "Қазақстан Республикасының күні" мемлекеттік мерекесі қарсаңында "Батыр ана" орденімен марапатталған аналарға, табыстарын есептемей қосымша қаржы бөлінген жағдайда бір реттік көмек - 10 000 теңгеге дейін;
      10) ауданның аз қамтылған азаматтарына:
      ұзақ мерзімді ауырған кезеңде және облыстан тысқары жерлерде емделген жағдайда бір реттік көмек - 10 АЕК;
      жерлеу рәсімін ұйымдастыру шығындарын жабуға бір реттік көмек - 10 АЕК;
      өртке ұшыраған және тасқын су зардабын шеккен жағдайда бір реттік көмек - 25 АЕК;
      әлеуметтік қолдау көрсету үшін қосымша қаражат бөлінген жағдайда – 1,0-1,5 АЕК;
      тұрғын үйді жөндеу үшін бөлінген қаражат шеңберінде бір реттік көмек - 25 АЕК;
      "Қайырымдылық айлығы" кезінде үнемделген қаражат шеңберінде бір реттік көмек – 10 АЕК.
      11) ауданның тұрмыстық –материалдық жағдайы төмен мүгедектеріне, жалғыз басты зейнеткерлерге, кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған көп балалы аналарға, жетімдерге:
      тұрғын үйді жөндеу үшін бөлінген қаражат шеңберінде бір реттік көмек - 25 АЕК;
      "Қайырымдылық айлығы" кезінде үнемделген қаражат шеңберінде бір реттік көмек - 10 АЕК;
      12) өкпе ауруымен ауыратын адамдарға облыс орталығына барып тексерілген жағдайда табыстарын есептемей, жол ақысы мен тамақтануына нақтылы төлем шығыны бойынша;
      13) ауданның жалғыз басты адамдарына жерлеу рәсімін ұйымдастыру шығындарын жабуға бір реттік көмек – 10 АЕК;
      14) ауданның 90 жасқа толған және одан жоғары жастағы мерейтой иегерлеріне табыстарын есептемей бір реттік көмек - 10 АЕК.
      2. "Тасқала ауданы бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 9 маусымдағы N 8-3 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 7-11-69 нөмірмен тіркелген, 2008 жылғы 11 шілдедегі аудандық "Екпін" газетінің 36 нөмірінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешім аудандық "Екпін" газетінің бір нөмірінде (директор-редакторы С. Ашығалиев) жариялансын.
      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы
      Аудандық мәслихат хатшысы