"Үлбі" халыққа әлеуметтік қызмет көрсететін қалалық аумақтық орталығы" мемлекеттік мекемесіне сауықтыру үшін тегін жолдамалар беру туралы

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 15 шілдедегі N 2728 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Өскемен қалалық Әділет басқармасында 2009 жылғы 11 тамызда N 5-1-118 тіркелді

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 20 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 11 бабының 2 тармағына сәйкес зейнеткерлерді, мүгедектерді және мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік қорғау мақсатында, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Үлбі» халыққа әлеуметтік қызмет көрсететін қалалық аумақтық орталығы» мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі – «Үлбі» орталығы) психикалық ауруларды алмағанда, тыныс алу органдары, жүрек-тамыр, асқазан ішек жолдары, құлақ-мұрын аурулары, невроз аурулары, тірек-қозғалыс жүйелері ауруларымен ауыратын Қазақстан Республикасының азаматтарына, қонысқа тұру ықтияр хаты бар шетелдіктерге, Өскемен қаласы аумағында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ тұлғаларға сауықтыру үшін тегін жолдамалар ұсынылсын.
      2. Әр барғанда 30 тегін жолдамалар ұсынылады.
      3. Тегін жолдамалар алуға:
      1) тиісті қаржы жылына сәйкес республикалық бюджет туралы заңмен белгіленетін, зейнетақы мөлшері айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің базалық зейнетақы төлемін есепке алғанда 25 еседен артпайтын, жалғыз басты немесе жалғыз тұратын зейнеткерлер мен мүгедектер;
      2) «Үлбі» орталығының үйде қызмет көрсетуіндегі мүмкіндігі шектеулі мүгедек балалар;
      3) ардагерлердің қалалық кеңесінің тізімі және қолдаухаты бойынша зейнетақы мөлшерінің шектеуінсіз әр баруға саны 10 адамнан Ұлы Отан соғысына қатысушылар, мүгедектер және тыл еңбеккерлері құқылы.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - Өскемен қаласы  әкімдігінің 2010.02.11 N 5631 (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.
      4. «Үлбі» орталығына жолдамалар «Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен бір тұлғаға екі жылда бір рет төмендегі құжаттарды тапсырған кезде кезек бойынша беріледі:
      1) жазбаша өтініш;
      2) жеке басын растайтын куәлік;
      3) мүгедек балалар үшін – баланың туу туралы куәлігі және оның заңды өкілінің жеке басын растайтын құжат;
      4) азаматтарды тіркеу кітабы немесе тұратын жерінен анықтама;
      5) алатын зейнетақы, жәрдемақы мөлшері туралы анықтама;
      6) санаторлық-курорттық карта.
      Құжаттар салыстыру үшін түпнұсқалар және көшірмелер (анықтамалардан басқа) түрінде ұсынылады, сонан кейін түпнұсқалар өтініш берушіге қайтарылып беріледі.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А.Қ. Нұрғазиевқа жүктелсін.
      6. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Өскемен қаласының әкімі                   И. Әбішев