Жәнібек ауданының ауылдық елді мекендерінде жұмыс істейтін және тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына 2010 жылға әлеуметтік қолдау шараларын айқындау туралы

Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық мәслихатының 2009 жылғы 20 желтоқсандағы N 21-4 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы әділет басқармасында 2010 жылғы 20 қаңтарда N 7-6-97 тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 7 бабы 3 тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы N 183 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы" қаулысының 2 тармағына сәйкес, Жәнібек ауданы әкімінің 2009 жылғы 11 желтоқсанындағы N 6-30/926 хатын қарастырып аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Ауданның ауылдық елді мекендеріне жұмыс істейтін және тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына көтерме жәрдемақы түрінде жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 2010 жылға әлеуметтік қолдау шаралары айқындалсын.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы               Т. Қ. Мұсағалиев
      Мәслихат хатшысы                   Т. З. Кадимов