"Азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек көрсету Нұсқаулығын бекіту туралы" 2009 жылғы 13 ақпандағы № 12-3 шешімге өзгерістер енгізу туралы

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай аудандық мәслихатының 2009 жылғы 21 шілдедегі N 14-8 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Тарбағатай аудандық Әділет басқармасында 2009 жылғы 10 тамызда N 5-16-79 тіркелді

Қолданыстағы

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ Заңының 6 бабының негізінде Тарбағатай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. «Азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек көрсету Нұсқаулығын бекіту туралы» 2009 жылғы 13 ақпандағы № 12-3 шешіміне мынандай өзгерістер енгізілсін:
      Аталған шешіммен бекітілген Нұсқаулықтың 2,3 бөлімінің тақырыбындағы және 3 бөлімнің 1 тармағындағы тәртібі деген сөздер алынып тасталсын:
      2. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін он күн тізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы:                        Қ. Сафаров

      Тарбағатай аудандық
      мәслихатының хатшысы                    М. Мағжаев