«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының шеңберінде, Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексінің 56-бабы 1-тармағы
4)тармақшасының (9 азатжолы), Қазақстан Республикасының «Ұлы Отан
соғысына қатысушылар, мүгедектерге және оған теңестірілген
тұлғаларға жеңілдіктер мен әлеуметтік көмек көрету туралы» Заңының 20-бабының, Риддер қалалық мәслихатының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 13/2-ІV«Риддер қаласының 2009 жылға арналған бюджеті туралы» шешімінің (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2009 жылдың 8 қаңтарында тіркелген) негізінде, өзге санаттағы көмекті қажет ететін азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету мақсатында, Риддер қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша өзге санаттағы көмекті қажет ететін азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі қоса берілген нұсқаулық бекітілсін.
2. Осы шешім бірінші ресми түрде жариялаудан кейін он күнтізбелік күннің аяқталуы бойынша қызметіне енеді.
Кезекті сессияның төрағасы Ж.ДЮСУПОВ
Қалалық мәслихат хатшысы А.ЕРМАКОВ
Риддер қаласы мәслихатының
14-ші сессиясының
2009 жылғы «29» қаңтардағы
№ 14/5-ІV шешіміне қосымшасы
Жергілікті органдардың шешімі бойынша көмекті
қажет ететін азаматтардың жекелеген санаттарына
әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі
Нұсқау
Жергілікті органдардың шешімі бойынша көмекті қажет ететін азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі нұсқау (әрі қарай – Нұсқау) 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-ІV "Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексінің» 56-бабы, 1-тармағы, 4) тармақшасы, 9-азатжолына; Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28
сәуірдегі № 2247 «Ұлы Отан соғысына қатысушылар, мүгедектер және оған теңестірілген тұлғаларға жеңілдіктер мен әлеуметтік қорғау туралы»
Заңының 20-бабына; Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегі № 156 «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» Заңының 8 және 13-баптарына; Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 «Агроөнеркәсіптік кешені мен ауыл шаруашылық аумағын дамытудың мемлекеттік реттеуі туралы» Заңының 18-бабының 8-тармағы; Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабы; Риддер қалалық мәслихатының 2009 жылғы 29 қаңтардағы № 13/2-ІV «Риддер қаласының 2009 жылға арналған бюджеті туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2009 жылдың 8 қаңтарында № 5-4-102 тіркелген) сәйкес жасалған.
1. Жалпы ережелер
1. Негізгі нұсқау жергілікті органдардың шешімі бойынша көмекті қажет ететін азаматтардың жекелеген санаттарына, Қазақстан Республикасы Риддер қаласы аумағында және оның ауылды елді мекендерінде тұратын оралмандар, азаматтарға әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру шараларын және тәртібін нақтылайды.
2. Қолданыстағы нұсқау Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 17 шілдеде № 246 «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңының реттелуіне қатынасы жоқ.
3. Әлеуметтік көмектің қаржыландыру көзі – Риддер қаласының бюджеті болып табылады.
4. Әлеуметтік көмек «Жергілікті органдардың шешімі бойынша жекелеген санаттағы азаматарға әлеуметтік көмек» бюджеттік
бағдарламасына сәйкес оның әкімшісі «Риддер қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ болып табылатын және сәйкес қаржы жылына арналған қала бюджетінің осы мақсаттарға қаралған қаражаттар шеңберінде беріледі.
5. Төлемдер екінші деңгейдегі банктер арқылы Өтініш берушінің жеке шотына түседі.
6. Әлеуметтік төлемді алуға ұсыныс берушінің жиынтық отбасылық кірісі негізгі нұсқаудың 2 бөлімшесіне сәйкес есептеледі.
7. Өтініш беруші негізгі нұсқауда көрсетілген қажетті құжаттарды және жазба түрде өтінішін «Риддер қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (ары қарай Бөлімге) әкелуі керек.
Өтініш беруші Бөлімді осы немесе басқа әлеуметтік төлемдер алу құқығына әсер ететін өзгерістер тұралы хабарлап отыруы керек.
