Автотұрақтар, автомобильге май құю станциялары үшін бөлінген, казино орналасқан жер учаскелеріне салынатын салық ставкасының мөлшерін бекіту туралы

Батыс Қазастан облысы Қаратөбе аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 2 наурыздағы N 10-9 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы әділет басқармасында 2009 жылғы 19 наурызда N 7-9-80 тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабын, "Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының Кодексінің 381386 баптарын басшылыққа алып аудандық мәслихат сессиясы ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Елді мекендердің автотұрақтар мен автомобильге май құю станциялары үшін бөлінген жерлеріне салынатын салық ставкасының мөлшері белгіленген базалық ставканың (0,48 теңге) он есе ұлғайтылған көлемінде 4 теңге 80 тиын болып бекітілсін.
      2. Осы шешім қабылдануына байланысты аудандық мәслихаттың 2004 жылғы 5 науырыздағы N 5-8 шешімінің (тіркеу N 2617; 2004 жылғы 15 сәуірде, "Еңбек туы" газетінің 2004 жылғы 14 мамырдағы N 20 санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешім 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрайымы
      Аудандық мәслихат хатшысы