Бородулиха ауданы азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік төлем беруді көрсету бойынша

Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 2009 жылғы 10 ақпандағы N 16-12-IV шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Бородулиха ауданындағы Әділет басқармасында 2009 жылғы 10 ақпанда N 5-8-75 тіркелді

Жаңартылған

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      
      Ескерту. Атауға өзгерту енгізілді - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 2009.04.21 N 17-9-IV шешімімен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2 тармақтан қараңыз).
      Ескерту. Мәтін бойынша "тәртібі" сөзі алынып тасталды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 2009.04.21 N 17-9-IV шешімімен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2 тармақтан қараңыз).
      
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабы, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39 «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 «Білім туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі № 2247 «Ұлы Отан соғысының қатысушылар мен мүгедектеріне және оларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 20 бабы негізінде Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Бородулиха ауданы азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік төлем беруді жүзеге асыру туралы нұсқаулық (қосымша берілген) бекітілсін.
      2. Осы шешім Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      
      
      Сессия төрағасы                            Қ. Галиев
      
      Аудандық мәслихат хатшысы                  Б. Аргумбаев
 

Бородулиха ауданы азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік төлем беруді жүзеге асыру туралы
НҰСҚАУЛЫҚ
 

      Осы нұсқаулық Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 14 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 «Білім туралы» Заңының 6 бабының 4 тармағының 15, 16 тармақшаларына, 8 бабының 4 тармағына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің № 522 «Оқу орындарын аяқтағаннан кейін ауылдық және селолық жерлерде жұмыс істеуге ниет білдірген жеткілікті қамтамасыз етілмеген отбасылардан (азаматтардан) шыққан жас мамандарға (мұғалімдерге, дәрігерлерге) көмек көрсету туралы» қаулысының 1 тармағын іске асыру мақсатында әзірленді, аудан аумағында азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету мен төлеу тәртібін белгілейді.
 

1. Жалпы ережелері
 

      1. Әлеуметтік көмек алуға Қазақстан Республикасы азаматтарының, Бородулиха ауданында тұратын және осында тіркелген оралмандардың құқығы бар.
      2. Әлеуметтік көмекті облыстық және жергілікті бюджет қаражаты есебінен халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.
      3. Әлеуметтік көмек «ШҚО Бородулиха ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі әкімгері болып табылатын 451007000332 «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек» бюджеттік бағдарламасына сәйкес беріледі.
      4. Осы нұсқаулықтың 2 бөлімінің 7 тармағында көрсетілген әлеуметтік көмектен басқа әлеуметтік көмек бір адамға жылына бір рет көрсетіледі.
 