8. Біржолғы әлеуметтік төлемдерді тағайындау туралы шешімді азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдерді тағайындау
жөніндегі қалалық комиссия шешеді (ары қарай-Комиссия) жазба түрде өтініш және оған қосымша негізгі нұсқауға сәйкес құжаттар
қабылданады. Шешім қабылданғаны жөнінде Өтініш беруші жазба түрде ескертіледі.
9. Комиссия әлеуметтік төлемді Өтініш берушінің айрықша (төтенше жағдайлар салдарынан материалдық мүліктік үлкен шығынға ұшыраған) жағдайда әлеуметтік төлемақыны отбасы мүшелерінің кірісінсіз белгілеуге құқығы бар.
2. Отбасының жиынтық кірісін санау
10. Отбасының жиынтық кірісіне барлық отбасы мүшелерінің табысы кіреді.
11. Отбасының жиынтық кірісін есептеу кезінде айналымдағы өткен тоқсанға алынған барлық фактілі ақшалай немесе заттық түрінде
тоқсанға алынған кірістің барлық түрі есептеледі.
12. Жиынтық кірісті есептеу кезінде баланың дүниеге келуіне байланысты берілетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақы, қайтыс болған кезде берілетін біржолғы жәрдемақы, төтенше жағдайларға байланысты денсаулықтарына немесе мүліктеріне зиян келген жағдайдағы шығындарын төлеуге берілген, тұрғын үй жәрдемақысы, мемлекеттік атаулы
әлеуметтік көмек, 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға берілетін жәрдемақы есептелмейді.
13. Жиынтық кірісті санау Өтініш берушінің көрсеткен кірісі негізінде саналады.
14. Отбасының орта жандық кірісі тоқсанға алған әлеуметтік төлемдердің айналымындағы тоқсанға байланысты бүкіл кірісті әлеуметтік көмек жиынтығы кірісін барлық отбасы мүшелеріне және үш айға бөлу арқылы саналады.
15. Отбасы мүшелеріне мүліктік құқығы және міндеттері бар,
үйленгендер, туыстар, асырап алған немесе басқадай тәрбиелеуге алған балалар, бірге тұратын, шаруашылығы бірге және отбасылық бюджеті
ортақ адамдар жатады.
16. Отбасы құрамына Қазақстан Республикасының заңдылығына сәйкес тұрғын үйге құқығы бар, бірақ ұзақ уақыт жоқ болған тұлғалар жатпайды.
3. Есептеу және есеп беру
17. Әлеуметтік төлем көрсетуге қаржының шығынын және оның есебін Бөлім жүргізеді. Бөлім есепті қаланың қаржы бөліміне береді.
18. Бастапқы құжаттар ( өтініш, Өтініш берушінің орнатылған тізбеде көрсетілген құжаттары) оның негізінде көрсетілетін әлеуметтік төлемдер, қызметтегі заңнамамен белгіленген мерзімге дейін Бөлімде сақталады.
19. Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша көмекті қажет ететін азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдерге бөлінген жергілікті бюджеттің қаражатын мақсатты пайдалануын қадағалау Қазақстан Республикасының қызметтегі заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
4. Ай сайын берілетін әлеуметтік төлемдер
20. Ай сайын берілетін әлеуметтік төлемдер алуға құқықтары бар:
1) ДӘС (дәрігерлік-әлеуметтік сараптама)қорытындысы бар, олар ілестіріп жүрген адамдардың жүруі үшін қала арасындағы көлік қызметін қолданатын көзі көрмейтін мүгедектер. Төлем мөлшері - айына 400 теңге;
2) Басқа негіздегі төлемақыларға тәуелсіз, қала арасындағы көлік қызметінің бағасына компенсация қолданатын Риддер қаласының құрметті азаматтары. Төлем мөлшері айына - 1,0 айлық көрсеткіш мөлшерінде;
3) Басқа негізде мемлекеттік арнайы жәрдемақы алмайтын, қала арасындағы көлік қызметінің бағасына компенсация қолданатын облыс
көлеміндегі дербес зейнеткерлер. Төлем мөлшері - 1,0 айлық көрсеткіш мөлшерінде;
4) Қала арасындағы көлік қызметінің бағасына компенсация алатын Ауғаныстан соғысының мүгедектері мен қатысушылары. Компенсация
мөлшері әрқайсысына 2000 (екі мың) теңге;
5) Қала арасындағы көлік қызметінің бағасына компенсация алатын 1986-1989 мерзіміндегі Чернобыль АЭС зардаптарын жоюға қатысқандар. Компенсация мөлшері әрқайсысына 2000 (екі мың) теңге.
