Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсанындағы № 99-IV "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің 422 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Бородулиха ауданының аумағында салық салынатын объектілердің бірлігінен бір айда алынатын белгіленген салық ставкасының мөлшері қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 14 ақпандағы № 27-3 "Ойындар өткізу үшін пайдаланылатын жеке бір компьютерге тіркелген жиынтық салығының ең төменгі ставкасы туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2007 жылдың 26 ақпанда № 5-8-42 санымен тіркелген, аудандық "Пульс района" газетінің 2007 жылғы 2 наурыздағы № 9 (6613) санында жарияланған) шешімнің күші жойылды деп саналсын.
3. Осы шешім Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Қ. Галиев
Аудандық мәслихаттың хатшысы Б. Аргумбаев
Аудандық мәслихаттың
2009 жылғы 9 ақпандағы
№ 16-5-IV шешіміне
қосымша
Белгіленген салық ставкалары туралы
Р/с |
Салық салынатын объектілер |
Ставка мөлшері* |
1. |
Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы |
1 АЕК |
2. |
Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы |
1 АЕК |
3. |
Ойын өткізу үшін пайдаланылатын жеке компьютер |
1 АЕК |
4. |
Ойын жолы (боулинг, кегельбан) |
5 АЕК |
5. |
Карта |
2 АЕК |
6. |
Бильярд үстелі |
3 АЕК |
*АЕК - айлық есептік көрсеткіш