Аудан әкімінің 2009 жылғы 8 қаңтардағы N 1 "1992 жылы туылған азаматтарды 2009 жылы әскери есепке шақыру учаскесіне тіркеу туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы әкімінің 2009 жылғы 10 ақпандағы N 4 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы әділет басқармасында 2009 жылғы 18 ақпанда N 7-9-75 тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңдарына сай ШЕШІМ ЕТЕМІН:
      Қаратөбе ауданы әкімінің "1992 жылы туылған азаматтарды 2009 жылы әскери есепке шақыру учаскесіне тіркеу туралы" 2009 жылғы 8 қантардағы N 1 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне N 7-9-72 болып тіркелген, 2009 жылы 23 қантар айында "Қаратөбе өңірі" газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. Осы шешімінің 1 және 6 тармақтары алынып тасталсын.
      2. Осы аталған шешімнің 8 тармағы мынадай редакцияда мазмұндалсын:
      "Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі".
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі және 2009 жылғы 1 қантардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

      Аудан әкімі