21. Ай сайын төленетін әлеуметтік төлемдерді алғысы келетін
Бөлімге: әлеуметтік төлемді тағайындауға өтініш, жеке басын растайтын құжат, салықтөлеушінің тіркеу нөмірі, азаматтарды тіркеу кітабы,
төлемақыны алуға құқықтандыратын құжат, екінші деңгейдегі банктегі шоты, зейнеткерлік куәлік (көзі көрмейтін мүгедектерге арналған). Барлық құжаттардың түпнұсқасы және көшірмесі беріледі.
5. Біржолғы әлеуметтік төлемдер
22. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына біржолғы әлеуметтік көмек - азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдерді тағайындау жөніндегі қалалық комиссияның шешімі негізінде мына түрде ұсынылады:
1) Шұғыл әлеуметтік қолдаудағы төлемдер:
шұғыл операциялық қымбат тұратын емдеу, шығыны айлық кірісінен
үш есе артық мөлшердегі, төлемнің мөлшері жүз мың теңгеге дейін;
Онкологиялық ауруды емдеуге, біржолғы әлеуметтік төлем он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
өрт, әдейі өртемеген жағдайда өртке қарсы қызметтердің
қорытындысы бойынша, су тасқыны, сұрапыл апат, төтенше жағдайлар.
Осы баптың 3 азатжолының 1) тармақшасында көрсетілген жағдайлардан өмір сүру қаражатынсыз қалған тұлғаларға көмектің мөлшері отбасына елу мыңнан жүз мыңға дейін құрайды. Пәтердегі заттардың, үй тұрмысындағы заттарға жартылай зиян келген кезде Комиссияның шешімі бойынша отбасына отыз мың теңгеге дейін құрайды.
2) Жекелеген азаматтар санатына мерекелік күндер отбасының жиынтық кірісінсіз негізгі Нұсқауда белгіленген мөлшеріндегі төлемдер.
23. Біржолғы әлеуметтік төлемнің құны бір адамға бір жылда бірақ рет осы Нұсқауда көрсетілген және комиссия белгілеген мөлшерде
көрсетіледі.
24. Біржолғы әлеуметтік төлемді алуға талаптанушы тұлғалар,
Бөлімге әкеледі:
1) әлеуметтік төлемді белгілеуге өтініш;
2) жеке басын растайтын құжат;
3) салықтөлеушінің тіркеу нөмірі;
4) азаматтарды тіркеу кітабы;
5) өтініш берушінің заттық көмекті қажет ететінін растайтын құжаттар (дәрігерлік орында емделу қорытындысы, операцияның бағасы, дәрігерлік тексеру, өртке қарсы қызметер немесе төтенше жағдайлар жөніндегі басқараманың және басқа қорытындылар);
6) отбасының кірісін растайтын құжаттар;
7) екінші деңгейдегі банктегі шоты.
Барлық құжаттардың түпнұсқасы және көшірмесі тапсырылады.
25. Әрбір өтініш, өтініш берушінің заттық жағдайы деректеріне
сүйене отырып өтініш иесінің тұрған жерін көру арқылы қалалық комиссияның тексеруінен өтеді. Тексерудің нәтижесінде комиссияға табыс ету үшін отбасының тұрмыстық жағдайын анықтайтын акт жасалады.
26. Комиссияның әлеуметтік көмекті көрсетуге немесе бас тарту туралы шешім қабылдауға құқығы бар.
