"2009 жылғы 9 ақпандағы N 16-12-IV "Бородулиха ауданы азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек беруді жүзеге асыру туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы"

Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 2009 жылғы 25 желтоқсандағы N 22-6-IV шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Бородулиха ауданындағы Әділет басқармасында 2010 жылғы 18 қаңтарда N 5-8-102 тіркелді

Қолданыстағы

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару» Заңының 6-бабының 1 тармағының 15 тармақшасы, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 28-бабы негізінде, Бородулиха ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
      1. 2009 жылғы 9 ақпандағы № 16-12-IV «Бородулиха ауданы азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек беруді жүзеге асыру туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 10 ақпандағы № 5-8-75 санымен тіркелген, аудандық «Аудан тынысы» газетінің 2009 жылғы 13 ақпандағы № 7 (6269) санында жарияланған) шешіміне келесі толықтырулар енгізілсін:
      1) Нұсқаулықтын 1-бөлімінің 4-тармағы келесі редакцияда баяндалсын:
      «Жеткілікті қамтамасыз етілмеген жанұялардан шыққан Бородулиха ауданының жалпы білім беретін мектептерінің түлектеріне, жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандарға Шығыс Қазақстан облысы бойынша ЖОО-ларда оқығанына ақы төлеу үшін, Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне және мерзімді баспасөз құралдарына жазылу үшін берілетін әлеуметтік көмектен басқа әлеуметтік көмектер бір адамға жылына бір рет беріледі»;
      2) Нұсқаулықтын 2-бөлімінің 8-тармағы келесі редакцияда баяндалсын:
      «Әлеуметтік көмек мерекелік және атаулы күндер қарсаңында, мерзімдік баспасөздерге жазылу үшін, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері үйлерінің ағымдық жөнделуіне көрсетілуі мүмкін»;
      3) Нұсқаулықтын 3-бөлімінің 14-тармағы 2) тармақшасы келесі мазмұнымен толықтырылсын:
      «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне осы бағытта бөлінген сомалар шегінде тұрғын үйлерді ағымдық жөндеуге».
      2. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      
      
      Сессия төрағасы                                   С. Быков
      
      Аудандық мәслихаттың хатшысы                      Б. Аргумбаев