"Азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек көрсету Нұсқаулығын бекіту туралы" 2009 жылғы 13 ақпандағы № 12-3 шешімге өзгеріс енгізу туралы

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай аудандық мәслихатының 2009 жылғы 23 қазандағы N 16-10 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Тарбағатай аудандық Әділет басқармасында 2009 жылғы 19 қарашада N 5-16-85 тіркелді

Қолданыстағы

      «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ Заңының 6 бабының негізінде Тарбағатай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. «Азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек көрсету Нұсқаулығын бекіту туралы» 2009 жылғы 13 ақпандағы № 12-3 шешіміне (2009 жылғы 21 шілдедегі № 14-8 шешіміне енгізілген өзгерістермен) мынандай өзгеріс енгізілсін:
      Аталған шешіммен бекітілген нұсқаулықтың кіріспе бөлігіндегі «тәртібін» деген сөз «тағайындалуын» деген сөзбен ауыстырылсын.
      2. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                   Б. Молдаханов

      Тарбағатай аудандық
      мәслихатының хатшысы              М. Мағжаев