6. 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы Жеңісінің жылдық
мерекесін тойлауға қарсы көтермелеу тәртібі
27. 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы Жеңісінің жылдық мерекесін тойлауға қарсы заттық түрде көтермеленеді:
1) 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысына қатысушылар және Ұлы Отан соғысы мүгедектері. Әлеуметтік төлем мөлшері әрқайсысына - 5,0 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
2) Бұрынғы ССР Одағының медалімен марапатталған адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда жұмыс істеген ерен еңбегі және қайсарлық әскерлік қызметі үшін, сонымен қатар 1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 09 мамырына дейінгі уақыт аралығында 6 айдан кем емес қызметі немесе жұмыс істеген адамдар, толығымен мемлекет қарамағында болған адамдардан басқа. Әлеуметтік төлем мөлшері әрқайсысына - 1,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
3) Ленинград қоршауы мерзімінде жұмыс істеген азаматтар және «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен және «Ленинград қоршауының
тұрғыны» белгісімен марапатталған адамдар, толығымен мемлекет
қарауында болған адамдардан басқа. Әлеуметтік төлем мөлшері
әрқайсысына - 2,0 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
4) Фашистік концлагерлердің жасы кәмелетке толмаған тұтқындары, толығымен мемлекет қарамағында болған адамдардан басқа. Әлеуметтік
төлем мөлшері әрқайсысына - 2,0 айлық есптік көрсеткіш мөлшерінде;
5) 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы (ерлікпен қаза
тапқан, қайтыс болған, белгісіз жоғалған) жауынгерлердің жесірлері осы негізде арнайы мемлекеттік төлемақы алатындар, толығымен мемлекет қарауында болған адамдардан басқа. Әлеуметтік төлем мөлшері әрқайсысына - 2,0 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.
28. Төлемақы зейнетақыны төлеу жөніндегі Мемлекеттік орталығында тұлғалық шоты бар болған жағдайда жүзеге асырылады.
7. Көп балалы аналарға, «Алтын алқа»,
«Күміс алқа» аспасымен, 1 және 2 дәрежедегі «Аналық атақ» ордендерімен марапатталған аналар,
сондай-ақ 4 және одан көп кәмелетке толмаған бірге
тұратын балалары бар аналарға заттық көмек
көрсету тәртібі
29. «8 наурыз» күніне және Балаларды қорғау күні мерекесіне көп балалы аналарға, «Алтын алқа», «Күміс алқа» аспасымен, 1 және 2
дәрежедегі «Аналық атақ» ордендерімен марапатталған аналар, 4 және одан көп кәмелетке толмаған бірге тұратын балалары бар аналарға заттық көмек көрсету; көмектің мөлшері әрбір анаға 5000 (бес мың) теңге.
30. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі күні мемлекеттік мерекесі атауымен көп балалы аналар, «Алтын-Алқа», «Күміс-Алқа» аспасымен, 1 және 2 дәрежедегі «Аналық атақ» ордендерімен
марапатталған аналар, көп балалы аналар, төрт және одан көп кәмелетке толмаған бірге тұратын балалары бар аналарға заттық көмек
көрсетіледі. Көмек мөлшері әрбір анаға 5000 теңгені құрайды.
31. Төлемақы зейнетақыны төлеу жөніндегі Мемлекеттік орталығында тұлғалық шоты бар болған жағдайда жүзеге асырылады.
8. Балаларды қорғау Күніне мүмкіншіліктері
шектеулі балалары бар отбасыларға
заттық көмек көрсету тәртібі
32. Көмек Риддер қаласы коррекциясы бұзылған балаларға үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімінде қызмет көрсетілетін және мүмкіндіктері шектеулі балалары бар отбасыларға әлеуметтік төлем ретінде заттық көмек көрсетіледі. Әлеуметтік төлем мөлшері әрқайсысына - 1,0 айлық есептік көрсеткіш.
9. Кәрі адамдар және мүгедектер Күніне заттық
көмек көрсету тәртібі
33. 1-ші қазан Кәрі адамдар күніне және 10-шы қазан Мүгедектер
күніне заттық көмек көрсетіледі:
1) Қаржыландыру жылына сәйкес келетін 80 жастағы және одан асқан кәрі адамдарға, толығымен мемлекет қарамағында болған адамдардан басқа. Әлеуметтік төлем мөлшері әрқайсысына - 1,0 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
2) I топтағы мүгедектерге, толығымен мемлекет қарамағында болған адамдардан басқа. Әлеуметтік төлем мөлшері әрқайсысына - 1,0 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
3) (16 жасқа дейінгі) мүгедек балаларға. Әлеуметтік төлем мөлшері әрқайсысына - 1,0 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.
4) Кәрілер күні және Мүгедектер күні құрметіне қала әкімінің және мәслихат хатшысының қабылдауына шақырылған адамдарға, әлеуметтік төлем мөлшері әрқайсысына - 1,0 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.
