Аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 9 маусымдағы "Жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетуді бекіту туралы" N 9-1 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық мәслихатының 2009 жылғы 16 ақпандағы N 14-4 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы әділет басқармасында 2009 жылғы 17 наурызда N 7-6-82 тіркелді

Қолданыстағы

      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 56 бабына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабы, және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің хатына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1."Жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетуді бекіту туралы" 2008 жылғы 9 маусымдағы N 9-1 Жәнібек аудандық мәслихатының шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде N 7-6-67 тіркелген, аудандық "Шұғыла" газетінде N 30, 2008 жылғы 4 шілдеде жарияланған), шешіміне төмендегі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) кіріспесінде:
      "2004 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 53 бабына" деген сөз "2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 56 бабына" деген сөзбен ауыстырылсын.
      2) аталған шешімінің 2-қосымшасында:
      1 тармағында:
      "5" деген сан алынып тасталсын;
      мынандай сөйлеммен толықтырылсын:
      "2.1. 1 қосымшаның 5 тармағы бойынша әлеуметтік төлем ай сайын бір ай жарымдық есептік көрсеткіш мөлшерінде тағайындалсын".
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа  енгізіледі.

      Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы
      Аудандық мәслихат хатшысы