Ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет саласы мамандарының лауазымдық еңбекақыларының мөлшері мен тарифтік ставкаларын жиырма бес пайызға көтеруді белгілеу туралы

Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 2009 жылғы 9 ақпандағы N 16-14-IV шешімі.Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Бородулиха ауданындағы Әділет басқармасында 2009 жылғы 17 ақпанда N 5-8-78 тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы № 251 Еңбек кодексінің 238 бабының 2 тармағын, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18 бабының 4 тармағын орындау барысында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы” Заңының 6 бабына сәйкес Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Ауылдық (селолық) жерлердегі еңбегі үшін лауазымдық еңбекақыларының мөлшерін көтеру белгіленген әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет саласы мамандарының лауазымдық еңбекақыларының мөлшері мен тарифтік ставкаларын қалалық жағдайларда қызметтің осы түрімен айналысатын мамандардың еңбекақылары мөлшерімен және ставкаларымен салыстыра отырып 2009 жылға арналған жергілікті бюджет есебінен жиырма бес пайызға көтеру белгіленсін.
      2. Осы шешім Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және оны алғаш ресми жарияланған күнінен кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      
      Сессия төрағасы                           Қ. Галиев
      
      Аудандық мәслихат хатшысы                Б. Аргумбаев