34. Төлемақы зейнетақыны төлеу жөніндегі Мемлекетік орталығында тұлғалық шоты бар болған жағдайда жүзеге асырылады.
10. Мерзімдік басылымдарға жазылу үшін әлеуметтік көмек
35. «Казахстанская правда», «Егеменді Қазақстан», «Рудный Алтай», «Дидар», «Лениногрская правда», «Вечерка» газеттеріне мемлекеттік және орыс тілдерінде (жазылушының таңдауы бойынша) жазылуда әлеуметтік көмек беріледі:
1) Ұлы Отан Соғысына қатысқандар мен мүгедектер;
2) Риддер қалалық ардагерлер активіне.
36. Қалалық Ардагерлер кеңесі Ұлы Отан Соғысына қатысқандар мен мүгедектердің, Риддер қалалық Ардагерлер активінің Риддер қалалық
жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне қалалық ардагерлер Кеңесінің төрағасының қолы қойылған тізімді жібереді.
Көрсетілген тізімге және құжаттарға сәйкес газеттерге жазылуды ресімдеуге заттық көмек көрсетіледі.
37. Материалдық көмек басылымның (бір нұсқасының) бір жылға жазылу кезіндегі бағасының мөлшерімен есептеледі.
38. Газетке жазылу үшін заттық көмек алуға ұсынылушы адамдар, келесі құжаттарды дайындауы керек:
1) өтініш;
2) Ұлы Отан Соғысына қатысқаны жөніндегі куәлігінің көшірмесі;
3) зейнеткерлік куәлігі;
4) жеке тұлға куәлігінің көшірмесі;
5) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі.
11. Ардагерлер қозғалысы ұйымының
мерейтойларын мерекелеу атауымен Риддер қалалық
ардагерлер активіне заттық көтермелеу
39. Ардагерлер қозғалысы ұйымының мерейтойларын мерекелеу атауымен заттық көтермелеуге соғыс және еңбек ардагерлері - бастапқы ардагерлер ұйымдарының мүшелері, қаланың қоғамдық өмірінде белсенді
қатысқан зейнеткерлері мен кәрі адамдардың құқығы бар.
40. Қалалық ардагерлер Кеңесі Риддер қалалық еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне қалалық ардагерлер Кеңесінің төрағасының қолы қойылған тізімді жібереді. Заттық көтермелеу тапсырылған тізімге байланысты белгіленеді.
41. Заттық көтермелеудің мөлшері қалалық ардагерлер Кеңесінің белгілеуімен 1000 (бір мың) теңгеден 2000 (екі мың) теңгеге дейін
құрайды.
12. Ауғаныстан жерінен әскердің шығарылу Күні
құрметіне біржолғы заттық көмек көрсету тәртібі
42. Ауғаныстан жерінен әскердің шығарылу күні құрметіне біржолғы көмекті алуға құқығы бар:
1) Ауғаныстан соғысына қатысқандар және мүгедектер. Көмектің
мөлшері – 20000 ( жиырма мың) теңге;
2) Ауғаныстанда қаза тапқан әскердің ата-анасы. Көмектің мөлшері – 30000 (отыз мың) теңге.
43. Төлемақы зейнетақыны төлеу жөніндегі Мемлекеттік орталығында, тұлғалық шоты бар болған жағдайда жүзеге асырылады.
13. Тісті протездеуге әлеуметтік көмек
(қымбат металдан протез жасаудан басқа)
44. Тісті протездеу және емдеуге кеткен шығындарды өтеу Ұлы Отан Соғысының мүгедектері мен қатысушыларына (кірістің есебінсіз); 1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 09 мамыры аралығында 6 айдан кем емес жұмыс істеген, немесе бұрынғы КСРО медалімен марапатталған, Ұлы Отан Соғысы жылдарында тылдағы мінсіз әскери қызметі және ерен
еңбегі үшін марапатталған Риддер қаласының аумағында тұрақты тұратын, тіс протездеуді қажет ететін адамдарға көрсетіледі.
45. Тіс протездеуді іске асырған тұлғалар Бөлімге келесі
құжаттарды тапсырады:
1) шығынның орнын толтыруға өтініші;
2) жеке тұлғаны растайтын құжаттың көшірмесі;
3) мәртебесін растайтын құжаттың көшірмесі;
4) тұрғылықты жерін растайтын құжаттың көшірмесі;
5) тіс протездеуді және емдеуге кеткен шығындары туралы
құжаттар.