2. Әлеуметтік төлемақыны тағайындау
 

      5. Әлеуметтік көмек жеткілікті қамтамасыз етілмеген азаматтарға (отбасыларға) және жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде тіркелген, кәсіби даярлауға немесе қайта даярлауға жіберілген жеткілікті қамтамасыз етілмеген отбасылардан шыққан жұмыссыздарға беріледі. Жеткілікті қамтамасыз етілмеген азаматтарға (отбасыларға) және жеткілікті қамтамасыз етілмеген отбасылардан шыққан жұмыссыздарға жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен төмен азаматтар (отбасылар) жатады (жан басына шаққандағы орташа табысты есептеу Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2002 жылғы 13 ақпандағы № 31-Ө бұйрығымен бекітілген Атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын белгілеудің ережесі негізінде жүргізіледі).
      6. Әлеуметтік көмек бақытсыз жағдайлар, табиғат апаттары, аурудың ауыр түрі салдарынан және басқа себептермен отбасылары ауыр материалдық жағдайларға душар болған азаматтарға беріледі.
      7. Әлеуметтік көмек Шығыс Қазақстан облысы бойынша жоғары оқу орындарында оқығаны үшін ақы төлеу үшін Бородулиха ауданының жалпы білім беретін мектептерінің жеткілікті қамтамасыз етілмеген отбасыларынан шыққан сәйкес ағымдағы жылдағы түлектерге, жетім баларға және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалғандарға және жеткілікті қамтамасыз етілмеген отбасылардан (азаматтардан) шыққан іштей оқу нысаны бойынша оқу орнын бітіргеннен кейін селолық, ауылдық жерлерде кемінде үш жыл жұмыс істеуге ниет білдірген жас мамандарға (мұғалімдерге, дәрігерлерге) берілуі мүмкін. Жеткілікті қамтамасыз етілмеген отбасыларынан шыққан түлектерге, жетім баларға және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалғандарға және жеткілікті қамтамасыз етілмеген отбасылардан (азаматтардан) шыққан жас мамандарға (мұғалімдерге, дәрігерлерге) жан басына шаққандағы орташа табысы сәйкес жылдың ағымдағы тоқсанына арналып облыс бойынша белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын азаматтар (отбасылар) жатады.
      8. Әлеуметтік көмек мерекелік және атаулы күндер қарсаңында, мерзімдік баспасөздерге жазылу үшін көрсетілуі мүмкін.
      9. 5 және 6 тармақтарда көрсетілген тұлғаларға берілетін әлеуметтік көмек төмендегі құжаттарды тапсырған жағдайда Бородулиха ауданы азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек жөніндегі аудандық комиссияның отырысында қаралады:
      5-тармақты көрсетілген адамдар үшін:
      - көмек көрсету туралы өтініш;
      - жекебас куәлігінің көшірмесі;
      - СТН көшірмесі;
      - азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;
      - отбасының өткен тоқсандағы жиынтық табысы туралы мәлімет;
      - жұмыстылық және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен кәсіби оқуға немесе қайта даярлау курсына жіберілген жұмыссыз арасындағы шарт;
      6-тармақта көрсетілген адамдар үшін (табыстар ескерілмейді):
      - көмек көрсету туралы өтініш;
      - азаматтың материалдық көмекке мұқтаждығын растайтын басқа да құжаттар (жазатайым оқиға туралы құжат, ауырғандығы туралы медициналық анықтама, өрт туралы акт, емделуге жіберілгендігі туралы жолдама, селолық, кенттік әкімдіктің учаскелік комиссиясымен толтырылған тұрмыстық жағдайын тексеру актісі, төтенше жағдайлар жөніндегі аудандық ведмствоаралық комиссияның актісі т.б.)
      Құжаттардың тұпнұсқасы мен көшірмесінің сәйкестігі өтініш беруші тұратын аумақтағы селолық, кенттік әкімдіктің маманымен куәландырылады.
      6-тармақта көрсетілген адамдар көмекке мұқтаждығын растайтын құжаттарды тапсырмаған немесе толық тапсырмаған кезде уәкілетті орган көмекке мұқтаждығын растайтын құжаттарды сұратуға құқылы, құжаттарды тапсырмаған жағдайда әлеуметтік көмек бөлу жөніндегі аудандық комиссияның шешімімен көмекке мұқтаждығын растайтын құжаттарды тапсырмағандығына байланысты көмек көрсетуден бас тартылады.
      Әрбір түскен өтініш, көмек сұрап өтініш жазған азаматтың тұрғылықты жеріне сапарға шығумен және өтініш беруші тұратын аумақтағы жергілікті өзін-өзі басқарушы комитет өкілінің қатысуымен немесе әлеуметтік төлемақы бөлу жөніндегі аудандық комиссияның тапсырмасы бойынша селолық, кенттік округтің учаскелік комиссясының өтініш берушінің үйіне тексеру жүргізу арқылы қаралады. Тексеру қорытындысы бойынша аудандық комиссияға беру үшін отбасының әлеуметтік картасы толтырылады. Өтініш беруші тұрмыстық жағдайын тексертуден бас тартқан жағдайда аудандық комиссия материалдық көмектен бас тарту туралы шешім шығарады.
      Ұсынылған құжаттар жалған болған жағдайда өтініш беруші толық жауапкершілікке тартылады.
      Өтінішті қарау қорытындысы бойынша әлеуметтік төлемақыны бөлу немесе бас тарту туралы шешім шығарылады. Комиссия бекітіліген құрамдағы комиссия мүшелерінің 70% немесе одан көп мүшесі қатысқан кезде шешім шығаруға құқылы.
      Бағдарлама бойынша ақшалай қаражат болмаса, әлеуметтік көмек алу құқығы болмаса, әлеуметтік көмек ұсыну Ережесінде өтініш беруші көрсеткен мақсатқа ақшалай қаражат қаралмаса уәкілетті орган сәйкес түсініктемелермен өтініш берушіге хат арқылы жауап береді.
      10. 7-тармақта көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек қажетті құжаттарды тапсырған жағдайда жоғары оқу орындарын аяқтағаннан кейін селолық және ауылдық жерлерде жұмыс істеуге ниет білдірген жас мамандарға (мұғалімдерге, дәрігерлерге) материалдық көмек көрсету және Шығыс Қазақстан облысы бойынша ЖОО-ғы оқуын төлеу үшін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, жетім балаларға және аз қамтамасыз етілген отбасылардан шыққан жоғары оқу орындарының түлектеріне әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі аудандық комиссияның шешімі бойынша ұсынылады.
      11. 8-тармақта көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек:
      - мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы бөлімшесі ұсынған көмек алушылар санаттарының базасына сәйкес, аудан әкімдігінің қаулысы негізінде қоғамдық ұйымдардың, ардагерлер кеңесінің ұсынысы бойынша жергілікті бюджеттен бөлінеді;
      - мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы бөлімшесі ұсынған көмек алушылар санаттарының базасына сәйкес, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, 1,2 дәрежелі «Аналық даңқ» орденімен марапатталған көп балалы аналарға, кәмелеттік жасқа толмаған төрт немесе одан да көп балалары бар көп балалы аналарға облыстық бюджеттен бөлінеді.
 

