"2009 жылға арналған Зырян ауданы тұрғындарының нысаналы топтарын анықтау туралы" 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 307 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 09 маусымдағы N 45 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Зырян аудандық Әділет басқармасында 2009 жылғы 13 шілдеде N 5-12-89 тіркелді

Қолданыстағы

      Еңбек нарығындағы жағдайды ескере отырып, жұмыспен қамту мемлекеттік саясатын іске асыру және жұмыспен қамту саласында қосымша мемлекеттік кепілдіктерді қамтамасыз ету мақсатында, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 1-тармағының 13) тармақшасын, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5, 7-баптарын, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 3-тармағын, «Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурыздағы № 264 қаулысына және Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы 22 мамырдағы № 75 қаулысын басшылыққа ала отырып, әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "2009 жылға арналған Зырян ауданының мақсатты тобын анықтау туралы" Зырян ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 307 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
      1 тармақ мынадай мазмұндағы тармақшалармен толықтырылсын:
      13) өндірісті ұйымдастырудың өзгеруіне, соның ішінде қайта ұйымдастыру және (немесе) жұмыс көлемінің қысқаруына байланысты толық емес жұмыс күні режимінде жұмыс істейтіндер;
      14) еңбекақысы сақталмайтын демалыстағы адамдар;
      15) жазғы каникул уақытындағы студенттер;
      16) ұзақ уақыт (бір жылдан астам) жұмыс істемейтін адамдар.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан және 2009 жылғы 1 маусымда шыққан құқық қарым-қатынасы таралған күннен бастап күшіне енеді.
      3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау әкім орынбасары Э.Я. Гейгерге жүктелсін.


      Зырян ауданының әкімі                        Р. Мусин