46. Кеткен шығындарды өтеу үшін қажетті құжаттардың
көшірмелері және салыстыру үшін түпнұсқалары өткізіледі, артынан
түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылып беріледі.
47. Өкілетті органның жұмысшылары құжаттардың көшірмелерін растайды, тіркеу журналына өтініш пен берілген құжаттарды тіркейді.
48. Өкілетті орган істі қалыптастырады және өтініш берілгеннен кейін он күн арасында әлеуметтік көмекті көрсетудің шешімін шығарады немесе қабылдамайды.
49. Тісті протездеу және емдеуге кеткен шығындардың мөлшері
қалалық Ардагерлер кеңесінің өтінуі негізінде бір кісіге 20000 (жиырма мың) теңгеден ағымдағы жылға бөлінген қаржыға сәйкес
тағайындалады.
14. Коммуналдық қызметтердің өтемақысына
заттық көмекті ұсыну
50. Коммуналдық қызметтердің өтемақысына заттық көмек Бюджеттік кодекстің 56-бабы орындалуы барысында бөлінген трансферттердің шамасында ұсынылады:
1) Қазақстан Республикасына ерекше еңбегі сіңгені үшін
зейнетақы тағайындалған тұлғаларға, 2000 (екі мың) теңге мөлшерінде;
2) облыстық мәні бар дербес зейнеткер статусы бар зейнеткерлерге, 2000 (екі мың) теңге мөлшерінде;
51. Коммуналдық қызметтердің өтемақысына затық көмекті алуға
үміткерлер, Бөлімге жібереді:
1) әлеуметтік көмектің тағайындалуы туралы өтініші;
2) жеке тұлғалығын растайтын құжат;
3) салықтөлеушінің тіркеу нөмірі;
4) азаматтарды тіркеу кітабы;
5) төлемдерді алу құқығын растайтын құжат;
6) екінші деңгейдегі банктегі шоты;
7) зейнетақылық куәлігі (зағип мүгедектер үшін).
Барлық құжаттардың түпнұсқасы және көшірмесі беріледі.
15. Қазақстан Республикасының "Агроөнеркәсіптік кешені
мен ауыл шаруашылық аумағын дамытудың мемлекеттік
реттеуі туралы" Заңының 18-бабы орындалу барысында
Риддер қаласынының ауылдық елді мекендеріне тұруға
және жұмыс істеуге келген денсаулықсақтау,
білім беру бөлімдерінің мамандарына заттық көмек
52. Мамандардың қажеттелігіне сай, Риддер қаласынының ауылдық елді мекендеріне тұруға және жұмыс істеуге келген денсаулықсақтау, білім беру бөлімдерінің мамандары заттық көмек алуға құқықтары бар.
53. Жергілікті атқарушы органдармен және жұмыс берушілермен 3 жылға келісім- шарт жасасқан Риддер қаласынының ауылдық елді мекендерінде тұруға және жұмыс істегісі келетін мамандарға 250000 (екі жүз елу мың) теңге көлемінде заттық көмек беріледі.
54. Заттық көмек алуға мүдделілер жергілікті атқарушы
органдарға мына құжаттарды тапсыруы керек:
1) заттық көмек алуға өтініші;
2) еңбек шарты.
55. Заттық көмек көрсету туралы шешімді алған тұлғалар «Риддер қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне мына құжаттарды ұсынуы қажет:
1) жеке тұлға куәлігінің көшірмесі;
2) оқу орнын бітіргені туралы дипломының көшірмесі;
3) Риддер қаласына және оның ауылды елді мекендерінде жұмыс істегісі келетін мамандарға заттық көмек көрсету үшін жасалған үш
жақты шарттың көшірмесі;
4) Заттық көмекті төлеу туралы комиссия хаттамасының
көшірмесі.
56. Заттық көмекті алған тұлға өз мамандығы бойынша үш жылдан кем емес мерзімде Риддер қаласынының ауылдық елді мекендерінде жұмыс істеуге міндеттенеді.
Қалалық мәслихат хатшысы А.ЕРМАКОВ