3. Әлеуметтік төлемақының мөлшері және төлеу
 

      12. Әлеуметтік көмек бөлу жөніндегі аудандық комиссия мен жоғары оқу орындарын аяқтағаннан кейін селолық және ауылдық жерлерде жұмыс істеуге ниет білдірген аз қамтамасыз етілген отбасылардан шыққан жас мамандарға (мұғалімдерге, дәрігерлерге) материалдық көмек көрсету және Шығыс Қазақстан облысы бойынша ЖОО-ғы оқуын төлеу үшін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, жетім балаларға және аз қамтамасыз етілген отбасылардан шыққан жоғары оқу орындарының түлектеріне әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі аудандық комиссияның шешімі, аудан әкімдігінің қаулысы негізінде уәкілетті орган азаматтардың тұрғылықты жерлері бойынша тізім-ведомостін жасайды және төлеуге береді.
      13. Әлеуметтік көмек екінші деңгейдегі банктер арқылы азаматтардың жеке шоттарына аудару арқылы төленеді. Әлеуметтік төлемақы төлеу мен шарттары уәкілетті орган мен екінші деңгейдегі банктер арасында жасалған агенттік келісімімен белгіленеді.
      14. Әлеуметтік көмек төлемақы түрінде келесі мөлшерлерде белгіленеді:
      1) өтініш бойынша материалдық көмек:
      - жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен төмен аз қамтамасыз етілген азаматтарға (отбасыларына) – он мың теңге;
      - жұмыстылық және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде тіркелген, кәсіби даярлау немесе қайта даярлау курсына жіберілген аз қамтамасыз етілген отбасылардан шыққан жұмыссыздарға – он мың теңге мөлшерінде;
      - жазатайым жағдайлар болған кезде – он бес мың теңге;
      - аурулардың ауыр түрлерімен ауырса – он бес мың теңге;
      - өрт болған кезде - өрт туралы актіде көрсетілген шығын сомасының 10%, бірақ 40 айлық есептік көрсеткіштен аспау керек;
      - табиғи зілзалалардың, операциялық емделулерге - әрбір нақты жағдайларға байланысты комиссияның шешімі бойынша.
      2) мерекелік және белгілі күндер қарсаңында, қоғамдық ұйымдар мен ардагерлер кеңесінің ұсынысы бойынша, соның ішінде:
      - «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, 1,2 дәрежелі «Аналық даңқ» орденімен марапатталған көп балалы аналарға – 10000 теңге (он мың теңге)
      - кәмелеттік жасқа толмаған төрт немесе одан да көп балалары бар көп балалы аналарға – 10000 теңге (он мың теңге);
      3) мерзімдік баспасөздерге жазылу үшін әлеуметтік көмектің мөлшері баспасөз құны мөлшерінде белгіленеді;
      4) Шығыс Қазақстан облысы бойынша ЖОО-ғы оқуын төлеу үшін ата- анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, жетім балаларға және аз қамтамасыз етілген отбасылардан шыққан жоғары оқу орындарының түлектеріне оқу, стипендия және жатаханада тұру құнына сәйкес; жоғары оқу орындарын аяқтағаннан кейін селолық және ауылдық жерлерде жұмыс істеуге ниет білдірген аз қамтамысыз етілген отбасылардан шыққан жас мамандарға (мұғалімдерге, дәрігерлерге) 150000 теңге (Жүз елу мың теңге) мөлшерінде.
 

4. Әлеуметтік төлемақы төлеуге бөлінген қаражаттың
нысаналы пайдаланылуын бақылау
 

      15. Әлеуметтік төлемақы төлеуге жергілікті бюджеттен бөлінген қаражаттың нысаналы пайдаланылуын бақылау, қаржы бөлімімен жүзеге асырылады.