"Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Зырян ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 03 сәуірдегі № 299 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 8 қыркүйектегі N 210 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Зырян аудандық Әділет басқармасында 2009 жылғы 01 қазанда N 5-12-94 тіркелді

Қолданыстағы

      Әскерге шақыру комиссиясының мүшесі Зырян ауданы әкімінің орынбасары Е.М. Нурбаевтың жұмыстан шығуына байланысты «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8 бабының 3 тармағын басшылыққа ала отырып әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір–маусымында және қазан–желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Зырян ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 03 сәуірдегі № 299 қаулысына (мемлекеттік тіркелімнің 2009 жылдың 23 сәуіріндегі № 5-12-80 мемлекеттік құқықтық актілердің Тізілімінде тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
      жұмыстан шыққан Е.М. Нурбаевтың орнына әскерге шақыру комиссиясының құрамына Зырян ауданы әкімінің орынбасары Көбентаев Ербол Құмашұлы енгізілсін.
      2. Қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

      Зырян ауданының әкiмi             Р. МУСИН